Ақмола облысының барлық деңгейдегі әкімдерінің 2018 жылғы есеп беру кездесулерін өткізу туралы ақпарат

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкiмдердiң, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығын орындау үшiн, 2018 жылғы 15 қаңтар мен 23 ақпан аралығында облыстың өңiрлерiнде барлық деңгейдегi әкiмдердiң халыққа есеп беру кездесулерi өткiзiлдi.

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң ұсыныстарына сәйкес, облыстың 98 өңiрлiк БАҚ-тарында, облыс, аудандар мен қалалар әкiмдiктерiнiң сайттарында кездесулердiң өткiзiлетiн кестелерi, облыс, аудандар, Көкшетау және Степногорск қалалары, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар мен ауылдық округтер әкiмдерiнiң тезистерi жарияланды және орналастырылды.

Облыс, аудан және қала әкiмдерiнiң аппараттарында сұрақтарды жинақтау үшiн «қауырт желi» телефоны ұйымдастырылды, олар пысықталды және әкiмдердiң есеп беру кездесулерiнiң барысында айтылды.

Әрбiр елдi мекеннiң қоғамдық орындарында кездесу өткiзiлетiн уақыты мен орны туралы хабарландыру орналастырылды, ұсыныстарды жинауға арналған арнайы жәшiктер орнатылды.

Күн сайын есеп беру кездесулерiнiң өткiзiлуiне мониторинг жүргiзiлдi, олардың нәтижелерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне күн сайын ұсынылды.

Облыста 674 есеп беру кездесуi өткiзiлдi, оның iшiнде: ауылдық округтердiң құрамына кiретiн елдi мекендерде — 398 (шағын ауылдар), орталық елдi мекендерде — 256, қорытынды аудандық, облыстық маңызы бар қалалық кездесулер — 19, облыстық есеп беру кездесуi — 1.

Есеп беру кездесулерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен белгiленген мерзiмдерде және бекiтiлген кестелерге сәйкес өткiзiлдi.

Кездесулерге облыстың 73171 тұрғыны қатысты, ол облыста тұратын азаматтардың 18 жастан асқан тұрғындардың жалпы санынан 13,6% құрайды, 1194 адам сөз сөйледi, 781 ұсыныс енгiзiлдi, мемлекеттiк органдар басшыларының атына сыни ескертулер айтылған жоқ.

Есеп беру кездесулерiнде халықтың барынша жоғары белсендiлiгi Аршалы (қатысушылардың жалпы санынан 4,1%-ы сөз сөйледi), Атбасар және Қорғалжын (2,8%), Бурабай (2,7%) аудандарында, барынша азы Сандықтау (0,7%), Бұланды (0,5%), Астрахан (0,4%), аудандарында, Степногорск (0,4%) қаласында байқалды.

Есеп беру кездесулерiнiң барысында тұрғындар тарапынан барынша көп ұсыныс түскен өңiрлер: Көкшетау қ. (72), Целиноград (68), Бурабай (50), Зерендi (69), Аршалы (66) аудандары, айтарлықтай аз — Егiндiкөл (20), Астрахан (16), Бұланды (15) аудандары және Степногорск қ. (17).

776 ұсыныс әлеуметтiк, 4 экономикалық сипатта болды, 1 — мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша.

Облыс тұрғындарын алаңдататын негiзгi мәселелер: абаттандыру, санитарлық және экологиялық ахуал — 100 (жалпы санынан 12,9%); жолдарды жөндеу және салу — 95 (12,2,%), ауыз судың мәселелерi — 76 (9,8%), бiлiм беру, денсаулық сақтау және мәдениет объектiлерiн жөндеу және салу — 75 (9,7%), электрофикациялау, газификациялау және телефонизациялау — 72 (9,3%), жер қатынастары — 35 (4,5%); тұрғын үй мәселелерi — 9 (1,1%) және өзге де  — 314 (40,5%).

Шортанды ауданында халықтан келiп түскен ұсыныстардың жалпы санынан 41%, Есiл ауданында — 37,5%, Қорғалжын ауданында 34,4%, Бурабай ауданында — 26%, Жарқайын ауданында — 22% абаттандыру, санитарлық және экологиялық ахуал мәселелерiне қатысты болды.

Атбасар, Бурабай аудандарында ұсыныстың 20%, Аршалы және Сандықтау аудандарында — 18,1%, Есiл — 15,3%, Целиноград — 11,7%, Зерендi — 11,5%, Қорғалжын — 10,6%, аудандарында ауыз су мәселесiне қатысты болды.

Елдi мекендердi электрофикациялау, газификациялау және телефонизациялау мәселелерi бойынша ұсыныстардың 32%-ы Ақкөл, 26,6%-ы Астрахан, 23,3%-ы Атбасар, 20%-ы Бұланды, 17,1%-ы Бiржан сал, 12,8%-ы Есiл аудандарынан келiп түстi.

Келiп түскен ұсыныстардың 20,5%-ы Целиноград, 15,2%-ы Көкшетау қ., 13,3%-ы Атбасар және Зерендi, 12,1%-ы Сандықтау аудандарында бiлiм беру, денсаулық сақтау және мәдениет объектiлерiн жөндеу және салу мәселелерiне қатысты болды.

Халықтан келiп түскен ұсыныстардың жалпы санынан Степногорск қ. 35,5%, Егiндiкөл — 25%, Целиноград — 20,5%, Атбасар — 20%, Бiржан сал ауданында 14,2%, Бурабай — 14%, Жақсы — 13,3%, Зерендi — 13%, Сандықтау — 12,7%, Көкшетау қ. 11,1%-ы жолдарды жөндеуге және салуға қатысты болды.

Есеп беру кездесуiнiң қорытындысы бойынша барлық 781 ұсыныс қаралды, оның iшiнде 688-не түсiнiктеме берiлдi, 81 ұсыныс оларды iске асыру жөнiндегi өңiрлiк iс-шаралар жоспарына қосылды, 8 ұсыныс облыстық Жоспар iс-шарасына енгiзiлдi.

Есеп беру кездесулерiн өткiзу барысында БАҚ-тарда 559 ақпараттық материал жарияланды, оның iшiнде: республикалық басылымдарда — 49, өңiрлiк басылымдарда — 510.

Бұқаралық ақпарат құралдарында «Әкiмдердiң есеп берулерi», «Әкiмдер есеп бередi», «Халықпен сұғбаттасу» айдарлары ашылды, оларда халық есеп беру кездесуiнiң барысында көтерген барлық әлеуметтiк-маңызды мәселелер көрiнiс тапты.

Есеп беру кездесулерiне жергiлiктi атқарушы органдардың 3033 өкiлi қатысты.

8 есеп беру кездесуiне (Астрахан ауданы Есiл ауылдық округi, Ақкөл ауданы Наумовка ауылы, Шортанды ауданы Бозайғыр ауылы, Аршалы ауданы Аршалы кентi әкiмдерiнiң, Егiндiкөл, Бiржан сал, Шортанды және Көкшетау қ. әкiмдерiнiң қорытынды есеп беру кездесулерi) Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк инспекторы Қ.Б. Байымбетов қатысты.

Облыс әкiмiнiң есеп беру кездесуi 2018 жылғы 23 ақпанда «Көкшетау» мәдениет сарайында өттi. Есеп беру кездесуiне Қазақстан Республикасы Әдiлет министрi М.Б. Бекетаев, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк инспекторы Қ.Б. Байымбетов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ф.Ш. Қуанғанов, облыстың барлық өңiрлерiнен делегациялар, өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының, әлеуметтiк сала ұйымдарының, оқу орындарының, екiншi деңгей банктерiнiң, шағын және орта бизнестiң, соғыс және еңбек ардагерлерiнiң, жастардың, саяси партиялардың, ұлттық мәдени орталықтардың, дiни конфессиялардың, қоғамдық бiрлестiктер мен БАҚ өкiлдерi, барлығы 620 адам қатысты.

Есеп беру кездесуi «Қазақстан Көкшетау» облыстық теледидарда тiкелей эфирде, сондай-ақ «You Tube» және «Facebook» әлеуметтiк желiлерде көрсетiлдi, «Саll-центра» жұмысы ұйымдастырылды, олар арқылы тұрғындарда нақтылы уақыт режимiнде облыс әкiмiне сұрақ қою мүмкiндiгiне ие болды.

Кездесу стандарттан тыс форматта, спич-мiнбесiз, президиумсыз және баяндаманы дәстүрлi оқусыз өткiзiлдi. Есеп беру кездесуiнде қосымша ақпаратты қабырғада проекциялау жолымен «3D MAPPING» технологиясы пайдаланылды.

Сондай-ақ, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында қызметтiң түрлi саласының (өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы, бiлiм, денсаулық сақтау, smart-city, туризм және т.б.), инновациялық көрмесi ұйымдастырылды, ол БАҚ-тарда және әлеуметтiк желiлерде халық тарапынан оң пiкiрге ие болды.

Кездесуде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрi М.Б. Бекетаев сөз сөйледi.

Есеп беру кездесуiнiң барысында 59 сұрақпен 35 адам сөз сөйледi, о.i. 2 сұрақ Бiржан сал және Атбасар аудандарының тұрғындарынан Skype арқылы тiкелей эфирде келiп түстi, «Сall-центр» арқылы — 5 сұрақ, «Facebook» арқылы — 17. Барлық сұрақтарға жауап және түсiнiктеме берiлдi.

Сонымен қатар, электронды поштаға қоңырау шалулар және әлеуметтiк желiлер арқылы 67 сұрақ келiп түстi, оның iшiнде: электронды поштаға — 25 сұрақ бойынша 16 өтiнiш, 23 сұрақ бойынша 18 телефон шалу, 2 өтiнiш «Instagram» арқылы келiп түстi.

Облыс әкiмiнiң атына келiп түскен барлық сұрақтар мен оларға берiлген жауаптар облыстық БАҚ-тарда жарияланды және облыс әкiмiнiң сайтына орналастырылды.

Облыс әкiмiнiң халыққа қорытынды есеп беру кездесуi республикалық, облыстық және өңiрлiк БАҚ-тарда жарияланды.

Тұтастай алғанда, облыстың барлық деңгейдегi әкiмдерiнiң халыққа есеп беру кездесулерi iскери ахуалда және сындарлы көңiл-күйде өттi.

Азаматтар өздерiнiң сөз сөйлеулерiнде Елбасымен жүргiзiлiп отырған саясатты, оның «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған негiзгi мiндеттердi толығымен қолдайтындықтарын бiлдiрдi.

Ақмола облысы бойынша аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен ауыл әкімдерінің есеп беру кездесулері туралы МӘЛІМЕТ

1. Жоспарлаған есеп беру кездесулерінің саны 674
2. Өткізілген есеп беру кездесулерінің саны 674
3. Есеп беру кездесулеріне қатысқан тұрғындардың саны 73171
4. Есеп беру кездесулерінде сөз сөйлеген азаматтардың саны 1194
5.

Барлық айтылған сыни ескертпелер:

оның ішінде:- а/о, кент әкімінің атына- аудан (қала) әкімінің атына- облыс әкімінің атына
 
6.

Барлық енгізілген ұсыныстар:

781
  оның ішінде, мына мәселелер бойынша:  
 

- экономикалық сипаттағы (/_оның ішінде қайталанғаны)

4
  - саяси сипаттағы (/_оның ішінде қайталанғаны)  
  - мемқызмет көсрету 1
 

- әлеуметтік сипаттағы: (/_оның ішінде қайталанғаны)

776/11
 

а) ауыз суының проблемасы жөнінде (/оның ішінде қайталанғаны)

76/4
  б) тұрғын үй проблемасы жөнінде (оның ішінде, үлестік қатысу бойынша) 9
  в) жер мәселелері бойынша (/оның ішінде қайталанғаны) 35
  г) жол салу және жөндеу бойынша (/оның ішінде қайталанғаны) 95
  д) білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет объектілерін жөндеу және салу жөнінде (/оның ішінде қайталанғаны) 75
  е) елді мекендерді электрлендіру, газдандыру және телефон тарту (/оның ішінде қайталанғаны) 72
  ж) абаттандыру, санитарлық және экологиялық ахуал жөнінде (/_) 100/7
  з) басқа 314
7.

БАҚ жария етілді, барлығы оның ішінде:

- орталық (республикалық) БАҚ

- жергілікті (облыстық, аудандық) БАҚ

559

49

510

8.

Есеп беру кездесулеріне өкілдері қатысты:

- Президент Әкімшілігінің, Үкіметтінің ҚР

- Парламентінің ҚР

- Нұр Отан партиясы

- ауданның, облыстық маңызы бар қаланың атқарушы органдарының

3 044

10

1

3 033

Ақмола облысы бойынша аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен ауыл әкімдерінің есеп беру кездесулері туралы мәліметтер (XLS 79 Kb)

Құрылған күні: 03.02.2017 16:37
Жаңартылған күні: 10.04.2018 12:39
Қаралым саны: 3464

Қаз Рус Eng