Мәдениет

Ақмола облысының мәдениет саласының
әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы
ақпарат

Жүйе

Мәдени инфрақұрылым бойынша 2018 жылдың 1 сәуiрiне облыстың мәдени құрылымы бойынша 685 кәсiпорын мен мәдениет мекемелерiнiң барлық меншiк нысандары: 282 клубтық мекемелер, 387 кiтапхана, 11 музей, 2 облыстық театр, облыстық филармония, облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы ұсынылды. 653 мемлекеттiк нысандар, оның iшiнде 261 клуб, 376 кiтапхана, 11 музей, 2 облыстық театр, облыстық филармония, облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы.

Мемлекеттiк емес нысандар — 36,оның iшiнде: 21 жеке меншiктi клуб, 11 әртүрлi ведомстводағы кiтапханажәне 4 кинотеатр.

Мәдениет саласында саланы дамыту негiзгi бағыты: жүйенi дамыту, инфрақұрылым, материалды-техникалық базаны нығайту, жаңғырту, инновациялық негiзгi қозғалтқыш негiзi ретiндi кадрлық әлеует болып қала бередi.

Саланы қаржыландыру

Үш жылдың iшiнде қаржыландыру саласы 1 млрд. 33 мың теңгеге артты, бұл 2015 жылдың қаржыландырудың 33 %-ын құрайды және 4 млрд. 160 млн. теңгенi құрады. 2018 жылғы бюджет 4 млрд. 094 млн. теңгенi құрайды.

2017 жылы облыстық бюджет қаражатынан 8 ауылдық клуб, жалпы сомасы 44 041,5 мың. теңге мәдениет үйлер және 38 006,1 сомасында аудандық және қалалық бюджеттен 17 клуб кәсiпорындарыкүрделi жөндеуден өттi.

Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк

Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк аясында, мәдениет саласында жақсы тәжiрибе қалыптасқан: 2015 жылы 14 млн. 2016 жылы — 168 млн. 104 мың. теңге бөлiндi. 2017 жыл мен. 2018 жылдың бiрiншi тоқсанында «Рухани қазына» бағдарламасы аясында әлеуметтiк әрiптестiктiң қатысуымен жалпы сомасы 540 млн. теңгеге әлеуметтiк-мәдени инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. МЖК қолданудың нәтижесiнде үлгi болып саналатын:

Сауэр Иван Адамович — Целиноград ауданының Агрофирма «Родина» ЖШС-нiң директоры Зеленый Гай ауылындағы ауылдық клуб негiзiндегi мәдени-сауықтыру кешенiн жөндеу жұмысына 93 млн. теңге қаражат;

Қабжанов Балғабай Жамантайұлы — Жарқайың ауданының «Костычево» ЖШС директоры, халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығын құру үшiн Костычев АМҮ жөндеу жұмысына 75 млн. теңге қаражат;

Арипов Уәлихан Сапиұлы — Есiл ауданының «Заречный» ЖШС директоры. 2015 жылдың бiрiншi тоқсанынан 2018 жыл аралығында Заречный ауылдық мәдениет үйiне киiм тiгуге, музыкалық-дыбыстық-жарықтандыру аппаратура сатып алу үшiн 65 млн. теңге қаражат;

Қамзебаев Марат Есендоллаұлы — Целиноград ауданының «Астық» агрофирма» директоры. 2016 жылдың бiрiншi тоқсанынан 2018 жыл аралығында Воздвиженский ауылдық мәдениет үйiнiң жөндеу жұмысына, шығармашылық ұжымның облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивалдарға бару және киiмдер тiгу үшiн 25 млн. теңге қаражат;

Галышев Оралбай Байдоллаұлы — Егiндiкөл ауданының «Сарымсақты» ЖШС директоры. 2016-2017 жыл аралығында Алакөл ауылында 250 млн. теңгеге мәдени-демалыс орталығынсалды. Бүгiнгi күнi ғимаратты толықтай ұстап тұр.

Қазiргi таңда мәдениет қызметкерлерiнiң алдында негiзгi тапсырмалар тұр — ол әртүрлi мақсатты аудиториялардың мүдделерiн ескере отырып, сұранысқа ие және жоғары сапалы өнiм жасай отырып, маңызды iс-шараларды жүзеге асырады.

Кәсiби ұжымдар

Облыстық филармонияда 34 концерт өттi. Шараға 8032 көрермен қатысты. Инновациялық музыкалық жобалар жүзеге асырылуда: балалар мен жасөспiрiмдерге арналған «Музыкалық кофейня», «Көкшетау-тал бесiгiм», «Гәккулеткен, аққу жеткен Көкшетау» халықаралық фестивалi және Астананың 20 жылдығына арналған Астана қаласының Операсымен бiрлескен «Бiржан-Сара» қойылымы және тағы 60 iс-шара жүзеге асырылады.

Филармонияның негiзгi мiндетi — музыкалық абонемент арқылы жасөспiрiмдер мен жастар арасында классикалық әдебиеттi дәрiптеу. Мерекелiк күндерi облыстық филармония еңбек ұжымдарына барып отырады, апта сайын 38 шығармашылық ұжымдардың концерттiк бағдарламалары өткiзiледi. Осылайша, мәселен, Тәуелсiздiктiң құрдасы — Данияр Жолбарысов Астананың 20 жылдығына концерт арнады, республикалық және халықаралық деңгейлердегi 7 беделдi фестивальдың жеңiмпазы. Осы уақытта Дельфий ойындарына Москва қ. дайындалуда. Облыстық филармонияның ұжымдары Қазақстан өңiрлерiне және алыс шет елдерiне сапарға белсендi түрде шығуда: (эстрадалық-симфониялық оркестр халықаралық оркестрлер фестивалiне (Петропавловск қ.), «Гәкку» би ансамблi Бiрлескен Араб Әмiрлiктерiнде (Фуджейра қ.) қатысты.

2018 жылдың 1-тоқсанында екi облыстық театрмен 178 қойылым қойылып, 11386 көрермен келдi (оның iшiнде балаларға арналған 116 қойылым). «Турандот ханшайымы» (қазақ драма театры), «Мамуля» және «Қаңбақ шал» (орыс драма театры) 3 премьера көрсетiлдi.

Облыстық драма театры Мордовия Республикасы Саранск қаласында өткен Халықаралық орыс драма театрларының «Соотечественники» театр фестивалiне және Санкт-Петербург қаласында өткен «Встречи в России» атты Халықаралық фестивалiне қатысып, Қостанай, Рудный және Қарағанды қ. гастрольдерде болды.

Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры сәуiр айында Орал қ. гастрольдiк сапар жоспарлауда.

Музей

Облыс бойынша 11 музей бар. Есептiк кезең бойынша 239 көрме, 748 экскурсия, 150 жалпы көлемдегi iс-шаралар — 151 лекциялар және т.б. музей қорында 155 826 экспонаттар сақталған. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейiнде музей коллекцияларын цифрлау бойынша жүйелеуден өтедi. Қазiргi уақытта 81 330 сақталған қордың 9 642 цифрлаудан өтiп, бұл негiзгi қордың 19% құрайды.

11 музейдiң негiзгi қызметi өлкетану жұмысын дәрiптеу болып табылады. Облыс және республиканың жетекшi жоғары оқу орындарымен — Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жүйелi жұмыс жүргiзуде.

Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы және облыстық тарихи-өлкетану музейi ҚР Ұлттық музейi және ҚР Тұңғыш Президентiнiң музейiмен белсендi жұмыс iстеуде. Облыстың барлық музейлерiнде «Мирас» клубы жұмыс iстейдi, облыс аудандарында облыстық тарихи-өлкетану музейiнiң филиалдары ретiнде музейлердiң ашылуы бойынша жұмыс жанданды: жәдiгерлердi жинау, үй-жайларды iрiктеу және басқа да ұйымдастыру мәселелерi бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Қазiргi уақытта облыстық тарихи-өлкетану музейi мен Бурабай кентiндегi тарихи музейi Визит-орталығында «Елбасы және Тәуелсiздiк» реэкспозиция ұйымдастыру жоспарда тұр.

Облыстық музейлерде инновациялық бiлiм беретiн, тарихи мазмұндағы, қызықты жобалар: (Ишим: от устья до истоков», «Алаш қайраткерi — өлке тарихында», «Күмiс сиқыры» және басқа да iс-шаралар жүзеге асырылуда.

Әдебиет және өнер музейiоблыстың жас ақындар, суретшiлер, дизайнерлер, композиторды бiрiктiретiн «Жас тұлпар» музейлiк жобасы жүзеге асырылуда. Өткiзген iс-шараның нәтижесi ретiнде демеушiлiк қаражатқа жас ақындардың шығармалар жинағы басылып шығарылды.

Көкшетау қаласының тарихы музейiнiң «Тәуелсiздiк жылдарындағы Көкшетау тарихы: фотосуреттер, құжаттар, естелiктер»жобасында мазмұнды деректер, құжаттамалық материалдар, Көкшетау қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуына өздерiнiң үлестерiн қосқан бизнес, бiлiм, денсаулық сақтау, мәдениет өкiлдерiнiң және басқа да қоғамдық өмiр саласындағы адамдардың естелiктерi жинақталған.

Мәлiк Ғабдуллин музейi Ақмола облысының мектеп оқушылары арасында этнопедагогикалық бағытты насихаттайтын «Ауылым-алтын тұғырым» мәдени-бiлiм беретiн жоба, «Алаштың алтын шаңырағы» этномәдени жоба, музей жанында Мәлiк Ғабдуллин есiмiмен аталатын Алматы, Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл және Көкшетау мектептерiн бiрiктiретiн «Жас ғабдуллиншiлдер» республикалық патриоттық клуб жұмыс жасайды.

Кiтапхана қызметi

Кiтапханада кiтап қоры 4 862009 дананы құрайды, оқырмандар саны — 137178 адам. Кiтап беру — 1 638 247 дана. 2018 жылдың бiрiншi тоқсанында 136205 адам қамтылған 5 682 iс-шара өттi. Жалпы келушiлердiң саны — 925981.

Мәдениет, бiлiм беру және бос уақыт орталығына бағытталған, тек кiтапхана қызметiн атқару ғана емес, сонымен қатар мәдени, бiлiм беру және тәрбиелеу қызметтерiн атқаруы тиiстi қазiргi замануи кiтапхана аудандағы идеологиялық орталық болып саналады. Бүгiнгi күннiң талабы — кем дегенде бiр телефон байланыс нөмерi болуымен жәнеинтернет жүйесiнеқосылудың жоғары жылдамдықтағы интернетке кiру мүмкiндiгi, әрбiр кiтапханадағы wi-fi тегiн болуы қажет.

Облыста «Туған жер-туған ел» базалық бағыты аясында, «Ауыл кiтапханасы — мәдени демалыс орталығы» атты жоба белсендi жүзеге асырылуда. Аталмыш жобаға сәйкес, «Ақмола облысының кiтапханаларын жаңғырту» бағдарлама дайындалып, мәдениет, демалыс орны, бiлiм беру және ағарту орталықтарында ауылдық кiтапханаларды кезең-кезеңiмен қайта құрды, соның арқасында 2017 жылы 15 кiтапхана модельдi мәртебеге айналды. Бүгiнгi таңда облыста 49 модельдi кiтапхана бар, оның 33 ауылдық жерлерде. Жақын арада Астрахан, Бурабай және Қорғалжын аудандарында модельдi кiтапханалар ашылады.

Мәдени-демалу қызметi 2018 жылы облыстық халық шығармашылығы орталығымен «Ақмола жұлдыздары» атты ұзақ мерзiмдi жобалар жүзеге асырылуда. Осы жылы «Ақмола жұлдыздары» жобасы кең көлемдi форматта өтедi: барлық кезеңдер сақталады, тек қана әрбiр жанр бойынша бөлек байқау-фестивалi болады, ол жерде жүзден жүйрiк, мыңнан тұлпарлардың iшiнен мықты өнер адамдары таңдалады.

Аталмыш формат әрбiр жанрмен танысуға, шығармашылық жетiстiктерiмен бөлiсе отыра, кәсiби өсуiне ықпал жасайды.

Облыста есеп тоқсанында 2509 клуб құрылып, клубтық жұмыс құрылымына 30238 адам қатысты. 2156 ауыл клубтық бiрлестiктерде 22856 ауыл тұрғыны жұмыс iстейдi. «Халықтық» және «Үлгi» дәрежедегi ұжымдардың саны бiрдей деңгейде қалып, олардың саны 88, оның iшiнде 20 ауылда.

Облыстық халық шығармашылығы «Ақмола жұлдыздары» жобасының аясында барлық жанрларды дамыту бойынша белсендi түрде мастер-кластар өткiзiлуде: Зерендi ауданында — халық аспаптар оркестрлерi, ансамбльдер мен аспапшылар үшiн мастер-класс, Аршалы ауданында — дәстүрлi әншiлер арасында, Целиноград ауданында — вокалды-инструменталдық жанр және вокалистер үшiн мастер-класс.

2018 жылғы 18 мамырда «Ақмола жұлдыздары» ұзақмерзiмдi жобасының аясында гала-концерт өткiзу жоспарланып отыр. Оған облыстың барлық 19 ауданы мен қаласы қатысады. Қазылар алқасының құрамына әр жанр бойынша Астана және Алматы қалаларынан кәсiби мамандар кiрдi.

Облыс бойынша 2018 жылдың бiрiншi тоқсанында 9 233 iс-шара өткiзiлiп, көрермендер саны 861 593 адамды құрады, оның iшiнде ауылда 7 644 iс-шара, ауылда 415 876 адам қатысты.

«Көкшетау» мәдениет үйiнiң қызықты инновациялық жобалардың бiрi — «Әлем» Қазақстанның мәдени құңдылықтарын кеңiнен тарату халықаралық қашықтықта қатысу фестиваль» жобасы болып саналады. Қатысу үшiн бiрнеше дүниежүзi елдерiне үш тiлде бейне материалдар жолданды. Нәтижесiнде, «Көкшетау» ұлттық хореографиялық ансамбль Индонезия елiнде өтетiн бүкiл әлемдiк мәдениет форумына шақырылды.

Сонымен қатар, гран-при бас жүлдесiн алған «Полянка» шығармашылық ұжымы жеңген үшiн Финляндия және Швеция елiне баруға жолдама алып, Санк-Петербургте өтетiн Халықаралық өнер байқауына шақырылды. Бұл жобаның жетiстiгi — материалды емес мәдени мұраны әлемдiк нарыққа шығару нәтиже болып саналады. Бейне фильмдер форматындағы шебер презентацияның арқасында, 2018 жылы осы жобаның аясында 3 шығармашылық ұжым ЮНЕСКО деңгейiнде өтетiн Италия, Марокко, Анталия және Австрияға жолдама алғандығын айтып кетуге болады. «Көкшетау» мәдениет үйi басқа елдерде Қазақстанның ұлттық өнерiн алға жылтуда зор үлес қосуда. «Көкшетау» мәдениет сарайы жақын және алыс шет елдерде Қазақстанның ұлттық өнерiн табысты iлгерiлетiп, жастарды шығармашылық ұжымдарға тарту бойынша белсендi жұмыс атқарады. «Ақмола жұлдыздары» жобасының аясында белсендi жұмыс iстейтiн тұрақты әрiптестерiн шақырады.

Рухани қазына

Бүгiнгi таңда Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаевтың «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы маңызды құжат болып саналады. Адами капиталға — жиырма бiрiншi ғасырда дамудың жаңа парадигмасы болып табылады. Жаһандық жарыста бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғалтып алмау үшiн, Қазақстан адам капиталының жаңа сапасын, барабар жаһандық шындық және мiндеттердi жету керек. Ол жасауға немесе ел үшiн мәселенi бұзуға болады. Мұнда, бiздiң табысты болашағымыздың азаматтарымыздың елiмiздiң әл-ауқаты мен қауiпсiздiгi болып табылады.

«Рухани қазына» бағдарлама аясында ұлттық тiзiлiм жобаларына 97 әлеуметтiк-мәдени және инфрақұрылымдық жобалар мен iс-шаралар кiрдi. 2017 жылы 298 миллион теңгенi құрайтын 42 жоба жүзеге асырылды. Жүзеге асыруда облыстың қала және аудан жергiлiктi атқарушы органдары, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, мұрағаттар және құжаттарды басқару, туризм саласындабарлық сегменттер бiрiктiрiлдi. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда облыстың барлық 11 музей белсендi қатысты. 2017 жылы «Рухани жаңғыру» тақырыбына сәйкес, «Туған жер», «Туған елiм», «Ауылым — алтын тұғырым», «Ғасырлар аманаты», «Ғасырлар үнi», «Алаштың алтын шаңырағы», «Ұлы дала қаламгерi»атты тақырыпта музей экспозициялары жаңартылды.

Жүйелiк жұмыстың нәтижесi болып, ол «Қазақстанның 100 қасиеттi орындары» тiзiмiне Ақмола облысынан 10 объектi республикалық және 33 аймақтық маңызы бар картаға кiрдi. «Қасиеттi Қазақстан» арнайы жобасын жүзеге асыру бойынша Ақмола облысы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт минстрлiгiмен ұйымдастырылған, «Қазақстанның киелi географиясы» атты жобасы бойынша II Республикалық форум тыңдалып, оң тәжiрбиеге ие болды. Астана, Алматы және Алматы облысымен қатар Ақмола облысы пилоттық өңiр ретiнде енгiзiлiп, «Қасиеттi Қазақстан» энциклопедиясының бiрiншi томының тұсаукесерi өттi.

Бүгiнгi күнi ең басты тапсырма — ол цифрландыру, барлық мәдениет ұйымдарының қызметiн жаңа ақпараттық технологияға енгiзу. Цифрлау жұмысы да (GR-кодтау) басталып кеттi. Бұл жағдайда облыстық кiтапхана үлкен жұмыс атқарып, смартфоны арқылы ыңғайлы оқу залында ұсынылған әдебиеттi оқуға мүмкiндiгi бар МОБИЛЬДI кiтапхана құрылып, үлгi боларлықтай жұмыс атқарды. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығымен 20 киелi объектiлерге QR-кодтар орнатылды, музей және кiтапхана қорын цифрландыру жұмысы жүрiп жатыр. Көкшетау қаласының мәдениет бөлiмiмен алда болатын «Достар» МҮ концерттерi мен iс-шараларды бiлуге болатын, мобильдi аялдама орнатылды.

2018 жылы барлық мәдениет сегменттерi бiрiктiрiлген облыстық 3 ауқымды жабалар дайындалды. Бұл жобалар: «Батырлар туған бақ мекен», «Сал-серiлiк дәстүрдiң салтанаты», «Алтын тағалы Атбасар» атты жобалар. Ақмола облысының тарихи-мәдени бай мұрасын насихаттау болып саналады.

Аймақтың бiрегей ерекшелiктерiн және Қазақстан тарихында ұлы тұлғалардың рөлi мен маңызын ескере отырып, экологиялық, жалпы туризмдi дамыту мақсатында, киелi объектiлер негiзiнде Қорғалжын, Бурабай, Зерендi, Ерейментау, Атбасар, Целиноград, Жақсы, Жарқайың, Есiл, Сандықтау және Бiржан сал аудандары бойынша 8 туристiк бағыт дайындалды. Щучинск-Бурабай курортық аймақ аумағына киелi объектiлердiң орналасқан жерлерiн көрсететiн белгiлер мен билбордтар орнатылды. Аталмыш жұмыс облыс бойынша жалғасын табуда.

«Әркiм үшiн өзектi» жобасын жүзеге асыру аясында, 20 желтоқсанда Ш. Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрында жастар арасында дiни фанатизм мен радикалды экстремизмнiң алдын алу мақсатында «Мен мұсылманмын» атты жаңа қысқа метражды көркем фильмның тұсаукесерi болды. Фильм Қазақстан Республикасы Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгiнiң Дiн iстерi жөнiндегi комитетiнде оң сараптамадан өттi.

«Қансонар» республикалық аңшылар қоғамының қолдауымен облыстық Мәлiк Ғабдуллин музейiмен «Қансонар» фильмi түсiрiлдi.

Ойдағыдай өткен iс-шараның нәтижесi, ол — әлеуметтi желiлер мен сайттарға көрсету арқылы танымал ету.

Құрылған күні: 16.04.2015 17:49
Жаңартылған күні: 13.04.2018 12:12
Қаралым саны: 2968

Қаз Рус Eng