A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

«Ақмола облысының білім 

басқармасы» мемлекеттік 

мекемесінің ережесін 

бекіту туралы 

 

 

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:                             

1. Қоса беріліп отырған «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі–Ереже)  бекітілсін.

2. «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте  және мерзімде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді камтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары         Д.З. Әділбековке  жүктелсін.   

4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап  қолданысқа енгізіледі.   

 

 

Облыс әкімінің 

міндетін атқарушы                                                                                                    Р. Әкімов    

Ақмола облысы әкімдігінің

2014 жылғы____________

___________ қаулысымен

бекітілген

 

 

 

 

 

 

 

«Ақмола облысының

білім басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көкшетау қаласы

«Ақмола облысының білім басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

 

1.Жалпы ережелер

 

1.  «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан  әрі–Басқарма) Ақмола облысының аумағындағы білім және балалардың  құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 

5. Басқарманың  егер заңнамаға сәйкес осыған  уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық  қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 

6. Басқарманың өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Басқарманың құрылымы мен штат санының  лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі, 1-үй.

9. Мемлекеттік органның толық атауы: «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі. 

10. Осы Ереже Басқарманың құрылтайшылық құжаты болып табылады. 

11. Басқарманың қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. 

12. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Басқарманың  функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық   қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі

 

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

 

13. Миссиясы: Басқарма білім саласында және балалардың мүдделері үшін мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

14. Міндеттері:

ұлттық және сапалы жалпы адами құндылықтардың, ғылым мен тәжірибе негізінде  тұлғаның  қалыптасуына,  дамуына және кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алуға қажетті жағдай жасау;

оқушылардың  кәсіби уәждемесін  қамтамасыз ету;  

мектепке дейінгі тәрбие,  білім және  мектепте оқытуда сапалы қызмет көрсету;

мектептегі білім беру қызметінің сапасын арттыру;

педагог мамандардың кәсіби шеберліктерін және мұғалім мамандығының беделін арттыру;

мектептер жүйесін дамыту;

оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда және шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолдау жасау;

техникалық және кәсіби білім берудің қолжетімділігін және тартымдылығын қамтамасыз ету; 

жұмыс берушілермен және басқа әлеуметтік серіктестіктермен  белсенді өзара әрекет ету жолы арқылы техникалық  және кәсіби білім беруді озық дамытуды қамтамасыз ету;

мамандар даярлаудың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

әлеуметтік серіктестікті дамыту;

даму мүмкіншіліктері шектеулі балалардың, аз қамтылған отбасылар оқушыларының білім алу кезеңінде білім беру қызметтеріне қолжетімдік жағдайларын жақсарту.

балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауға бағытталған  тұжырымдамаларды, бағдарламаларды жүзеге асыруда жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекет ету, балалардың табысты өзін-өзі жүзеге асыруы үшін  жағдай жасау,  балалардың әлеуметтік бастамаларын қолдау және ынталандыру. Халықты  бала құқықтары мен оларды  жүзеге асыру жолдары туралы  ақпараттандырудың  деңгейін арттыру. 

әлеуметтік жетімдіктің, балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету және еңбегін қанаудың алдын алу және ескерту, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету, балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жағдай жасауға жәрдемдесу, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған  мекемелерде тәрбиеленушілерді  отбасылық орналастыруға итермелеу;  

сәбидің құқықтары туралы тұжырымдаманың ережелерін адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламаларды іске асыру мониторингі, балалардың әлеуметтік әл-ауқатын талдау және болжау, аймақтағы балалардың тұрмыс жағдайын жақсарту туралы ұсыныстарды әзірлеу. 

 

15. Функциялары:

орталық органдармен анықталған тәрбие, білім салаларында  балалардың қызығушылықтарын және  отбасын әлеуметтік қорғаудағы  мемлекеттік саясатты  жүзеге асыру  жөніндегі  іс-шараларды жүзеге асыру;    

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз ету;

балаларды арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз ету;

дарынды балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарында  оқытуды қамтамасыз ету;

білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беру және негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын,  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;

оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыру;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

әлеуметтік жағынан қорғалмаған білім алушыларға және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджеттік қаражаттың бір пайыздан кем емес мөлшерде қаржылық және материалдық көмек көрсетуге қаражат бағыттауды бақылауды іске асыру;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз ету;

облыс ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;

бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету;

дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету;

жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етудің белгіленген тәртібінде тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте оқушылардың жеке санаттарын тегін және  жеңілдікпен  тамақтандыруды ұйымдастыру;

білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік органдармен  өзара әрекет жасау;

гендерлік саясат  мәселелерін әзірлеуге  қатысу;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім  берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асырушы мемлекеттік білім тапсырысы негізінде білім беру ұйымдарын бітіруші тұлғаларды  жұмысқа орналастыруға көмектеседі;

облыстық деңгейде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім  беруді қамтамасыз ету; 

білім мониторингін жүзеге асырады;

қорғаншылық кеңеспен өзара  әрекет етеді;

мемлекеттік білім беру  ұйымдарын  кадрлық қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 

конкурс жеңімпаздары орта білім беретін мемелекеттік  мекемелерге  «Үздік  орта  білім беру ұйымы» білім грантын  төлейді; 

мамандандырылған және арнайы  жалпы білім беру оқу  бағдарламаларын жүзеге асырушы білім беру ұйымдарында  экстернат  түрінде білім алуға  рұқсат береді; 

аудандық (қалалық) білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындауын келіседі;

балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған тұжырымдамаларды, бағдарламалар мен жобаларды, рухани және адамгершілік білім беруді жүзеге асыруды қамтамасыз ету; 

кәмелетке толмағандар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруды қамтамасыз ету, соның ішінде балалардың құқықтарын қорғау бойынша функцияларды атқаратын мекемелер және олардың қызметінің мониторингін жүргізу;

қиын өмірлік жағдайға тап болған кәмелетке толмағандардың және берекесіз отбасылардың өңірлік есебін жүргізу және алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру;

 қызметтері кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қараусыздықтың және панасыздықтың алдын-алу бойынша шараларды іске асыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын жоғарлатумен байланысты коммерциялық емес және басқа ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету;

қиын өмірлік жағдайдағы кәмелетке толмағандарға көмек көрсету, жұмысқа және тұрмыстық орналастыру бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте шара қолдану;

балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша іс-шаралар жүргізу, ақпараттандыру және кеңес өткізу бойынша шаралар қолдану.

кәмелетке толмағандар мен олардың құқықтарын қорғау  істері жөніндегі  комиссияның жұмыс органының міндетін  жүзеге асыру; 

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларды, түскен күннен бастап екі ай  мерзім  өткенге дейін патроннаттық  тәрбиеден  отбасына  тәрбиелеуге,  қамқоршылық пен қорғаншылыққа, асырап алушы Қазақстан Республикасының  азаматтарын орталықтандырылған  есепке қою үшін Қазақстан Республикасының  балалардың құқықтарын қорғау  саласындағы  өкілетті  органға хабарлау;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті  арқарушы органдарға  берілген  өзге де  өкілеттіктерді жергілікті  мемлекеттік басқарудың мүдесі үшін жүзеге асырады. 

16. Басқарманың құқықтары мен  міндеттері:

Басқарманың қызметін жүзеге асыруға қажетті ақпараттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және өзге де ұйымдардан құжаттарды сұратады және алады. 

Білім беру мекемелерінің қызметіне әдістемелік жетекшілік етуді   жүзеге асырады.

облыс  әкімі мен әкімдігі  қарастыратын құжаттарды дайындауға атсалысуға  жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың,  аудандардың (облыстық мәндегі қалалардың)   аппаратының қызметшілерін тартады;

балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың адамгершілік- рухани даму мәселелері бойынша құрылтайшы орган мен білім беру мекемелерінің  әлеуметтік серіктестікті  дамытуына  көмек көрсетеді;

халықаралық, үкіметтік емес  қоғамдық ұйымдармен бірлескен іс-шаралар жүргізеді;

басқарманың құзырына  енетін мәселелер бойынша  комиссиялардың, алқа мәжілістерінің, жұмыс тобының, сонымен қатар сот органдарының жұмысына  қатысады;

басқарманың қызметін жүзеге асыруға қажетті тауарлардың, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізуді  іске асыру;

қазақстан Республикасының заңнамасында  қарастырылған өзге де  өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

 

 

 

3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

17. Басқармаға басшылықты басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.

18. Басқарманың басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. Басшының өкілеттігі:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарма қызметкерлерін және ведомствоға бағынысты басшыларын лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады; 

Басқарма  сонымен қатар  ведомствоға бағынысты ұйым басшыларының, мамандардың құқықтарын, бөлімше құрылымдарының  өкілдігін және міндеттерін анықтайды.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда Басқарманы білдіреді.

Басқарманың құқықтық актілеріне қол қояды;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен  Басқарма қызметкерлерін және ведомствоға бағынысты басшыларын  марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады;

жемқорлықпен күрес жүргізу бойынша шаралар қолданады және олжеке жауап береді;

Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға орындайды. 

20. Басқарманың бірінші  басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар. 

Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді. 

 

 

4.Мемлекеттік органның мүлкі

 

21. Басқарманың заңнамамен көзделген жайдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. 

Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. 

22. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады. 

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.    

 

 

5.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелердің тізбесі

 

1. Ақмола облысы білім басқармасының «Ақкөл қаласы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 1 балалар үйі» КММ;

2. Ақмола облысы білім басқармасының «Есіл қаласы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 2 балалар үйі» КММ;

3. Ақмола облысы білім басқармасының «Сандықтау ауылы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 3 балалар үйі» КММ;

4. Ақмола облысы білім басқармасының «Степногорск  қаласы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 4 балалар үйі» КММ;

5. Ақмола облысы білім басқармасының «Шортанды ауданы,  Жолымбет ауылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 5 балалар үйі»  КММ;

6. Ақмола облысы білім басқармасының «Аққөл ауданы, Урюпинка ауылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 1 құрамдастырылған балалар үйі»КММ;

7. Ақмола облысы білім басқармасының «Щучинск қаласы, балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу облыстық орталығы»КММ;

8. Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы ақыл-ой бұзушылықтары мен психикалық дамуы кеш балаларға арналған № 1 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты» КММ;

9. Ақмола облысы білім басқармасының «Атбасар қаласы ақыл-ой бұзушылықтарымен психикалық дамуы кеш балаларға арналған № 2 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты» КММ;

10. Ақмола облысы білім басқармасының «Степногорск қаласы ақыл-ой бұзушылықтарымен психикалық дамуы кеш балаларға арналған № 3 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты» КММ;

11. Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы есту кемістігі бар балаларға арналған № 4 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты» КММ;

12. Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы дарынды балаларға арналған № 1 облыстық мамандандырылған «Қазақ-түрік лицейі» мектеп-интернаты» КММ;

13. Ақмола облысы білім басқармасының «Астана қаласы дарынды балаларға арналған № 2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ;

14. Ақмола облысы білім басқармасының Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ;

15. Ақмола облысы білім басқармасының «Cтепногорск қаласы дарынды балаларға арналған № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп– интернаты»  КММ;

16.  Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» КММ;

17. «Атбасар қаласы, № 1 ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» КММ;

18. «Степногорск  қаласы, № 2 ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» КММ;

19. Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы, ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» КММ;

20. Ақмола облысы білім басқармасының «Ақкөл қаласы, № 1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ;

21. Ақмола облысы білім басқармасының «Ерейментау  қаласы, № 2  психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ;

22. Ақмола облысы білім басқармасының «Есіл қаласы, № 3 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ;

23. Ақмола облысы білім басқармасының «Зеренді ауылы, № 4 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ;

24. Ақмола облысы білім басқармасының «Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ;

25. Ақмола облысы білім басқармасының «Щучье қаласы, № 6 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ;

26. Ақмола облысы білім басқармасының «Державинск  қаласы, № 7 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ;

27. Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы, № 1 сервистік-техникалық колледжі» КММ;

28. Ақмола облысы білім басқармасының «Степногорск қаласы, № 2 индустриалдық-техникалық колледжі» КММ;

29. Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы, Красный Яр селосы № 3 агротехникалық колледжі» КММ;

30. Ақмола облысы білім басқармасының «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, туризм және сервис индустриясы колледжі» КММ;

31. Ақмола облысы білім басқармасының «Есіл ауданы, Есіл қаласы № 7 агротехникалық колледжі» КММ;

32. Ақмола облысы білім басқармасының «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы № 1 индустриалдық-техникалық колледжі» КММ;

33. Ақмола облысы білім басқармасының «Ақкөл ауданы, Ақкөл селосы № 10 агротехникалық колледжі» КММ;

34. Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы, № 1 құрылыс-техникалық колледжі» КММ;

35. Ақмола облысы білім басқармасының «Сандықтау ауданы, Каменка селосы № 2 агротехникалық колледжі» КММ;

36. Ақмола облысы білім басқармасының «Степногорск қаласы, № 2 құрылыс-техникалық колледжі» КММ;

37. Ақмола облысы білім басқармасының «Аршалы ауданы, Аршалы ауылы № 4 агротехникалық колледжі» КММ;

38. Ақмола облысы білім басқармасының «Шортанды ауданы, Бозайғыр ауылы № 5 агротехникалық колледжі» КММ;.

39. Ақмола облысы білім басқармасының «Астрахан ауданы, Астраханка селосы № 6 агротехникалық колледжі» КММ;.

40. Ақмола облысы білім басқармасының «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы № 11 агротехникалық колледжі» КММ;.

41. Ақмола облысы білім басқармасының «Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы № 8 агротехникалық колледжі» КММ;

42. Ақмола облысы білім басқармасының «Целиноград ауданы, Новоишимка селосы, № 9 агротехникалық колледжі» КММ;

43. Ақмола облысы білім басқармасының  «Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта мектеп интернаты" КММ;

44. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы»  КММ;

45. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Облыстық білім берудегі  мониторинг, жаңа технологиялар, ақпараттандыру  және оқу-әдестемелік жұмыс орталығы»КММ.

 

Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындарның тізбесі 

 

1.Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Зеренді ауданы Шағалалы ауылындағы Агробизнес колледжі» МКҚК;

2.Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК;

3.Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі» МКҚК;

4.Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылы ауылшаруашылық колледжі» МКҚК;

5.Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Щучье қаласы, экология және орман шаруашылығы колледжі» МКҚК;

6.Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі» МКҚК;

7.Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы  «Щучье  қаласы, жоғары техникалық мектебі»МКҚК;

8.Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы  «Көкшетау қаласы, жоғары техникалық мектебі»МКҚК;

9.Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы «Степногорск қаласы  тау-кен техникалық колледжі»МКҚК;

10.Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Щучье қаласы, педагогикалық колледжі» МКҚК.

11.Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Облыстық дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери дайындық оқу-әдістемелік орталығы» МКҚК;

12.Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, облыстық «Жастар» жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімделу орталығы)» МКҚК;

13.Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы» МКҚК;

14.Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы» МКҚК.

 

 

Қысқартылған сөздердің толық жазылуы:

КММ –коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

МКҚК – мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Дата создания статьи: 15.04.2015 11:48
Дата обновления статьи: 15.04.2015 11:48
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-72-98

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23