A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі шараларын іске асыру бойынша жергілікті атқару органының қызметі туралы ақпарат

2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өтуi жөнiндегi шараларды iске асырудағы жергiлiктi атқарушы органдарының қызметi туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» Жолдауында елiмiздiң «жасыл» экономикасын дамыту бойынша мiндет қойылған.

Бiз шын мәнiнде табиғат ресурстарын жинақтауды оларды дұрыс басқаруды және елiмiздiң табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиiмдi кiрiктiрудi үйренуiмiз керек.

«Жасыл экономикаға» көшуде бiз өнеркәсiптiк қуаттарды жаңғырту және энергияның жаңғыртылатын көздерiн пайдалануға, орман, аңшылық және балық шаруашылықтарындағы табиғи ресурстарды қорғау және нығайтуға бағытталған iс-шараларды iске асыру жолымен экологиялық мiндеттердi шешуде бағдарламалық тәсiлдердi кеңейтудi жоспарлап отырмыз.

Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға өту жөнiндегi бекiтiлген Тұжырымдамасына сәйкес, бiздiң облысымыз табиғи ресурстарды (су, орман) пайдалану мен тиiмдi басқаруға байланысты жаңа жобаларды алға шығарудың және экологиялық көрсеткiштердi жақсартудың келесi бағыттары бойынша негiзгi шарттарын белгiледi.

> Орман шаруашылығы

Ақмола облысында орман саласының әлеуетiн жоғарылатудағы негiзгi құралы — 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл Даму» салалық бағдарламасы табысты iске асырылуда. 2014 жылда технологияны сақтай отырып аумағы 1037 га жерге орман отырғызылды. Соңғы бес жылдың iшiнде 5770 га аумаққа орман отырғызылды.

Орман ресурстарын сақтау және молайту үшiн бiз облыс аумағындағы тамшылай суару жүйсiн қолдануымен 2 көшеттiктi қалпына келтiрiлдi, онда жылдам өсетiн ағаш түрлерi мен декоративтiк ағаштардың кейбiр түрлерi өсiрiлетiн болады. Бұл жерде кейiнiрек орман шаруашылығы қорының өнiмiн жоғарылатуға мүмкiндiк беретiн баламалы энергия көздерiн — жел насостарын орнату жолымен көшеттердi суару жүйесiн жетiлдiру жоспарланып отыр.

Орман шаруашылығында өрт болған жағдайларға және көшеттердi суаруды қамтамасыз етуге су қорын жасау үшiн баламалы энергия көзiн пайданану мақсатында екi орман шаруашылығы мекемелерiнде 4 жел насосы орнатылды. 2015 жылы жел насостары екi орман шаруашылығы мекемелерiнде орнатылатын болады.

Мемлекеттiк орман аумағында бақылау және мониторинг жүргiзудiң электрондық жүйесiн енгiзу үшiн және орман шаруашылығына бағынсты мемлекеттiк мекемелерде ЖЖМ үнемдеуге жағдай жасау үшiн,орман шаруашылығы мекемелерiнiң барлық пайдаланылып жүрген автокөлiк құралдарына (250) бiрлiк GPS-мониторинг жүйесi орнатылды.

Отырғызу материалдарын өсiру және облыстың елдi мекендерiн көгалдандыруға үшiн, сонымен қатар EXPO-2017 жобасына өткен жылы ауданы 5 га жерде 4 га қарағай және1 гажапырақты тұқымдылардың тұқымын салу жұмысы жүргiзiлдi.

> Су ресурстары

«Жасыл» экономикаға өту Тұжырымдамасында қозғалған мiндеттердiң бiрi ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы болып табылады. Мал шаруашылығына толыққанды жем-шөп базасын құру және Астана қаласы мен облыс тұрғындарын ет, сүт өнiмдерiмен қамтамасыз ету үшiн 2014-2015 ж.ж. Есiл өзенiндегi «Самарлық» көлтабанды суару жүйесiн қалпына келтiру жобасы әзiрленуде.

> Балық шаруашылығы

Бiздiң алдымызға балық шаруашылығын, оның iшiнде көл-тауарлық балық шаруашылығын дамыту мiндетi қойылып отыр. Ақмола облысының балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы әзiрлендi, онда көл-тауар, судағы торлы балық шарбағын дамыту үшiн озық технологияларды кезең-кезеңмен енгiзу көзделген.

«Зерендi балық шаруашылығы кәсiпорны» мемлекеттiк коммуналдық қазаншылық кәсiпорнының негiзiнде балықтар шабағын өсiру жүргiзiледi. Жаз айында 2,0 млн. тұқы балығының уылдырығы инкубациаланды. Олардан 168 мын тұқы балығының щабақтары өсiрiлдi. Осы балық өнiмдерi Ақмола және Қостанай облысы су пайдаланушыларға өткiзiлдi. Қазiргi уақытта инкубациалау үшiн сиг балығының 43,5 уылдырығы дайындалды.Балықты жерсiндiру және өсiру жолында тұқы балығы мен, тұқы тұқымдас (буффало, ақ және қара амур) балықтарының 30 мың бас бiр жылдық шабақтары алынды.

> Экологиялық туризм

Аймақтағы табиғат ландшафтарының бiр тектi еместiгi мен жануарлар дүниесiнiң алуан түрлiлiгi бiзге экологиялық және аңшылық туризмдi дамытуға тамаша мүмкiндiктер бередi. Жергiлiктi деңгейде орман алқаптарын сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттарда, оларды үздiксiз және тауыспай пайдалану шартымен ұзақ мерзiмдi орман пайдалану үшiн беру жұмыстары жүргiзiлуде.

Облыс аумағына сирек кездесетiн жануарлар жеткiзiлдi: зубрлар, бизондар, бұландар («Бұланды Мекен» ЖШС аңшылық шаруашылығы) Отрадный орман шаруашылығы мекемесiнiң шекарасында).

Кейiнгi жылдарда жабайы аңдар мен құстарды сақтап қалу бағдарламасы әзiрлеу және iске асыру, зоологиялық қаумал ашу

жоспарланып отыр, онда жабайы жануарлар өсiп өнуiне қолайлы жағдай жасалатын болады, бұл өз кезегiнде бағалы табиғи кешендердiң сақталуы мен дамуына жағдай жасайды.

> «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесiн

танымал ету

«EXPO-2017» тақырыбын танымал ету бойынша және жасыл технологияларды пайдалана отырып, пилоттық жобаларды iске асыру мақсатында, 2014 жыл iшiнде Көкшетау қаласында облыстық әкiмдiктiң қолдауымен, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы, «Education Invest», «Kazakhstan Innovations» қоғамдық қоры, Ақмола облысы жастар саясаты мәселелерi басқармасы және жастар ресурстық орталығымен «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесiне арналған жас кәсiпкерлер, студенттер мен жастар арасында «AKMOLA POWER» инновациялық жобалар мен идеялар байқауы өткiзiлдi. Байқауға 240 жобаның келiп түскен, оның iшiнен 45 жоба сайысқа қатысты, кейбiреулер «Ғылым және бизнес» республикалық конкурстың шеңберiнде көрмесiне енгiзу үшiн мiнездеменi алған.

Ақмола облыстың 4 бiлiм беру мекемелерiнде (Көкшетау,Степногор қ.қ ОМ-рi, Вячеслав ОМ) БҰҰДБ/ЖЭҚ пилоттық жоба нәтижесiнде саралаудан өткiзiлген энергия үнемдеу идеясын кеңiнен енгiзуге бағытталған: күн коллекторларының жұмысы, энергия тиiмдi жарықдиодты жарықтандыру.Аталмыш шаралар бюджеттiк ұйымдардың тұтынатын энергия мөлшерiн төмендетуге мүмкiндiк бередi.

2014 ж. Көкшетау қ. «Education Invest» қоғамдық қоры мен «Жасыл экономиканы» қолдау және G-GLOBAL–ды дамыту Коалициясы» ЗТБ-нiң арасында «Жасыл көпiр» әрiптестiк бағдарламасының негiзгi ережесiн алға басу және өңiрдiң «жасыл экономика» енгiзу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Дата обновления статьи: 16.03.2016 09:09
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 83, индекс: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23