A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы

«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасыЖШС «Белсендi туризм және демалыс орталығы»
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бейбiтшiлiк көш., 54 «А»
Тел/факс: 8(7172) 39-83-50
Е-mail: t.fedas@mail.ruraft-diving@mail.ru

«Нұра өзенiндегi рафтинг» атты туристiк
маршруттың технологиялық картасы

Шығу орны:

Астана

Қайту орны:

Астана

Басталар жері:

Қорғалжың ауылы (Қорғалжың ауданы, Ақмола облысы)

Маршруттың ұзындығы:

соның ішінде:

150 км

130 км – автокөлікпен басталар жерге дейін

20 км – Нұра өзенімен үрмелі салмен (рафтпен) жүзу

Саяхат ұзақтығы:

1 күн (түнеусіз)

2 күн (1 түн)

 

Топтағы туристер саны:

10 адамнан 30 дейін

 

Маусымдылығы:

 

Жаз айы /ЭКСПО-2017 үшін (1 маусымнан 15 қырқүйекке дейін)

 

дейін

Ең қолайлы мерзім:

1 маусым – 15 қырқүйек

 

Маршрут типі

Су туризмі (активті)

Маршрут түрі

Сызықтық

 

Қатысушылар тобы

Қазақстандықтар, Ресейліктер, Еуропа, Азиа елдерінің туристері

Шет тілді гид аудармашылар болуы

Шетелдік туристерге қазақ, ағылшын, неміс тілді гид аудармашылар қызмет көрсетеді.

Туристік автобустарға арналған тұрақ

Қорғалжың ауылы ортасында арнайы тұрақ бар, қонуға мүмкіншіліктер жасалған.

Қоғамдық дәретханалардың болуы

Қорғалжың ауылы аймағында Визит-Центр орталығында арнайы жабдықталған қоғамдық дәретхана бар.

Нұра өзенімен жүзу барысында туристер өздерімен алып шыққан био дәретханаларды пайдаланады.

Гид инструктор-нұсқаушылардың кәсіби дайындығы

Гид инструктор - нұсқаушылар су туризмінен 1 спорттық разрядтан төмен емес, гид жұмысына дайындық курстарынан өткен сертификаттары, жұмыс тәжрибесі болуы шарт.

Туристік нысанға бағытталған жол көрсеткіштер болуы

Астана - Қорғалжың автожолы бойында жолбойы елді мекендер туралы белгілер орнатылған.

Қорғалжың ауылынан Бірлік және Өркендеу аралығында тас төселген жол және 12 шақырымдық дала жолы бар

Веб-сайт қазақша, орысша, ағылшын тілінде

2016 жылғы жаз маусымында ЦАТИО 3 тілде веб сайт жасамақ

Нұра өзенiмен саяхаттау барысындағы қызмет көрсету:

Астана қонақүй — Қорғалжың аудан орталығына қонақүйге келу

Елді мекендер, арақашықтықтары, келіп жету, кету мерзімдері

Жоспарланған туристік қызмет түрлері. Қозғалыс тәсілдері

 

Маршруттағы жолаушыларды тасымалдау түрі

 

Нұра өзені бойымен 1-күндік маршрут

 

Астана қаласы – Қорғалжың аудан орталығына көлік трассасы бойымен – 130 км.

Астанадан шығу мерзімі 8.00

Қорғалжыңға келіп жету мерзімі 9.30

Жолға шығу: 11.00

Маршруттың ұзындығы: 20 км

Қорғалжың - Бірлік аралығы: 10 км

Бірлік - Өркендеу аралығы: 10 км

Өркендеу - Қорғалжың аудан орталығы - 12 км.

Қорғалжыңнан Астана бағытында жолға шығу: 20.00

Астанаға келу уақыты: 21.30

7.00. Жолға дайындалу уақыты. Астана қонақүйінен

8.00. Жолға шығу уақыты

9.30. Қорғалжың ауылына келіп жету уақыты. Аманжоловтар қонақжайлылық үйінде таңғы ас ішу.

10.00. Нұра өзені жағасына жиналу. Суда қауіпсіздікті сақтау, тур бағдарламасы туралы инструктаж өткізу. Құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Саяхатшыларды салға отырғызу тәртібімен таныстыру. 

11.00. Инструктор-нұсқаушымен суда жаттығулар жасау. Жолға шығу.

8 орындық үрлемелі «Рафт» типтес салмен Нұра өзенімен жүзе отырып Қорғалжың аудан орталығынан. Бірлік ауылына жүзіп келу. Суретке бейне таспаға түсіру. Жергілікті жер туралы, табиғат нысандары, жануарлар мен өсімдіктер туралы инструктор-нұсқаушы таныстырады.

Дала қосы жағдайында. Бірлік ауылы түсында түскі ас ішу. Қысқа мерзімді демалыс. Өркендеу бағытымен сапарды жалғастыру.

 

17.00. Өркендеу елді мекеніне жету. Ұлттық нақышта құрылған киізүйде кешкі ас ішу. Қазақтың ұлттық тағамдарымен танысу және тамақтану.

 

19.00. Өркендеу - Қорғалжың аудан орталығы бағытында жолға шығу. Топты жинақтау.

20.00. Туристерді Астанаға шығарып салу.

Туристерге арналған, жабдыдықталған автобус

 

 

  

 

 

 

Микроавтобус.

Туристерге арналған жабдықталған автобус

 

2-күндік маршрут

 

1-ші күн

Астана – Қорғалжың аудан орталығына көлік трассасы бойымен – 130 км

Астанадан шығу мерзімі: 9.00

Қорғалжынға келіп жету 10.30

Мұражай визит-орталығы ГПЗ - 11.00 

Қорғалжың маңындағы Нұра өзені

Жолға шығу: 14.30

Маршруттың ұзындығы: 20 км

Қорғалжың - Бірлік аралығы: 10 км 

2-ші күн 

Бірлік - Өркендеу аралығы: 10 км

Өркендеу - Қорғалжың аудан орталығы - 12 км 

Аудан орталығынан шығу мерзімі Қорғалжың - Астана бағытымен: 17.00 – 130 км

Астанадан келу мерзімі: 18.30

8.00. Астана қонақүйінде туристерді жинау

 

9.00. Астанадан Қорғалжың аудан орталығына автокөлікпен шығу.

10.30. Қорғалжың ауылына келіп жету уақыты. Аманжоловтар қонақжайлылық үйінде таңғы ас ішу. 

11.00. Визит-орталығы. Қорғалжың мемлекеттік - табиғи қорық мұражайына экскурсия жасау. Экскурсовод қызметі.

12.30. Нұра өзені жағасына жиналу. Суда қауіпсіздікті сақтау, тур бағдарламасы туралы инструктаж өткізу. Құрал - жабдықтармен қамтамасыз ету. Саяхатшыларды салға отырғызу тәртібімен таныстыру.

13.30. Инструктор-нұсқаушымен суда жаттығулар жасау. Жолға шығу.

14.30. Жолға шығу. 8 орындық үрлемелі «Рафт» типтес салмен Нұра өзенімен жүзе отырып Қорғалжың аудан орталығынан Бірлік ауылына жүзіп келу. Суретке, бейне таспаға түсіру. Жергілікті жер туралы, табиғат нысандары, жануарлар мен өсімдіктер туралы инструктор-нұсқаушы таныстырады.

18.00. Дала қосы жағдайында Бірлік ауылы тоқтау (түнеу). Ұлттық тағамдармен танысу. Бос уақыт. Демалыс. Балық аулау. 

8.00. Таңертенгі ас ішу. Құрал жабдықтарды жүзуге дайындау. 

10.00. Өркендеу ауылына дейін жүзіп өту.

Суретке бейне таспаларға түсіру. Суға шомылу. Балық аулау.

14.00. Өркендеу елді мекеніне жету. Ұлттық нақышта құрылған киізүйде кешкі ас ішу. Қазақтың ұлттық тағамдарымен танысу және тамақтану.

16.00. Өркендеу - Қорғалжың аудан орталығы бағытында жолға шығу. Топты жинақтау. 

17.00. Туристерді Астанаға шығарып салу

Туристерге арналған жабдықталған автобус

 

  

 

Микроавтобус.

Туристерге арналған жабдықталған автобус

Турдың ақпараттық сипаттамасы

1-күндiк тур

Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласынан — аудан орталығы Қорғалжыңға дейiн 130 шақырым.оңтүстiк бағытта орналасқан. Қорғалжың ауданы 1928 жылы құрылып Акмола облысына 1944 кiрдi. Далалы-көлдi аймақ балық, су құстарына бай өлке. Қорғалжың, Қоқай, Шаған, Қайбшалқар, Қаражар, Ұзынкөл, Жәнiбек көлдерi құстар мекендеп ұя салатын мекен. Тек қана осы су айдындарында қызғылт қоқиқазды кездестiре аламыз.1968 жылы Қорғалжың қорығы ашылды. Ауданның негiзгi мамандану бағыты — ауыл шаруашылығы. Жергiлiктi жер сортаңдармен қатар шағын көлдерге бай.

Жергiлiктi жерде сүткөректiлердiң — 35, құстардың — 260, бауырымен жорғалаушылардың — 5, қосмекендiлердiң — 2 түрi мекендейдi.

Өзендер мен көлдерде балықтың 10 түрi кездеседi. Сүткөректiлердiң iшiнде кемiрушiлер басым. Олар — дала суыры, далалық қояндар. Жыртқыштар отрядының 8 түрi: қасқыр, түлкi, қарсақ, борсық. Тұяқтылардан — ақбөкен, қабан, бұлан, елiк.

Аудан аумағында 8 ауылдық округ және 26 елдi мекендер орналасқан (Қорғалжың, Сабынды, Қызылсай, Арықты, Кеңбидайық, Амангелдi және басқалары).

Қорғалжың туризмдi дамытуға үлкен мүмкiншiлiгi бар аудан. Дала және көл айдындары шаруашылық әрекетке аз пайдаланылған,адамдардың аз қоныстанған аймағы. Қорғалжың қорығы — Орталық Азияда теңдесi жоқ ерекше қорғауға алынған аймақ болып саналады. Астана қаласынан небәрi 130 шақырым қашықтықта жатыр.

Өзiндiк ландшафт, алуан түрлi жануарлар дүниесi, жергiлiктi түрғындардың қонақжайлылығы, көне ескерткiштер,өзiндiк ұлттық нақышы бар бұл өлке жылдан жылға мыңдаған қазақстандықтар мен шетелдiк туристердi қабылдауда. Республикадағы ең iрi Визит Орталық осында.

Тарихи ескерткiштер — Ботоғай (Бытығай) мавзолейi. Қорғалжыңнан небәрi 3 шақырымда Нұра өзенiнiң сол жағалауында орналасқан. Ботоғай ортағасырлық бетше босағалық — күмбездiк кесене болып келедi. Қазақстандағы жалғыз ортағасырлық кесене болып табылады. 1862 жылы Ботоғай кесенесiнiң суретiн қазақтың ұлы этногрф ғалымы Шоқан Уәлиханов салған. Көптеген саяхатшылардың сызбалары мен сипаттамаларына қарағанда, Ботоғай Қазақстанның сәулет-құрылыс өнерiнiң көрнектi үлгiлерiнiң бiрi болып табылады. ХIХ ғасыр ортасында кесене бiршама жақсы күйде болды, өкiнiшке орай бүгiнгi күнде ол қираған құрылыс үйiндiсi болып табылады. Солтүсттiк Қазақстанның дала тұрғындары кесене салғанда саз кiрпiштi пайдаланған. Ботоғай мовзелей кесенесi күйдiрiлген кiрпiш және алебастр ерiтiндiсiн пайдаланған. Бұл тәсiл көбiнесе оңтүстiк өңiрге тән. Ботоғай құпиясы әлi күнге дейiн шешуiн таппай отыр.

Қаныкей кесенесi шикi саз балшықтан жасалынған. Нұра өзенiнiң оң жағалауында Өркендеу ауылынан солтүстiкке қарай 4 шақырым жерде орналасқан ( XVIII — XIX ғасырларда салынған).

Гидрологиялық торы. Ең iрiсiне Нұра өзенi, Құланөтпес Қон саласымен, уақытша пайда болатын Керей және Қыпшақ, Терiсаққан Көкпекты саласымен жатады.

Нұра өзенiндегi су маршруты. Нұра өзенi Қарағанды облысы аймағындағы таулардан басталып Қорғалжың көлiне келiп құяды. Барлық өзен бойында ағысының жылдамдығы 5 км/сағат. Өзен арнасы тұрақты ирелеңдеп келгендiктен көктем және жаз айларында су туризмiмен айналысуға өте қолайлы.

Өзен жағалауы мен арнасы сазды топырақты, бiр жағалауы тiк, биiк жарлы болса, екiншi жағалауы жатық болып келедi ұра жағалауы қамысты, талды-бұталы. Олардың iшiндегi жабайы құстарды саяхатшылар мен туристер фотоға түсiрiп және мылтықпен аңшылыққа шығады. Жануарлар дүниесiнен: сүткоректiлердiң 55 түрi, құстардың 180 түрi, балықтардың 30 түрi кездеседi.

Сирек кездесетiн — балобан, бүркiт, дуадақ, тырна, дала қыраны, бұйра бiрқазандар, дуадақ, қоқиқаз Қызыл кiтапқа енгендер.

Өзенде балықтың төмендегi түрлерi кездеседi: шортан, тұқы, сазан, табан, сазан, көксерке, торта, қарабалық. Балықтың көп түрлiлiгi балық аулаушыларды қызықтырады. Салмен жүзу барысында балық аулау өте қызықты iс — әрекет болып табылады. Маршрут Қорғалжың ауылынан 20 шақырымдық қашықтықта орналасқан Өркендi ауылына дейiн. Дала жолына дейiн небәрi 12 шақырым.

Қорғалжың мемлекеттiк қорығы – 1968 жылы ұйымдастырылған ең iрi қорық. Оған Теңiз — Қорғалжың көлдер жүйесiнiң бiразы енедi (Қорғалжың, Теңiз). Бұл жерлер дүниежүзiлiк маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тiзiмiне енгiзiлген.

Қорық аумағы 237 мың га, оның 199,2 мың га су айдынын құрайды, жағалауы қалың қоғалы, қамысты келедi. Қоға мен қамыс су айдынының 70-80%-ын алып жатыр. Арасында дала өсiмдiктерi де кездеседi. Теңiз көлiнiң алып жатқан аумағы 1590,0 км2, ұзындығы 74,4 км, енi 32 км. Жағалау сызығы 488,0 км. Ащы, тұзды суы бар көл ТМД елдерi арасында 12 — орында тұр. Көл суы мұхит суының тұздылығынан 5-6 есе асып түседi. Тенiз және Қорғалжың көлдерi бiр-бiрiмен жалғасып жатыр.

Климаты қатаң континенттiк. Жылбойы, айлап және тәулiк iшiнде ауа температурасының алшақтығы және құрғақшылығымен ерекшеленедi. Қантардың орташа температурасы — 17°С, маусым айының орташа температурасы +20°С.

Қорық флорасы күрделi гүлдi өсiмдiктердiң 300 түрiнен тұрады. Оның жартысы далалық өсiмдiктер. Ағаштар кездеспейдi, 12 түрлi бұталы өсiмдiктер өзен арналарында, жайылмаларында таралған: бұталы талдар, итбұлдiрген. Далаларда кiшiгiрiм массивтерде тобылғы мен қараған өседi. 45 сирек кездесетiн эндемикалық өсiмдiкттер қорықта қорғауға алынған: Шренк қызғалдағы (Қазақстанның қызыл кiтабына енген) қосгүлдiлер, көк-көкшiл жуа, оралдық мия, дәрiлiк алтей, қара жусан және басқалары.

Қорғалжың фаунасы жергiлiктi жерге бейiм сүтқоректiлердiң 38 түрi, құстардың 274 түрi, бауырымен жорғалаушылардың 6, қосменкендiлердiң 2, қоңыздардың 300, балықтардың 11 түрi таралған. Бұл өлкенiң көркi болып қызғылт қоқиқаз саналады. Ең солтүстiкте орналасқан ұя салу коллониясы осында.

Ерекше қызыл кiтапқа енген — тырна- аққу, түлкi және — дала зонасын мекендейтiн құстар мен жануарлар. Бiрақ анда — санда қорғалатын аумаққа Солтүстiк Қазақстан мен Батыс Сiбiрдiң ормандарын мекендейтiн жануарлар — сiлеусiн, елiк, бұландар кiрiп кетедi. Далалы және көлдi жерлердi мекендейтiн өсiмдiктер мен жануарлардың бай жәдiгерлер жиынтығы жиналған музей бар.

Туристердердiң тамақтануы. Қорғалжың ауылындағы киiз үйдегi кафеде. Аманжоловтар қонақжайлылық үйiнде таңғы ас iшiледi. Онда жергiлiктi өнiмдерден жасалған ет ,балық, сүт, қаймақ, түрлi салаттар ұсынылады.

Түскi ас дала жағдайында Бiрлiк ауылында берiледi. Жергiлiктi тұрғындар дайындаған тағам өнiмдерi ұсынылады. Ас мәзiрi бойынша 3 тағам түрiнен басқа әртүрлi сусындар (шай, сүт, қымыз, минералды су) берiледi.

Кешкi ас Өркендеу ауылында киiз үйде этношоу көрсету үстiнде iшiледi. Қазақ дастарханы туралы мәлiметтер берiледi ұлттық тағамдардың дәмiн татады.

2-күндiк тур

Қорғалжың мемлекеттiк табиғи қорығының визит — орталығында болу. Мұражайда экскурсия жергiлiктi экскурсоводтың көмегiмен өтiледi.

Визит-орталық «Құстар жұмағы» — Қорғалжыңның бетке ұстары. Мұражайға келушiлер қорық туралы құнды деректермен танысады. Экологиялық бiлiм ордасы деседе болады. Онда орталық және су залы, дала залы, қысқы бақ, аңызға толы дәлiз, экологиялық балалар бөлмесi және кинозал орналасқан. Негiзгi мақсаты қорық аймағының бiрегей, қайталанбас ерекшелiктерiмен таныстыру.

Орталық зал су батпақ кеңiстiгi әлемiмен таныстыра отырып Теңiз, Қорғалжын көлдерiнiң тiршiлiк үшiн маңыздылығымен таныстырады. Су құстарының iшiнде солтүстiкте ұя басуға арнайы Теңiз-Қорғалжың көлiне келетiн ерекше құстың бiрi қоқиқаз т.б. құстар туралы деректер берiледi. Диорама — құстарды тек көрiп қана қоймай, олардың даустарын телеэкран арқылы да ести алады.

Тарих залы Қорғалжың қорығының ашылу кезендерiмен таныстырады. Өлкенiң тарихы, мәдениетi, этнографиясы туралы деректерге толы. Экскурсовод керемет көлдердiң пайда болуы туралы мәлiметтер бере алады.

Дала залы. Негiзiнен диорамаларда дала жануарлар дүниесi туралы деректер бередi. Әсiресе ақбөкендер диорамасы еске қаларлық. Туристер олардың өздерiмен таныса отырып дауыстарын да ести алады. Ол үшiн телеэкран дыбыс бөлгiштермен қамтамасыз етiлген. Немiс режиссеры түсiрген суыр туралы деректi фильмдi тамашалай аласыздар.

Қысқы бақ. Экскурсия барысында визит орталықтың туристерге дамалу үшiн жасаған демалыс орны. Дала тiршiлiгiнен кейiн адамдар жаңа бiр ортаға түскендей болады. Кең бөлмеде жұмсақ диванда, жасыл өсiмдiктерге толы ортада кiшiгiрiм сарқырама жанында тынығады.

Су залы. Экскурсия барысында Теңiз — Қорғалжың көлдерi жүйесiмен саяхаттай отырып көлдер мен оларға келiп құятын кiшiгiрiм өзендер туралы мәлiметтер алады. Осында мекен ететiн аққу, бiрқазан, үйрек, балықшы құстардың дауыстарын естидi.

«Су асты әлемi» диорамасында өзен түбiндегi тiршiлiкпен танысуға болады.

Визит-орталықта кинозал бар. Ғылыми танымдық фильмдерден Теңiз-Қорғалжың көлдер жүйесi туралы «Қорық жерiнiң құпиясы» атты фильмдi көре аласыздар. Ол фильм 1,5 жыл түсiрiлген. Фильмдi түсiрушiлер жыл маусым ерекшелiгiне қарай мультипликацияны пайдалана отырып түсiрiлген. Фильм ГЭФ/ПРООН/ жобасы арқылы түсiрiлген. Халықараралық маңызы бар, қорғауға алынған батпақты-сулы жерлердiң тiзiмiне енген.

Кәдесый дүкенi. Жергiлiктi шеберлер қолынан шыққан кәдесыйлар, буклеттер, открыткалар, фотосуреттер сатылады.

Нұра өзенiмен сумен жүзiп өту. Қорғалжыңнан Өркендеуге дейiн маршрут қашықтығы 20 км.

Палаткалық лагерьде түнеу. Бiрлiк ауылы маңында туристер 2 және 4 адамдық ыңғайлы палаткаларға орналастырылады. Лагерьде тамақтану мен тұруға қажеттi жағдайлар жасалған.

Нұра өзенiнде балық аулау. Өзенде шортан, тұқы, сазан, табан, күмiс және алтын мөңке балық, алабұға, торта, оңғақ, аққайран, торта, көксерке, нәлiм, таутан, теңге балығы балықтары бар. Туристерге балық аулауға арналған жабдық, саймандар жалға берiледi. Балық аулауды өзенде жүзiп жүрiп те, тұрақтағы демалыс уақытында да жүзеге асыруға болады.

Саяхатты фотоға, видео (таспаға) түсiру. Оператор саяхат барысында басынан аяғына дейiн барлық туристердiң жүзу кезiн, тұрақтағы демалыс уақытын түсiрiп отырады. Саяхат соңында әрбiр қатысушы дискiге жазылған видеофильмдердi алатын болады.

Микроавтобуспен жүру Өркендеу ауылынан Қорғалжың аудан орталығына дейiн. Микроавтобусты арендаға (жалға) алу Қорғалжыңда (алдын ала) iске асады.

Астана қаласына әр түрлi сиымдықтағы (қатысушы санына қарай) жақсы жабдықталған автобуспен кiредi.

Астанаға қаласына келу, туристердi тұратын қонақ үйлерге орналастыру.

«Нұра өзенiмен жүзу турының» бағасы (10 адамдық топқа арналған)

Аты

Сумен саяхатты ұйымдастыру (жабдықтарды жалға беру гид қызметі ), теңге/адам.

Тамақтануы, теңге

Фото, бейне жазу, теңге/1 адам.

 

Визит-Орталықта болу ГПЗ (1 адамға)

 

Көліктік тасымалы, теңге

Жалпы бағасы, тг. (10 адамдық топқа арналған)

Жалпы бағасы, тг. (15 адамдық топқа арналған)

Автобус

Астана-

Қорғажың-

Астана

Микроавтобус Қорғалжың - Өркендеу - Қорғалжың

1-күндік тур

10 000

3 мезгіл – 4 000

2 000

-

3 500

1 000

20 500

19 200

2-күндік тур

20 000

4 мезгіл – 5 000

4 000

400

5 000

1 000

39 000

33 600

Фотосуреттер

«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы«Нұра өзеніндегі рафтинг» атты туристік маршруттың технологиялық картасы

 

Дата создания статьи: 22.06.2016 16:14
Дата обновления статьи: 22.06.2016 17:16
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-72-98

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23