A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабындағы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса ұсынылып отырған «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi бекiтiлсiн.

2. «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 5 наурыздағы № А-3/73 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4102 болып тiркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерiнде 2014 жылғы 8 мамырда жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Д.Н. Нұрмолдинға жүктелсiн.

4. Осы облыс әкiмдiгiнiң қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмiнiң мiндетiн атқарушы Қ. Отаров

«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерлерiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (ZIP 45 Kb)

Дата создания статьи: 26.08.2015 12:16
Дата обновления статьи: 26.08.2015 12:16
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-72-98

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23