A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысында сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы

«Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы, 5-тармағындағы 6-2) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысында сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.Н. Нұрмолдинға жүктелсін.
  3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі С. Кулагин

Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 1 шілдедегі
№ А-7/314
қаулысымен бекітілген

Ақмола облысында сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары

Сұйытылған мұнай газының сипаттамасы

Өлшеу бірлігі

Килограммда бірайлық тұтыну нормасы

1

Пәтерде газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған жағдайда

айына 1 адамға

6,9

2

Пәтерде газ плитасы және газ су қыздырғыш болған жағдайда (орталықтандырылған ыстық мен жабдықтау болмаған жағдайда)

айына 1 адамға

16,9

3

Пәтерде газ плитасы болғанда және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау және газбен су қыздырғыш болмаған жағдайда

айына 1 адамға

10,5

 

 

 

 

 

Дата создания статьи: 26.08.2015 10:25
Дата обновления статьи: 26.08.2015 10:25
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23