A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысының елді мекендерін қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз ету туралы ақпарат

Ақмола облысының елдi мекендерiнiң қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз ету туралы ақпарат

Ақмола облысының 623 елдi мекенiнiң бас жоспарымен қамтамасыз етiлгенi 471, бұл 75,6% құрайды.

2006-2016 жылдары кезеңi iшiнде Ақмола облысының 87 елдi мекенiнiң жаңа бас жоспары әзiрлендi, соның iшiнде облыстық деңгейдегi Көкшетау және Степногорск қалаларының жаңа бас жоспармен қамтамасыз етiлдi, сонымен қатар барлық 17 аудан орталығы, соның iшiнде 8 қала жаңа бас жоспармен қамтамасыз етiлдi.

Қала құрылысы құжаттамасын әзiрлеуде бiрiншi кезекте негiзгi назар облыстық деңгейдегi қалалар, аудан орталықтары, сонымен қатар Щучинск-Бурабай курорттық аймағы мен Астана қаласының қала маңы аймағының қарқынды дамып келе жатқан елдi мекендердi бас жоспармен қамтамасыз етуге бағытталды.

Астана қаласының қала маңы аймағы бойынша

Астана қаласының қала маңы аймағына кiретiн 80 елдi мекеннiң 62-сi бас жоспармен қамтамасыз етiлген, оның 38 жаңа. 2016 жылы Целиноград ауданының Қажымұқан, Қараөткел ауылдарының бас жоспарларын түзету басталды. Ағымдағы жылы Целиноград ауданының Новоишимка, Родина, Отаутүскен, Красноярка, Оразақ, Жалғызқұдық, Тасты ауылдырының және Аршалы ауданы Анар станциясының құрылыс салу және дамыту схемасын әзiрлеу басталды.

Щучинск-Бурабай курорттық аймағы бойынша

Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2014 жылғы 12 мамырдағы №476 қаулысымен бекiтiлген, 2014-2016 жылдарға арналған Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарының (II кезең) 11 және 49-тармағын орындауда, 2016 жылы: Бурабай әкiмшiлiк ауданы аумағын қала құрылыстық жоспарлау мен дамытудың Кешендi жобасын түзету, сонымен қатар Щучинск қаласының ауданы 776 га егжей-тегжейлi жоспарлау жобасы (ЕЖЖ) бекiтiлдi.

Бурабай ауданындағы барлығы 52 елдi мекеннiң 47-сi бас жоспармен қамтамасыз етiлген, соның iшiнде 12 жаңа.

Көкшетау қаласы бойынша

Көкшетау қаласының 2008 жылы бекiтiлген бас жоспарға сәйкес 2010-2016 жылдары 58 жер учаскесiне егжей-тегжейлi жоспарлау жобасы әзiрлендi және бекiтiлдi, соның iшiнде 2016 жылы ауданы 312 га Уәлиханов көшесiнiң ЕЖЖ. Ағымдағы жылы ауданы 194 га құрайтын 3 ауданға ЕЖЖ әзiрлеу жоспарлануда.

Сонымен қатар, 2016 жылы Жарқайың ауданы Тасөткел ауылының, Жақсы ауданы Ишим ауылының құрылыс салу және дамыту схемасын әзiрлеу, Зерендi ауданының Садовое ауылының бас жоспарын түзету және Зерендi ауылының ЕЖЖ әзiрлеу,Аршалы ауданы 42 Разъезд ауылының құрылыс салу және дамыту схемасын түзетудi әзiрлеуорындалды.

Ағымдағы жылы Степногорск қаласының Солнечный шағын ауданының ЕЖЖ және Бестөбе ауылының ЕЖЖ бiрiктiрiлген бас жоспарын әзiрлеу, Зерендi ауданының Еленовка, Жарқайың ауданының Уәлиханов және Достық, Жақсы ауданының Перекатное, Ерейментау ауданының Новомарковка, Есiл ауданының Ақсай ауылдарының құрылыс салу және дамыту схемасын әзiрлеу жоспарлануда.

Сәулет және қала
құрылысы басқармасының басшысы                                                                                                           В. Фелбелт

Ақмола облысының елдi мекендерiн қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз ету туралы ақпарат

Ақмола облысында 629 елдi мекендердiң iшiнен 455 бас жоспармен қамтамасыз етiлдi, ол 72,3% құрайды.

2006-2015 жылдар кезеңiнде Ақмола облысының 82 елдi мекен бойынша жаңа бас жоспарлар әзiрлендi, соның iшiнде облыстық маңызы бар Көкшетау мен Степногорск қалалары, сонымен қатар барлық 17 орталық аудандар, сондай-ақ 8 қалалар жаңа бас жоспарлармен қамтамасыз етiлдi.

Қала құрылысы құжаттамасын әзiрлеуде бiрiншi кезекте негiзгi акцентi облыстық маңызы бар қалаларды, аудандық орталықтарды, сонымен қатар Щучинск-Бурабай курорттық аймақты және Астана қаласы маңындағы аймақта жiтi дамып жатқан елдi мекендердi бас жоспарларымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Астана қаласының маңындағы аймағы бойынша

Астана қаласының маңындағы аймағына кiретiн 80 елдi мекендердiң iшiнде 62 бас жоспарлармен қамтамасыз етiлген, соның iшiнде 38 жаңа.

Щучинск-Бурабай курорттық аймағы бойынша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 12 мамырдағы № 476 Қаулысымен бекiтiлген Ақмола облысы Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған жоспарының (II кезең) 11 және 49-тармағын орындауда 2014-2015 жылдары iшiнде Бурабай курорттық аймағын дамытудың әзiрленген жүйелi жоспарын ескере отырып, Бурабай әкiмшiлiк ауданы аумағын дамыту және кала құрылысын жоспарлау мен дамытудың кешендi жобасы түзетiлдi. Сондай-ақ 2015 жылы Щучинск қ. ЕЖЖ әзiрлендi. Ағымдағы жылы берiлген жобалар келiсу сатысын өтуде.

Бурабай ауданының 52 елдi мекендердiң iшiнен 47, соның iшiнде 12 жаңа бас жоспарлармен қамтамасыз етiлдi.

Көкшетау қ. бойынша

2008 жылы бекiтiлген Көкшетау қаласының бас жоспарына сәйкес 2010-2015 жылдар аралығында 43 участкесi бойынша жалпы ауданы 2084,79 га егжей-тегжейлi жоспарлау жобасы әзiрленген. Ағымдағы жылы жалпы ауданы 300 га астам Уалиханов көшесiнiң егжей-тегжейлi жоспарлау жобасын әзiрлеу жоспарлануда.

Сонымен қатар 2015 жылы Целиноград ауданының Қосшы, Қоянды және Талапкер ауылдарының бас жоспарлары түзетiлдi, сондай-ақ Ақмол мен Оразақ а. ЕЖЖ әзiрлендi, Жарқайың ауданының Бiрсуат а. және Атбасар ауданының Новоалександровка а. даму және құрылыс салу сұлбасы әзiрлендi.

Басшы В. Фелбелт

Дата создания статьи: 16.04.2015 16:21
Дата обновления статьи: 10.04.2017 15:33
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-72-98

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23