A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
«Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереженi бекiту туралы

«Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереженi бекiту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже (бұдан әрi–Ереже) бекiтiлсiн.

2. «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгiленген тәртiпте және мерзiмде Ереженi әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi камтамасыз етсiн.

3. Осы облыс әкiмдiгiнiң қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi С. Кулагин

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң

2015 жылғы «26» қаңтардағы

№ А-1/30 қаулысымен

бекiтiлдi

 

«Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже

1.  Жалпы ережелер

1. «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi  облыс аумақтарында мемлекеттiк сәулет құрылыс бақылау және қадағалау саласындамемлекеттiк басқару органы болып табылады.

2. «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы»мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес  қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы»мемлекеттiк мекемесiнiң егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, 020000,  Ақмола облысы, Көкшетау қаласы,  Сәтбаев көшесi, 1«Б».

9. Мемлекеттiк мекеменiң толық атауы: «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру облыстың жергiлiктi бюджетiнен  жүзеге асырылады.

 12. «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен  «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттiк мекеменiң миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттемелерi

13. Миссиясы: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру.

14. Мiндеттерi:

облыс аумағында мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауды, лицензиялауды және аттестаттауды жүзеге асыру;

облыс аумағында салынып жатқан объектiлердi инспекциялауды жүргiзу.

15. Функциялары:

салынып жатқан (салынуы белгiленген) объектiлер мен кешендердiң мониторингiн жүргiзу;

объектiлер құрылысының сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектiлерде сәулет-қала құрылысы тәртiбiн бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген әкiмшiлiк ықпал ету шараларын қолдану;

сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;

сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы белгiленген заңнама нормаларын, мемлекеттiк нормативтiк талаптарды, шарттар мен шектеулердi жол берiлген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешiмдер қабылдау;

сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтiк көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;

жобалау құжаттамасының сапасына қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады;

заңнамада белгiленген тәртiппен қабылдау комиссиясының және мемлекеттiк қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу;

жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берiлген бұзушылықтарды белгiленген нормативтiк мерзiмде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгiленген шараларды қолдану жүктеледi.

16. Құқықтары мен мiндеттерi:

сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнен облыс аумағында салынуы белгiленген және салынып (реконструкцияланып, кеңейтiлiп, жаңғыртылып, күрделi жөндеуден өткiзiлiп) жатқан объектiлер мен кешендер туралы ақпарат сұрау және алу;

техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан танысу үшiн осы құрылыс бойынша қажеттi жобалау және атқарушылық техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тиiстi жобалардың сараптама қорытындысын сұрату және олардан алу;

салынып (реконструкцияланып, кеңейтiлiп, жаңғыртылып, күрделi жөндеуден өткiзiлiп) жатқан объектiлер мен кешендерге кедергiсiз бару және оларда жүргiзiлiп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарын жедел инспекциялауды жүргiзу;

құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргiзiле басталғаны туралы хабарламаны алғаннан кейiн, осы хабарлама алынған кезден бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей объектiлер мен кешендерге бару құқығы берiледi;

Мемлекеттiк нормативтердi бұзуға және (немесе) бекiтiлген жобалардан (жобалық шешiмдерден) ауытқуға жол берiлгендiгi анықталған жағдайда мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясы жол берiлген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердiгерлiк құрылыс-монтаждау ұйымының (кәсiпорнының) белгiленген мерзiмде жоюы туралы нұсқама шығарады. 

3.  Мемлекеттiк мекеменiң қызметiн ұйымдастыру

17. «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы»мемлекеттiк мекемесiн  басқаруды, жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң  басшысы жүзеге асырады.

18. «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң  басшысы облыс әкiмiмен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19. «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшысының орынбасары болады.

20. «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының өкiлеттiгi:

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген жағдайларда  және шегiнде барлық ұйымдарда «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң мүдделерiн ұсынады;

сенiмхаттар бередi;

«Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң iссапарлары, тағылымдамалары, кызметкерлердi қазақстандық және шетелдiк оқу орталықтарында оқыту және бiлiктiлiгiн жоғарылату түрлерi бойынша  жоспарлары мен тәртiптерiн бекiтедi;

банкте шоттар ашады;

«Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң барлық қызметтерлерiне арналған  мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;

«Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн  жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

«Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерiн белгiлейдi;

«Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн марапаттау мен тәртiптiк жазалау шараларын қолданады;

жемқорлыққа қарсы әрекет шараларын қолданады және бұл үшiн дербес жауап бередi;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен оған жүктелген басқа да қызметтердi жүзеге асырады;

«Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы»мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы өз орынбасарының өкiлеттiлiгiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықтайды.

4.  Мемлекеттiк мекеменiң мүлкi

22. «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ, өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

23. «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық меншiкке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiөзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату

 25. «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дата обновления статьи: 05.06.2015 11:05
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 83, индекс: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23