A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Медициналық қызмет көрсету

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстық денсаулық сақтау ұжымдары қызметiнiң 2015 жылғы қорытындысы және 2016 жылға арналған негiзгi бағыттары туралы

Ел басы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың 2015 жылы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсiм, реформалар, даму» атты қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласын дамыту, және де қазақстандықтардың өз денсаулығына жауапкершiлiгiне қатысты мәселелер баса айтылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы бекiткен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнiндегi 100 нақты қадам» шеңберiнде жаңа заңдар қабылданып елiмiздi нығайтуға бағытталған iс-шаралар басталып та кетткенi бәрiңiзге мәлiмi.

Халық денсаулығын жақсарту, ел-тұрғындарының өмiр жасын ұзартудың ең негiзгi жолдары, ана мен бала денсаулығын қорғау, туберкулез, қан айналым жүйесi, онкологиялық ауруларынан өлiм-жiтiмдi азайтып жағдайды тұрақтандыру, осы мақсаттар жаңа қабылданған «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде iске асыру бiздiң күнделiктi қызметiмiзде ең басты орын алуы мiндет.

Бүгiнгi алқа мәжiлiсiнде денсаулық сақтау саласының 2015 жылғы қорытындысы мен 2016 жылдың басты мақсаттары сiздердiң назарларыңызға ұсынылады.

Облыс халқына жыл бойы 33 ауруханалық ұйым, 7 дербес БМСК ұйымы, 103 дәрiгерлiк амбулатория, 58 ФАП, 398 МП, қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы, облыстық қан орталығы, облыстық ЖИТС орталғы және 5 басқа да мемлекетiк ұйым, сондай-ақ 16 жеке меншiк амбулаторлық-емханалық және 4 ауруханалық ұйым медициналық қызмет көрсетедi.

Ауруханалық ұйымдардың төсек-орын қуаты 2015 жылы 5%-ға қысқарды (4974 тен 4697 төсекке дейiн).

10 мың тұрғынға шаққанда сәйкесiнше қамтамасыз етiлу 51,0 республикалық көрсеткiште 63,1 құрады.

Облыс стационарларында 2015 жылы 113 364 науқас емделдi, ол 2014 жылға қарағанда 4%-ға аз (2014 жылы — 117 859 пациент).

Халық денсаулығын жақсартуға бағытталған, медицина ұйымдарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшiн ең маңызды жағдайлардың бiрi денсаулық сақтау iс-шараларын және ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамытуды сайма-сай қаржыландыру болып табылады.

Денсаулық сақтау бюджетi 2015 жылы 23,4 млрд теңгенi құрады, 2014 жылмен салыстырғанда 1,3%-ға өстi (23,1 млрд теңге). 2015 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттi игеру 99,8% құрады.

2015 жылы республикалық бюджеттi нақтылағанда денсаулық сақтау басқармасы дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша кредиторлық берешектердi өтеу үшiн 166,3 млн теңге сомада қосымша қаржылай қаражат тартқан болатын.

2015 жылы 6 жаңа нысан пайдаланылуға берiлдi (соның iшiнде Аршалы ауданы Қостомар ауылында ФАП, 5 дәрiгерлiк амбулатория Аршалы ауданы Михайловка с., Бұланды ауданы, Қараөзек а., Бурабай ауданы, Бурабай кентi, Целиноград ауданы, Талапкер с., Қорғалжын ауданы, Сабынды а.).

2016 жылы 2015 жылдан ауысқан 8 объектiнiң құрылысы жалғастырылуда (соның iшiнде: 2 емхана Ақкөл, Зерендi аудандарында; 1 аурухана емханасымен 70 төсекке арналған Державинск қ., дәрiгерлiк амбулаториялар Бурабай ауданының Веденовка, Атамекен ауылдарында, Зерендi ауданы, Троицкое с., Целиноград ауданы, Қабанбай батыр а., есiл ауданы, Интернациональное с.).

2015 жылы денсаулық сақтаудың 11 нысанына жалпы сомасы 558,3 млн теңгеге ағымдағы және күрделi жөндеу жүргiзiлдi (соның iшiнде республикалық бюджет есебiнен 6 нысан 78 млн теңге сомаға, және жергiлiктi бюджеттен 5 нысан 480,3 млн теңге сомаға).

Облыстық бюджет есебiнен барлығы 105 медицналық жабдық алынды, 13 санитарлық автокөлiк, жедел медициналық станциясына арналған «Адис» бағдарламалық жабдық, 70 бейнебақылау камерасы жалпы сомасы 248,8 мың теңгеге алынды.

Медициналық ұйымдардың жабдықталуы 56,1 %-дан 56,4 %-ға дейiн ұлғайды.

Өкiнiшке орай, салаға бөлiнiп жатқан қаржылай қаражаттарға қарамастан, халық денсаулығының негiзгi көрсеткiштерiнiң жақсы болуын қалайды.

Сондықтан бiздiң алдымызда салынған қаражаттардың тиiмдiлiгiн жақсарту бойынша мiндеттер тұр.

Медициналық қызметтердiң сапасының басты құрылымы бiлiктi кадрлардың болуы табылады.

Мемлекеттiк медициналық ұйымдардағы дәрiгерлер мен орта буын медицина қызметкерлерiнiң саны есеп беру кезеңiнде дәрiгерлер 1842 ден 1804 дейiн, ал орта буын медицина қызметкерлерiнiң саны 6122 ден 6074 адамға дейiн азайды.

Жыл бойы кадрларды тарту және бекiту бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргiзiлдi. Облыстың медицина ұйымдарына 338 жас маман келдi, оның 102 дәрiгер және 236 орта буын медицина қызметкерлерi.

48 медицина қызметкерiне тұрғын үй бөлiндi, 11,3 млн теңге сомада 82 жас маманға «жәрдемақы» төлемi жүргiзiлдi. 37 жас маманға үй алуға жалпы сомасы 99,8 млн теңге кредит бөлiндi.

Бюджет есебiнен және шаруашылық субъектiлер қаражаттар тартып студенттердiң оқуын төлеу бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Осылайша, мамандармен толықтыру және бекiту мақсатында облыс гранты есебiнен 78 студенттiң оқуы төленедi, соның iшiнде 20 студент облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақы есебiнен, 24 студент аудан әкiмдерi есебiнен және 34 студент шараушылық субъектiлер есебiнен оқытылуда.

Медициналық ЖОО-да, ғылыми орталықтарда, медициналық колледждерде 684 жәрiгер және 2022 орта буын медицина қызметкерлерi бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлаудан өттi.

Облыс бойынша дәрiгерлердiң жалпы санаттылығы 0,2%-ға артты, 50,4% дан 50,6% дейiн, ОМҚ санаттылығының жалпы пайызы 0,1%-ға артты 45,6% дан 45,7% дейiн.

Жылдың қорытындысы бойынша облыс халқының денсаулық ахуалы келесiдей суреттелген.

2015 жылы облыста туу көрсеткiшi 6% төмендеп, республикалық 22,9 көрсеткiште 17,3 құрады.

Туу көрсеткiшi Жарқайың (8,2), Еңбекшiлдер (9,0), Зерендi (9,8), Қорғалжын (11,4), Сандықтау (11,4), Астрахан (11,6) аудандарында төмендегенi байқалады.

Жалпы өлiм-жiтiм деңгейi 2,5% ұлғайған, ол республикалық көрсеткiштен 23%-ға жоғары.

Жалпы өлiм-жiтiмiнiң жоғары көрсеткiштер Сандықтау (12,97), Бұланды (12,39), Есiл (11,88), Жарқайың (11,62) аудандарында тiркелген.

Қайтыс болғандардың құрамында 29%-ын жүрек-қан тамыры ауруларымен, 13% — ы онкологиялық аурулар, 12% — ы тыныс алу органдары аурулары, 10,6% — ы жарақаттану, оқыс оқиғалар, улануларды құрайды.

2014 жылмен салыстырғанда туудың төмендеу және жалпы өлiм-жiтiмнiң ұлғаюының нәтижесiнде облыста халықтың табиғи өсiмi 4,5% -ға төмендеп (7,33 ден 7,00 дейiн) және бұл көрсеткiш республикалықтан 2 есеге төмен (ҚР — 15,33).

Науқастарды емдеу және диагностикалауға заманауи жаңа технологияларын енгiзу халыққа жоғары мамандандырылған медициналық көмектiң қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Есеп беру кезеңiнде 600 астам науқас жоғары мамандандырылған медициналық көмек алды. Оның қан айналым жүйесi аурулары 46% (277 пациент), жарақатталған науқастар 18% (110 науқас) және басқалары 26% (156 науқасты) құрайды.

ЖММК жоспарлы түрде 35%, шұғыл түрде — 64% пациентке көрсетiлдi.

Облыста ЖММК көлемдерiн кеңейту бойынша жұмыс жалғастырылуда.

2016 жылы басқа да облыстық және қалалық стационарларда ЖММК көрсету жоспарланып отыр

Мақсатты топтарға профилактикалық тексерулер жүргiзгенде ауруларды ерте диагностикалауға бағытталған, iсшаралардың сапасы өте маңызды болып табылады.

Осылайша, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру кезеңiнде 2 млн. жуық скринингтiк тексерулер өткiзiлдi.

19 мыңнан астам адамда патология анықталды, ол тексерiлгендердiң жалпы санының 1,0% құрайды.

5 жылдың iшiнде скринингтiк тексерулердiң нәтижелерi бойынша диспансерлiк есепке 14,5 мың науқас есепке алынды, ол патологиямен анықталған пациенттер санының 74% құрайды (19 433 науқас). Диспансерлiк науқастардың барлық тобы сауықтырылды.

Ана мен бала өлiмiнiң көрсеткiштерi бәсекеге қабiлеттi әлемдiк рейтнгiсiнде елiмiздiң орнын анықтайтын, негiзгi индикаторлардың бiрi болып табылады.

Жағдайды жақсарту үшiн келесi iсшаралар жүргiзiлуде:

- жүктi, босанатын, босанған және жаңа туған балаларға көмек көрсету бойынша медициналық қызметкрелердi үздiксiз оқыту;

- жүктi әйелдер, жаңа туған балаларға перинаталдық көмектi өңiрлендiрудi сақтау;

- диагностика және емдеудiң алгоритмдерi мен хаттамаларын орындау;

- перзентхана және балалар ұйымдарының материалдық-техникалық базаларын жақсарту.

Нәресте өлiмi 2015 жылдың қорытындысы бойынша 7,6% төмендеп, 9,4 республикалық көрсеткiште 2014 жылғы 9,2 қарсы 8,5 құрады.

Нәресте өлiмiнiң жоғары көрсеткiшiне жол берген Шортанды (19,3), Сандықтау (17,7), Жақсы (16,3), Бурабай (15,4) аудандары мен Көкшетау қ. (10,2).

Ана мен нәресте өлiмiн одан әрi төмендету бойынша шаралар денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру бойынша iс-шаралар жоспарының аясында жалғастырылатын болады.

Осыған байланысты медицина ұйымдарының бас дәрiгерлерi аудан және қала әкiмдiктерiмен бiрлесiп ана мен бала денсаулығын қорғау, соның iшiнде үй басы аралауларды сапалы жүргiзу, әйелдердi жүктiлiгiне дейiн сауықтыру, халықтың әлеуметтiк-осал топтарымен жұмысты нақтылап, санитарлық -ағарту жұмысын күшейтiп, әсiресе азаматтардың өзiнiң және балаларының денсаулығына ынтымақты жауапкершiлiгiне бағытталған iсшараларды өңдеуi қажет.

Есеп беру кезеңiнде әлеуметтiк-елеулi аурулардан, соның iшiнде туберкулезден, қатерлi iсiктерден, қан айналым жүйесi ауруларынан халықтың аурушаңдығын азайту бойынша белсендi жұмыс жүргiзiлдi.

2015 жылы халықтың туберкулезбен аурушаңдық көрсеткiшi 6% азайды (облыста 77,6 дан 72,9 дейiн; ҚР 66,4 тен 58,5 дейiн), өлiм көрсеткiшi 8% азайды (облыста 4,9 дан 4,5 дейiн; ҚР 4,9 дан 3,8 дейiн).

Туберкулез аурушаңдығының жоғары болуының себептерiнiң бiрi пенитенициярлық жүйе мекемелерiнде эпидемиологиялық жағдайдың күрделi болуынан.

Осы жағдайды ескере отырып, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған, туберкулез науқастарды толық емдеу үшiн азаматтық және пенитенциярлық сектордың сабақтастық мәселелерi бiрлесе өңiделiп, үкiметтiк емес ұйымдармен тығыс iс-қимыл iске асырылуда.

Есеп беру кезеңiнде туберкулез ауруымен ауырған балаларға 25 орынға арналған туберкулезге қарсы «Арай» балалар санаторийi ашылды.

Туберкулезге қарсы емдеуде маңызды роль науқастарға әлеуметтiк көмек бөлiнуде. Туберкулез науқастарға әлеуметтiк көмек көрсету деңгейi жыл сайын өсуде және 2015 жылы 68,1 млн теңгенi құрады.

Туберкулездi ерте анықтап және қолдау сатысында емдеуде БМСК ұйымдарының ролi кеңейтiлдi.

Бiрақ туберкулезбен аурушаңдық Аршалы (102,9), Қорғалжын (95,6), Жақсы (90,9) аудандары мен Степногорск қ. (111,9) жоғары болып қалуда.

2014 жылмен салыстырғанда онкопатологиямен аурушаңдық 3,7% азайған.

Онкопатологиядан өлiм-жiтiм 2015 жылы 1,2% азайды.

Бiрақ та облыста онкопатологиядан халықтың аурушаңдығы мен өлiмi деңгейi республикалық көрсеткiштен жоғары болып отыр, тиiсiнше 15,0% және 27%.

Онкопатологиядан аурушаңдық көрсеткiштерi облыстық көрсеткiштен жоғары Сандықтау (325,3), Ақкөл (276,5), Еңбекшiлдер (275,7), Бурабай (273,3) аудандары мен Степногорск қ. (293,5).

Өлiм-жiтiм құрылымында 1-шi орында — өкпе iсiгi (14,3%), 2-шi орында — сүт безi iсiгi (12,17%), 3-шi орында — жуан және тiк шек iсiгi (9,46%), 4-шi орында терi iсiгi (9,46%), 5-шi орында — асқазан iсiгi (8,30%).

Есеп беру жылында халыққа онкологиялық көмек көрсетудi жақсартуға, соның iшiнде қатерлi iсiктердi ерте анықтау, бастапқы медициналық-санитарлық көмек мамандарын оқыту, скринингтiк тексерулердiң сапасын жақсарту, аудандарда онкологиялық кабинеттердi ашуға бағытталған кешендi iс-шаралар жүргiзiлдi.

Бұл шаралар ерте сатыда анықталған онкологиялық науқастардың үлесiн 55,8% дан 60,0% дейiн ұлғайтып және 5 жылға 0,8 % ден 50,9% дейiн өмiр жасын ұзартуға қол жеткiзiлдi.

«Саламатты Қазақстан» мембағдарламаны, кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектi дамыту бағдарламасын iске асырудың нәтижесiнде, 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда қан айналым жүйесi ауруларынан аурушаңдықты азайтуға қол жеткiзiлдi.

Осылайша, ҚАЖА аурушаңдық 11% азайды, (2014ж. 1936,5 тен 2015 ж. 1723,1 дейiн (ҚР 2014 жылы — 2394,7, 2015 жылы -2323,8).

Бiрақ, өлiм-жiтiм көрсеткiшi 14% ұлғайды (облыста 279,6 дан 326,5 дейiн; ҚР 207,7 ден 200,26 дейiн).

Осыған байланысты жедел жәрдем, бастапқы медциналық-санитарлық көмек және облыстық инсульттiк, кардиохирургиялық орталықтардың қызметiнiң өзара iс-қимыл жұмысын жақсарту қажет.

Психиатриялық және наркологиялық қызметтi оңтайландыру және үйлестiрудi арттыру үшiн облыста 2015 жылы облыстық ұйымдарды өңiрлiк ұйымдармен бiрiктiру жолымен қайта құрылымдау жүргiзiлдi.

Психикалық және наркологиялық бұзушылықтармен көрсеткiштер республикалық орташадан төмен және 2014 жылмен салыстырғанда психикалық 13%, және наркологиялық бұзушылықтармен 14% (облыста психикалық 2014 жылы 52,9 дан 2015 жылы 46,0 дейiн; ҚР 2015 жылы — 55,0), облыста наркологиялық 2014 жылы 164,7 ден 2014 жылы 143,2 дейiн; ҚР 2015 жылы -216,6).

Суицидтердiң алдын алу өзектi мәселе болып табылады. Осыған байланысты бейiндi қызметтер iшкi iстер департаментi, бiлiм басқармасының қатысуымен осы бағыттағы жұмысты күшейтсiн, суицидтердiң алдын алу мәселелерi бойынша мүдделi мамандарды оқыту жүргiзу.

Облыстың, әсiресе ауыл халқына сапалы қолжетiмдi медициналық көмектi қамтамасыз етуде, телемедицина маңызды роль атқарады.

Облыс бойынша 2011 жылдан 2015 жыл аралығында телемедицина арқылы кеңес беру 3,7 есеге және бейне кеңес беру 4 есеге (3323- кеңес беру, 1236 –бейнекеңес берулердiң) өскенi байқалады.

Телемедицина құралы арқылы 2015 жылы облыстың медицина ұйымдарымен 80 селекторлық мәжiлiс, сондай-ақ ғылыми орталықтардың мамандарын тарту арқылы 77 консультация өткiзiлдi.

Облыста санитарлық авиацияның 5 қызмет атқаруында 1930 шақыруға, орташа жыл сайын 386 шақырулар бойынша қызмет көрсетiлдi. 16 ұшу және санитарлық автокөлiкпен 369 шығу iске асырылды. Осылайша 237 пациент облыстық клиникаларға жеткiзiлдi, 67 оперативтiк араласулар жүргiзiлдi.

2016 жылы «Денсаулық» Мембағдарлама аясында санитарлық авиация қызметi және телемедицинаны одан әрi дамыту қарастырылған және медициналық ұйымдар жоспарланған iсшараларды iске асырылуын қатмамасыз ету қажет.

Мембағдарламамен амбулаторлық тегiн дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету, әсiресе бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары iске асыру жүйесiн жетiлдiру көзделген.

Бүгiнгi таңда дәрiлiк заттарды босатуды облыс бойынша БМСК ұйымдары жанынан ашылған 105 мемлекеттiк дәрiхана пункттерi, оның 81 ауылдық елдi мекендерде, сондай-ақ мемлекеттiк-жеке әрiптестiк аясында жеке құрылымдар (Атбасар «Жень-шень» ЖК (тек Атбасар қ.), Шортанды ауданында «Коровина» ЖК (8 ауылда), Степногорск қ. «Бокарева» ЖК арқылы iске асырылады.

Амбулаторлық дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi бюджеттен 2015 жылы — 1,3 млрд теңге бөлiндi.

2015 жылы тегiн дәрiлiк заттар алатын диспансерлiк науқастардың саны 121 мыңнан астам адамды құрады және тегiн дәрiлiк заттардың тiзбесi 400 аталымға дейiн кеңейтiлдi.

Есеп кезеңiнде «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру аяқталды, оның аясында халық денсаулығын қорғау саласында мемлекетiтк және үкiметтiк емес ұйымдардың қатысуымен облыста кең ауқымды iс-шаралар жүзеге асырылды. Халық денсаулығының ахуалы және денсаулық сақтау қызметiнде оң динамика және «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын iске асырудың кумуллятивтi қорытындысы болып табылады.

Мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың қорытындылары және халық денсаулығының ахуалының қол жеткiзiлген көрсеткiштерi слайта көрсетiлген:

  • 2015 жылдың қорытындысы бойынша күтiлетiн өмiр сүру жасы 2011 жылғы 66,69 қарсы 69,84 жасты құрады;
  • халық өлiмiнiң көрсеткiшi 19,8% азайып және 1 мың тұрғынға шаққанда 2011 жылғы 12,07 қарсы 9,67 құрады;
  • ана өлiмiнiң көрсеткiшi 19,8% азайып және 1000 тiрi туылғанға шаққанда 2011 жылғы 32,3 қарсы 32,3 құрады;
  • нәресте өлiмiнiң көрсеткiшi 37,9% азайып және 1000 тiрi туылғанға 2011 жылғы 15,8 қарсы 9,8 құрады;
  • халықтың туберкулезбен аурушаңдық көрсеткiшi 28,75% азайып және 100 мың тұрғынға шаққанда 102,3 қарсы 72,9 құрады;
  • халықтың туберкулезден өлiм-жiтiмi 44,4% азайып және 100 мың тұрғынға шаққанда 2011 жылғы 8,1 қарсы 4,5 құрады;
  • 2015 жылдың қорытындылары бойынша I-II сатыда анықталған қатерлi iсiктердiң үлес салмағы 52,8% құрады, ол 2011 жылмен салыстырғанда 19,9% көп (42,3%);
  • 2015 жылдың қорытындылары бойынша қатерлi iсiктермен науқастардың 5 жылдық өмiр сүру ұзақтығының үлес салмағы 50,9% құрады, ол 2011 жылдың деңгейiнен 2,9% артық (49,4%);
  • 15-49 жастағы топта АИТВ-инфекциясының таралуы 0,1 % құрады, 0,11% жоспарда.

Сонымен қатар есеп беру жылында Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму Министрi мен облыс әкiмдiгi арасындағы Меморандумда көзделген денсаулық сақтаудың бiрқатар көрсеткiштерiне қол жеткiзiлмедi, соның iшiнде: жалпы өлiм-жiтiм бойынша (индикатор — 10,11, факт — 10,36), ана өлiмi (индикатор — 15,7, факт — 25,9), қатерлi iсiктерден өлiм (индикатор — 125,5, факт — 128,38), жарақат және оқыс оқиғалардан өлiм (индикатор — 121,28, факт -122,33), медицина ұйымдарында ақпараттық технологияларды енгiзу (индикатор — 20%, факт — 1,3%), сондай-ақ денсаулық сақтаудың жаңа нысандарын енгiзу (план — 9, факт — 5).

Құрметтi әрiптестер!

«Бес институтционалды реформаларды iске асыру бойынша 100 нақты қадам» Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назабаевтың Ұлттық жоспарының негiзiнде, ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» жаңа Мемлекеттiк бағдарламасын орындау басталуда, ол денсаулық сақтаудың бар проблемаларын шешуге бағытталған, негiзгi құжат болып табылады.

Облыс халқының денсаулық көрсеткiшiн, денсаулық сақтауды дамытудың бар проблемаларын есепке ала отырып, 2016 жылға келесi басымды бағыттар айқындалды:

1) Ақмола облысы бойынша денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру бойынша iс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;

2) бастапқы медициналық-санитарлық көмектi жетiлдiру және дамыту;

3) Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму Министрi мен облыс әкiмдiгi арасындағы Меморандумда көзделген индикаторлық көрсеткiштерге қол жеткiзудi қамтамасыз ету;

4) бюджет қаражаттарын тиiмдi және оңтайлы пайдалану және медицина ұйымдарының кредиторлық берешектерiн азайту;

5) дәрiгер кадрларының тапшылығын азайту.

Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн 2016 жылға қарай нақты индикаторлар мен түпкiлiктi көрсеткiштер белгiлендi, олар ана өлiмiне жол брмеу, нәресте өлiмiн, туберкулез және басқа да аурушаңдықтарды азайту.

Мақсатты индикаторлардың мониторингi халық денсаулығын қорғау бойынша барлық деңгейлерде iске асырылып жатқан iс-шаралардың тиiмдiлiгiн объективтi бағалауға және сала қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгiн маңызды көтеруге мүмкiндiк бередi.

Айқындалған нәтижелерге қол жеткiзу үшiн ұйымдастырушылық басқару шаралары көзделген.

Бұдан басқа, әлеуметтiк медициналық сақтандыру аясында ынтымақты жауапкерлiктi енгiзу бiзге медициналық көмектiң сапасын және тиiсiнше облыс халқының денсаулық көрсеткiштерiн маңызды жақсартуға мүмкiндiк бередi.

 

Дата обновления статьи: 04.03.2016 12:45
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 83, индекс: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23