Ақмола облысының білім беру жүйесін әлеуметтік-экономикалық дамыту жайлы ақпарат

Ақмола облысы бiлiм беру жүйесiнiң
әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы
ақпарат
2018 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша

Мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту

Облыста 603 мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымы (2017 жылы — 600 мектепке дейiнгi ұйым) бар, оның iшiнде 230 балабақша және 373 мектепке дейiнгi шағын орталық (2017 жылы -227 балабақша және 373 шағы норталық) жұмыс iстейдi, оның iшiнде 1-6 жас аралығында 37075 бала (2017 жылы — 36955 бала) немесе 66,4%(2017 жылы — 66,4%) қамтылған, оның iшiнде 3-6 жас аралығында 31445 бала (2017 жылы -31445 бала) немесе 97,7%(2017 жылы -97,7%). Мектеп алды даярлық сыныптарында 5-6 (7) жастағы 9722 бала бiлiм алады.

Жалпы орта бiлiм беру

Облыста 584 мектеп (2016-2017 оқу жылында — 593) жұмыс iстейдi, оның iшiнде: 565 мемлекеттiк күндiзгi жалпы бiлiм беретiн мектеп (2016-2017 оқу жылында — 572), 10 кешкi, 5 арнайы түзету, 2 ведомстводан тыс, 1 мемлекеттiк емес, 1 Назарбаев Зияткерлiк мектебi. Оқушылардың құрамы –120590 (2016-2017 оқу жылында — 117421), оның iшiнде күндiзгi мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектептерде — 117830 оқушы (2016-2017 оқу жылында — 114695 бала).

11421 оқушы аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушылар, тегiн ыстық тамақтанумен 100% қамтамасыз етiлген.

Облыс бойынша 2017 жылғы ҰБТ-ның орташа көрсеткiшi 79,9 баллды (2016 жылы — 77,6 балл) құрады.

ЖОО-ға түсу үшiн межелi деңгейден 416 оқушы өте алмады, бұл 14% құрайды (2016 жылы — 726 немесе 23,2%).

215 түлек Алтын белгi аттестатын растады, 108 түлек үздiк аттестат алды (100%).

Материалдық-техникалық базасын нығайту және қалыптастыру

Жаңа модификациялы кабинеттермен қамтамасыз етiлу — 49,4% құрайды (2017 жылы — 49,3%),барлығы -982 кабинет.

2018-2019 оқу жылына облыстың мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi үшiн оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер (ОӘК) сатып алуға 709,7 млн. теңге бөлiндi.

2018 жылы 20 бiлiм беру объектiсiнiң құрылысы және қайта жөндеуi үшiн 5,8 млрд. теңге бөлiнген болатын, (РБ — 2,1 млрд. теңге және ЖБ — 3,7 млрд. теңге) оның iшiнде:

Құрылыс:

- 3012 оқушы орнына арналған 8 мектеп (800 орынға — Бурабай ауданы, Щучинск қ., 80 орынға — Еңбекшiлдер ауданы, Невский а., 200 орынға — Сандықтау ауданы, Балкашино а., 300 орынға -Максимовка а., 120 орыннан Целиноград ауданы, Қаражар және Қызылсуат., 900 орынға — Көкшетау қ. Красный Яр жолының бойында 312 орындық ОӘК; Целиноград ауданы Қажымұқан а. 300 орындық мектептiң құрылысы басталды);

- 1540 орындық 7 балабақша (Көкшетау қ. Боровской м.а. және Әуезов к-сi 119 бойынша 280 орыннан, құрылыстың басталуы: Целиноград ауданы Талапкер а. мен Қосшы а. 280 орыннан, 140 орыннан Шортанды ауданы Төңкерiс а. мен Бозайғыр а. және Аршалы ауданы Волгодоновка а.).

- Көкшетау қ., № 18 ОМ-не 420 орынға қосымша оқу ғимараты;

-Көкшетау қ., Ақан серi атындағы мәдениет колледжiне жапсаржай құрылысы;

Қайта жөндеу:

- Зерендi ауданы, Зерендi а. Мәлiк Ғабдуллин атындағы ОМ-де спорт зал құрылысы мен оқу корпусының ғимараты;

- Қорғалжын ауданы, Арықты а., мектеп-интернаты;

- Сандықтау ауданы, Сандықтау а. балалар үйi;

Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру

Облыстың ТжКБ ұйымдарының желiсiн 21,3 мың адамнан астам бiлiм алушылардың жалпы құрамымен 38 оқу мекемесi құрайды. 38 колледжден: 30 — мемлекеттiк және 8 — жеке меншiк. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында саны 4682 адамды құрайтын мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы орналастырылған, оның iшiнде 4472 студент — ЖБ қаражатының есебiнен, «Серпiн» бағдарламасы аясында РБ қаражатының есебiнен — 210. Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 39 жұмыс бiлiктiлiгi бойынша облыстың 18 колледжiне 1190 студент қабылданды.

Оқыту 94 кәсiп (мамандық) және 139 бiлiктiлiк, атап айтқанда: ауыл және орман шаруашылығы, құрылыс және коммуналдық шаруашылық, педагогика, медицина, тау-кенiсi, қызмет көрсету аясы, өнер және мәдениет мамандықтары, энергетика, машина жасау технологиясы, көлiктi пайдалану және т.б. бойынша жүргiзiледi. Облыстың өңiрлерiн индустриалды-инновациялық дамыту жобалары үшiн мамандарды дайындау басымдылыққа ие болады.

Дуалды жүйенi енгiзетiн колледждердiң саны экономиканың 7 саласы бойынша (металлургия және машина құрылысы, сервис, көлiк (салалар бойынша), құрылыс, тау кен өндiру өнеркәсiбi, ауыл шаруашылығы) 25-ке дейiн өстi және 75,8% құрайды.

Оқытудан кейiн бiрiншi жылы жұмысқа орналасқан, мемлекеттiк тапсырыс бойынша дәрiс алған техникалық және кәсiптiк бiлiм беру оқу мекемелерi түлектерiнiң үлесi 95,2% құрайды.

«Техникалық және кәсiптiк бiлiм мен типтiк жастағы (14-24 жас аралығы) жастарды қамту үлесi» нысаналы индикаторы 17,2% құрайды.

Қысқа мерзiмдi кәсiби оқыту бағдарламасы шеңберiнде 1475 адам қамтылатын болады. Осы мақсаттарға 25 колледж бен 7 оқыту орталықтары анықталды. Таңдау жұмысшы бiлiктiлiктерi бойынша мамандарды дайындау критерийлерi бойынша жүргiзiледi.

Бiлiм беру ұйымдары еңбек нарығына қажеттi 117 бiлiктiлiк пен 57 мамандық бойынша қысқа мерзiмдi кәсiби дайындықты жүзеге асырады.

Тәрбие жұмысы және балалық шақты әлеуметтiк қорғау

Облыста 1874 жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар, оныңiшiнде:

- 274 жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарында;

- 26 денсаулық сақтау және халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарында;

- 1574 қорғаншылық, қамқоршылықта (1433) патронатта (125), бала асыраушы отбасыларында (16).

Облыста қосымша бiлiм берудiң 100 ұйымы жұмыс iстейдi, оның iшiнде 38918 баланы қамтитын БЖСМ, бұл 33% құрайды. Сонымен қатар, бiлiм беру ұйымдарындағы үйiрмелер мен секцияларда 107291 оқушы қамтылған, бұл 91% құрайды.

Кадр жұмысы туралы

Есеп беру мәлiметтерi бойынша 2017-2018 оқу жылында облыстың жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде 15010 мұғалiм жұмыс iстейдi. Оның iшiнде: жоғары бiлiмiмен –12577 (83,8%), техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмiмен — 2433(16,2%).

Барлығы 13604 пән мұғалiмдерi бар. Бiлiктiлiк санаттары бойынша: жоғары санатты –2143 (15,8%), бiрiншi санатты — 4772(35,1%), екiншi санатты -3475 (25,5%) және санатсыз — 3214 (23,6%).

Бюджеттiң орындалуы

Бiлiм басқармасы 69 ведомствоға бағынысты ұйымдардың әкiмшiсi, 20 бюджеттiк бағдарламалар, оның iшiнде трансферттердiң 3 түрi.

2018 жылғы 1 сәуiрдегi қаржыландыру жоспары 2 913 895,4 мың теңгенi құрайды, игерiлгенi 2 906 984,3 мың теңге немесе 99,8%.

Игерiлмегенi 6 9111,1мың теңге, оның iшiнде:

3 291,1 мың теңге — орындаусыз қайтару (дұрыс рәсiмдемеу, қаржы алушылардың реквизиттерiнiң сәйкес келмеуi) «Облыстық оқу-әдiстемелiк кабинетi» КММ, «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргiзу жөнiндегi облыстық оқу-әдiстемелiк орталығы» КММ;

2 043,0 мың теңге — компьютер жабдықтарын сатып алу мемлекеттiк сатып алулары бойынша және басқа шығындар бойынша кезеңдегi үнемдеу;

1 101,0 мың теңге — 01.04.2018 ж. дейiн жанар-жағар май материалдарын жеткiзу фактiлерi бойынша төлеу 10.04.2018 ж. дейiн төлеу. («Көкшетау қаласы (қазақ тiлiнде оқытылатын), дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты»; «Бiлiм-инновация» лицей-интернаты» КММ);

476,0 мың теңге — жалақы төлеу, әлеуметтiк төлемдер, медициналық сақтандыру, шәкiртақы, байланыс қызметi, басқа да шығындар бойынша кезеңдегi үнемдеу.

Құрылған күні: 11.05.2017 12:28
Жаңартылған күні: 09.04.2018 15:53
Қаралым саны: 3218

Қаз Рус Eng