Медициналық қызмет көрсету

Денсаулық сақтаудың 587 нысаны қызмет атқарады, соның iшiнде: стационарлық көмек көрсететiн 31 ұйым, жедел медициналық жәрдем станциясы, қан орталығы, амбулаторлық-емханалық көмек көрсететiн 547 денсаулық сақтау ұйым, оның: 393 медицинлық пункт, 48 ФАП, 99 дәрiгерлiк амбулатория, 7 емхана, сондай-ақ 7 басқа да денсаулық сақтау ұйымы.

Ақмола облысында 436 дәрiгерлiк учаске жұмыс iстейдi, оның ЖПД — 251, педиатриялық участок — 83, терапиялық участок — 102.

2018 жылдың 1 наурызына ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi жүйесiнде облыс бойынша жалпы төсек саны 4785 құрайды.

Денсаулық сақтау жүйесiнiң қызметi қызметтердi ұсынуға жауапты кадр ресурстарының бiлiктi машықтары, бiлiмдерiне тiкелей байланысты.

2018 жылғы 01 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттiк медициналық ұйымдарда 2566 дәрiгер және 6450 орта медицина қызметкерi жұмыс iстейдi.

Кадрларды тарту бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Есеп беру кезеңiнде облысқа 64 дәрiгер кадр келдi (109 — кеттi), 321 орта медицина қызметкерi келдi (306 –кеттi).

Сонымен қатар, облыста кадр тапшылығы сақталуда және 95 дәрiгер мен 198 ОМҚ құрайды, дәрiгерлер арасында қоса атқару коэффициентi көп — 1,7 құрайды, осыған байланысты аудандық және қалалық деңгейдегi жергiлiктi атқарушы органдары медицина қызметкерлерiне қаржылай қаражат, тұрғын үй бөлу, әлеуметтiк қолдау көрсету бойынша жұмысты күшейту қажет.

Қазiргi уақытта жергiлiктi бюджет қаражаты және шаруашылық субъектiлерi қаражатының есебiнен медициналық ЖОО-да Ақмола облысы мектептерiнiң 217 түлегi бiлiм алуда.

Алдағы уақытта отбасылық қызмет көрсету қағидасына көшуге қатысты. ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасында халыққа отбасылық қызмет көрсету қағидасына кезең-кезеңмен көшу болжануда. Бiзге БМСК кадрлық әлеуетiн дамыту бойынша жұмысты күшейту қажет. Жоспарланған тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiнiң мәнi белгiлендi, жалпы дәрiгерлер санында дәрiгерлердiң үлесi 2020 жылға 26,6% дейiн қол жеткiзiлуi тиiс.

БМСК медициналық ұйымдарда жалпы практикадағы дәрiгерлерге (ЖПД) жүктемелердi азайту және учаскелердi ұлғайту үшiн қосымша 72 ЖПД учаскесi құрылды, 1 ЖПД тiркелген халық саны 1771 адамды құрайды. Бұдан басқа, учаскелiк педиатр мен терапевтерге жүктеме азайтылды. Жоспарда тiркелген халық санын 1 ЖПД учаскеде 1500 адамға дейiн жеткiзу.

2018 жылға қарай денсаулық сақтаудың күрделi шығыстарына 2 млрд. теңге бөлiндi, соның iшiнде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға — 1,3 млрд. теңге, күрделi жөндеулерге — 671 млн. теңге,

Медициналық ұйымдардың жалпы жарақтандырылуы 57,34% құрайды (2016 жылы — 56,35%).

Тегiн дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету

Мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiн енгiзуге байланысты тегiн дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде өзгергерiске ұшырады. Бюджет қаражатын тиiмдi пайдалану үшiн бiр мезгiлде сатып алу тетiктерiнiң ашықтығын қамтамасыз ететiн тегiн дәрi-дәрмектердi жеткiзудi орталықтандыру жүзеге асырылды.

2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасындағы тегiн дәрi-дәрмектердi орталықтандырылған сатып алуды жүзеге асыратын ұйым «СК-Фармация» ЖШС-нiң бiрыңғай дистрибьюторы болып табылады, ол өз кезегiнде белгiлi бiр жеке компаниялар арқылы логистиканы (тасымалдауды) және дәрiлiк заттарды сатуды жүзеге асырады.

Бүгiнгi таңда, Ақмола облысының бiрыңғай дистрибьюторы ретiнде («СК Фармация» ЖШС) 791 млн. теңгеге 282 дана тегiн дәрi-дәрмек жеткiзiлдi. Жүк тасымалдау облыстың барлық аудандары мен қалаларына жүргiзiледi. Жоспарланған жеткiзу жұмыстары жалғасуда.

Бүгiнгi күнгi жағдай тұрақты және мемлекеттiк органдардың бақылауында.

Еркiн рецепт немесе босатылған препараттарды заңсыз беруден бас тартқан жағдайда, сiз Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының жанындағы ақпараттық орталыққа (Call-орталығы) 25-73-99 телефоны арқылы хабарласуыңызға болады, ол тәулiк бойы жұмыс iстейдi және телефон бойынша арыздарды қабылдауды жүргiзедi. Сонымен қатар, қажеттi ақпаратты https://info.e-akmo.kz сайтынан ала аласыз.

Әрбiр медициналық ұйымда пациенттердi қолдау және iшкi бақылау бөлiмi бар, ол мәселелердi жеке негiзде қарастырады және шешедi.

Көрсеткiштер:

2018 жылғы 3 айда 2017 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда жалпы өлiм-жiтiм көрсеткiшi 6,6 % ұлғайғаны байқалады (1000 халыққа шаққанда 9,20 дан 9,49 дейiн). Жалпы өлiм-жiтiмнiң артуы бiрнеше себептерге байланысты: бұл пациенттердiң медициналық көмекке кеш жүгiнуi, тәуекел факторындағы тұлғалардың медицина қызметкерлерiнiң нұсқауларын жеткiлiксiз орындауы және халықтың ынтымақты жауапкершiлiгi төмен.

- өлiмнiң өсуi көбiне үлкен жастағы ересек топтарда, кәрiлiк 100 мың адамға 7,99-ды құрайды.

- 2018 жылғы 3 айда облыста 2748 нәресте дүние келдi, туу көрсеткiшi 1000 адамға шаққанда — 3,7 құрады (2017 ж. — 2549 бала, көрсеткiш — 3,4). Нәресте өлiмiнiң көрсеткiшi 50% ұлғайып және 1000 тiрi туылғанға 4,7 құрады. Облыстық көрсеткiштен жоғары келесi аудандарда Ақкөл, Бурабай, Есiл, Қорғалжын аудандары, Степногорск қаласы.

2018 жылдың 3 айында 1 ана өлiмiнiң оқиғасы тiркелдi (Целиноград ауданы) және көрсеткiш 280,1 құрады (2017 жылы бұл аралықта ана өлiмi тiркелмеген).

2018 жылы облыс бойынша келесi аурулар төмендегенi байқалады: туберкулезбен аурушаңдық көрсеткiшi — 8,8% (100 мың тұрғынға 14,8), қан айналым жүйесi аурулары — 33,9% (100 мың тұрғынға шаққанда 252,8), гипортоникалық ауру — 28% ға 120,3.

Сонымен қатар, көрсеткiштерi жоғарылаған ауру да бар: психикалық бұзушылықтармен — 23,9% (100 мың тұрғынға шаққанда 11,9), қатерлi iсiктер — 5,8 % (100 мың тұрғынға шаққанда 56,2).

2018 жылдың 3 айында 2017 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда жалпы өлiм-жiтiм көрсеткiшi 6,6 % ұлғайғаны байқалады (1000 халыққа шаққанда 2,26 дан 2,41 дейiн). Туберкулезден өлiм деңгейi төмендеген және 2017 ж. 0,14 қарсы 0,68 құрайды. Қатерлi iсiктерден өлiм-жiтiм азайған және 2017 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 24,09 қарсы 28,00 құрады.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттiк бағдаралмасын жүзеге асыру мақсатында Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасымен келесi iс-шаралар өткiзiлуде:

- қан айналым жүйесi ауруларынан өлiм көрсеткiшiн төмендету үшiн:

1) 2017 жылы №2 Ақмола облыстық ауруханасы, Атбасар көп бейiндi ауданаралық ауруханасы базасында 2 инсульттiк орталық ашылды, олар қымабат тұратын жабдық — компьютерлiк томографпен жарақтандырылды. Орталықтардың негiзi мiндетi ауруларға сапалы диагностика жүргiзу және сәйкесiнше емдеу, сондай-ақ жаңғырту бойынша МЖӘ шеңберiнде Бурабай КБА инсульттiк орталық ашылып және компьютерлiк томограф алынатын болады.

2) «Кадиометр» ЭКГ түсiруге арналған дистанционды кешендер табысты жұмыс iстеуде, ол пациентке шыққанда ЭКГ түсiруге және сол жерде салыстыру жасап және қажеттiлiгiне қарай облыстық аурухана жанындағы Кардиологиялық орталықтың кардиологынан кеңес беруге мүмкiндiк бередi.

- Көкшетау қ. емханаларында артериалды гипертензия, қант диабетi, созылмалы жүрек жетiспеушiлiгi үш нозология бойынша ауруларды басқару пилоттық Бағдарламасы енгiзiлдi (облыс 7 пилоттық өңiрге кiрмедi, өздiгiнен енгiздi). Оның мақсаты пациенттердiң артериалды қысымын тұрақтандыру, қант диабетiмен пациенттер арасында қан көрсеткiштерiнiң оң дианмикасы, пациенттердiң емделуге, соның iшiнде созылмалы жүрек жетiспеушiлiгiмен жату оқиғаларын азайту және пациенттер арасында мүгедектiк деңгейiн азайту болып табылады.

- облыстың 6 өңiрiнде «Джен Эксперт» аппараты жұмыс iстейдi, ол туберкулездi 2 сағаттың iшiнде, соның iшiнде негiзгi медициналық препараттарға тұрақтылық сипатын диагностикалауға мүмкiндiк бередi. Бұрын зерттеулердiң бұндай жүргiзуге бiр айдан үш айға дейiн кететiн. Дегенмен «Джен Эксперт» бойынша жұмыста зертханашылардың биоматериалдармен контактi болмайды, ол медицина қызметкерлерiн туберкулездi жұқтырудан сенiмдi қорғауды қамтамасыз етедi. Бұдан басқа, туберкулез науқастар туберкулезге қарсы препараттарды үздiксiз қабылдау үшiн «Спутник» бағдарламасы енгiзiлдi, осылайша медицина қызметкерi пациенттiң үйiне шыққанда пациент онсыз препараттарды қабылдайды.

Ауруларды ерте анықтау скринингi кiретiн, скринингтiк бағдарлама жүзеге асырылуда. Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының Ақмола облыстық филиалының деректерi бойынша 01.03.2018 жылы скринингтiк қарап/тексерумен:

Қан айналым жүйесi аурулары — 3001 адам;

қант диабетi — 19975 адам;

жатыр мойыны iсiгi — 471 адам;

сүт бездерi iсiгi — 172 адам;

глаукома — 3765 адам қамтылды.

- барлық ЕПҰ пациенттердi қолдау және iшкi аудит қызметi жұмыс iстейдi;

- әлеуметтiк қызметтерге мұқтаж азаматтарға материалдық-тұрмыстық көмектi ұйымдастыру және моральдық-құқықтық қолдау көрсету мақсатында БМСК деңгейiнде әлеуметтiк қызметкерлер институты қызмет атқаруда, олардың жалпы саны 183 адамды құрайды.

1 қаңтардан бастап облыста ағымдағы жылы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Кешендi медициналық ақпараттық жүйенi (КМАЖ) қолдану арқылы қағазсыз құжат айналымына көшу бойынша пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап КМАЖ арқылы қабылдауға 679385 адам жазылды, оның iшiнде: дәрiгердiң жеке кабинетi арқылы — 333946 (50%) және пациенттiң жеке кабинетi арқылы — 8117 (1,2%); жазып берiлген электрондық рецептер — 1359; электрондық денсаулық паспорты толтырылды — 711376 (762853-тен 93,2%). Пациенттер үшiн «Damumed» мобильдi қосымша әзiрлендi — онда 5425 адам тiркелдi (КМАЖ базасында облыстық әзiрлеме).

КМАЖ-да бекiтiлген 127 медициналық нысанның iшiнен 83-i енгiзiлдi.

37 медмекеменiң iшiнен 30-ы қазiргi уақытта 20 нысан бойынша жұмыс iстеуде, қыркүйекке дейiн 37 медмекеменi электронды нысанға толық көшiру жүргiзiлетiн.

Құрылған күні: 16.04.2015 17:34
Жаңартылған күні: 20.04.2018 15:42
Қаралым саны: 2806

Қаз Рус Eng