A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) «Стационарлық науқастың медициналық картасынан көшiрме беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

2) «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

3) «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

4) «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

5) «АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерiктi түрде жасырын және мiндеттi түрде құпия медициналық зерттелiп-қаралу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

2. «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 21 сәуiрдегi №А-4/154 қаулысы күшi жойылды деп танылсын (нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу Тiркелiмiнде №4219 тiркелген, 2014 жылғы 2 шiлдеде «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерiнде жарияланған).

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсiн.

4. Облыс әкiмдiгiнiң осы қаулысы Ақмола облысының әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi және оны ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облысының әкiмi С. Кулагин

Регламенты (ZIP 93 Kb)

Дата обновления статьи: 26.08.2015 11:48
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 83, индекс: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23