A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенттерiн бекiту туралы

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Заңының 16-бабындағы 3- тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса ұсынылып отырған:

1) «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

2) «Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

3) «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

4) «Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

5) «Оралман мәртебесiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

6) «Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi.

2. Осы қаулының орындауын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Д.З. Әдiлбековке жүктелсiн.

3. Облыс әкiмдiгiнiң осы қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және оны ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi С. Кулагин

«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (DOC 333 Kb)

«Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (DOC 339 Kb)

«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (DOC 331 Kb)

«Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (DOC 103 Kb)

«Оралман мәртебесiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (DOC 59 Kb)

«Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (DOC 357 Kb)

Дата обновления статьи: 30.10.2015 09:54
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 83, индекс: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23