A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

БЕКIТЕМIН
Ақмола облысы әкiмi
аппаратының басшысы
_____________ Қ. Шөкенов
2017 жылғы 27 қыркүйек

«Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың ұғымы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар — қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшiн белгiленiп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсыныстар жүйесi.

Бұл стандарт «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң (бұдан әрi — Мекеме) қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшiн әзiрлендi.

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты, негiзгi мiндеттерi, қағидаттары

Мақсаты:

Мемлекеттiк аудит саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсыныстар жүйесiн орнату.

Негiзгi мiндеттерi:

1) мемлекеттiк аудит саласында жұмыс атқаратын тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа тұрақты тәртiбiн қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлықтың көрiнiстерiн уақытында анықтау және олардың келеңсiз салдарының алдын алу.

Қағидаттары:

- заңдылық, тағаттылық, әдептiлiк;

- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен қорғау;

- мүдделер қайшылығына жол бермеу.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мазмұны

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт мемлекеттiк аудит саласы үшiн әзiрлендi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мемлекеттiк аудит саласында жұмыс атқаратын тұлғалардың белгiленген ережелердi мүлтiксiз сақтауға және сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнiң алдын алуға бағытталған әрекеттерi мен шешiмдерiн анықтайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негiзiне:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру;

- өз құзыретiнiң шегiнде басқарушылық және өзге де шешiмдердi дайындау мен қабылдау;

- нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау;

- аудиторлық қызметтi жүзеге асыру кезiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне жол бермеу тұрғысынан лауазымдық мiндеттемелерiн орындау бойынша тiкелей әрекеттер қаланған.

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыру кезiнде:

- қызметшiлер жеке сипаттағы және т.б. мәселелердi шешу барысында мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлердiң және өзге де тұлғалардың қызметiне ықпал ету үшiн қызметтiк орнын пайдаланбауға мiндеттi.

Нормативтiк-құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу кезiнде:

- нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргiзу;

- азаматтардың құқығына, бостандығына және мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын Қоғамдық кеңеске жiберу;

- кәсiпкерлiк субъектiлердiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын сараптамалық қорытынды алу үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредитацияланған бiрлестiктерiне және Ақмола облысының кәсiпкерлер палатасына жiберу;

- нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны азаматтардың құқығы мен бостандығын қозғайтын болса, онда оны алдын ала қоғамдық талқылаусыз әзiрлеуге және қабылдауға жол берiлмейдi;

- өзi немесе үшiншi тұлға үшiн пайда табу мақсатында құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi.

Өз құзыретiнiң аясында басқарушылық және өзге де шешiмдер дайындау және қабылдау кезiнде:

- мүдделер қайшылығын болдырмау, олар орын алған жағдайда заңнамаға сәйкес оларды жою бойынша шаралар қолдану;

Қызмет саласының ерекшелiгiне қарай орын алатын өзге де өзара қарым-қатынастар кезiнде:

1) лауазымды тұлғаларды лауазымына тағайындау және оны босату кезiнде, лауазымды тұлғаларға «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тәртiптiк жауапкершiлiк шараларын қолдану:

- қарастырылмаған құжаттарды сұратуға жол бермеу, яғни сөзбұйдадан (төрешiлiктен) құтылу;

- заңмен тәртiптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапкершiлiк қарастырылған қылықтарға және өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу;

- мемлекеттiк лауазымға орналасуға үмiткермен тiкелей байланысқа түсуден қашқақтау.

2) Мемлекеттiк органдарға қатысты тексерiстер жүргiзу кезiнде.

- тексерiлетiн субъектiлердiң тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бойынша анықталған бұзушылықтарды актiлерде толық көлемде көрсету;

- бұзушылықтарды жою мерзiмдерiн анықтау кезiнде, заңдылық, негiздiлiк және парасаттылық қағидаттарын басшылыққа алсын.

3) Мемлекеттiк қызмет саласында

- мемлекеттiк қызметтердiң тұтынушысы ретiнде халықтың сұранысына бағдарланып көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасын арттыру бойынша шаралар тұрақты негiзде қабылдансын;

- мемлекеттiк қызмет алуға өтiнiштердi қарау барысында сөзбұйдаға салу фактiлерiне жол берiлмесiн;

- мемлекеттiк қызмет алуға өтiнiш иелерiмен қызметтiк емес қатынастарға түспеу;

- құқық бұзушылыққа және (немесе) қылмысқа итермелеу әрекеттерi туралы басшылыққа баяндау.

Сыбайлас жемқорлық фактiлерiмен ұшырасқан кезде:

- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту бойынша қажеттi шаралар қолдану, сонымен қатар жоғары тұрған басшыны, уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды шұғыл және жазбаша түрде ақпараттандыру қажет.

Өзге де мәселелер кезiнде:

- ведомстволық бөлiмшелердiң қызметiне ықпал ету үшiн қызметтiк орнын пайдаланбау;

- iскери әдептi және ресми тәртiп ережелерiн сақтау;

- қоғам мен мемлекет мүддесi үшiн жұмыс iстеу, өз әрекеттерiмен мемлекеттiк билiктiң беделiн нығайту, мемлекеттiк қызметтi әшкерелейтiн әрекеттер жасауға жол бермеу;

- қызметтiк мiндеттерiн орындау барысында өзiндiк және (немесе) пайдақорлық мүдделердi басшылыққа алмау;

- әрiптестерiне, басшыларға және басқа да лауазымды тұлғаларға сыйлықтар сыйламау;

- қызметтiк уәкiлеттiлiктi орындаумен байланысты, сыйлықтарды қабылдамау;

- мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiк және басымдылық алу мақсатында таратылуы тиiстi емес қызметтiк және өзге де ақпаратты пайдаланбау;

- жақын туыстық және отбасылық қатынастардағы (ата-аналары, жұбайы, бауырлары, әпкелерi мен қарындастары, балалары) тұлғалармен тiкелей бағыныстылығымен немесе бақылаулығымен байланысты болған жағдайда, лауазымға тағайындалудан бас тарту;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды әшкерелеуде белсендiлiк таныту;

- сыбайлас жемқорлықтың белгiлi болған фактiлерi, сондай-ақ материалдарды жеделдетiп қарауға қандай да бiр пайда алуға икемделуi немесе сөзбұйдашылық фактiлерi туралы басшылыққа шұғыл түрде баяндау;

- орындау үшiн алынған өкiмнiң заңдылығында күмән туындағаны туралы тура немесе тiкелей басшыға шұғыл түрде жазбаша нысанда хабарлау;

- тiкелей басшысы мүдделер дауына тартылған жағдайда, жоғары тұрған басшыға жүгiну;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары құқықтық мәдениеттi қолдау және оның сақталуын әрiптестерiнен талап ету;

- мүдделердiң орын алуы ықтимал даулардың себептерi мен жағдайларын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты және оның салдарын жою бойынша шараларды тұрақты негiзде қолдану;

- кәсiпкерлiктi және (немесе) кiрiс алумен байланысты басқа да қызметтi жүзеге асыруда бiреуге ықпал етуден алшақ болу;

- үшiншi тұлғалардың мүдделерiне ұсынудан немесе қолдаудан, олардың атынан әрекет етуден алшақ болу;

- материалды-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк мүлiктi және қызметтiк ақпаратты қызметтен тыс мақсаттарға пайдаланбау.

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзiрлеу және бекiту

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт жұртшылықтың қатысуымен әзiрленедi.

Жұртшылықтың қатысуы:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың жобасын Мекеменiң интернет ресурсында орналастыру және оған ұсыныстар мен ескертулердi жинақтау, қоғамдық тыңдауларды өткiзу, әзiрленiп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың жобасын қарау үшiн «дөңгелек үстел» форматында отырыстар өткiзу арқылы жүзеге асырылады.

Бекiтiлген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Мекеменiң интернет ресурсында жариялануы тиiс.

4.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты орындау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың орындалуы мiндеттi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, Мекеме басшысының шешiмiмен тәртiптiк немесе материалдық жауапкершiлiкке тартылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың сақталуын бақылау аппарат басшысына, Мекеме бөлiмiнiң қадағалайтын басшысына және тiкелей орындаушыға жүктеледi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың сақталуы (сақталмауы) туралы ақпарат Мекеме қызметкерлерiнiң жұмысын бағалауда және аттестаттауда қолданылады.

Мақаланы құрған күні 27.09.2017 18:11
Мақаланы жаңартқан күні 27.09.2017 18:11
Қаралым саны: 756

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
8 (7162) 29-72-00

Әдеп жөнiндегi уәкiлi:
8 (7162) 29-73-54

Қабылдауға жазылу:
8 (7162) 29-72-43

Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-44

Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-49

Электрондық жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-51

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-71

Факс:
8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-23, 29-72-25, 29-72-54

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы