Шығып қалған аудандық мәслихат депутаттарының орындарына сайлауға кандидаттар ұсыну қортындысы туралы ақпарат

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-б 10-т, 101-б 4-т, 103-б. 6-т. сәйкес, тапсырылған материалдар негiзiнде, облыстық сайлау комиссиясы 2018 жылғы 22 қаңтарда а.ж. 25 наурызда Астрахан ауданының №6 саулау округi бойынша, Бiржан сал ауданының №7 сайлау округi, Целиноград ауданының №4 сайлау округi бойынша «Шығып қалған аудандық мәслихат депутаттарының орындарына сайлау тағайындау туралы» қаулы қабылдады (1 — облыстық мәслихат).

Шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауға 16 сайлау комиссиясы, соның iшiнде: 1 — облыстық, 3 — аудандық аумақтық, 3 — округтiк, 9 — учаскелiк сайлау комиссиялары, 4322 сайлаушы қатыстырылады.

Сайлауға дайындық облыстық сайлау комиссиясы бекiткен негiзгi iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарына сәйкес жүргiзiлуде.

Бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау учаскелерiнiң шекаралары мен орналасқан жерi, аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының құрамдары туралы мәлiметтер белгiленген мерзiмде жарияланды.

Кандидаттарды ұсыну а.ж. 6-22 ақпан аралығында өттi.

11 кандидат ұсынылды.

Астрахан аудандық мәслихаты:

Бейсенбетов Асхат Амангелдiұлы — 1988 жылы туған, бiлiмi жоғары, Ақмола облысы Астархан ауданы кәсiпкерлер палатасы филиалының директоры директор, («Нұр Отан» партиясы);

Воронцов Илья Степанович — 1987 жылы туған, бiлiмi жоғары, Астархан ауданы «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ маманы (өзiн-өзi ұсынған);

Мажитов Фархат Талғатұлы — 1993 жылы туған, бiлiмi жоғары, "Астрахан ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" ММ жетекшi маманы, (өзiн-өзi ұсынған);

Мажитов Бауыржан Жанатұлы — 1990 жылы туған, бiлiмi орташа-арнайы, «АZAM-KC» ЖШС слесарi, (өзiн-өзi ұсынған);

Пiрбергенов Асылжан Дайрабайұлы — 1994 жылы туған, бiлiмi орташа-арнайы, «Астрахан аудандық мәдениет үйi» МКҚК мәдени ұйымдастырушысы (өзiн-өзi ұсынған).

Районный маслихат Биржан Сал:

Ақышев Самат Қажыбайұлы — 1980 жылы туған, бiлiмi жоғары, «Халыққа қызмет көрсету орталығы — «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» ҰАҚ филиалы Ақмола облысы бойынша департаментi Бiржан сал ауданы бөлiмiнiң басшысы (Нұр Отан» партиясы);

Аяғанова Миргуль Уахитқызы — 1979 жылы туған, бiлiмi жоғары, «Бiржан сал ауданының iшкi саясат бөлiмi» ММ бас маманы, (өзiн-өзi ұсынған);

Забикулин Ельдар Серiкұлы — 1990 жылы туған, бiлiмi жоғары, «Бiржан сал ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ бас маманы (өзiн-өзi ұсынған).

Целиноград аудандық мәслихаты:

Қойлыбаев Ғалым Жақсылықұлы — 1971 жылы туған, бiлiмi жоғары, «Маншүк-АЭ» ЖШС директорының өндiрiс жөнiндегi орынбасары (Нұр Отан» партиясы);

Добденкова Наталья Михайловна — 1990 жылы туған, бiлiмi орташа-арнайы, ЖК «Добденкова» басшысы (өзiн-өзi ұсынған);

Тасбулатов Даурен Закирьянович — 1963 жылы туған, бiлiмi жоғары, охранынын басшысы ТОО «Арлан Секьюрети»Б, (КНПК партиясы).

Ұсынылған кандидаттардың орташа жасы — 37 жас, 2 ұлт өкiлдерi, қазақтар — 9, орыстар — 2, ерлер — 8, әйелдер — 3. 8 кандидаттың жоғары бiлiмi, 3 кандидаттың арнайы-орта бiлiмi бар.

6 (33,34%) кандидат мемлекеттiк мекеме қызметкерi болып табылады, 5 (66,66%) — мемлекеттiк емес сектордан.

Шығып қалған облыстық мәслихат депутатының орнына сайлауды өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарына сәйкес, аудандық мәслихат депутатына кандидаттарды тiркеу барлық қажеттi құжаттарды алғаннан кейiн жүргiзiледi және 2018 жылғы 27 ақпанда аяқталады, сайлау алдындағы үгiт жұмыстары 2018 жылғы 28 ақпанда басталып 24 наурызда аяқталады.

Сайлауды қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүргiзiледi.

Құрылған күні: 27.02.2018 09:18
Жаңартылған күні: 27.02.2018 09:18
Қаралым саны: 712

Қаз Рус Eng