A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
«Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № А-6/298 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № А-3/113 қаулысы

«Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № А-6/298 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі қаулы етеді:

1. «Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № А-6/298 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 4320 болып тіркелді, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2014 жылдың 28 тамызында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«8. Заңды тұлғаның орналасқан жері:020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114 Б.»;

15-тармағының 20) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«20) Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша үйлестіруді іске асыру;».

2. «Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістердің қоса ұсынылған мәтіні бекітілсін.

3. «Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде енгізілетін өзгерістер туралы әділет органдарына хабарлауды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін.

5. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облысының әкімі
С.Кулагин

 

Ақмола облысы әкімдігінің

2015 жылғы «26» наурыздағы

№ А-3/113 қаулысымен бекітілген

«Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістердің мәтіні

8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«8. Заңды тұлғаның орналасқан жері:020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114 Б.»;

15-тармағының 20) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«20) Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша үйлестіруді іске асыру;».

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 ж. 06.04. № 4734 болып тіркелген

Дата создания статьи: 05.06.2015 12:46
Дата обновления статьи: 05.06.2015 12:46
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23