Ақмола облысының елді мекендерін қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз ету туралы ақпарат

Ақмола облысының 622 елдi мекенiнiң бас жоспарымен қамтамасыз етiлгенi 477, бұл 76,7% құрайды.

2006-2017 жылдары Ақмола облысының 91 елдi мекенiнiң жаңа бас жоспары әзiрлендi, соның iшiнде облыстық деңгейдегi Көкшетау және Степногорск қалаларын жаңа бас жоспармен қамтамасыз етiлдi, сонымен қатар, барлық 17 аудан орталығы, соның iшiнде 8 қала жаңа бас жоспармен қамтамасыз етiлдi.

Қала құрылысы құжаттамасын әзiрлеуде бiрiншi кезекте негiзгi назар облыстық деңгейдегi қалалар, аудан орталықтары, сонымен қатар Щучинск-Бурабай курорттық аймағы мен Астана қаласының қала маңы аймағының қарқынды дамып келе жатқан елдi мекендерiн бас жоспармен қамтамасыз етуге бағытталды.

Астана қаласының қала маңы аймағы бойынша

Астана қаласының қала маңы аймағына кiретiн 80 елдi мекеннiң 62-сi бас жоспармен қамтамасыз етiлген, оның 38-i жаңа. 2016 жылы Целиноград ауданының Қажымұқан, Қараөткел ауылдарының бас жоспарларын түзету басталды. 2017 жылы Целиноград ауданының Новоишимка, Родина, Отаутүскен, Красноярка, Оразақ, Жалғызқұдық, Тасты, Семеновка (1-кезен), Приречный (1-кезен) ауылдырының және Аршалы ауданы Анар станциясының құрылысын салу және дамыту схемалары әзiрлендi.

2018 жылы Астана қаласының қала маңы аймағында: Аршалы ауданы Қостомар а., Ижевское а., Шөптiкөл ст., Шортанды ауданы Раевка а., Бектау а., Новогравское а., Целиноград ауданы Жайнақ ст. құрылыс салу және дамыту схемаларын әзiрлеу, Аршалы ауданы Жiбек Жолы а., Целиноград ауданы Тайтөбе а. ЕЖЖ бiрiктiрiлген бас жоспарын, Шортанды ауданы Бозайғыр а., Төңкерiс ст. құрылыс салу және дамыту схемаларын түзету жоспарлануда.

Щучинск-Бурабай курорттық аймағы бойынша

Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2014 жылғы 12 мамырдағы №476 қаулысымен бекiтiлген, 2014-2016 жылдарға арналған Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарының (II кезең) 11 және 49-тармағын орындауда, 2016 жылы: Бурабай әкiмшiлiк ауданы аумағын қала құрылыстық жоспарлау мен дамытудың Кешендi жобасын түзету, сонымен қатар Щучинск қаласының ауданы 776 га егжей-тегжейлi жоспарлау жобасы (ЕЖЖ) бекiтiлдi.

2018 жылы Бурабай ауданы бойынша Қызылағаш және Қымызынай ауылдарының құрылыс салу және дамыту схемаларын әзiрлеу, Бурабай кентiнiң ЕЖЖ түзету жоспарлануда.

Бурабай ауданындағы барлығы 52 елдi мекеннiң 47-сi бас жоспармен қамтамасыз етiлген, соның iшiнде 12 жаңа.

Көкшетау қаласы бойынша

Көкшетау қаласының 2008 жылы бекiтiлген бас жоспарға сәйкес 2010-2017 жылдары 58 жер учаскесiне егжей-тегжейлi жоспарлау жобасы әзiрлендi және бекiтiлдi, соның iшiнде 2016 жылы ауданы 312 га Уәлиханов көшесiнiң ЕЖЖ. 2017 жылы ауданы 194 га құрайтын 3 ауданға ЕЖЖ әзiрлендi.

2018 жылы Көкшетау қаласы Красный Яр ауылының ЕЖЖ мен бiрiктiрiлген бас жоспарын әзiрлеу жоспарлануда.

Сонымен қатар, 2016 жылы Жарқайың ауданы Тасөткел ауылының, Жақсы ауданы Ишим ауылының құрылысын салу және дамыту схемасын әзiрлеу, Зерендi ауданының Садовое ауылының бас жоспарын түзету және Зерендi ауылының ЕЖЖ әзiрлеу,Аршалы ауданы 42 Разъезд ауылының құрылысын салу және дамыту схемасын түзетудi әзiрлеу орындалды.

2017 жылы Степногорск қаласының Солнечный шағын ауданының ЕЖЖ және Бестөбе ауылының ЕЖЖ бiрiктiрiлген бас жоспары әзiрлендi, Зерендi ауданының Еленовка, Жарқайың ауданының Уәлиханов және Достық, Жақсы ауданының Перекатное, Ерейментау ауданының Новомарковка, Есiл ауданының Ақсай ауылдарының құрылысын салу және дамыту схемасы әзiрлендi.

2018 жылы Жарқайың ауданы Отрадное а, Кенское а, Зерендi ауданы Чаглинка а, Степногорск қаласы Ақсу кентiнiң құрылыс салу және дамыту схемаларын әзiрлеу жоспарлануда.

Ақмола облысының
сәулет және қала құрылысы басқармасы

Құрылған күні: 16.04.2015 16:21
Жаңартылған күні: 09.04.2018 15:45
Қаралым саны: 2292

Қаз Рус Eng