A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
Ақмола облысы бойынша мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнiң негiзгi принциптерiн түсiндiру туралы ақпарат

Бүгiн Қазақстанның барлық өңiрлерiнде республиканың медициналық қызметкерлерi арасында мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру (әрi қарай — МӘМС) жүйесiнiң негiзгi қағидаларын түсiндiру бойынша кең көлемдi акция басталды. Құрамында денсаулық сақтау жүйесiнiң алдыңғы қатарлы мамандары мен ҚР ДСӘДМ медициналық қызметке ақы төлеу комитетi аймақтық департаменттерiнiң басшылары бар арнаулы мобильдiк топтар кездесулер мен семинарлар өткiзiп, МӘМС-тi енгiзуге байланысты барлық сұрақтарға жауап беретiн болады.

Орта медициналық қызметкерлерге Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың басқарма басшысы Абай Байгенжин, А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығының бас директоры Болат Баймаханов, Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының директоры Жұмағали Исмаилов, С. Асфендияров атындағы ҚазМҰУ әкiмшiлiк департаментiнiң директоры Василий Девятко, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Тiлеухан Әбiлдаев, «СК Фармация» ЖШС басқарушы директоры Серiкбол Мусинов, Республикалық санитарлық авиация орталығының директоры Нұржан Отарбаев, «Республикалық Медициналық палата» қоғамдық бiрлестiгiнiң басқарма басшысы Мақсұт Құлжанов, ҚР денсаулық сақтау саласының қызметкерлерi кәсiподағының басшысы Мереке Бутина, «Астана медициналық университетi» АҚ ректоры Мәжит Шайдаров және т.б. МӘМС жүйесiнiң ұтымды тұстарын толыққанды түсiндiретiн болады.

Медициналық қызметкерлермен кездесу — ҚР ДСӘДМ-нiң биыл өткiзетiн кең көлемдi ақпараттық-түсiндiрме жұмыстарының алғашқы кезеңi болмақ. Әрi қарай МӘМС жүйесiнiң қағидалары, медициналық сақтандыруды енгiзу кезеңдерi мен оның ұтымды жақтары туралы тұрғындар мен жұмыс берушiлерге түсiндiретiн болады.

Естерiңiзге сала кетейiк, Қазақстанда үздiк халықаралық тәжiрибенi есепке ала отырып мемлекет, жұмыс берушi және әрбiр адамның ынтымақты жауапкершiлiгiнiң негiзiнде әзiрленген медициналық сақтандыру жүйесiн енгiзу жұмыстары басталады. Сонымен қатар, мемлекет экономикалық белсендiлiгi төмен халық үшiн жарна төлейтiн болады. Жұмыс берушiлер — жалдамалы жұмысшылар үшiн, қызметкерлер мен салық органдарында тiркелген өзiн-өзi қамтыған азаматтар өздерi үшiн төлейтiн болады.

Мемлекет азаматтарды тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiмен (әрi қарай — ТМККК) әрi қарай қамсыздандыруын жалғастырады. Олардың қатарына әлеуметтiк мәнi бар аурулар, шұғыл жағдайлар, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация мен вакциналау кiредi.

Азаматтардың денсаулығын қорғаудың жалпыға бiрдей құқығын қамтамасыз ету мақсатында сақтандырылмаған азаматтарға 2020 жылға дейiн ТМККК аясында амбулаторлық дәрiлермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетiлетiн болады.

МӘМС аясында сақтандырылған азаматтарға жоғарғы технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыратын технологиялар, ұзақ мерзiмдi мейiргерлiк күтiм, амбулаторлық дәрiлермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетiлетiн болады.

Сонымен қатар, егер азаматтар ерiктi сақтандыруға қатысатын болса, МӘМС жүйесiнде қарастырылмаған медициналық көмек ала алады. Ол жеке сақтандыру компанияларымен бекiтiлген келiсiм шарт негiзiне жүзеге асырылады.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет, жұмыс берушiлер, өзiн өзi жұмыспен қамтыған азаматтар Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына (әрi қарай — ӘМСҚ) жарна төлеудi бастайды.

Ерекше санаттағы азаматтар үшiн мемлекет төлейтiн жарнаның мөлшерлемесi орташа айлық еңбекақының 7% құрайды. Сонымен қатар мөлшерлеменiң көлемi 2017 жылы 4%, 2018 жылдан бастап 5%-ға, 2023 жылдан 6%-ға, 2024 жылдан 7%-ға сатылай өсетiн болады.

Жұмыс берушiлер жарнасы мөлшерлемесiнiң жалпы көлемi кiрiстiң 5%-ын құрайтын болады. Аударым 2017 жылы 2%-ды, 2018 жылы 3%-ды, 2019 жылы 4%-ды, 2020 жылы 5%-ды құрайтын болады.

Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған азаматтар жарнасының мөлшерлемесi (жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсiби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негiздегi келiсiм бойынша кiрiс табатын жеке тұлғалар) олардың кiрiсiнiң 7% құрайтын болады. Ол 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 5%, 2020 жылдан бастап 7% болады.

Жалдамалы жұмысшылар жарнаны 2019 жылдан бастап 1%, 2020 жылдан 2%-дық мөлшерде төлейтiн болады.

Әлеуметтiк медициналық сақтандыру Қоры (әрi қарай — ӘМСҚ) жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады, оның iшiнде 12-сi — халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал тобы, сонымен қатар, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының жұмыскерлерi.

Халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал тобына:

  • балалар;
  • «Алтын алқа», «Күмiс алқа» иегерлерi, бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар, сонымен қатар I және II дәрежелi «Аналық даңқ» орденiмен марапатталған көп балалы аналар;
  • ҰОС ардагерлерi мен мүгедектерi;
  • мүгедектер;
  • жұмыссыз ретiнде тiркелген азаматтар;
  • интернат мекемелерiнде оқытылып, тәрбиеленiп жатқан тұлғалар;
  • техникалық, кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғарғы бiлiм беру ұйымдарында күндiзгi бөлiмдерде, сонымен қатар резидентура формасындағы ЖОО кейiн бiлiм алып жатқан тұлғалар;
  • бала тууға, бала асырап алуға, 3 жасқа дейiнгi бала күтiмiне байланысты демалыстағы тұлғалар;
  • жұмыс iстемейтiн екiқабат әйелдер, iс жүзiнде 3 жасқа дейiнгi баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар;
  • зейнеткерлер;
  • ең төменгi деңгейдегi қауiпсiздiк мекемелерiн есептемегенде сот шешiмiмен ҚАЖ мекемелерiнде айыбын өтеушiлер;
  • уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларындағы азаматтар жатады.

Айта кету керек, МӘМС аясында көрсетiлетiн медициналық көмектiң көлемi ӘМСҚ-ға төленетiн жарна көлемiне тәуелдi емес. Ең бастысы, жарна уақытылы әрi үнемi төленiп тұруы тиiс.

Қазақстанда қолданыстағы тәжiрибеге сай ӘМСҚ-ға түсетiн жарналарды бақылау iсiн ҚР Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiс комитетiне жүктеу ұсынылады.

Сарапшылардың болжамы бойынша МӘМС-тi енгiзгеннен соң елiмiздегi медициналық көмек көрсетудiң деңгейi айтарлықтай өсетiнi, сондай-ақ, дәрiгерлердiң жалақысын арттыру мүмкiндiгi пайда болады. Ауруханалар жоғарғы санатты жабдықтар мен қымбат дәрi-дәрмектер ала алатын болады. МӘМС адамға тексеруден өтуiне, қажет болған жағдайда өз қаржысын жұмсамай ем алуына мүмкiндiк бередi.

Бүгiнгi таңда Ақмола облысында мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнiң негiзгi принциптерiн түсiндiру бойынша кең ауқымды акция жүргiзiлуде. Аталған мақсатты iске асыру үшiнмiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандырудыенгiзу бойынша ақпараттық-түсiндiру тобының құрамы және мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруды енгiзу бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмыстарының жоспар-кестесiбекiтiлдi.

Ақмола облысы әкiмi С.В. Кулагиннiң, 2016 жылғы1 тамызындағы «Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму саласындағы «100 нақты қадам» аттыҰлт жоспарын түсiндiру бойынша жұмыс тобын құру туралы» атты № 44 өкiмi бойынша Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары — Н.Ж. Нұркеновтың төрағалығымен штаб құрылды.

Аталған жұмыс тобымен 2016 жылдың 9 ай iшiнде бекiтiлген кестеге және медиа-жоспарға сәйкес облыстың медициналық қызметкерлерiне семинарлар мен кездесулер өткiзiлдi. Аймақтықкуратор — «Астана Медицина университетi» — АҚ-ның ректоры, ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзудiң республикалық штаб мүшесi М.З. Шайдаровпен кездесу ұйымдастырылды.

М. Шайдаров өз сөзiнде ҚР аумағы бойынша медицина қызметкерлер арасындамiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнiң негiзгi принциптерiн түсiндiру бойынша кең ауқымды акцияларлардың басталғаны туралы, құрамына денсаулық сақтау жүйесiнiң көрнектi қайраткерлерi енгiзiлген республикалық штабтың жылжымалы топтары туралы баяндады. Өз баяндамасында аталған топ мүшелерiнiң қазiрдiң өзiнде ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын осы бағытта жургiзiп жатқанын туралы атап өттi.

Бүгiнгi күнi төменде аталған облыстық газеттерде аса маңызы мақалалар басылды: «Акмолинская правда», «Степной маяк»; қалалық маңызы бар: «Денсаулық жаршысы», «Курс»; аудандық маңызы бар: «Бұланды ақпарат», «Простор» және Атбасар ауданы, «Зерен» — Зерендi ауданы, «Алтын астық» — Егiндiкөл ауданы, «Целинное знамя» — Жарқайың ауданы, «Нұр-қорғалжын» — Коргалджинский ауданы, Ақмол «өрлеу ақпараты», «Жақсы весник» — Жақсы ауданы, «Сандыктауские вестники» — Сандықтау ауданы.

Мақаланы құрған күні 21.02.2017 09:26
Мақаланы жаңартқан күні 21.02.2017 09:27
Қаралым саны: 406

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
8 (7162) 29-72-00

Қабылдауға жазылу:
8 (7162) 29-72-43

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-71

Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-49

Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-44

Факс:
8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы