A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
«Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 19 қаңтардағы № А-1/17 қаулысы

«Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже (бұдан әрi-Ереже) бекiтiлсiн.

2. «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгiленген тәртiпте және мерзiмде Ереженi әдiлет органдарында тiркеудi қамтамасыз етсiн.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсiн.

4. Осы облыс әкiмдiгiнiң қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi
С. Кулагин

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң

2015 жылғы 19 қаңтардағы

№ А-1/17 қаулысымен

бекiтiлдi

«Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген жер қатынастары саласындағы қызметтердi Ақмола облысының аумағында басшылық етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi, мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өзiнiң атауы жазылған мөрi және мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланктерi бар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.

4. «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өзiнiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға кiрiседi.

5. «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға кiрiсуге құқылы, егер ол осыған заңнамаға сәйкес өкiлеттi болған жағдайда.

6. «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi, өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамамен белгiленген тәртiпте басшының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы және штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 89.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi.

10. «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты осы Ереже болып табылады.

11. «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру облыстық бюджетiнен жүзеге асырылады.

12. «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге «Ақмола облысының жердi пайдалануды бақылау және қорғау жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне тыйым салынады.

2. Мемлекеттi органның миссиясы, негiзгi мәселелерi, қызметтерi, құқықтары және мiндеттерi

13. «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы: жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылау саласындағы мемлекеттiк саясатының дамуын жүзеге асырады.

14. Мiндеттерi:

1) Ақмола облысының жердi пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бойынша ұтымды және тиiмдi қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыру;

2) Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының жер қатынастары саласындағы заңдарының бұзылуын анықтау және жою.

15. Функциялары:

1) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

      2) жер заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде орындалуы мiндеттi нұсқамалар беру;

      3) жер заңнамасы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау;

      4) Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнде көрсетiлген мәселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау және беру;

      5) пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жердi анықтау және мемлекеттiк меншiкке қайтару;

      6) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектiлердi пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңнамасын, жердi пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүргiзiлiп жатса, оларды тоқтата тұру жатады.

7) келесiдей мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады:

мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауына;

      жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге;

      жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;

жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне;

      жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiне;

жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына;

жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;

азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтiнiштерiн (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына;

межелiк белгiлердiң сақталуына;

жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуына;

бүлiнген жердiң қалпына келтiрiлуiне;

жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;

жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады және жүргiзедi.

16. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) кiнәлiлердi жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңнамасының бұзылуы туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;

2) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасауға;

3) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар шығаруға;

4) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтiрiлген шығынды өтеу туралы, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскелерiн беруге, мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға, мәжбүрлеп иелiктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешiмдердiң күшiн жою туралы, сондай-ақ жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнiнде берген нұсқамаларын осы нұсқама берiлген тұлғалар нұсқамада көрсетiлген мерзiмде орындамаған не тиiсiнше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндiрiп алу туралы iстер бойынша сотқа талап-арыз дайындауға және беруге;

5) қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда, ұйымдарға кедергiсiз кiруге, меншiктегi және пайдаланудағы жер учаскелерiн тексеруге, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектiлер алып жатқан жер учаскелерiн — оларға кiрудiң белгiленген режимiн ескере отырып, тексеруге;

6) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;

7) өнеркәсiптiк, азаматтық және басқа да құрылыстар, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектiлердi пайдалану, агротехникалық, орман мелиорациялық, геологиялық-барлау, iздестiру, геодезиялық және өзге де жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, ерекше қорғалатын аумақтар жерiн пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бүлiнуiне, эрозияның күшеюiне, тұздануға, батпақтануға және шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететiн басқа да процестерге әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген не терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса, оларды тоқтата тұруға;

8) мемлекеттiк органдардан жер қорының жай-күйi туралы статистикалық ақпаратты алуға;

9) жерге құқықты белгiлейтiн және сәйкестендiру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң салынуын тоқтата тұруға құқығы бар;

10) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдануға;

11) жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындауға.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

17. «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысымен «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшылығы жүзеге асырылады.

18. «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекеменiң басшысы облыстың жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.

19. «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекеменiң басшысы облыс әкiмiмен лауазымына тағайындалады және лауазымынан босатылады.

20. Басшының өкiлеттiгi:

орынбасарының, бөлiм басшыларының және «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн анықтайды;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiн лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

«Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiн ынталандыру және оларға материалдық көмек көрсету, тәртiптiк жаза қолдану мәселенi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте шешедi;

«Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң бұйрықтарына қол қояды;

«Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекеменiң, штат саны лимитiнiң шеңберiнде құрылымды, штаттық кестенi, қызметшiлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк мекемелерде, басқа ұйымдарда «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекеменiң өкiлi болады;

өз құзыретiнiң шегiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шаралар қабылдайды және оны дербес жауапкершiлiгiне алады;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекеменiң атынан сенiмхатсыз iс-әрекет жасайды және мемлекеттiк мекемелерде, басқа ұйымдарда оның өкiлi болады;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады;

«Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының өкiлеттiктерi, ол болмаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның мiндеттерiн орындайтын тұлғамен жүзеге асырылады.

21. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының, лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары бар.

Басшы өз орынбасарының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

22. Заңнамамен көзделген жайдайларда «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекеменiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

«Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекеменiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ, өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

23. «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекеменiң бекiтiлген мүлкi облыстық коммуналдық мүлiгiне жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.    

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2015 ж. 04.02. № 4638 болып тiркелген

Мақаланы құрған күні 05.06.2015 11:12
Мақаланы жаңартқан күні 05.06.2015 11:12
Қаралым саны: 543

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
8 (7162) 29-72-00

Әдеп жөнiндегi уәкiлi:
8 (7162) 29-73-54

Қабылдауға жазылу:
8 (7162) 29-72-43

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-71

Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-49

Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-44

Факс:
8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы