A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Ақмола облыстық мәслихаты мен Ақмола облысы әкімінің шешіміне, Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Көкшетау қаласы

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң

2015 жылғы _________ мамырдағы

№ _______ қаулысы

Көкшетау қаласы

Ақмола облыстық мәслихатының

2015 жылғы _________ мамырдағы

№ ___________ шешiмi

Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Ақмола облыстық мәслихаты мен Ақмола облысы әкімінің шешіміне, Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Ақмола облыстық мәслихаты шешiм еттi:

1. Осы қаулы мен шешiмнiң қосымшасына сәйкес Ақмола облысының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы Ақмола облыстық мәслихаты мен Ақмола облысы әкiмiнiң шешiмiне, Ақмола облысы әкiмдiгiнiң қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешiмiне өзгерiстер енгiзiлсiн.

2. Осы Ақмола облысы әкiмдiгiнiң қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешiмi Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облысының әкiмi С. Кулагин

Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы Қ. Сұлтанов

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Н. Дьячек

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң

2015 жылғы ______ мамырдағы

№ _________қаулысына

мен Ақмола облыстық

мәслихатының  2015 жылғы

_________ мамырдағы № _________шешiмiне қосымша

Ақмола облысының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы Ақмола облыстық мәслихаты мен Ақмола облысы әкiмiнiң шешiмiне, Ақмола облысы әкiмдiгiнiң қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешiмiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң тiзбесi

1. «Аршалы, Еңбекшiлдер және Целиноград аудандарының жекелеген селолық округтерi мен елдi мекендерiнiң атауын өзгерту туралы» Ақмола облыстық мәслихаты мен Ақмола облысы әкiмiнiң бiрлескен 2001 жылғы 31 қазандағы № С-11-7 шешiмiнде (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 882 болып тiркелген, «Акмолинская правда» газетiнде 2002 жылғы 5 қаңтарда жарияланған):

орыс тiлiндегi 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiледi;

тақырыбында және 1-тармақта «селосы», «селолық» сөздерi тиiсiнше «ауылы», «ауылдық» сөздерiмен ауыстырылады.

2. «Целиноград ауданының Малиновка селосы мен Малиновка селолық округiнiң атауларын өзгерту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 27 сәуiрдегi № А-5/144 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 27 сәуiрдегi № ЗС-26-3 шешiмiнде (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3222 болып тiркелген, «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерiнде 2007 жылғы 24 маусымда жарияланған):

орыс тiлiндегi 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiледi;

тақырыбында және 1-тармақта «селосы», «селосының», «селолық» сөздерi тиiсiнше «ауылы», «ауылының», «ауылдық» сөздерiмен ауыстырылады.

Дата создания статьи: 05.06.2015 16:22
Дата обновления статьи: 05.06.2015 16:22
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23