A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/19 «Айдабол, Зерендi, Майбалық, Қараүңгiр, Сұлтангелдi, Теңiз, Қопа көлдерiнiң, Террiсаққан, Жабай, Селетi, Колутон, Шағалалы, Қылшақты өзендерiнде су қорғау аймақтары мен белдеулерiн және оларды шаруашылыққа пайдалану режимiн белгiлеу туралы» қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 3 сәуiрдегi № А-4/126 қаулысы

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/19 «Айдабол, Зерендi, Майбалық, Қараүңгiр, Сұлтангелдi, Теңiз, Қопа көлдерiнiң, Террiсаққан, Жабай, Селетi, Колутон, Шағалалы, Қылшақты өзендерiнде су қорғау аймақтары мен белдеулерiн және оларды шаруашылыққа пайдалану режимiн белгiлеу туралы» қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң 39-бабындағы 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағы 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысымен бекiтiлген Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережесiнiң 5-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Айдабол, Зерендi, Майбалық, Қараүңгiр, Сұлтангелдi, Теңiз, Қопа көлдерiнiң, Террiсаққан, Жабай, Селетi, Колутон, Шағалалы, Қылшақты өзендерiнде су қорғау аймақтары мен белдеулерiн және оларды шаруашылыққа пайдалану режимiн белгiлеу туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/19 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3312 болып тiркелген, 2009 жылғы 16 мамырда «Акмолинская правда» және «Арқа ажары» газеттерiнде жарияланған) келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:

жоғарыда көрсетiлген қаулының кiрiспесi келесi мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiне, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:»;

1-қосымшадағы:

«Айдабол, Зерендi, Майбалық, Қараүңгiр, Сұлтангелдi, Теңiз, Қопа көлдерiнiң, Террiсаққан, Жабай, Селетi, Колутон, Шағалалы, Қылшақты өзендерiнде су қорғау аймақтары мен белдеулерi» кестесiнде:

6-бағанда:

«25» цифрлары «35» цифрларына ауыстырылсын;

«30» цифрлары «35» цифрларына ауыстырылсын;

осы қаулының қосымшасына сәйкес 2-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Р.Қ. Әкiмовке жүктелсiн.

3. Осы облыс әкiмдiгiнiң қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облысының әкiмi
Қ. Айтмұхаметов

 

«КЕЛIСIЛДI»

Қазақстан Республикасы

Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгi

Су ресурстары комитетi

Су ресурстарын пайдалануды реттеу

және қорғау жөнiндегi Есiл бассейндiк

инспекциясы басшысының мiндетiн атқарушы

___________________  Р. Сүлейменов

2014 жылғы 3 сәурдегi

Дата создания статьи: 04.06.2015 14:46
Дата обновления статьи: 04.06.2015 14:46
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23