A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекiту туралы

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Заңының 16-бабындағы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) «Барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келiсiмшарттар жасасу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

2) «Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келесiмшарттар жасасу, тiркеу, және сақтау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

3) «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндiру, барлаумен және өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшiн берiлген жер қойнауының учаскелерiне арналған сервитуттарды тiркеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

4) «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге келiсiмшарттар жасасу, тiркеу және сақтау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

5) «Болашақ құрылыс учаскесi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендiгi туралы қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

6) «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi бекiтiлсiн.

2. Келесi қаулылардың күшi жойылды деп танылсын:

1) «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң регламентiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/100 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4131 болып тiркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерiнде 2014 жылғы 24 мамырда жарияланған);

2) «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» облыс әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/100 қаулысына өзгерiстер және толықтырулар енгiзу туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 21 тамыздағы № А-8/382 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4376 болып тiркелген, «Әдiлет» ақпараттық -құқықтық жүйесiнде 2014 жылғы 10 қазанда жарияланған).

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Д.Н. Нұрмолдинға жүктелсiн.

4. Осы облыс әкiмдiгiнiң қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облысы әкiмiнiң мiндетiн атқарушы
Қ. Отаров

Қосымша (RAR 1781 Kb)

Дата обновления статьи: 26.08.2015 12:26
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 83, индекс: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23