A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Облыстық коммуналдық мүлiктi иелiктен айыру түрлерiн таңдау бойынша өлшемдердi айқындау туралы

«Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысына сәйкес, облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, облыстық коммуналдық мүлiктi иелiктен айыру түрлерiн таңдау бойынша өлшемдер айқындалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Д.З. Әдiлбековке жүктелсiн.

3. Облыс әкiмдiгiнiң осы қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi С. Кулагин

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 19 қазандағы
№ А-10/466
қаулысына қосымша

Облыстық коммуналдық мүлiктi иелiктен айыру түрлерiн таңдау бойынша өлшемдер

№ р/т Өлшемдердің атауы Иеліктен айыру түрі
1 Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса Аукцион түріндегі жекешелендіру
2 Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса (қызмет түрін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, еңбек ақы бойынша берешекті өтеу және басқа шарттар) Коммерциялық тендер түріндегі жекешелендіру
Дата создания статьи: 30.10.2015 10:01
Дата обновления статьи: 30.10.2015 10:01
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23