Ақмола облысында шығып қалған мәслихат депутаттарының орындарына кандидаттарды тіркеу қортындысы туралы Ақпарат

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-б 10-т, 101-б 4-т, 103-б. 6-т. сәйкес, тапсырылған материалдар негiзiнде, облыстық сайлау комиссиясы 2018 жылғы 22 қаңтарда а. ж. 25 наурызда «Шығып қалған аудандық мәслихат депутаттарының орындарына сайлау тағайындау туралы» қаулы қабылдады.

Шығып қалған аудандық мәслихат депутаттарының орындарына сайлау өткiзуге 16 сайлау комиссиясы, соның iшiнде: 1 — облыстық, 3 — аудандық аумақтық, 3 — округтiк, 9 — учаскелiк сайлау комиссиясы, 4322 сайлаушы қатыстырылады.

Сайлауға дайындық облыстық сайлау комиссиясының шешiмiмен бекiтiлген негiзгi iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарына сәйкес жүргiзiледi.

Сайлау учаскелерiнiң шекаралары мен орналасқан жерi, аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының құрамдары туралы мәлiметтер белгiленген мерзiмдерде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Мәслихат депутаттарына кандидаттарды тiркеу 2018 жылғы 27 ақпанда аяқталды.

11 кандидат ұсынылды, 9-ы тiркелдi (бос орынға үшеуден):

Астрахан аудандық мәслихаты:

Бейсенбетов Асхат Амангелдiұлы — 1988 жылы туған, бiлiмi жоғары, Ақмола облысы Астархан ауданы кәсiпкерлер палатасы филиалының директоры директор, («Нұр Отан» партиясы);

Мажитов Бауыржан Жанатұлы — 1990 жылы туған, бiлiмi орташа-арнайы, «АZAM-KC» ЖШС слесарi, (өзiн-өзi ұсынған);

Пiрбергенов Асылжан Дайрабайұлы– 1994 жылы туған, бiлiмi орташа-арнайы, «Астрахан аудандық мәдениет үйi» МКҚК мәдени ұйымдастырушысы (өзiн-өзi ұсынған).

Бiржан сал аудандық мәслихаты:

Ақышев Самат Қажыбайұлы — 1980 жылы туған, бiлiмi жоғары, «Халыққа қызмет көрсету орталығы — «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» ҰАҚ филиалы Ақмола облысы бойынша департаментi Бiржан сал ауданы бөлiмiнiң басшысы (Нұр Отан» партиясы);

Аяғанова Миргүл Уахитқызы — 1979 жылы туған, бiлiмi жоғары, «Бiржан сал ауданының iшкi саясат бөлiмi» ММ бас маманы, (өзiн-өзi ұсынған);

Забикулин Ельдар Серiкұлы — 1990 жылы туған, бiлiмi жоғары, «Бiржан сал ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ бас маманы (өзiн-өзi ұсынған).

Целиноград аудандық мәслихаты:

Қойлыбаев Ғалым Жақсылықұлы — 1971 жылы туған, бiлiмi жоғары, «Маншүк-АЭ» ЖШС директорының өндiрiс жөнiндегi орынбасары (Нұр Отан» партиясы);

Добденкова Наталья Михайловна — 1990 жылы туған, бiлiмi орташа-арнайы, ЖК «Добденкова» басшысы (өзiн-өзi ұсынған);

Тасболатов Дәурен Зiкiрияұлы — 1963 жылы туған, бiлiмi жоғары, «Арлан Секьюрети» ЖШС күзет бастығы (КНПК партиясы).

Тiркелген кандидаттардың орташа жасы — 38 жас, 2 ұлт өкiлдерi, қазақтар — 8, орыстар — 1; ерлер — 6, әйелдер — 3; 6 кандидаттың жоғары бiлiмi бар, 3 кандидаттың орташа-арнайы бiлiмi бар.

4 (33,34%) кандидат мемлекетiк мекемелердiң қызметкерлерi, 5-еуi (66,66%) мемлекеттiк емес сектордың қызметкерлерi болып табылады.

Шығып қалған аудандық мәслихат депутаттарының орындарына сайлау өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарына сәйкес, сайлау алдындағы үгiт 2018 жылғы 28 ақпанда басталып 2018 жылғы 24 наурызда сағат 00.00-де аяқталады.

Сайлауды қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүргiзiледi.

Құрылған күні: 28.02.2018 12:38
Жаңартылған күні: 28.02.2018 12:38
Қаралым саны: 1420

Қаз Рус Eng