A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Кәсіпкерлікті дамытудың ұтымды 10 қадамы

Үстiмiздегi жылдың 9 қыркүйегiнде Мемлекет басшысы Үкiмет жұмысындағы басым бағыттардың бiрi ретiнде жаппай кәсiпкерлiктi ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудi белгiледi.

Сондай-ақ агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту, жекелей алғанда ауыл шаруашылығы кооперациясы және экспорттық әлеуеттi әртараптандыру бойынша тапсырмалар берiлдi.

Елбасы жүктеген мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында, «Атамекен» Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, кәсiпкерлiктi дамытуға арналған 10 қадамды ұсынады.

1. Шағын несиелеудiң көкжиегiн кеңейту

Қазiргi таңда бизнеске шағын несиелер «Бизнестiң жол картасы-2020» (6% жылдық мөлшерлемемен 10 млн теңгеге дейiн), «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» (5% жылдық мөлшерлемемен 3 млн теңгеге дейiн) бағдарламалары аясында және «ҚазАгро» холдингi(Шағын несие ұйымдары (ШНҰ) арқылы 9,5/12% жылдық мөлшерлемемен 3 млн теңгеге дейiн) арқылы берiледi.

Бұл бағдарламалардың тиiмдi қаржыландыру жағдайларына қарамастан, кәсiпкерлер кепiлдiктi қамтамасыз ету, қажеттi құжаттардың көп болуы және жобаға қолдау көрсетудiң жоқтығы сынды мәселерге кезiгедi.

Мысалы, кәсiпкер «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша шағын несие алу үшiн бас-аяғы 13 құжат өткiзуi керек.

Жалпы, 2016 жылдың 1 шiлдесiндегi дерекке сүйенсек, Қазақстанда 342 ШНҰ белсендi саналуда және бұл тұста шағын несие нарығының тең жартысына жуығын «КМF (КМФ) шағын қаржы ұйымы» ЖШС иеленуде (бастапқыда USAID қорландырса, бүгiнде қазақстандық құрылтайшылар сатып алған). 2015 жылы ШНҰ барлығы 120 млрд теңгеге 567 мың шағын несие берген.

Сонымен бiрге, ауылдық жерлердi шағын несие қызметтерiмен қамту төмен деңгейде қалуда. Ауылдық жерлерде тек 75 ШНҰ белсендi әрекет етуде. Атырау облысында ШНҰ ауылда жұмыс iстемесе, Ақтөбе облысында тек 2 ШНҰ белсендi, Маңғыстау облысында — 1 ШНҰ.

Өз кәсiбiн жаңадан бастаған кәсiпкерлердiң көбiсi үшiн жоғары пайыздық көрсеткiштерге байланысты (жылдық орташа есеппен 40%)шағын несие алу мүмкiн болмай отыр.

Сол себептi, осы жылдың басында «Атамекен» ҰКП жеке инвестицияларды тарту және жергiлiктi бюджет қаражатының есебiнен 5 пилотты облыс бойынша шағын несиелеуге кiрiстi. Олар: Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай және Маңғыстау облыстары.

«Атамекен» ҰКП жүзеге асырып отырған шағын несиелеу тәсiлдерiнiң артықшылығы кепiлдiк беру бойынша икемдiлiк, кепiлдiктi қамтамасыз ету, кәсiпкерлердi оқытудан бастап оларды жүзеге асыруға дейiн бизнес-жобаларды қолдау, кооперация мүмкiндiктерi және тiкелей өткiзу болып табылады.

Шағын несиелер 15 млн теңгеге дейiнгi сомада жылдық мөлшерi 6%, салалық шектеулерсiз 5 жылға берiледi. Сондай-ақ шағын несиенi алу үшiн кәсiпкер бар-жоғы 5-6 құжат тапсыруға мiндеттi.

Шағын несиелеу қызметнiң кең ауқымды болуын «Атамекен» ҰКП инфрақұрылымының дамығандығы, оның iшiнде аудандық деңгейде, қамтамасыз етуде. Бүгiнгi таңда облыстық деңгейде 23 Кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) және аудандық деңгейде 188 Кәсiпкерлердi қолдау орталығы (КҚО) жұмыс iстеуде — 152-сi аудан орталықтарында, 9-ы шағын қалаларда және 27-сi моноқалаларда.

КҚКО мен КҚО тараптарында кәсiпкерлердi оқытып, Шағын несие ұйымдарынан несие алу үшiн бизнес-жоспар жасауға және қажеттi құжаттарды рәсiмдеуге көмектеседi. Нәтижесiнде кәсiпкерлер тегiн бухгалтерлiк және заңдық қызметтердiң игiлiгiн көруде.

Бүгiнгi таңда 5 пилоттық облыстың шағын несиелеу ұйымдарына 1 942 млн теңге көлемiнде 365 өтiнiш келiп түскен. Қазiрдiң өзiнде852 млн теңге көлемiнде 185 жоба қаржыландырылды.

Осылайша, Бизнестiң жол картасы-2020, Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020, ҚазАгро құралдары арқылы шағын несиелеудiң көлемiн кеңейту үшiн келесi шаралар ұсынылады:

  • сомасы, пайыздық мөлшерлемесi, кепiлдiк бойынша икемдiлiгi, құжаттарға талаптардың жеңiлдетiлуi тұрғысынан «Атамекен» ҰКП шағын несиелеу тәжiрибесiн қолдану;
  • сервистiк қызметтер (бухгалтерлiк, заңдық және тағы басқа), жобаны сүйемелдеу, бизнес-жоспар жасау, оқыту бойынша мемлекеттiк тапсырма түрiнде (аудандық КҚО күшейту үшiн жыл сайын 3 млрд теңге) «Бизнестiң жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» барлық мемлекеттiк бағдарламалары жөнiнен шағын несиелеудiң сервистiк бөлiгiндегi бiрыңғай оператор қызметiн «Атамекен» ҰКП-ға беру. «ҚазАгро» холдингi құралдары аясындағы сервистiк қолдау қызметiн табыстау мәселесiн аталған холдинг өкiлдерiмен арнайы жұмыс тобында талқылау ұсынылады.;
  • «Атамекен» ҰКП тәжiрибесiн ескере отырып, өзiнiң шағын несиелеу жүйесi арқылы, Мемлекет басшысының нұсқауымен жiберiлетiн жалпы сома көлемiнен 2017 жылы 10 млрд теңгенi игеруге дайын.

2. Халықты жаппай кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту

Бүгiнгi таңда халықты бизнестiң негiздерiне оқытып-үйрету «Бизнес-Кеңесшi» және «Бизнес-Өсiм» жобалары бойынша «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылуда.

Осы арада оқыту тақырыбына байланысты «Бизнес-Кеңесшi» жобасы бойынша оқыту 2 күн iшiнде, ал «Бизнес-Өсiм» жобасы бойынша2-5 күн аралығында жүргiзiледi.

Бизнестiң қыр-сырына үңiлуге дайын емес аудиторияны, әсiресе, ауыл халқын осындай мәнерде оқыту тиiмсiз және қасаңдық құрсауынан шыға алмауда.

«Атамекен» Ұлттық кәсiпкерлер палатасы ҚР Үкiметiнiң қолдауымен халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшiн тиiстi шараларды жүзеге асыру, әлеуметтiк қысымды азайту, сондай-ақ өңiрлерде кәсiпкерлiктi дамыту аясында, Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында «Bastau Бизнес» және «Bastau Кәсiп» атты екi пилоттық жобаны аяқтады.

«Bastau Бизнес» жобасы кәсiпкерлiктi ауылда дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, ауыл халқының жұмыспен қамтылу деңгейiн бизнес-бастамалар мен халықты кәсiпкерлiк негiздерiне жан-жақты үйрету арқылы көтерудi мақсат тұтады.

«Bastau Бизнес» жобасы бойынша оқыту ұзақтығы 1 айды құраса, бұл бизнеске оқытудың басқа бағдарламалары ұзақтығынан 6-дан 10 есеге дейiн асып түседi.

Жобаны жасау барысында бизнеске оқыту бойынша мемлекеттiк бағдарламаның кемшiлiктерi ескерiлдi: «келте қайырылуы», дара көзқарастың жоқтығы, қатысушыларды iрiктеу жүйесiнiң жоқтығы, үйде оқыту мүмкiндiгi, жобаның өне бойы сүйемелденбеуi, көшпелi кеңестер және т.б.

«Bastau Бизнес» жобасы 5 кезеңде жүзеге асырылады: 1) халықты жобамен құлақтандыру және таныстыру; 2) тестiлеу жүргiзу мен қатысушыларды iрiктеу; 3) тәжiрибелiк оқыту; 4) бизнес-жоспарды жан-жақты талқылау, бизнес-жоспар жасау; 5) жобаны микронесиелеу берудi қоса алғанда, алғашқы 12 ай бойы iлгерiлету.

«Bastau Кәсiп» жобасының ерекшелiгi еңбек нарығының сұранысына бағдарланғандығында болып табылады. Бұл оқыту және жұмыспен қамту қызметтерi арқылы жүзеге асырылады (Naimi.kz сервистiк базасының мобильдi қосымшасы, бiртұтас call-орталық, тапсырыстарды онлайн режiмде оқыту және iздеу).

«Атамекен Бизнес Академиясы» онлайн-оқыту жобасы жүзеге асырылу үстiнде. Сондай-ақ, бизнес-жаттықтырушыларды дайындау үшiн әдiстемелiк орталық құрылады.

Ұзақтығы жөнiнен оқытудың қысқа мерзiмдi мемлекеттiк бағдарламасынан 6-10 есе асып түсетiн «Bastau Бизнес» жобасының тиiмдiлiгiн, жобаның икемдiлiгi мен бейiмдiлiгiн, бизнес-жоспарларды сүйемелдеу сәттерi байқалатынын ескере келе, онымен Қазақстан Республикасының барлық өңiрлерiн кең ауқымды қамту және «Бизнестiк жол картасы-2020» бiрыңғай бизнестi қолдау мен дамыту бағдарламасы аясында кәсiпкерлiктi қаржылық емес қолдау құралдарына қосу ұсынылып отыр.

«Bastau Кәсiп» жобасын толыққанды жүзеге асыру және кеңейту мақсаттарында Қазақстан Республикасының барлық өңiрлерiнде оны«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттiк бағдарламасына ықпалдастыру ұсынылады. Бұл жерде тиiстi орталық мемлекеттiк органдардың (Бiлiм және ғылым министрлiгi, Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi) ресурстарын аталған жобаны барынша тиiмдi жүзеге асыру үшiн пайдалану қажеттiгi де аңғарылады.

Осыған байланысты кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi аталған мәселелердi «Бизнестiң жол картасы-2020» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламаларына енгiзу және бейiмдеу бойынша тиiстi жұмысты жүргiзу ұсынылады.

Барлық «Атамекен» ҰКП оқыту бағдарламалары шағын несиелеу жүйесiмен байланыстырылатын болады.

Оқыту қорытындысы бойынша бизнестi бастауға арнайы шағын-индустриалды аймақтар мүмкiндiк жасай алады. Оның аясында бiр сала бойынша (мысал үшiн, барлық тiгiн кәсiпорындары) жасақталған шағын және орта бизнес кәсiпорындары енгiзiледi. Бұл жобаның жалпы атауы — «Шеберлер қаласы».

Шағын индустриалды аймақтарда 1-2 га көлемiндегi жерге 20-дан 60-қа дейiнгi компаниялар орналастырылады. Шағын индустриалды аймақтар ауқымы, нақты елдi мекендердегi тұтынушылар сұранысына және де инженерлiк коммуникацияларға жақын жер телiмдерiнiң қолжетiмдiлiгiне қарай (оны тарту құнын төмендету үшiн) кең көлемде қарастырылатын болады.

Шағын индустриалды аймақ құру үшiн мемлекеттiк-жекеменшiк серiктестiк тетiгi арқылы бос тұрған өнеркәсiптiк ғимараттар мен жайларды қолданған абзал.

Польша, Түркия сынды елдердiң тәжiрибесi қажеттi базалық инфрақұрылымдары бар осындай бизнес-инкубаторлардың шағын өндiрiстiк кәсiпорындар мен бизнесiн ендi бастаған өндiрушiлер үшiн қолдаудың негiзгi нысанына айналғанын көрсетiп отыр. Мұндай құралдар оларға бастапқы кезеңде қалыптасуға және өсуге көмектеседi.

Мемлекеттiк бағдарламалар аясында (Бизнестiң жол картасы-2020, Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020) қаржыны елiмiздiң барлық өңiрлерiнде инженерлiк коммуникацияларын тартқан райда, дайын жылдам тұрғызылатын ғимараттар мен өнеркәсiптiк бағыттағы құрылыстар түрiнде шағын индустриалды аймақтар құруға бағыттау ұсынылып отыр. Ол жерде жалға алу шарттары бойынша шағын өндiрiстiк кәсiпорындар орналастырылады.

3. Ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту

Агроөнеркәсiптiк кешеннiң дамуын тежеп отырған мәселелердiң бiрi көбiнесе өндiрiстiң шағын тауарлық сипаты болып табылады.

Аталған мәселенi шешу үшiн 2015 жылдың қазанында Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруашылығы кооперативтерi туралы» Заңы қабылданды. Сондай-ақ 10 пилоттық кооператив құру бойынша ҰКП мен Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (АШМ) бiрлескен жоспары жүзеге асырылып жатыр.

Осымен бiрге, Ұлттық палатада «Атамекен» Ұлттық кәсiпкерлер палатасымен бiрге «200 ауыл шаруашылығы кооперативi» атты бағдарлама жасалып жатыр. Бүгiнгi таңда 7 мыңға жуық шаруа/фермерлiк қожалықтар мен жеке қосалқы шаруашылықтарды бiрiктiретiн283-тен астам ауыл шаруашылығы кооперативiне қолдау бiлдiрiлдi.

Оған қоса, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер ауыл шаруашылығы кооперативтерiне бiрiккеннен кейiн «арзан» ақшаға қолжетiмдiлiктiң болмауы сынды мәселелерге ұшырасады.

Қаржыға қол жеткiзу проблемасын шешу үшiн ауыл шаруашылығы кооперативтерiне мыналар ұсынылады:

  • халықтың кооперативтерге бiрiккен жеке қосалқы шаруашылықтарының микронесиелеу басымдықтарын айқындау;
  • «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ институттары арқылы жеңiлдiкпен несиелеудiң жаңа өнiмiн енгiзу.

Өнiмнiң белгiленген бағасын анықтау сараптамасы, тiкелей сату жүйесiнiң жоқтығынан бағасы 20-40%-ға қымбаттап жатқындығын көрсетiп отыр.

Сол себептi, желiлер мен ауыл шаруашылығы кооперативтерi арасында сауданы дамыту үшiн үшсатылы тәсiлдi пайдалану ұсынылып отыр:

  1. өндiрiстiң мамандануын және желiлермен тiкелеу сауданы тереңде отырып, фермерлердiң кооперативтерге бiрiгуi;
  2. фитосанитарлық және ветеринарлық бақылауға жататын ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу, орау, сақтау, тасымалдау және сату үшiн пилоттық Көтерме-тарату орталығының тұжырымдамасын жүзеге асыру;
  3. көршi мемлекеттердiң ұқсас желiлерiне ықпалдаса отырып, өнiмдердi аймақтар арасында және сыртқы өткiзу нарығына экспортқа бөлу үшiн Көтерме-тарату орталығының тиiмдi желiсiн қалыптастыру.

Бұрынғы қадамдарды жүзеге асыру бойынша жасалған жұмыстарды ескере келгенде, ауыл шаруашылығы кооперацияларын қолдау жүйесi төмендегiше түзiлетiн болады:

  • жергiлiктi жерлерде ұйымдастыру және түсiндiру жұмыстарын жүргiзу;
  • халықты бизнестiң негiздерiне, бизнес-жоспар жасауға үйрету;
  • микронесиелеу арқылы қаржыландыру немесе «ҚазАгро» ҰБХ арқылы жеңiлдiкпен қаржыландыру;
  • ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сатуды/қайта өңдеудi ұйымдастыру.

4. Бәсекеге қабiлеттi бизнестi ұзақмерзiмдi мемлекеттiк тапсырыстар есебiнен қолдау

Қалыптасқан экономикалық жағдайда отандық тауар түрлерiне сұранысты ынталандыру маңызды.

Аталған жағдай бойынша маңызды орынға мемлекеттiк сатып алулар, квазимемлекеттiк секторлар мен жер қойнауын пайдаланушылар бойынша сатып алулар аясында күнделiктi және жиi сұранысқа түсетiн тауарлар ие болады.

Күнделiктi сұранысқа ие тауарлардың (киiм, аяқ киiм, азы-түлiк, жиһаз) жылдық мөлшерi 1,9 трлн теңгенi құрайды. Сонымен қатар, отандық тауар түрлерiне сұраныс орта есеппен 30%-дан аспай отыр.

Ал мемлекеттiк сатып алулардың, квазимемлекеттiк секторлардағы сатып алулар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы көлемi шамамен алғанда 9,7 трлн теңге болса, отандық деңгейдiң үлесi — 57 пайыз.

Сол себептi, бәсекеге қабiлеттiлiктi арттыру бойынша тиiстi шараларды қолдану керек. Ол үшiн жергiлiктi қамту үлесiн мемлекеттiк қолдаулар көрсету мен ұзақмерзiмдi келiсiмшарт жасау арқылы арттырған жөн.

Осыған байланысты, Үкiметтiк деңгейде ұзақмерзiмдi келiсiмшарттар жасау арқылы жергiлiктi қамту үлесiн арттыру комиссиясын құружәне өнеркәсiптiң өңдеу секторы кәсiпкерлерiн мемлекеттiк қолдаудың кешендi шараларын қабылдау қажет.

Отандық тауар түрлерiн ынталандырудың маңызды тетiктерiнiң бiрi мемлекеттiк сатып алулар жүйесiн орталықтандыру болып табылады.

Мысалы, АҚШ-та АҚШ мемлекеттiк тапсырыс беру кеңсесi (Келiсiмшарт кеңсесi) бар. Ол жерде барлық сатып алулар ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк келiсiмшарттар бойынша жүргiзiледi.

АҚШ Үкiметi тауар өндiрушiлермен бiрге барлық процестi жүзеге асырады. Сонымен қатар, тауарлар мен қызметтерге арналған мемлекеттiк келiсiмшарт, несие беру мақсатында, кепiлдiк құжат ретiнде америкалық коммерциялық банктермен жүзеге асырылады.

«NADLоC» жергiлiктi қамтуды дамытудың Ұлттық агентiгi» АҚ базасында, АҚШ тәжiрибесiне сүйене отырып, «Атамекен» кәсiпкерлер палатасының сенiмдi басқаруымен, мемлекеттiк тапсырыс берудiң орталықтандырылған кеңсесiн құру ұсынылады.

Мемлекеттiк қолдаулардың кешендi шараларын алу және ұзақ мерзiмдi келiсiмшартқа отыру үшiн (мемлекеттiк және квазимемлекеттiк сатып алулар) кәсiпкерлердi iрiктеу түсiнiктi және нақты талаптар негiзiнде жүргiзiлуi тиiс. Оларға индустриалды сертификат пен кәсiпорынның болашағы жоспарланған стратегиялардың болуы және 2-5 жылдың iшiнде ЕАЭО, Қытай, Иран елдерiне экспортқа шығу үшiн алдыңғы қатарлы технологияларды енгiзу жатады.

Сонымен қатар, кәсiпкерлерге қойылатын талаптардың бiрi, бiрыңғай бiлiктiлiк орталығында мiндеттi оқудан өту болады. Онда, беделдi халықаралық компаниялар ауқымындағы алдыңғы қатарлы тәжiрибенi қосқанда, жоғары және орта буын менеджерлерi үшiн барлық iс жүзiндегi оқу бағдарламаларын бiрiктiру жүргiзiлмек («Аға сеньорлар», басқа да бағдарламалар).

Осылайша, iшкi сұраныс есебiнен кәсiпкерлердi қолдау, экспортты дамыту бағдарламасымен байланыстырылмақ.

5. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң экспортқа бағдарлануы — экономика өсiмiнiң негiзгi драйверi

Мемлекеттiң экономикалық дамуының бәсеңдеуi, бiздi дамуға жетелейтiн жаңа күштердi iздеуге итермелейдi. Егер ондаған жылдар бойы ел экономикасы iрi компанияларға тәуелдi болып келсе, бүгiнгi күнi бiз ол жағдайды өзгертiп, шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуымыз керек. Әсiресе, экспортқа бағытталған кәсiпорындарға назар аударғанымыз жөн. Олар өз кезегiнде тауарларын Қытай, Ресей, Иран сынды елдердiң үлкен нарығына шығара алатын едi.

Шағын және орта кәсiпкерлiк секторының да iшкi проблемалары баршылық. Мысалы, дамыған елдерде шағын және орта кәсiпкерлiктiң экспорттағы үлесi қазақстандық көрсеткiштерден он есе жоғары — 25 пен 50 пайыз арасында болып отыр. Бұл ел кәсiпкерлерiнiң айтарлықтай бөлiгi сауда секторында екендiгiмен, ал өзге озық елдерде керiсiнше өндiрушi болып отырғандығымен түсiндiрiледi. Мәселен, Польшада шағын және орта кәсiпкерлiктiң 93% кәсiпорындары экспорттық қызметпен шұғылдануда.

Бүгiнде Қазақстанда экспортты қолдаудың жалпыға мойындалған барлық мемлекеттiк қолдау шаралары бар, олар түрлi мемлекеттiк мекемелер арасында «шашырап кеткен». Бұл шаралардың келiсiлмеуiне, экспортты қолдау жөнiндегi ұйымдардың арасында бiрдей функциялар жүктеуге әкелуде. Органдар арасындағы осы түсiнiспеушiлiктердiң бәрiнен кәсiпкерлерiмiз жапа шегiп отыр.

Сондықтан, экспорттаушыларды қолдау жан-жақты тетiк болып саналатындығын және түрлi құралдарды пайдалануды қажет ететiнiн ескере отырып, барлық шараны бiрыңғай әрi жүйелi үдерiске байланыстыру қажет. Бұл үшiн Экспортты iлгерiлетудiң ортақ стратегиясын әзiрлеп, қандай компаниялардың экспортқа шығуға әлеуетi бар екенiн анықтаудан бастап, өзге елдерде түрлi көрмелер мен алаңдар ұйымдастыруға дейiнгiнiң бәрiн қамту керек.

Түпкi мақсат осы кәсiпорындарды табу және экспорттық нарықтарға iлгерiлету болып табылады. Егер олар жеткiлiксiз болса, онда олардың қатарын өсiру үшiн қалыптасу кезеңiнде мемлекеттiк тапсырысты ұзақмерзiмдi негiзде (3 жылға келiсiмшарт) алуы үшiн басымдықтар беруге дейiнгi түрлi қолдауларды қамтамасыз еткен жөн.

Осыған байланысты экспортты қолдаудың барлық шарасын бiр терезе қағидатындағы оператормен бiрге шағын және орта кәсiпкерлiктiң экспортқа бағдарлануы мәселесiне шоғырландыра отырып, Экспортты iлгерiлетудiң жаңа стратегиясын әзiрлеу ұсынылады.

Аудан орталықтарына дейiн өңiрлiк инфрақұрылымы қалыптасқанын, орта және iрi кәсiпорындардың сандық негiздегi базасы, шетелдердiң сауда-өнеркәсiп палаталарымен жолға қойылған байланысы бар екенiн ескерсек, экспорт саласындағы бiрыңғай операторды «Атамекен» ҰКП басқара алар едi.

6. Кәсiпкерлiктi дамытудың өңiрлiк картасы индустриялық және инвестициялық шешiмдер қабылдауға негiз болады

Кәсiпкерлiктi дамытудың өңiрлiк картасы — бұл бизнес-навигаторды бiлдiретiн электронды портал. Ол жерде кәсiпкерлер, инвесторлар мен бизнеске қызуғушылық танытқан басқа да қатысушылар үшiн маңызды ақпараттар топтастырылған.

Бизнес-навигатор мемлекеттiк қолдау шаралары және кәсiпкерлiктiң дамуы, елiмiздiң барлық өңiрлерi бойынша жүргiзiлген талдаулар туралы (әлеуметтiк-экономикалық дамыдың негiзгi көрсеткiштерi) ақпараттарды ұсынады.

Сондай-ақ порталда бизнес-субъектiлер туралы маңызды байланыстар және басқа да керектi ақпараттар берiлген елiмiздегi Кәсiпкерлердiң бiрыңғай реестрi орналасқан.

Өңiрлiк карта индустриалдық және инвестициялық шешiм шығарудың негiзi бола алады.

Қазiргi таңда өңiрлiк картада 105 инвестициялық жоба белгiленген. 103-тен астам мемлекет өкiлдерi қызығушылық танытып, қазiрдiң өзiнде порталға кiрiп жатыр.

Сонмен бiрге, кәсiпкерлер болашақта инвесторларды тарту үшiн, бизнес-идеяларының инвестициялық жоба деңгейiне жетпей қалу мәселелерiне кезiгiп отыр. Ал кәсiпкер ұсынған инвестициялық жобалар инвесторлардың талаптарына сәйкес келе бермейдi.

Осыған орай, ұсынылады:

  • жобаны Индустрияландыру картасына енгiзу туралы шешiм қабылдар кезде Өңiрлiк үйлестiру кеңесiн Кәсiпкерлiктi дамытудың өңiрлiк картасындағы мәлiметтердi ескеруге мiндеттеу;
  • «Бизнестiң жол картасы-2020» бiрыңғай бағдарламасына кәсiпкерлердiң Техникалық-экономикалық негiздеме (ТЭН) жасау кезiндегi шығыстарын өтеу жөнiндегi мемлекеттiк қолдау шарасын қосу. Осы орайда ТЭН жасау қызметiн көрсету бойынша компанияларға талаптарды бекiту;
  • өңiрлiк карта базасындағы нарық туралы негiзгi деректер арқылы аумақтық нарықтағы оңтайлы бос орынды iздеудiң құралы ретiнде«бизнес-конструктор» қағидаты бойынша кiшi жүйе құру.

7. «Үкiмет бизнес үшiн» сервисiн құру

Соңғы жылдары мемлекет бизнестi қолдау шараларының инфрақұрылымына бастамашылық етiп, оны жүзеге асырды, қажеттi бағдарламалар мен институттарды құрды. Бүгiнде осы қолдау шараларын шоғырландыратын, кәсiпкерлердi қолдауды «Азаматтарға арналған Үкiмет» сияқты «бiр терезе» арқылы ұсына отырып, оларды ыңғайлы әрi тиiмдi ететiн кез келдi.

Осы орайдағы, «Үкiмет бизнес үшiн» жобасы қолдау шараларын «бiр терезеге» шоғырландырудан синергиялық әсер тудыруға, кәсiпкерлерге арналған қолдау шараларының қолжетiмдiлiгi мен ауқымын ұлғайтуға, қолдау шараларын алу үдерiсiнiң ашықтығын арттыруға мүмкiндiк бередi.

Аудандық деңгейге дейiн инфрақұрылымдары мен кәсiпкерлiкке сервистiк қызмет көрсету тәжiрибесi бар екенiн ескерсек, Үкiмет тарапынан үйлестiре отырып, операторлықты «Атамекен» ҰКП-ға жүктеу ұсынылады.

Үкiмет бизнес үшiн дегенiмiз, бұл — даму институттары көрсететiн субсидиялаудан, грант беруден, сертификаттаудан бастап, факторингке, сауда алаңына, арнайы экономикалық аймақтарға, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарғадейiнгi барлық шараларды бизнес үшiн бiрiктiре отырып, кәсiпкерге кеңес беретiн, қызмет пен сервистi бiрыңғай стандарт пен форматта көрсететiн бiр терезе.

8. Мемлекеттiк органдардың бақылау-қадағалау функцияларын қайта реттеу

Жалпы республика бойынша бақылау және қадағалау функцияларын 61 ведомство жүзеге асырады (соның 45-i орталық мемлекеттiк органдардыкi, 16-сы өңiрлердегi жергiлiктi атқарушы органдардан).

Мемлекеттiк функцияларға жасалған талдау аталған ведомстволар түрлi салада 512 бақылау функциясына ие екенiн, бұл тотальдi мемлекеттiк бақылауды бiлдiретiнiн көрсеттi. Бұл ретте кәсiпкерлерге қатысты тексеру парағында 18 мыңнан астам талап бар екен (ең көбi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында — 10 мыңнан астам). Сонымен бiрге, тексеру парағынан тыс санитарлық нормалар мен ережелердiң 8 мыңнан астам талабы бар. Бұлар да мемлекет тарапынан бақыланады.

Мемлекеттiк бақылаудың негiзгi мiндетi өнiм (жұмыс, қызмет) қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болуы тиiс. Сапа мәселесi нарықтың өзi арқылы реттелуi қажет, өйткенi нарықтың басты дiттегенi — iскерлiк бедел, тұтынушыны тарту және тұтынушыға стратегиялық бағдарлану. Бұл — бәсекелi нарықта iстейтiн әрбiр ұйымға және әрбiр кәсiпорынға аса маңызды.

Алайда, елде сапа мәселесi (стандарттар, құрылыс нормалары мен ережелерi, гигиеналық нормативтер, типтiк қағидалар) мемлекеттiк органдар арқылы тексерiледi және көп жағдайда сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызады.

Осыған байланысты мынадай ұсыныстар бар.

  1. тексеру жүргiзу кезiнде бизнес субьектiлерiнен талап етiлетiн талаптарды қысқарту жұмыстарын атқару;
  2. тауардың (жұмыс, қызмет) қауiпсiздiгiн бақылау мен тауар (жұмыс, қызмет) сапасын бақылауға қатысты мемлекеттiк бақылаудың ара-жiгiн ажырату;
  3. ұсынылатын тауар, жұмыс және қызмет сапасы бойынша бақылау функцияларын бәсекелi ортаға (өзiн өзi реттей ұйымдарға — ӨРҰ) беру, бұл ретте кәсiпкерлiк субьектiсiн тауар (жұмыс, қызмет) сапасы талаптарына сәйкестiкке мониторингтеу қорытындысы бойынша ӨРҰ ақпараты Тауекелдер басқару жүйесiнде ӨРҰ-да ескерiлетiн болады, сол арқылы адал кәсiпкерлерге қатысты қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiктi тексеру санын азайтады;
  4. мемлекеттiк бақылауды бiртiндеп кәсiпкерлердiң тұтынушы алдындағы жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырумен алмастыру;
  5. Кәсiпкерлiк кодексiндегi тексерулер жүргiзудiң жалпы тәртiбiнен ерекшелiктер санын қысқарту.

Жалпы алғанда, мемлекеттiк органдардың бақылау-қадағалау функцияларына ревизия жүргiзу қажет.

9. Қылмыстық және әкiмшiлiк заңнаманы одан әрi iзгiлендiру

1) Жаңа Қылмыстық кодексте экономикалық қылмыстар бойынша айтарлықтай жеңiлдеу байқалмайды. Олардың кейбiрiне қатысты жаза кiсi өлтiру жазасымен бара-бар. Мысалы, жалған шот-фактура үзiндiсi үшiн, салықтан жалтарғаны үшiн, жалған кәсiпкерлiк үшiн он жылға дейiн бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Жазалаушы шаралардан алдын алу тәжiрибесiне бiртiндеп келу саясаты жүргiзiлiп отырғанын ескерсек, экономика саласындағы қылмыстық құқықбұзушылыққа экономикалық жауапкершiлiк шараларын қолданған жөн.

Жалған кәсiпкерлiк жөнiндегi қылмыстық процесс барысында обьективтiлiк және зерттеудiң толыққандылығына қатысты заңнама талаптары сақталмайды. «Жалған кәсiпкерлiк» құрамының өзi қылмыстың өзге құрамдарын қайталайды (iс жүзiнде бұл салық төлеуден, банк несиесiн төлеуден жалтарудың, алаяқтықтың бiр амалы).

Заңды тұлғаларды (жалған кәсiпорындарды) тiркеудi болдырмаудың кесiрлi тәжiрибесi қалыптасты. Олардың контрагенттермен арадағы барлық мәмiлелерi жарамсыз деп танылады. Нәтижесiнде, соңғыларына қосымша салық сомалары мен айыппұлдар жазылады.

Қылмыстық қудалау сондай-ақ «жоспардан тыс» тексеру үшiн қолданылады және әлi күнге дейiн бизнеске қысым жасаудың құралы болып қалып отыр. Егер әдеттегi тексеру үшiн мемлекеттiк орган бұл әрекетiнiң негiздiлiгiн прокуратурада дәлелдеуi тиiс болса, қылмыстық қудалауды бастау үшiн мұндай кедергiлер жоқ.

2) «Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы» жаңа кодекстiң таяуда қабылданғанына қарамастан, онда шешудi қажет ететiн бiрқатар мәселелер қалып отыр.

Бүгiнде кодексте жалпы 608 құқық бұзу құрамы көрсетiлген, соның 400-ден астамы кәсiпкерлiк қызмет субьектiлерiне қатысты қолданылады. Кәсiпкерлерге қатысты осы 400 қылмыстық құрамның тек 14 бабы ғана «ескерту» түрiндегi жазаны қарастырады.

Сондықтан Кодексте үлкен қоғамдық қатер төндiрмейтiн қылмыстық құрамдар бойынша ескерту, алдын алу институтын кеңiнен қолдану қажет.

Осы мақсатта ұсынылады:

  1. Бас прокуратурамен бiрлесiп, бизнес-қоғамдастықты қатыстыра отырып, Қылмыстық кодекстiң шамадан тыс репрессиялық сипатын жою, жазалаудан гөрi, алдын алу шараларына қарай өту тұрғысынан жұмыстар жүргiзу керек.
  2. Әкiмшiлiк кодекс аясындағы ескерту институтын кеңейту жұмыстарын жүргiзiп, айыппұлдың бизнес көлемiне байланысты болуын жою, сондай-ақ бизнестiң барлық санаты бойынша айыппұлдың ең жоғарғы шегiн белгiлеу қажет.

10. Барлық мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi атқару органдардың ведомстволық және еншiлес құрылымдарында нарық қағидаттарының сақталуына байланысты ревизия жасау

Үкiметтiң 2016 жылдың 9 қыркүйектегi кеңейтiлген отырысында Мемлекет басшысы министрлiктердiң ведомстволық бағынышты ұйымдары мен ведомстволарға оларды бәсекелес ортаға беру немесе жергiлiктi қамту деңгейiне қайталап инвентаризация жүргiзукеректiгiн атап өттi.

Қазiргi таңда квазимемлекеттiк сектордың экономикаға ықпалы шамадан тыс жоғары болып отыр. Мемлекеттiң бақылауындағы ұйымдар активтерiнiң үлесi IЖӨ-нiң 60 пайызына жетедi.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне қарасты Мемлекеттiк мүлiк реестрi (www.gosreestr.kz) жекеленген мемлекеттiк компаниялар үлестестiктiң 9-шы деңгейiне дейiнгi ұйымдық құрылымдарға иелiк етiп отырғанына қарамастан, еншiлес және бағынышты ұйымдардағы үлестестiктiң 5-шi деңгейiне дейiн ғана көрсетедi, сол себептi де мемлекеттiк компаниялардың нақты саны туралы дерек жоқ.

Қалыптасқан күрделi жағдайды еңсеру үшiн Мемлекет басшысының Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерiнiң тәжiрибесi бойынша мемлекеттiң экономикаға қатысу үлесiн IЖӨ-нiң 15 пайызына дейiн азайту жөнiндегi тапсырмасын орындау аясында жекешелендiрудiң 2016-2020 жылдарға арналған кешендi жоспарын жүзеге асырумен бiрге үкiметтiк деңгейде арнайы жұмыс тобын (Үкiметтiк штаб) құру ұсынылып отыр. Мемлекеттiк қатысумен ұйымдар жұмыс iстейтiн бәсекелестiк орта жағдайын талдау мен бағалау, олардың одан әрi қызмет етуiнiң қисындылығы жөнiнде ұсыныстар енгiзу қажет.

Осыған байланысты бизнес-қауымдастықтың өкiлдерiмен бiрге мемлекеттiк органдардың еншiлес және қарамағындағы ұйымдарының қызметiне толыққанды зерттеулер және ЭЫДҰ стандарттары мен нарық ұстанымдарының бұзылуына талдаулар жүргiзу ұсынылады.

Жүргiзiлген талдау негiзiнде, жоғарыда келтiрiлген ұстанымдар мен мiндеттерге сай келмейтiн, субъектiлер мен ұйымдарды жекешелендiру немесе жою туралы үкiм шығарылады.

Жоғарыда айтылған шаралар Мемлекет басшысы белгiлеген және жалпы Қазақстанның әлемдегi ең дамыған 30 елдiң қатарынау кiру стратегиясына, ЭЫДҰ стандарттарын енгiзу iсiне толық сәйкеседi деп есептеймiз. Осыған байланысты аталған шараларды Үкiметтiң Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөнiндегi жоспарына енгiзудi ұсынамыз.

«Атамекен» ҰКП алдағы уақытта мемлекеттiк органдармен бiрге ұсыныстарды талқылау және жетiлдiруге атсалысуға, сондай-ақ егжей-тегжейлi тетiктердi, қажеттi есептеулердi, нормативтiк-құқықтық актiлердi өзгерту жөнiндегi ұсыныстарды ұсынуға дайын.

Дата создания статьи: 13.10.2016 15:15
Дата обновления статьи: 13.10.2016 15:15

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23

Пошталық мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

Телефон:

8 (7162) 29-72-71, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

Факс:

8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі:

akim@akmo.kz

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ ОБЛАСТНЫХ АКИМАТОВ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ РАЙОННЫХ АКИМАТОВ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ ПОДВЕДОМСТВЕННЫХ УПРАВЛЕНИЙ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы