A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/98 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қазандағы №А-9/496 қаулысы


«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/98 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/98 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4136 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2014 жылғы 5 маусымда жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
    жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның түпнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентінде:
      келесі мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
    «11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара әрекетінің, рәсімдер (әрекеттер) кезеңділігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара әрекет етудің тәртібін және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау осы Регламенттің 3-ші және 4-қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестердің анықтамалығында көрсетіледі.»;
    осы қаулының 1-ші және 2-қосымшаларына сәйкес 3-ші және                     4-қосымшалармен толықтырылсын;
    жоғарыда көрсетілген қаулымен бектілген «Медициналық  қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентінде:
      келесі мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
    «11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара әрекетінің, рәсімдер (әрекеттер) кезеңділігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара әрекет етудің тәртібін және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау осы Регламенттің 3-ші және 4-қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестердің анықтамалығында көрсетіледі.»;
    осы қаулының 3-ші және 4-қосымшаларына сәйкес 3-ші және 4- қосымшалармен толықтырылсын.
    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің  орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.
3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа  енгізіледі.

Ақмола облысының әкімі
С. Кулагин

Дата обновления статьи: 21.05.2015 10:25
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 83, индекс: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23