A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
Мәдениет

Ақмола облысы мәдениет саласын
дамыту туралы

Желi.

Облыстың мәдени инфрақұрылымы барлық меншiк иелiгiндегi 701 кәсiпорын және мекемемен ұсынылған: 292 клуб мекемесi, 389 кiтапхана, 11 музей, 2 облыстық театр, облыстық филармония, облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы, 4 кинотеатр.

Олардың iшiнде мемлекеттiк: 660 клубтық мекемесi, 269 кiтапхана, 11 облыстық музей, 2 облыстық театр, облыстық филармония, облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы.

Мемлекеттiк емес: 41 оның iшiнде 23 клуб, 14 кiтапхана басқа ведомстволардан, 4 кинотеатр.

Соңғы 3 жылда қаржыландыру 40,3% өстi (1 млрд. 225 млн. теңге).

3 жылға саланы қаржыландыру :

2014 год — 3 млрд. 35 млн.теңге

2015 год — 3 млрд. 127 млн. теңге

2016 жыл — 4 млрд. 290 млн. теңге, оның iшiнде облыстық бюджеттен 1 млрд. 631 млн. 800 мың теңге, аудандық және қалалық бюджеттерге 2 млрд. 658 млн. 200 мың теңге бөлiндi.

Бұл бүгiндегi проблемаларды жоспарлы және үдемелi түрде шешуге мүмкiндiк бередi. Нәтижесiнде мәдениет мекемелерi мен кәсiпорындарының материалдық-техникалық базасы едеуiр нығайтылды. Соңғы үш жылда бюджет есебiнен жалпы сомасы 810 млн. 155 мың 800 теңгеге 52 мәдениет нысаны, оның iшiнде 2014 жылы — 8 нысан, 2015 жылы — 10 нысаны, 2016 жылы — жалпы сомасы 450 млн. 178 мың 100 теңгеге 34 нысан жөнделдi.

МЖӘ дамыту басты мiндеттердiң бiрi болып отыр.

Мәдениет саласында осы бағытта оңтайлы жұмыс тәжiрибесi бар. Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк аясында ауылдық мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2015 жылы 140 млн. аса теңге бөлiндi. 2016 жылы — 168 млн. 104 мың теңге. МЖӘ аясында соңғы 2 жылда барлығы 87 мәдениет нысаны жөнделдi. МЖӘ қолданудың оңтайлы үлгiсi болып табылады:

1. Целиноград ауданы: «Родина» АҚ — басшысы Сауэр Иван Адамович. Родина ауылында АМҮ жанындағы спортзалға 2 млн. 400 мың теңгеге жөндеу жүргiзiлдi. Воздвиженка а. АМҮ шатыры мен ғимаратына 17 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмысы жүргiзiлдi.

2. Целиноград ауданы: «Ақтық» ЖШС, директор — Қамзебаев Марат Есенжолұлы. Әлеуметтiк әрiптестiк аясында «Агрофирма «Ақтык» АҚ Воздвиженка ауылындағы МҮ ғимараты мен шатырының ағымдағы жөндеу жұмысына сомасы 17 млн. 500 мың теңге бөлдi.

3. Есiл ауданы: «Заречное» ЖШС — басшы Арипов Уәлихан Сәпиұлы. Соңғы 5 жыл бойы Зареченск АМҮ дамуына 57 млн. аса теңге, оның iшiнде 2015 жылы 40 млн. теңге салынды. «Заречный» ЖШС есебiнен жыл сайын ауылдық МҮ МТБ нығайтылады, дыбыс және жарық аппаратурасы,сахна киiмi, жиҺаз, сахналық костюмдер және т.б. сатып алынды.

4. Бұл аудан: «Алтын дән» ЖШС — басшы Мұқашев Қайрат Алпысбайұлы. Ковыльное а. ауылдық клубының ғимаратына сомасы 17 млн. 20 мың.теңгеге күрделi жөндеу жүргiзiлiп, «Алтын дән» АҚ балансынан мемлекеттiк меншiкке берiлдi.

5. Сандықтау ауданы: «Жабай» ЖШС — басшы Докаев Дога Алиұлы. Петров ауылдық клубына сомасы 30 млн. теңгеге күрделi жөндеу жүргiзiлдi.

Бүгiнде мәдениет қызметкерлерiнiң алдындағы басты мiндет- сұранысқа ие және сапалы өнiм жасау, әр түрлi нысаналы аудиториялардың мүдделерiн есепке ала отырып, мазмұнды шаралар өткiзу.

2016 жылы мәдениет ұйымдары 26 инновациялық мәдени-бiлiм беру, тарихи-археологиялық, музыкалық жобаларды енгiздi. Жалпы, облыс бойынша 35 817 iс-шара, оның iшiнде ҚР Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналған 17 759 iс-шара өткiзiлдi.

2017 жылы жаңа мiндеттер тұр: «Мәдениет саласын басқарудың инновациялық тәсiлдер: сегменттердiң интеграциясы мен модернизациясы, кәсiпқойлық жасампаздық, бәсекеге қабiлеттiк».

Музейлер жұмысын талдау.

Мәдениет сегменттерi арасында қоғамды рухани тәрбиелеуде, тарихи сананы қалыптастыруда, «Мәңгiлiк Ел» жалпыұлттық идеясы негiзiнде жаңа қазақстандық патриотизм идеясын белсендi насихаттауда музейлер маңызды роль атқарады. Жалпы алғанда, облыста музейлер саны жеткiлiктi — 11. Олардың барлығы облыстық бюджет қарамағында, олардың кейбiрiнiң облыс қалалары мен аудандары территориясында орналасуын ескеретiн болсақ, музейлер аудандардың мәдени өмiрiнде белсендi әрекет етедi.

Музей қызметi дамуының негiзгi көрсеткiшi болып табылатын келушiлер саны соңғы екi жыл көлемiндегi даму динамикасында музей коллекцияларына қызығушылықтың артқандығын көрсетедi.

2016 жылы облыс музейлерiне 243 442 адам келiп, 2015 жылмен салыстырғанда 127 442 адам артық келгенiн байқауға болады.

Музей қорларында 155 826 жәдiгер сақтаулы, 2015 жылмен салыстырғанда, 3339 экспонатқа артқан. 3209 экскурсия, 481 дәрiс, 762 көрме ұйымдастырылып, 2015 жылмен салыстырғанда өсiм байқалады.

2025 жылға дейiн виртуалдық музейлер жүйесiн және барлық музейлiк қорды және концерттердi, құнды материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұра элементтерiн электрондық форматқа көшiру жоспарлануда.

Ақмола облыстық тарихи өлке тану музейiнде топтамаларды жүйелеу үшiн цифрлау жүрiп жатыр. «2017-2018 жылдарға арналған музейлер дамуының жол картасына» сәйкес, музейлер ғылым, бiлiм, коммунакациялар, мәдени ақпарат пен шығармашылық инновациялардың орталықтарына айналуы қажет. Музей iсiн реформаландыру шеңберiнде 2017 жылы музей функцияларын мәдени-бiлiмдiк және имидждiк орталықтар деңгейiне кеңейту, ғылыми — зерттеу қызметiнiң дамуы үшiн, ғылыммен өзара байланысын арттыруда қажеттi жағдайларды қалыптастыру қажет.

2016 жылы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейi, М.Ғабдуллин атындағы облыстық музей, облыстық Көкшетау қаласының тарихы музейi, облыстық әдебиет және өнер музейi қызықты инновациялық бiлiмдiк, тарихи жобаларды жүзеге асырды. Мысалы, тарихи — өлкетану музейi музей қорында 3000-нан аса монеталарды сақтаудың нәтижесiнде «Ақша белгiлерiндегi Тәуелсiз Қазақстан» жобасын iске асырды. Облыстың екiншi деңгейлi банктерiн, 1000 — нан аса колледж оқушыларын, ЖОО студенттерiн, кәсiпорындарды бiрiктiре отырып, көрме ұйымдастырып, 8000 бiрлiгi бар нумизматикалық коллекциялар каталогын жарыққа шығарды. Түрлi саладағы мамандарды: шеберлер, кәсiби тiгiншiлер, жоғарғы оқу орындарының «Дизайн» кафедралары мен бөлiмдерiнiң оқытушылары мен студенттерiн, №1 сервистик-техникалық колледж оқушыларын, фотографтар мен костюмдер бойынша суретшiлердi тарту арқылы «Қазақтың ұлттық киiмi және тiгiн iсiнiң дәстүрi» жобасының арқасында қазақтың ұлттық киiмi мен тiгiн iсiнiң дәстүрi тарихи технологияларын қайта жаңғырту арқылы материалдық емес мәдениеттi сақтауда қомақты жұмыстар атқарылды.

Әдебиет және өнер музейiнiң «Жас тұлпар» музейлiк жобасы 50-ден аса дарынды: жас қылқалам шеберлерiн, ақындар, композиторлар мен дизайнерлердi бiрiктiрдi. 2016 жылдың ағымында жүйелi түрде шығармашылық кештер өткiзiлiп, клуб қызметiнiң нәтижесi ретiнде 25 жас ақынның «Тәуелсiздiк — тағдырым» атты өлеңдер жинағы жарыққа шықты.

Көкшетау қаласының тарихы музейiнiң «Тәуелсiздiк жылдарындағы Көкшетау: фотосуреттерде, құжаттар мен естелiктерде» жобасының арқасында мазмұнды ақпараттық құжаттық материал, бизнес, бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет және қоғамдық өмiрдiң басқа салаларындағы өкiлдердiң, Көкшетау қаласының әлеуметтiк — экономикалық дамуына үлес қосқан тұлғалардың естелiктерi жинақталды. Жұмыстың нәтижесi ретiнде фотокөрме мен тұрмыстық заттар көрмесi ұйымдастырылды, екi тiлде брошюра шығарылып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қолдану мақсатында бiлiм беру жүйесiне табысталды.

Облыстық М.Ғабдуллин музейi «Ауылым — алтын тұғырым» инновациялық жобасын ұсынды. Музей құрамында «Жас ғабдуллиншiлер» клубы құрылып, Көкшетау қаласы мен Мәлiк Ғабдуллин есiмiн иеленген республиканың 7 мектебiн бiрiктiрдi.

Оңтүстiк Қазақстан және Жамбыл облыстарында «Мәлiктiң рухы халықпен» экспедициясы ұйымдастырылды. Одан әрi ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалынды. Қорытынды ретiнде 2017 жылы

Зерендi с. «Мәлiк Ғабдуллин» сауықтыру орталығында жас ғабдуллиншылар үшiн республикалық форум өткiзу жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына және алдағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесiне арналған «Желтаудың желмаясы» инновациялық жобасы Желтау өңiрi туралы тарихи-танымдық фильм түсiруге және оны Ақмола облысының Бурабай мен Зерендi туристiк аймағының құрамдас бөлiгi ретiнде көрсете бiлуге мүмкiндiк бердi.

Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы тарих және мәдениет ескерткiштерiн мемлекеттiк қорғауға алуды қамтамасыз ету, тарихи-мәдени мұра ескерткiштерiн қалпына келтiру, қорғау, пайдалану, насихаттау, консервациялау, есеп бойынша жұмыстарды үйлестiру бойынша жүйелi жұмыстар жүргiзiледi.

Қазiргi күнi, Ақмола аймағында 1036 тарихи-мәдени ескерткiштер бар, оның iшiнде 4-i республикалық маңызы бар ескерткiштер (анықтама бойынша- Көкшетау қаласындағы Ш Уәлиханов ескерткiшi, Көкшетау қаласының тарихы музейi, Еңбекшiлдер ауданындағы Бiржан сал зираты, Қорғалжын ауданындағы Батығай кесенесi), 1032 жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi және 558 тарихи-мәдени мұра объектiлер алдын-ала есепте тұрған объектiлер тiзiмiне енгiзiлдi.

ГАЖ түрiнде тарихи-мәдени мұра ескерткiштерiнiң электронды картографиясын құру бойынша инновациялық жоба жүзеге асты. Қазақстан Ұлттық музейi «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты мен Орталық арасында меморандум және Қазақстан Ұлттық музейi «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты мен Орталық арасында жасалған меморандум нәтижесi және Азаматтық бiртектiлiктi нығайтудың «МЕНIҢ ЕЛIМ» ұлттық жобасының 87 қадамын жүзеге асыру мақсатында, 2016 жылы Зерендi ауданы Қошқарбай қонысында қорғау-құтқару жұмыстары жүргiзiлдi. Табиғи және антропология факторларынан бұзылу қауiпi төнiп тұрған археологиялық ескерткiштердi қорғау-құтқару жұмыстарын жүргiзу нәтижесiнде, қыш ыдыстар. жануардың азу тiсiнен жасалған бойтұмарлар, әскери және шаруашылық өмiрде қолданылатын қоладан жасалған құрал-саймандар анықталды. Экспедиция нәтижесi туралы «Хабар» және «24KZ» республикалық телеарналарда көрсетiлдi.

2016 жылдың мамыр айында Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-сi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейi «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтымен бiрлесiп Ерейментау ауданы аумағындағы жаңа және ертеде анықталмаған тарихи-мәдени мұра объектiлерi зерттелдi. Барлау жұмысы барысында бұрын белгiлi болмаған 70-тен аса археология ескерткiштерi анықталып, олардың барлығы GPS спутникалық новигация жүйесiмен белгiленiп, топографиялық планы және нақты сипаттамалар құрастырылды.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-сi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейi «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты мамандарымен бiрлесiп ағымдағы жылдың 16 қарашасында М. Жұмабаев атындағы ғылыми-әмбебап кiтапханасында «Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы: зерттеу және перспективалары» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өттi. Iс-шараға Ақмола облысы әкiмдiгi жанындағы тарих және мәдениет ескерткiштердi қорғау жөнiндегi комиссия мүшелерi белсендi қатысты. Дөңгелек үстелге барлығы жүзден аса адам қатысты.

Кiтапхана iсi.

Осы есеп кезеңiнде кiтапханада 22 342 көпшiлiк iс-шарасы өткiзiлдi, оған 429 267 адам келдi.

«Ұлт жоспары — 100 нақты қадам» аясында 980 iс-шара өткiзiлдi: кiтап көрмелерi, дөңгелек үстелдер, диалог алаңдары, ақпараттық сұхбаттар, әдебиет шолулар, дәрiстер.

267 мың 944 оқырманға қызмет көрсетiлдi. 2015 жылмен салыстырғанда 23 960 оқырманға көбейдi.

Жалпы кiтап беру 5 млн. 228 мың 35 дананы құрады және 47 045 данаға көбейдi.

Келушiлердiң жалпы саны 2 млн. 499 мың 942 құрайды, 119 124 келушiге көбейдi.

Облыста 34 модельдi кiтапхана жұмыс iстейдi, өткен жылмен салыстырғанда 9 кiтапханаға көбейдi.

Модельдi мәртебесiн:

 — Жақсы ОКЖ;

 — Жаңа-Қыйма ауылдық кiтапханасы ;

 — Сандықтау ОКЖ Сандықтау ауылдық кiтапханасы;

 — Ерейментау ОКЖ Еркiншiлiк ауылдық кiтапханасы;

 — Егiндiкөл ОКЖ Ұзынкөл ауылдық кiтапханасы;

 — Аршалы ОКЖ Тургенев ауылдық кiтапханасы;

 — Шортанды ОКЖ Андреевск Дамсинск ауылдық кiтапханасы;

 — Жарқайың ОКЖ Пригородная, Отрадное ауылдық кiтапханасы.

Осы есеп беру жылында кiтапханалардың компьютермен жабдықталуы, интернет желiсiне қосылуының өсуiне «2016 — 2018 жж. Ақмола облысының мемлекет жүйесiндегi кiтапханаларды ақпараттандыру және жаңа технологиялармен дамыту туралы» әзiрленген бағдарламаның арқасында қол жеткiздiк.

Ақпараттандыру мәселесi қазiргi таңда өзектi. Елбасы «Е-culture.kz» жаңа виртуалды портал құру арқылы Қазақ ұлттық электронды кiтапханалар қорын айтарлықтай кеңейту және интеллектiлi ақпараттарға қолжетiмдiлiк инновациялық түрлерiн дамыту тапсырмасын алға қойды. Бұл Қазақстанның мәдениетi мен өнерiнiң әлем кеңiстiгiнде таралуына жол ашатын қолжетiмдi формат және кеңiнен танымал болуына мүмкiндiк бередi.

Әлеуметтiк маңызды басылымдар бағдарламасы бойынша шығарылған барлық кiтаптар бұл жүйеге енгiзiлуi керек. 2020 жылға дейiн елiмiздiң кiтапхана қорларын 100% цифрлау, оның iшiнде облысымыздың өлкетану материалдарын да цифрлау қажет.

2025 жылға дейiн виртуалды музейлер желiсiн жасау және барлық музейлер қорын электронды форматқа көшiру, концерттердi, материалды және рухани тарихи — мәдени құндылықтарымыздың маңызды элементтерiн жазып алу жоспарланып отыр.

Бұл бағытта облыстық кiтапханамен 109 449 құжат цифрланды, оның iшiнде мемлекеттiк тiлде — 25 389 құжат, 44 өлкетану қорының жылдық жинағы газет (сақтандыру қоры), КазНЭБ сирек кездесетiн кiтаптар қорына 224 кiтап жiберiлдi. «Тұлға», «Ұлы есiмдер — ұрпақ жадында», «Ақмола облысы ауылдарының энциклопедиясы» инновациялық жобалары бойынша 9 диск жарық көрдi.

«Алтын дауыс — Золотой голос» жобасы дайындалды, оған Қазақстанның 17 жазушысының даусы ендi, оның iшiнде Ғафу Қайырбековтiң, Сапарғали Бегалиннiң, Сәбит Мұқановтың, Мұхтар Әуезовтiң дауыстары да және орыс жазушыларының дауыстарымен (М.Горький, А.Куприн, Б.Брюсов және т.б.) 40 диск бар.

Кiтаханалар имиджiн және интеллектуалдық потенциалды жоғарлату аясында облыс көлемiндегi кiтапханаларда 57 инновациялық жоба iске асырылды.М.Жұмабаев атындағы облыстық кiтапханада 6 жобасы жұмыс iстейдi: «Аллея трудолюбия», «Золотая книга», «Тұлға», «Ұлы есiмдер-ұрпақ жадында», «Энциклопедия Акмолинской области». Кiтапхана жұмысында ақпараттық технологияны енгiзу негiзiнде, оқырмандарға электронды басылымдарды барынша қолдану және кiтапхананың сапалы қызметiн арттыру мақсатында бағытталған ұзық мерзiмдi жоба болып табылады.

Театрлардың дамуы.

«Театр кез-келген ғұлама суретшiдей заманауи өмiрдiң жақсы ағымына үн қосуы қажет. Ал олай жасамаса ол өлi мекеме» деп В.И.Немирович-Данченко айтқандай бiздiң театрларымыз да қоғамнан тыс өмiр сүрмейдi, олар қоғамның өзектi және көкейтестi мәселелерiн алға тартады.

2016 жылдың 12 айының iшiнде облыстық екi театрмен 602 қойылым қойылды, оны 73 428 көрермен тамашалады, (оның iшiнде 238 қойылым 21 алғашқы көрсетiлiм берiлдi, 2015 жылға қарағанда 2 көрсетiлiмге көп, (2015 жылы — 500 қойылым, оның iшiнде 199 ересектер аудиториясына арналған, 301 балаларға арналған).

ҚР Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы тойланған мерейтой жылында Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрына да 20 жыл толды. Атаулы датаға арналып Өңiраралық театр форумы өткiзiлдi. Театр көрермендерiне 5 театрлық кеш сыйлады. Олар облысымыздың мәдени өмiрiндегi жарқын оқиғаларға айналды. Мерейтой СҚО, Қостанай, Астана қ. солтүстiк өңiрлердегi театрлардың басын бiрiктiрдi. Театрдың 20 жылдығына арнап жазушы-драматург Жабал Ерғалиевтiң пьесасын ҚР еңбек сiңiрген өнер қайраткерi Мұратбек Оспанов қоюға дайындап, «Қилы жол» («Тернистый путь») тарихи драмасының алғашқы көрсетiлiмiн көпшiлiк назарына ұсынды. Темiрболат Ахметовтiң «Шәкәрiм» драмасының алғашқы көрсетiлiмi де болды, қоюшы режиссерi — Мұратбек Оспанов. «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Темiрбай Алмастың шығармасының желiсi бойынша дайындалған «Алып елiм — Алашым!» әдеби-музыкалық композицияның алғашқы көрсетiлiмi — театрдың жас актерларының ұжымдық жұмысының жемiсi.

Орыс драма театры әрдайым шығармашылық iзденiс үстiнде жүредi, жаңа үлгiлер iздейдi, жанрлық түрлендiрулер мен көрермендер аудиториясын кеңейтуде. Театр бiрнеше қайтара қазақ ұлттық драматургиясының тақырыбына да барды. Өткен жылы 11 жаңа қойылым берiлдi. Атап айтсақ:

 — трагифарс «Дракон»;

 — «Незамужняя женщина» комедиялық мелодрама;

 — Мұхтар Әуезовтiң «Қарагөз» трагедиясы. Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын мерекелеу аясында Астана қаласында астаналық көрермендердiң назарына Мұхтар Шахановтың «Шыңғысхан» рок-операсы ұсынылды. Бұл туындыға көрермендер ғана емес, сонымен қатар шығарма авторының өзi де жоғары баға бердi.

 — Йошкар-Ола қаласында өткен Ресейлiк және шетелдiк орыс театрларының «Мост дружбы» халықаралық фестивалiнде театр Нина Садур «Панночка» мистикалық драмасымен барып, «За лучшее музыкально-пластическое решение» арнайы дипломымен марапатталды.

Театр тек қана Республикаға гастрольге шығып қана қоймайды, сонымен қатар шетелге шығып, өзiнiң өнерiн көрсеттi.

Орыс драма театры Ақмола облысы өңiрлерде гастрольдiк жұмысты өткiзуге мүмкiндiк беретiн «Театр на колесах» инновациялық жобаны iске асырды. 2017 осы жоба «Театр на колесах» Зерендi, Сандыктау, Атбасар, Жаксый, Есiл, Бурабай, Бұландый, Аршалы аудандарына жоспарлап отыр.

«Театр добрых дел» инновациялық жоба аясында шет елдiк емдеу қажет ететiн баланы өз қамқорына алды. 2017 жылы кезектi қойылым көрсетiледi, түске қаржы науқас баланың анасы шотына аударылады.

Филармония ұжымы 2016 жылдың есеп беру кезеңiнде 201 концерт (2015 жылы — 198 концерт) қойып, iс-шараға 43 128 көрермен (2015 жылы- 42 534 көрермендер) қатысты.

2016 жылдың қыркүйек пен желтоқсан аралығында опера театрының музыканттары мен солистерi, симфониялық филармониялық оркестрiмен бiрлесiп 4 iс-шара аясында «Астана Опера» балетi мен мемлекеттiк операсымен «Музыка без границ» атты 3 инновациялық жоба жүзеге асырылды. Заманауи музыкамен жастарды таныстыру мақсатында, жоғарғы сынып оқушылары мен студенттер үшiн «Музыкальное ревю» инновациялық жобасы өткiзiлдi. Дәстүрлi отбасылық демалысты дәрiптеу мақсатында «Музыкальная кофейня» «Воскресная семейная музыкально-развлекательная программа» жобасы.

Облыстық филармонияның 70 жылдық мерейтойлық концерттiк маусымы аясында мынадай iс-шаралар өттi:

Өз дәуiрiндегi Ұлы композиторлар — Ақан серi, Бiржан сал, Үкiлi Ыбырай және Балуан Шолақтың әндерiн үздiк орындайтын, елiмiздiң әр өлкесiнен жиналған «Гәккулеткен, аққу жеткен — Көкшетау» атты аймақтық фестивалi; ҚР еңбек сiңiрген қайраткерi Марат Бисенғалиевтердiң (скрипка) қатысуымен және Алматы қаласы оркестiрiнiң солистерi мен дирижерлары, облыстық филармонияның симфониялық оркестрiнен құралған концерт; Қазақстан Республикасы және Татарстан халық әртiстерiнiң, ҚР Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты Нұржамал Үсенбаеваның қатысуымен К. Күмiсбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрiнiң концертi; халықаралық конкурстар мен фестивальдердiң лауреаттары Бауыржан Исаев пен Татьяна Кимнiң қатысуымен К. Күмiсбеков атындағы эстрадалық-үрмелi аспаптарының концертi.

Қазақстанда Италия жылы шеңберiнде өткен ҚР еңбек сiңiрген әртiстерi халықаралық конкурстың лауреаты Махаббат Мұхамеджанова, «Құрмет» орденiнiң иегерi Шолпан Дукембаевалардың Астана, Алматы қ.қ. және Павлодар, Ақтөбе облыстарына гастрольдiк концерттерi; танымал опералық орындаушы, солист, профессор, Озима қ. (Италия) академия вокалының магистрi- Ала Симони (Алла Симонишвили) әлемдiк сцена шеберлерiмен шығармашылық жоба; «Долан машрап» би сюитi және «Гәкку» би ансамблi үшiн «Толғау» қойылымы үшiн Қазақ Ұлттық Өнер академиясының актерлiк шеберлiк кафедрасының доцентi, хореографиялық композициясының режиссер-қоюшы Гүлназ Гуламдуловна Бахарованың 2 жеке гастрольдiк концертi.

Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған «Әуен fest» атты фестиваль-конкурсында мықты шығармашылық орындаушы ұжымы қорытындысы бойынша лайықты конкурста лауреат атағына ие болды: камералық оркестр 2 орынды; «Гәкку» би ансамблi Астана қ. өткен «Розы Казахстана» IIХалықаралық хореографиялық фестиваль-өнер конкурсында жоғары кәсiби ұжым номинациясы бойынша 1 орынды иелендi.

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы 292 клуб типтес мәдениет объектiлерiнiң жұмысын белсендi үйлестiрушi атанды.

2016 жылы клуб типтес мәдениет объектiлернiң қызметi жас дарындарды қолдау және анықтау, дәстүрлi халық мәдениетiн дамыту, салауатты өмiр салтын насихаттау және рухани даму, клуб мәдениет объектiлер жүйесiндегi, әсiресе, ауыл, оның кадрлық құрамын және материалдық-техникалық базаны нығайту және жаңғырту мақсатына бағытталды.

2016 жылы клуб кәсiпорындары 3 608 816 көрермендi қамтумен 37 922 iс-шара өткiздi..

Облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы «Биле, жастық!» атты аймақтық хореографиялық фестиваль ұйымдастырды, оның нәтижесiнде хореография ассоциациясы құрылды, 9 облыстық iс-шаралар ұйымдастырылды, олар — «Алғыс айтам халқыма» және «Бала ақын-жас дарын» айтыстары, «Тәуелсiздiктiң ақ таңы» атты Ақмола облыстық композиторлар фестивалi, «Достығымыз жарасқан елiмiз» атты облыстық Достық фестивалi, «Ақмола жұлдыздары» атты облыстық халық шығармашылық байқауы және басқа да көптеген iс-шаралар. Облыстық байқау барысында 69 жаңа ұжым, 89 орындаушы анықталып, жалпы шығармашылық марафонға 224 облыстық селолық округ қатысты.

Вокалистер мен хор ұжым жетекшiлерi үшiн шебер-кластар өткiзу арқылы сала мамандары үшiн тұрақты түрде семинарлар, дыбыс режиссерлар, жас ақындар үшiн практикалық семинарлар, облыстың хореографтары үшiн шығармашылық лаборатория ұйымдастырылды.

Егер, 2016 жылы барлық мәдениет саласы ҚР Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдық аясында мәдени құндылықтарымызды насихаттау мақсатында инновациялық жобаларды енгiзу және жүзеге асыруға жұмыс атқарса,

2017 жылы негiзгi тақырып «Мәдениет саласын басқарудағы инновациялық көзқарастар: интеграция және сегменттердi модернизациялау, кәсiпқойлық, креативтiк, бәсекеге қабiлеттiлiк» болады. Туристер үшiн суретшiлер буклетiн шығарумен ашық алаңдарда -көркемдiк плэнерлердi өткiзу бойынша Бурабай ауданы үлгi болуы мүмкiн. Мәлiк Ғабдуллин атындағы облыстық музейдiң белсендi жұмыс атқару арқасында Зерендi ауданы қажылыққа бару орны, Атбасар ауданы –хореография орталығы болды.

Ерейментау ауданы: жергiлiктi ақын-жыраулардың, ақындардың шығармашылығын насихаттап, Ерейментау жерiне арналған ән фестивалiн жыл сайын өткiзудi дәстүрге айналдырған.

Табысты өткен iс-шаралар сайттарда көпшiлiкке таратылады. Осы бағытта тек кейбiр өңiрлер ғана жұмыс жасап жатыр: Ерейментау, Шортанды аудандары, 19 ауданның ОКЖ (Бұланды және Аршалы аудандары). Алайда, әр ауданда керемет шеберлер, суретшiлер, композиторлар, ақын-жазушылар, дарынды адамдар бар екенi сөзсiз.

Облыстық филармонияның тәжiрибесi — сайттар арқылы облыс имиджiн нығайту және көтеру мақсатында концерттердi онлайн-трансляциялау. Филармония облыстық және қалалық БАҚ тығыз байланыста. Жарнамалық саясат мекеменiң өмiрi мен iс-шараларының PR-акциясына, баспасөзде анонстар мен мақалалар, облыстық телевидениеде бейнерепортаждар санының көбеюiне негiзделген. Осы шаралардың бәрi қала тұрғындарының өткiзiлген және алдағы уақытта болатын оқиғалардан хабардар болуына, филармония концерттерiне көрермендердiң көптеп келуiне жақсы әсер еттi.

«Көкшетау» МС-ның қызықты инновациялық жобаларының бiрi — «Халықаралық деңгейдегi байқауларға қашықтықтан қатысу». Ютубта 3 тiлде берiлген комментариялармен мәдениет сарайы ұжымының керемет өнерiн тамашалауға болады.

Жыл сайын Мәдениет сарайының ұжымы әртүрлi Халықаралық байқаулар мен фестивальдарға қатысып тұрады. Үздiк билердiң бейнежазбасы мәдени орталық болып табылатын Бельгия, Франция, Ұлыбритания елдерiнiң халықаралық қазылар алқасына жiберiлдi.

«Көкшетау» облыстық Мәдениет сарайының ұжымы әлем аренасын таң қалдырып келедi. «Тұмар» заманауи би халық ансамблi 17-25 мамыр аралығында Түркияның Анталия қаласында өткен «International yout hand CULTUREL FESTIVAL» халықаралық фестиваль-байқауында тамаша өнер көрсеттi. «Шалқыма» би ансамблi Ресейдiң Москва қаласында өткен халықаралық би фестиваль-байқауының, 4-17 сәуiрде Индия республикасының Фаридаб қаласында өткен ХХХ Сурджкунд Мела халықаралық өнер фестивалiнiң лауреаттары атанды.

Ақмола облысында 2 484 клубтық құрылым жұмыс атқарады, соның iшiнде 1870 көркемөнерпаз ұжымы, онда 23940 адам қатысты, соның 80% жастар құрады. Ақмола облысының дарынды жас орындаушылары облыстық, республикалық және халықаралық байқауларға белсене қатысады. 2016 жылы халықаралық байқауға 23 орындаушы, 7 ұжым, 114 қатысушы, республикалық байқауларға — 14 орындаушы, 8 ұжым, 56 адам қатысты.

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында өткен Ә.Найманбаев атындағы «Iнжу маржан» ән байқауында, Қарағанды қаласында өткен III республикалық Мәди Бәпиұлы атындағы дәстүрлi орындаушылар бәйгесiне Асқар Мұқият қатысып (Шортанды ауданы), Гран-приге ие болды (2016ж.). Астана қаласында өткен VI Халықаралық «Жас өнер байқауында» Сералы Балтабай (Зерендi ауданы) 3-орынға ие болды. Махамбетов Әдiлхан (Бурабай ауданы) — «Бала дауысы» I ұлттық телевизиялық байқауының жартылай финалисi, Алдасүгiров Алдияр (Ерейментау ауданы) — Қызылорда қаласында өткен «Отан — Ана» республикалық ән байқауының лауреаты.

Жыл сайын Астана қаласында өтетiн «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалiне Ақмола облысының жастары белсене қатысады. Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттiк университеттiң студенттерi Рахметова Махаббат, Байтұрсынова Динара «Бейнелеу өнерi» аталымы бойынша сертификатқа ие болды. Гемус Александр, Шаяхметова Лаура, Адыгезалова Тамилла, Мақашева Мадина байқау лауреаттары атанды.

Бiржан сал атындағы музыкалық колледждiң студентi Данияр Жолбарысов «Эстрадалық вокал» аталымы бойынша, «Үздiк әдеби шығарма» аталымы бойынша Қуаныш Оспанов, Ақан серi атындағы мәдениет колледжiнiң «Жарқын» халық би ансамблi (жетекшiсi Гүлмира Ордабаева) «Хореография» номинациясы бойынша дипломант атанды.

«Достар» МС «Аққу» би ансамблi «На волне Иссык-Куля» Халықаралық фестиваль-байқауында Бас жүлдеге ие болды (Қырғызстан, Шолпан ата қ.,28 — 30 шiлде).

Мақаланы құрған күні 16.04.2015 17:49
Мақаланы жаңартқан күні 05.06.2017 11:45
Қаралым саны: 537

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
8 (7162) 29-72-00

Қабылдауға жазылу:
8 (7162) 29-72-43

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-71

Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-49

Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-44

Факс:
8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы