Сіздің әлеуметтік мәртебеңіз анықталмаған жағдайда

Не iстеу керек:

Сiз өз мәртебеңiздi қадағалауыңыз керек!

1.Егер сiз өзiңiздi жұмыссызбын деп есептеп, жұмыссыз ретiнде тiркелгiңiз келсе, Жұмыспен қамту орталығына, «Азаматтарға арналған үкiмет» филиалына немесе тұрғылықты мекен-жай бойынша ауылдық округ Әкiмiне жолығуыңыз керек.

2.Егер сiз экономика саласының бейресми секторында болсаңыз, (құрылыс кәсiбi, қызмет көрсетулер, сауда-саттық және т.б.) онда сiз ЖК ретiнде тiркелуiңiз керек. Мұндай жағдайда сiз жарнаны ЖК ретiнде төлейсiз.

Сiз тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша салық төлеу органына жолығуыңыз керек.

3.Егер сiздiң жылдық табысыңыз 12 ЕТЖ аз болса, онда сiз жарнаны өзiн өзi өнiмсiз жұмыспен қамтыған азамат ретiнде төлейсiз. Өзiн өзi өнiмсiз жұмыспен қамтыған азамат ретiнде тiркелу үшiн,Жұмыспен қамту орталығына, ХҚК немесе тұрғылықты мекен-жай бойынша ауылдық округ Әкiмiне жолығуыңыз керек.

МӘМС жүйесiне жарна мен төлемдер аудару үшiн және болашақта медициналық көмек алу үшiн
Сiздiң әлеуметтiк мәртебеңiз анықталуы керек!

Құрылған күні: 18.04.2017 14:42
Жаңартылған күні: 18.04.2017 14:42
Қаралым саны: 2066

Қаз Рус Eng