A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) «Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

2) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымға бекiту» мемлекеттiк қызмет регламентi;

3) «Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

4) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк қызмет регламентi;

5) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақ беру» мемлекеттiк қызмет регламентi;

6) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет регламентi.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсiн.

3. Облыс әкiмдiгiнiң осы қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi және оны ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi С. Кулагин

Регламенты (ZIP 347 Kb)

Дата обновления статьи: 26.08.2015 06:00
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 83, индекс: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23