Ауылдық округтер әкімдерінің кезекті және шығып қалғандарының орындарына 2018 жылы 16 мамырда сайлау өткізу туралы ақпарат

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 6 ауданның әкiмдерi тиiстi сайлау округтерiн 1 ауыл және 7 ауылдық округ әкiмдерiнiң уәкiлеттiктерi мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаны туралы мәлiмдедi.

Астрахан, Аршалы, Бурабай, Есiл, Зерендi және Сандықтау аудандарының сайлау комиссиялары 2018 жылғы 4 сәуiрде Астрахан ауданы Жарсуат, Қызылжар ауылдық округтерiнде, Аршалы ауданының Бұлақсай ауылдық округiнде, Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылында, Есiл ауданының Курское ауылында, Зерендi ауданының Байтерек, Ақкөл ауылдық округтерiнде және Сандықтау ауданының Жамбыл ауылдық округiнде әкiмдерiн сайлауды 2018 жылғы 16 мамырға тағайындау туралы қаулыларын қабылдады.

Сонымен қатар Ақкөл және Жарқайың аудандарының сайлау комиссиялары әкiмдердiң 4 жылдық өкiлеттiк мерзiмдерi аяқталуына байланысты, тиiсiнше Ақкөл ауданының Наумовское ауылдық округiнде және Жарқайың ауданының Тассуат ауылдық округтерiнде әкiмдер сайлауын 2018 жылғы 16 мамырға тағайындау туралы қаулыларын қабылдады.

Сайлау тағайындау туралы ақпарат аудандық газеттерде жарияланатын болады.

Ауылдық округтердiң әкiмдерiн кезектi сайлауға және шығып қалған ауылдық округтер әкiмдерiнiң сайлауына дайындалу Сайлауды дайындау және өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың бекiтiлген күнтiзбелiк жоспарына сәйкес жүргiзiлуде.

Қазiргi уақытта, үмiткерлер бойынша жергiлiктi қауымдастықпен келiсу жүргiзiлуде.

Үмiткерлердi ұсыну 2018 жылғы 16 сәуiрде басталып, 2018 жылғы 20 сәуiрде аяқталады, үмiткерлердi тiркеу 2018 жылғы 30 сәуiрде аяқталады, үмiткерлердiң сайлау алды үгiт жүргiзу науқаны 2018 жылғы 1 мамырда басталып, 14 мамырда аяқталады.

Құрылған күні: 06.04.2018 12:45
Жаңартылған күні: 06.04.2018 12:45
Қаралым саны: 234

Қаз Рус Eng