Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

Ақмола облысының 2018 жылғы қаңтар-наурыздағы
әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы ақпарат

1.Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 140,8 млрд. теңгенi құрады. Тауар өнiмнiң НКИ — 105,1%.

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 104,4% құрады.

Өсiм құрамында алтыны бар кендер 10,9%-ға, қиыршық тас 47,3%-ға артуымен байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 106,5% құрады.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ — 121,8%) өткен жылмен салыстырғанда (заттай көрiнiсте) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 20,1%, өсiмдiк майы 6,6%, ұн 40,9% өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ — 93,5%) минералды су және алкогольсiз сусындар өндiрiсi 5,2% төмендегенi байқалады.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ — 103,8%) этил спиртi өндiрiсi 86,6%-ға өстi.

Резеңке және пластмасса өнiмдерi өндiрiсiнде (НКИ — 94,0%) пластмасстан жасалған фитинг және құбыр өндiрiсi 33,8% төмендегенi байқалады.

Машина жасау саласында (НКИ — 142,9%) подшипниктер өндiрiсi 68,8%-ға, жүк автомобильдерi өндiрiсi 19,6%-ға артты.

Басқа да металл емес минералды өнiмдер өндiрiсi саласында (НКИ — 251,1%) керамикалық кiрпiш өндiрiсi көлемдерiнiң 75,8%-ға, бетоннан жасалған бұйымдар 38,4%-ға артты.

Металлургия саласында (НКИ — 99,6%) «Altyntau Kokshetau» АҚ қызметiне байланысты өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндiру көлемiнiң 3,2% ұлғаюы байқалады.

«СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратты өңдеу көлемi 795 тоннаны құрады (2017 жылы салыстырғанда 8,6% төмендеген).

Ауыл шаруашылығы жалпы өнiмнiң көлемi 27 млрд. теңге, нақты көлем индексi 2017 жылдың деңгейiне қарағанда 104,5 % құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. Ағымдағы жылы жоспарланған жаздық егiстiк алқабы 4,7 млн. га, соның iшiнде дәндi және дәндi-бұршақты дақылдардың жаздық алаңы 4,3 млн. га көлемiнде көзделген.

Майлы дақылдарды 258,4 мың га. егiстiк алқапта жүргiзу, картопты 18,4 мың. га алқапта, 4,3 мың. га-да көкөнiс отырғызу жоспарлануда.

Жаздық жем-шөп дақылдарын 160,6 мың га. ауданында отырғызу жоспарлануда. Жалпы алғанда, өткен жылдардағы көп жылдық жем-шөптердi ескере отырып, облыс бойынша жалпы ауданы 644,0 мың га. құрады.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 25,8 мың тонна ет (былтырғы жылдың сәйкес кезеңiне 3,2%-ға өсiм), 58,6 мың тонна сүт (0,2%-ға өсiм), 206,6 млн.дана жұмыртқа (25,5%-ға өсiм) өндiрiлдi.

IҚМ басының саны 2,4%-ға өстi (468,7 мың басты құрайды ), оның iшiнде сиыр — 3,2%-ға (210,1 мың бас), жылқы — 5,3%-ға (173,6 мың бас), құс — 15,8% ға (6,1 млн. бас). Қой мен ешкiнiң саны — 1,2%-ға (610,4 мың басқа дейiн) шошқа 1,0%-ға (134,7 мың басқа дейiн) азайды

Ағымдағы жылы Астана қ. төңiрегiнде азық-түлiк белдеуi аясында 7,5 млрд.теңгенiң 8 жобасы iске асырылуда

Облыстың ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiмен елорда базарларына (2018 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша) 12,6 мың тонна сүт өнiмдерi (2017 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 16,4%), 5,8 мың тонна ет өнiмдерi (2017 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 15,8%), 43,6 млн. дана жұмыртқа (2017 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 25,7 %) жеткiзiлдi.

2018 жылғы қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 41,2 млрд. теңге қаржы жұмсалды, бұл 2017 жылғы ұқсас кезеңiнде 32,2% артық.

Инвестиция құрылымында қаржыландыру көздерi бойынша 74,7% кәсiпрындардың және жеке құрылыс жүргiзушiлердiң өзiндiк қаражатына тиесiлi немесе 30,8 млрд. теңгенi құрады, республикалық бюджет қаражаты — 3,4% немесе 1,4 млрд. теңге, жергiлiктi бюджет қаражаты — 1,5% немесе 0,6 млрд. теңге. Инвестиция құрылымында банктер кредиттерiнiң үлесi 10% құрайды, басқа несие үлесi — 10,4%.

Сыртқы инвестициялар сомасы — 3,1 млрд. теңге.

2018 жылы сумен қамсыздандыру және су бұру жүйесiн дамытуды жүзеге асыруға 8,4 млрд. теңге бөлiндi. Қаражат 11 жобаның құрылысына және 18 жобаны реконструкциялауға (7,5 млрд.теңге), 21 жобаға ЖСҚ әзiрлеуге (260,3 млн.теңге), 1 объектiнi ағымдағы жөндеуге (13,1 млн.теңге), iздестiру-барлау жұмыстарына (665,4 млн.теңге) бағытталды.

607 елдi мекеннiң iшiнен 357 АЕМ-де орталықтандырылған сумен қамсыздандыру торабы бар (58,8%), орталықтандырылмаған су — 228 АЕМ (37,6%). Тасылатын су — 22 АЕМ-де (3,6%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 6,2 млрд.теңге немесе 2017 жылдың деңгейiне қарағанда 131,1% құрады.

Тұрғын үй құрылысы

2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында 144,4 мың м2 пайдалануға берiлдi, бұл 2017 жылдың деңгейiне қарағанда 115,8% құрады.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста 42,5 мың белсендi шағын және орта бизнес (бұдан әрi — ШОБ) субъектiлерi тiркелген, оның iшiнде шағын бизнестiң заңды тұлғалары 6,7 мың, орта бизнестiң заңды тұлғалары — 111, жеке кәсiпкерлер — 31,5 мың, шаруа (фермер) қожалықтары — 4,2 мың.

«Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша iске асырылу кезеңiнде (2010 жылдан бастап 2018 жылғы 1 сәуiр) Өңiрлiк үйлестiру кеңесiмен 111,8 млрд.теңге кредит сомасына 809 жоба мақұлданды.

2018 жылы жеке кәсiпкерлiктi қолдау үшiн бюджеттен 4,3 млрд. теңге бөлiндi.

Тұтыну бағасының индексi (2017 жылғы желтоқсанға қарағанда 2018 жылғы наурыз) 101,4% құрады, оның iшiнде азық-түлiк тауарлары — 102,1%, азық-түлiк емес тауарлары — 101,1%, ақылы қызметтер — 101%.

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында орташа айлық жалақы 2017 жылғы деңгеймен салыстырғанда 5,5%-ға өсiп, 110,2 мың теңгенi құрады.

Салықтар және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 39,6 млрд. теңге немесе болжамды жоспарға қарағанда 106,9% сома түстi, оның iшiнде республикалық бюджетке — 22,9 млрд. теңге (болжамға 99,3%), жергiлiктi бюджетке — 16,7 млрд. теңге (болжамға 119,2%).

2. Әлеуметтiк сала

2018 жылғы қаңтар-наурыз айлары бойынша 2234 жаңа жұмыс орны ашылды, оның iшiнде тұрақты — 2045.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 3193 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендер санының 75,9% құрады. Қоғамдық жұмыстарға 832 адам жiберiлдi.

Барлық қаржыландыру көздерiнен 7748 аз қамтылған азаматтарға 81 006,6 мың. теңге сомасында әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Жұмыс iздестiру клубтарының семинарлық оқуларына 419 адам қатысты, олардың iшiнен тұрақты және уақытша жұмысқа 340 адам (81,1%) орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 15 жәрмеңкесi өткiзiлдi, оларға 1077 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 158 адам жұмысқа орналастырылды.

«Еңбек» нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберiнде келесi iс-шаралар жоспарлануда:

- «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыт бойынша 2 665 адамды оқытуға жiберу жоспарланды (еңбек нарығының қажеттiлiктерiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар кадрларды даярлау — 1 190 адам (әкiмшiсi — бiлiм басқармасы), жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсiптер және мамандықтар бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқыту — 1475 адам). 2018 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқуға 987 адам жiберiлдi.

- «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағыт бойынша «Бастау Бизнес» жобасы негiзiнде кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен 1927 адамды қамту жоспарлануда, сондай-ақ 320 азаматқа 2,7 млрд. теңге сомасында кредит беру жоспарланды.

- «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» үшiншi бағыт бойынша (жастар тәжiрибесiмен, әлеуметтiк жұмыс орындарымен) 3 175 адамды жұмыспен қамту қажет. 2018 жылдың үш айы iшiнде жастар тәжiрибесiне — 149 адам (жоспар — 517); әлеуметтiк жұмыс орындарға — 379 адам (жоспар — 520); ақылы қоғамдық жұмыстарға 832 адам (жоспар — 2138) жiберiлдi.

ҚР бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бойынша 2018 жылға Аршалы, Целиноград (2 нысан), Шортанды (2 объект) аудандарында және Көкшетау қ. (2 объект) 7 балабақша, Бурабай, Бiржан сал, Сандықтау, Целиноград (3 объект) аудандарында және Көкшетау қ. (2 объект, оның бiреуi мектепке жапсаржай) 8 мектеп, Көкшетау қаласындағы мәдениет колледжiнiң оқу корпусына жапсаржай, сондай-ақ Қорғалжын ауданында мектеп-интернатты және Зерендi а. орта мектептiң спорт залының құрылысымен оқу корпусын реконструкциялау қарастырылған.

Денсаулық сақтау саласында Атбасар ауданында 1 дәрiгерлiк амбулаторияны және Көкшетау қаласында 1 онкологиялық емхананы салу жоспарланды.

Мектепке дейiнгi ұйым саны — 603 бiрлiк, оның iшiнде 230 балабақша және 373 мектепке дейiнгi шағын орталық бар (оның iшiнде: мемлекеттiк — 140, жеке меншiк — 90). Балаларды тасымалдау 236 елдi мекенiнен жүзеге асырылады.

2018 жылғы 1 сәуiрге мектепке дейiнгi мекемелермен 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 97,7% құрады, 1-6 жас аралығы бойынша — 66,4%.

Денсаулық сақтау саласында туберкулезбен ауыру көрсеткiшi 8,1%-ға (100 мың адамға шаққанда 16,1 — дан 14,8-ке дейiн), қан айналу жүйесiнiң ауруларымен ауыру деңгейi 25,3%-ға (100 мың адамға шаққанда 338,6-ден 252,8-ке дейiн) төмендедi.

Қан айналу жүйесiнiң ауруларынан өлу деңгейi 24,1%-ға (100 мың адамға шаққанда 67,08-ден 50,89-ға дейiн), онкопатологиядан 14%-ға дейiн (100 мың адамға шаққанда 28,00-дан 24,09-ға дейiн) төмендедi.

Сәби өлiм-жiтiмiнiң көрсеткiшi 54% есеге (1000 тiрi туылғанға 10,2-ден 4,7-ге дейiн) төмендедi. Туу деңгейi 8,1%-ға өстi (1000 адамға шаққанда 3,4-тен 3,7-ге дейiн).

Целиноград ауданында 1 ана өлiмi уақиғасы тiркелдi.

Денсаулық сақтау саласының күрделi шығындарына 2026,1 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде :медициналық ұйымдарды жарақтандыруға — 1354,4 млн. теңге, күрделi жөндеулерге 671,7 млн. теңге қарастырылды.

Құрылған күні: 13.04.2015 11:12
Жаңартылған күні: 03.05.2018 11:45
Қаралым саны: 3826

Қаз Рус Eng