A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруды енгiзу жөнiндегi ақпараттық-түсiндiру жұмысы

Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруды енгiзу жөнiндегi ақпараттық-түсiндiру жұмысыМiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруды енгiзу жөнiндегi ақпараттық-түсiндiру жұмысының үшiншi кезеңiнiң аясында ағымдағы жылғы 16 ақпанда Есiл ауданында денсаулықты қорғау жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң көшпелi отырысы өткiзiлдi; а.ж. 17 ақпанда Жарқайың ауданында денсаулық сақтау басқармасының кеңейтiлген алқа отырысы өттi. Iс-шаралар аудандар, Көкшетау және Степногорск қалалары әкiмдерi орынбасарларының — жұмысшы ақпараттық-түсiндiру топтары басшыларының, сондай-ақ облыстың денсаулық сақтау ұйымдары бас дәрiгерлерiнiң қатысуымен өткiзiлдi.

Отырыстардың барысында аудитория мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруды енгiзумен байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына енгiзiлген түзетулер туралы ақпараттандырылды.

Қазақстанда үздiк әлемдiк тәжiрибелердi ескере отырып, медициналық сақтандырудың аралас моделi енгiзiлетiн болады.

Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруды енгiзу жөнiндегi ақпараттық-түсiндiру жұмысыТүзетулердi ескере отырып, ерекше санаттың азаматтарына мемлекет жарнасының ставкасын түзетудi ескере отырып, орташа айлық еңбекақының 7%-ын құрайтын болады. Бұл жағдайда, ставка көлемi кезең-кезеңмен ұлғайтылады және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 4%, 2019 жылдан бастап 5%, 2024 жылдан бастап 6% және 2025 жылдан бастап 7%-ды құрайды.

Жұмыс берушiлер жарналары ставкасының жалпы көлемi кiрiстен 5% құрайды, бұл жағдайда аудару 2020 жылға дейiн бiр пайызға жыл сайынғы ұлғаюымен ағымдағы жылдың шiлде айынан бастап 2% көлемiнде басталады.

Қызметкерлермен жарналарды аударуы 2019 жылғы қаңтардан басталады және кiрiстен 1% құрайды, 2020 жылғы қаңтардан бастап — 2%.

Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.

Дата создания статьи: 21.02.2017 09:22
Дата обновления статьи: 21.02.2017 09:22
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23