A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № А-8/420 қаулысы


«Ақмола облысының жер
қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің ережесін
бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:                            
Қоса беріліп отырған «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже  (бұдан әрі – Ереже)  бекітілсін.
    2. «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте  және мерзімде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді камтамасыз етсін.
    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары   Р.Қ. Әкімовке  жүктелсін.  

4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап  қолданысқа енгізіледі.  



Облыс әкімі                                                          С. Кулагин                                                                              


Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 4 қыркүйектегі
№ А-8/420 қаулысымен
бекітілген


«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже

Жалпы ережелер

1. «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жер қатынастары саласындағы қызметтерді Ақмола облысының аумағында атқаруға өкілетті, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 
2. «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және  заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.  
3.  «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеме ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің мөрі және мемлекеттік тілде атауы жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.
    «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі   өзінің   атынан   азаматтық-құқықтық      қатынастарға    кіріседі.
     «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға кірісуге құқылы, егер ол осыған заңнамаға сәйкес өкілетті болған жағдайда.
    «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі,  өз  құзыретінің  мәселелері  бойынша  заңнамамен   белгіленген тәртіпте басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
    «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  құрылымы  және  штат  санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.  
    Заңды тұлғаның мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі, 1 «Б» корпусы.
    Мемлекеттік органның толық атауы «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
     «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің  құрылтай құжаты осы Ереже болып табылады.
     «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің  қызметін  қаржыландыру  республикалық және облыстық бюджеттерінен жүзеге асырылады.

    «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік


мекемесінің  функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне тыйым салынады.


Егер «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.







    Басқарманың негізгі міндеттері, қызметтері және құқықтары

    Миссиясы: «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесі жер ресурстарын реттеу, Ақмола облысында жер ресурстарын пайдалану мен қайта бөлу туралы ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тиімді есептік саясасатты жүргізу, жер ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану үшін жағдай жасау, жерлердің сапалық  күйін  көтеру  бойынша функциялар атқарады.
     Міндеттері:
    Қазақстан Республикасының  Жер кодексімен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерімен және облыстың жергілікті атқарушы органының құқықтық актілерімен белгіленген, өз құзыретінің шегінде Ақмола облысының аумағында жер қатынастарын реттеу;
    Ақмола облысының жер ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану үшін жағдай жасауына бағытталған шараларды реттеу, олардың сапалық жағдайын көтеру, жерді пайдалану мен қорғау үшін мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуге көмек көрсету;
    толық бағалы мемлекеттік жер кадастрын қалыптастыруды ұйымдастыру және оны, автоматтандырылған технологияларға ауыстыру, заманауи технологияларға негізделген жер қатынастарын реттеу жүйесін жетілдіру болып табылады.
     Қызметтер:
       1) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральды құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлердi, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді өндіріс және пайдалану қалдықтарын орналастыру бойынша объектілерді салу (реконструкциялау) мақсаттары үшін, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшін, магистральды құбыржолдар салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
          2) облыстың жергілікті атқарушы органының, мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау, ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына, су қоры жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру бойынша, жердің нысаналы мақсатының сыныптауышын бекіту туралы ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;   
3) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
    4) облыстың жергілікті атқарушы органының, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге байланысты жағдайларда, барлық санаттағы жерден жер учаскелерiн беру және алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 13-бабының 3)-тармақшасымен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, ал сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 90-бабымен қарастырылған жағдайларда, орман қорының жерлерін қоспағанда;   
    5) облыстың жергілікті атқарушы органының, Қазақстан Республикасының Жер кодексімен белгіленген құзыретінің шегінде жер учаскелерінің насаналы мақсатын өзгерту бойынша ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;   

    жерді резервтеу жөніндегі ұсыныстар дайындау;


    өз құзыретінің шегінде, мемлекетпен жеке меншікке сатылатын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;


    өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;


    жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыруды жүргізуін және жерге орналастыру жобаларын бекітуді ұйымдастыру;


    облыс жерін ұтымды пайдалану бойынша жерді аймақтарға бөлу жобаларын және бағдарламаларын, жобалар мен схемаларын, облыстың деңгейінде жерді мақсатты пайдалану сыныптауш әзірлеуді ұйымдастыру;


    өз құзыреті шегінде жер сауда-саттықты (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;


    жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты облыстық, қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын өткізу;


    өз құзыретінің шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу;


    өзінің міндеттерін лайықсыз орындағаны үшін және жер учаскесіне құқық белгілейтін басқа құжаттарды жою бойынша шара қолдануымен жер учаскесін пайдалану бойынша жер заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін жер учаскесін жалға беру және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын біржақты тәртібінде бұзу;


    аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) деректері негізінде  облыстың жер балансын жасау;


    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органымен іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру бойынша ұсыныстар дайындау;


    ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру бойынша ұсыныстар дайындау;

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 50-бабының                 2-тармағында саналған, жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерлерiн, ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) және ең аз мөлшерлерiн белгілеу бойынша шараларын ұйымдастыру;

    Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы жер учаскелерін беру мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;


    жерлерді ұтымды пайдалану, топырақтардың құнарлылығын арттыру, басқа табиғат қорғау шаралары кешенінде жер ресурстарын қорғау  бойынша бағдарламалар жасау және олардың орындалуын қамтамасыз ету;


    ҚР Жер кодексінің 69-бабына сәйкес, қауымдық сервитуттар құру бойынша ұсыныстар дайындау;


    жер қатынастарын реттеу, жер ресурстарын пайдалану мен қорғау бөлігінде, жер қатынастары саласында қызмет атқаратын аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарын үйлестіру және әдістемелік басшылық жасау;


    мемлекеттік қызметтерді көрсету;

    аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен Қазақстан Республикасының жер заңнамасы нормаларының орындалу мен қолдану сараптамасын жүргізу, өткізілген сараптама қорытындылары бойынша облыс әкімінің атына сәйкестік шаралар қолдану үшін ұсыныстар енгізу;
    аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарымен Қазақстан Республикасының жер заңнамасы нормаларының орындалу мен қолдану сараптамасын жүргізу, өткізілген сараптама қорытындылары бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдерінің атына сәйкестік шаралар қолдану үшін кепілдемелер енгізу;
    облыстың   жерін   ұтымды   пайдалану   мен   қорғау   бөлігінде   бақылау - қадағалау  қызметтерін жүзеге асыратын мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды және бұзушылықтарды анықтау мен жою бойынша бірлескен шаралар өткізеді;

    жер қатынастарын реттеу бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу;


    пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерді, осы бұзушылықтар бойынша облыстың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдарына ақпарат бере отырып, анықтау;


    ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өндіртіп алу.

     Құқықтары және міндеттері:
    Өз қызметі  саласында жер қатынастарын дамыту мақсаттары, басымдықтары және стратегиясы бойынша ұсыныстарды облыс әкімдігіне енгізу;
    жер қатынастары мәселесі бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан, жер учаскелерінің иелерінен және жер пайдаланушылардан қажет ақпаратты заңнамамен белгіленген тәртіпте сұрап алу;
    жер қатынастары саласында қызметін атқаратын, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдерінен және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарынан заңнамамен белгіленген тәртіпте есепті және ағымдағы ақпаратты сұрап алу;
    жергілікті атқарушы органға, жер қатынастары саласындағы, жергілікті атқарушы органдарымен қабылданған  нормативтік құқықтық және құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу, өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу, жер заңнамасына қарсы келетін актілердің күші жойылған деп тану немесе актілердің күшін жою туралы ұсыныстар енгізуге;
    тиісті органдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негіздер бойынша жер пайдалану құқығын  тоқтату туралы ұсыныстар енгізу;
    тиісті органдарға Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзғандарға қатысты шаралар қолдану үшін  ұсыныстар енгізу;
    сот органдарында өзінің атынан, сондай-ақ әкімдіктің және облыс әкімінің атынан қуынушы болуға, сот, құқық қорғау, қоғамдық және басқа органдарда, мекемелерде және ұйымдарда жер заңнамасы мәселелері бойынша қорытынды беру;
    аудандардың  (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының жұмыс тиімділігін арттыру бойынша және жауапты тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолдану бойынша облыс әкіміне ұсыныстар енгізу; 
    аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары жұмыстарының тиімділігін арттыру және жауапты тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолдану бойынша жер қатынастары саласындағы қызметті жүзеге асыратын аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдеріне   кепілдеме енгізу.



    Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру





17. «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысымен «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшылығы жүзеге асырылады.


18. «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы облыс әкімімен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.


19. Басшының өкілеттігі:


орынбасарының, жер қатынастары басқармасының бөлім басшыларының және «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басқа қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;


Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;


«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін ынталандыру және оларға материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шешеді;


«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды;


штат саны лимитінің шеңберінде Басқарманың құрылымын, штаттық кестесін, «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;


Қазақстан Республикасының қолданыстағы  заңнамаға   сәйкес    мемлекеттік мекемелерде, басқа ұйымдарда «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілі болады;


өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша     шаралар қабылдайды және оны дербес жауапкершілігіне алады;


қолданыстағы  заңнамаға   сәйкес «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атынан   сенімхатсыз іс-әрекет жасайды және мемлекеттік мекемелерде, басқа ұйымдарда оның өкілі болады;

Қазақстан Республикасының заңнамасына   сәйкес  басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады;
    «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері, ол болмаған кезде қолданыстағы  заңнамаға   сәйкес    оның міндеттерін орындайтын тұлғамен жүзеге асырылады.

20. «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші  басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары бар.


Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.








    Мемлекеттік органның мүлкі





21. «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жайдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.


«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.


22. «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлігі облыстық коммуналдық мүлікке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.        

Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мақаланы құрған күні 28.05.2015 15:55
Мақаланы жаңартқан күні 28.05.2015 15:55
Қаралым саны: 377

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
8 (7162) 29-72-00

Қабылдауға жазылу:
8 (7162) 29-72-43

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-71

Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-49

Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-44

Факс:
8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы