A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
«Ақмола облысының бәсекелестік ортаға беруге жататын коммуналдық меншіктегі ұйымдарының 2016-2020 жылдырған арналған тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қантардағы №А-51/12 қаулысы

Ақмола облысының бәсекелестiк ортаға беруге жататын коммуналдық меншiктегi ұйымдарының 2016-2020 жылдарға арналған тiзбесiн бекiту туралы

«2016-2020 жылдарға арналған жекешелендiрудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Ақмола облысының бәсекелестiк ортаға беруге жататын коммуналдық меншiктегi ұйымдарының 2016-2020 жылдарға арналған тiзбесi бекiтiлсiн.

2. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi, Атбасар ауданының, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкiмдiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте бәсекелестiк ортаға беру бойынша рәсiмдi жүзеге асырсын.

3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы әкiмдiгi қаулыларының күшi жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Д.З. Әдiлбековке жүктелсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi
С. Кулагин

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
18.01.2016 ж. №А1/12
қаулысымен бекiтiлген

Ақмола облысының бәсекелестiк ортаға беруге жататын коммуналдық меншiктегi ұйымдарының 2016-2020 жылдарға арналған тiзбесi

№ р/б Кәсіпорындардың атауы Мемлекеттің қатысу үлесінің көлемі, % Жүзеге асыру мерзімі, жыл
1 Көкшетау қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жанындағы «Тазалық» шаруашылық жүргізу  құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны   2016
2 Көкшетау қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жанындағы «Көкше Жәрдем» шаруашылық жүргізу  құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны   2016
3 «Көкшетау Қала Кадастры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 2016
4 «Степногорск Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 2016
5 «Атбасар қаласының жолаушыларды тасымалдау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 2016
6 «Көкше-Қамқор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 2016
7 Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының жанындағы «Спорттың ойын түрлері бойынша спорт клубы» шаруашылық  жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны   2017
8 «Арлан» кәсіби хоккей клубы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 2017
9 Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны   2018
10 Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының жанындағы «Оқжетпес» футбол клубы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны   2019
11 Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының жанындағы «Бурабай» спорт сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны   2020

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң күшi жойылды деп танылған қаулыларының тiзбесi 

1. «Комиссия құру туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 29 сәуiрдегi №А-4/173 қаулысы;

2. «Комиссия құру туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 29 сәуiрдегi №А-4/173 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 17 мамырдағы №А-5/196 қаулысы;

3. «Жекешелендiруге жататын Ақмола облысының коммуналдық меншiктегi ұйымдарының тiзбесiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 27 мамырдағы №А-5/221 қаулысы.

Дата обновления статьи: 14.03.2016 16:06
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 83, индекс: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23