Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін шолулар (түскен өтініштері және оларды қарау нәтижелері туралы кеңірек ақпараты)

2018 жылдың I тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың
өтiнiштерiн қарау жағдайы туралы

2018 жылдың 1-тоқсанында облыс әкiмiнiң аппаратына 624 жазбаша өтiнiш түстi (2017 жылдың 1-тоқсанында — 584), соның iшiнде жеке тұлғалардан — 263 (2017 жылдың 1-тоқсанында — 261), заңды тұлғалардан — 361 (2017 жылдың 1-тоқсанында — 323).

2017 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда жазбаша өтiнiштердiң саны 40-ға өскенi байқалады.

Есептiк кезеңде түскен 624 өтiнiштiң 545-i өтiнiш, 34-i арыз, 45-i сауал. 10 өтiнiш бойынша мәселелер оң шешiлдi, 469 өтiнiш бойынша жазбаша түсiнiктемелер берiлдi, 3 өтiнiштi қарау Заңның 147-бабындағы 7-тармағына сәйкес (автордан өтiнiштi қарауды тоқтату туралы өтiнiш түскен жағдайда) тоқтатылды, 77 өтiнiш жоғарғы және төменгi тұрған органдарға, сондай-ақ ведомстволық бағыныстылығы бойынша қайта жолданды, 65 өтiнiш қарауда.

Өтiнiштердiң ең көп саны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (106), жер және жерге орналастыру (48), бiлiм (43), тұрғын үй бөлу (35), еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қамсыздандыру (27), ауыл шаруашылығы (19), құрылыс (17) мәселелерi бойынша түстi. Сонымен қатар, 2017 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда бiлiм (23-ке) және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (21-ге) мәселелерi бойынша өтiнiштер саны өскенi байқалады.

«Электрондық үкiмет» порталы арқылы облыс әкiмiнiң аппаратына келiп түскен жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтiнiштерiнiң саны 1,9 есе өстi (2017 жылдың 1-тоқсанында — 33, 2018 жылдың 1-тоқсанында — 62). Азаматтар электрондық цифрлық қолтаңба қойылған өтiнiштерiн жолдау үшiн қол жетiмдi ақпараттық жүйелердi жиi қолдана бастады.

Есептi кезеңде ҚР ПӘ-ден келiп түскен өтiнiштер саны 41% (2017 жылдың 1-тоқсанында — 49, 2018 жылдың 1-тоқсанында — 29) және ҚР ПМК-дан келiп түскен өтiнiштер саны 59% (2017 жылдың 1-тоқсанында — 22, 2018 жылдың 1-тоқсанында — 9) азайғаны байқалады. Ал министрлiктер мен ведомстволар арқылы келiп түскен өтiнiштер саны 2,8 есе өстi (2017 жылдың 1-тоқсанында — 17, 2018 жылдың 1-тоқсанында — 48).

Өңiрлiк бөлуде облыс әкiмiнiң аппаратына келiп түскен өтiнiштердiң көбi Көкшетау қаласына — 29% (179 өтiнiш), Целиноград — 7% (42 өтiнiш), Бурабай — 4% (25 өтiнiш), Аршалы — 3% (16 өтiнiш) аудандарына тиесiлi, басқа өңiрлерден — 46% (286 өтiнiш). Ағымдағы жылы Егiндiкөл және Бiржан сал аудандарының тұрғындарынан өтiнiш түскен жоқ. 2017 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда Шортанды ауданы бойынша өтiнiштер саны көп төмендегенi байқалады — 39-дан 2-ге дейiн.

Азаматтардың өтiнiштерiн талдау Көкшетау қаласының, Целиноград және Бурабай аудандарының тұрғындары үшiн тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының мәселелерi өзектi болып отырғанын көрсеттi (сумен, жылумен, электрмен қамсыздандыру, ортақ үй мүлкiн жөндеу, жолдардың жағдайы) — олардың үлестiк салмағы 9% немесе 58 өтiнiш (2017 жылдың 1-тоқсанында — 9% немесе 51 өтiнiш).

Қайта жасалған өтiнiштердiң саны 2017 жылғы 1-тоқсандағы 17-ден 6-ға дейiн төмендегенi байқалады (Көкшетау қ. бойынша — 2, Бурабай және Атбасар аудандарынан 1-ден, басқа өңiрлерден — 2). Негiзiнен қайталанған өтiнiштердiң себебi алдыңғы өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге шағымдану болып табылады.

2018 жылдың қаңтар – наурызында
облыс әкімінің блогына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың
электрондық өтініштері бойынша ақпарат

2017 жылғы қаңтар-наурыз кезеңінде жеке және заңды тұлғалардан Ақмола облысы әкімінің блогына 49 электронды өтініш келіп түсті, оның ішінде: жеке тұлғалардан – 47 және заңды тұлғалардан – 2, ол 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 6 өтінішке көп.

  келіп түскен барлық өтініштер айырмашылығы +/- оның ішінде
жеке тұлғалардан заңды тұлғалардан
2017 жылғы1-тоқсан 2018 жылғы1-тоқсан 2017 жылғы1-тоқсан 2018 жылғы1-тоқсан айырмашылығы +/- 2017 жылғы1-тоқсан 2018 жылғы1-тоқсан айырмаш ылығы+/-
барлығы 43 49 +6 42 47 +5 1 2 +1
о.і. ҚР ПМК 0 0 0 0 0 0 0 0 0
Ақмола облысы әкімінің блогына 43 49 +6 42 47 +5 1 2 +1
Қайталанған өтініштер 4 2 +2 4 2 +2 0 0 0

 

Мәселенің сипаты келіп түскен барлық өтініштер айырмашылығы +/- оның ішінде
жеке тұлғалардан заңды тұлғалардан
2017 жылғы1-тоқсан 2018 жылғы1-тоқсан 2017 жылғы1-тоқсан 2018 жылғы1-тоқсан айырмашылығы +/- 2017 жылғы1-тоқсан 2018 жылғы1-тоқсан айырмаш ылығы+/-
барлығы 43 49 +6 42 47 +6 1 2 +1
тұрғын үй беру 1 3 +2 1 3 +2 0 0 0
ТҮКШ (сумен, электрмен қамсыздандыру, жылу беру, жол, көше жарықтандырылуы, газдандыру) 24 14 -10 23 14 -10 1 0 -1
жер және жерді пайдалану 2 1 -1 2 1 -1 0 0 0
құрылыс 0 0 0 0 0 0 0 0 0
ауыл шаруашылығы 0 2 +2 0 2 +2 0 0 0
лауазымды тұлғаларға шағымдану 4 1 -3 4 1 -3 0 1 +1
еңбек және халықтың жұмыспен қамтылуы, әлеуметтік және зейнетақымен қамту 0 2 +2 0 2 +2 0 0 0
білім 0 0 0 0 0 0 0 0 0
денсаулық сақтау 0 0 0 0 0 0 0 0 0
өзге де 3 24 +21 3 24 +21 0 1 +1

Азаматтардың өтініштеріне жүргізілген талдау, халықты барынша толғандыратын түйткіл мәселелерді көрсетті, атап айтқанда:

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 14 (30%).

Облыс тұрғындары негізінен тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелерін көтереді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша 14 өтініштің ішінен айтарлықтай басым көпшілігі Көкшетау қ. (12) тұрғындарынан келіп түсті. Олардың дені сумен, жарықпен қамту, жол мәселелері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін құрайды.

Өңірлердің бөлінісінде, барынша көп өтініш Астана және Көкшетау қ. тұрғындарынан келіп түсті – 31 (25%).

2018 жылдың 1 — тоқсанында азаматтарды жеке мәселелерiмен қабылдау бойынша:

2018 жылдың 1 — тоқсанында облыс әкiмiмен, облыс әкiмiнiң орынбасарларымен барлығы 61 адам қабылданды (2017 жылдың 1 — тоқсанында — 65).

Қабылданған 61 азаматтың 43-i (70%) — Көкшетау қ. тұрғындары, 2-еуден (3%-дан) — Бурабай, Зерендi, Целиноград аудандарынан және Степногорск қ., 1-еуден (2%-дан) — Есiл, Ерейментау, Бiржан сал аудандарынан және 7-еуi (12%) басқа өңiрлерден (Астана қ. — 6, Солтүстiк Қазақстан облысы — 1).

Қабылданған азаматтардың жалпы санынан 33-i бюджеттiк және бюджеттiк емес сала қызметкерлерi, 12-сi шағын және орта бизнес өкiлдерi, 8-i зейнеткер, 5-еуi жұмыссыздар, өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар, мүгедектер, 3-еуi қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi.

Қабылдау барысында негiзiнен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (9), мәдениет (9), жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қамсыздандыр (8), бiлiм және ғылым (6), жер және жерге орналастыру (5), құрылыс (4), спорт (4), кәсiпкерлiк пен өнеркәсiптi дамыту (3), денсаулық сақтау (3), ауыл шаруашылығы (2) және басқа да (8) мәселелер көтерiлдi.

Ақмола облысы әкiмiнiң аппаратында
2017 жылы жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiмен
жұмыс жүргiзу туралы АҚПАРАТ

2017 жылы облыс әкiмiнiң аппаратына 2778 жазбаша өтiнiш келiп түстi (2016 жылы — 2596), оның iшiнде: жеке тұлғалардан — 1297 (2016 жылы — 1349), заңды тұлғалардан — 1481 (2016 жылы — 1247).

2016 жылы көрсеткiшпен салыстырғанда 2017 жылы келiп түскен өтiнiштер санының 182-ге көбейгенi байқалады, алайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi арқылы келiп түскен өтiнiштердiң 29-ге азайғаны атап өтiледi.

о.і. келіп түсті: келіп түскен өтініштердің барлығы айырмашылығы +/- оның ішінде
жеке тұлғалардан заңды тұлғалардан
2016 жыл 2017 жыл 2016 жыл 2017 жыл айырмашылығы +/- 2016 жыл 2017 жыл айырмашылығы +/-
барлығы 2596 2778 +182 1349 1297 -40 1247 1481 +213
ҚР Президентінің Әкімшілігінен 219 190 -29 207 183 -24 12 7 -5
ҚР Үкіметінен 79 60 -19 70 56 -14 9 4 -5
Министрліктерден және басқа ведомстволардан 121 74 -47 101 64 -37 20 10 -10
«Нұр Отан» партиясынан 204 157 -47 194 154 -40 0 3 +3
ҚР Парламентінен 35 57 +22 25 55 +30 10 2 -8
ұжымдық 264 251 -13 264 244 -20 0 7 +7
Иесі бүркемеленген 14 10 -4 14 10 -4 0 0 0

Қазақстан Республикасы Парламентiнен келiп түскен өтiнiштер санының көбеюi тұрғын үй мен жер учаскесiн беру мәселелерi бойынша байқалуда. Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес, тұрғын үй мен жер уческелерi кезек тәртiбiмен берiледi.

Өтiнiштердiң барынша көп саны келесi өңiрлердiң тұрғындарынан келiп түстi:

өңір 2016 жылы 2017 жылы айырмашылығы
Аршалы ауданы 32 57 +25
Есіл ауданы 84 51 -33
Біржан сал ауданы 17 33 +16
Степногорск қ. 54 58 +4
Атбасар ауданы 45 73 +28
Зеренді ауданы 47 58 +11
Бурабай ауданы 119 88 -31
Целиноград ауданы 212 162 -50
Көкшетау қ. 737 769 +32
Астрахан ауданы 20 15 -10
Сандықтау ауданы 30 53 +23
Ерейментау ауданы 37 25 -12
Шортанды ауданы 17 35 +18

Ағымдағы жылы өткен жылғы осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда келiп түскен жазбаша өтiнiштердiң көбейгенi атап өтiледi.

Облыстың тұрғындары өтiнiштерiн ҚР Президентiнiң Әкiмшiлiгiне (190), ҚР Үкiметiне (60), ҚР Парламентiне (57) және «Нұр Отан» партиясына (157) жиi жолдайды.

Целиноград ауданының тұрғындары барынша белсендi, олармен жоғары тұрған орындарға 92 өтiнiш жолданды, оның iшiнде: «Нұр Отан» партиясына — 56, ҚР Президент Әкiмшiлiгiне — 19, ҚР Премьер-Министрдiң Кеңсесiне — 6, ҚР Парламентке — 8, министрлiктер мен басқа да ведомстволарға — 3. Көкшетау қ. тұрғындарымен жоғары тұрған орындарға 139 өтiнiш жолданды, оның iшiнде: ҚР Президент Әкiмшiлiгiне — 51, Үкiмет пен министрлiктерге — 78, «Нұр Отан» партиясына — 10 өтiнiш.

2017 жылдың қаңтар-желтоқсанында
облыс әкiмiнiң блогына келiп түскен жеке және заңды тұлғалардың
электрондық өтiнiштерi бойынша ақпарат

2017 жылғы қаңтар — желтоқсан кезеңiнде жеке және заңды тұлғалардан Ақмола облысы әкiмiнiң блогына 130 электронды өтiнiш келiп түстi, оның iшiнде: жеке тұлғалардан — 126 және заңды тұлғалардан — 4, ол 2016 жылғы көрсеткiшпен салыстырғанда 30 өтiнiшке көп.

  келіп түскен барлық өтініштер айырмашылығы +/- оның ішінде
жеке тұлғалардан заңды тұлғалардан
2016 жылғы12 ай 2017 жылғы12 ай 2016 жылғы12 ай 2017 жылғы12 ай айырмашылығы +/- 2016 жылғы12 ай 2017 жылғы12 ай айырмаш ылығы+/-
барлығы 100 130 +30 98 126 +28 2 4 +2
о.і. ҚР ПМК 0 0 0 0 0 0 0 0 0
Ақмола облысы әкімінің блогына 100 130 +30 98 126 +28 2 4 +2
Қайталанған өтініштер 1 7 +6 1 7 +6 0 0 0
характер вопроса келіп түскен барлық өтініштер айырмашылығы +/- оның ішінде
жеке тұлғалардан заңды тұлғалардан
2016 жылғы12 ай 2017 жылғы12 ай 2016 жылғы12 ай 2017 жылғы12 ай айырмашылығы +/- 2016 жылғы12 ай 2017 жылғы12 ай айырмаш ылығы+/-
барлығы 100 130 +30 98 126 +28 2 4 +1
тұрғын үй беру 6 3 -3 6 3 -3 0 0 0
ТҮКШ (сумен, электрмен қамсыздандыру, жылу беру, жол, көше жарықтандырылуы, газдандыру) 40 71 +31 40 70 +30 0 1 +1
жер және жерді пайдалану 7 10 +3 7 10 +3 0 0 0
құрылыс 2 3 +1 2 3 0 0 0 0
ауыл шаруашылығы 1 0 -1 1 0 -1 0 0 0
лауазымды тұлғаларға шағымдану 7 6 -1 7 6 -1 0 0 0
еңбек және халықтың жұмыспен қамтылуы, әлеуметтік және зейнетақымен қамту 9 5 -4 9 5 -4 0 0 0
білім 4 3 -1 4 3 -1 0 0 0
денсаулық сақтау 0 1 +1 0 1 +1 0 1 +1
өзге де 10 28 +18 10 26 +16 2 2 0

Азаматтардың өтiнiштерiне жүргiзiлген талдау, халықты барынша толғандыратын түйткiл мәселелердi көрсеттi, атап айтқанда:

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық — 71 (56%), әлеуметтiк (материалдық және басқа да көмек көрсету) — 31 (29%), жер пайдалану — 12 (6 %), лауазымды тұлғаларға шағымдану — 6 (5 %).

Облыс тұрғындары негiзiнен тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелерiн көтередi.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерi бойынша 71 өтiнiштiң iшiнен айтарлықтай басым көпшiлiгi Көкшетау қ. (32), Целиноград (28), Шортанды (14), Аршалы (9), Степногорск (4), Ерейментау (3), аудандарының тұрғындарынан келiп түстi. Олардың денi сумен, жарықпен қамту, жол мәселелерi тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерiн құрайды.

Өңiрлердiң бөлiнiсiнде, барынша көп өтiнiш Көкшетау қ. тұрғындарынан келiп түстi — 35 (25%).

2017 жылы азаматтарды қабылдау туралы:

2017 жылы облыс әкiмiмен, оның орынбасарларымен барлығы 235 адам қабылданды (2016 жылы — 259).

Қабылданған 235 азаматтың iшiнен 119 адам (51%) Көкшетау қаласының тұрғындары, 19 (8,5%) — Зерендi, 13 (6%) — Бурабай, 11 (5%) — Целиноград, 9 адамнан (4%-дан) — Атбасар, Бұланды, 6 (3%) — Сандықтау, 5 адамнан (2%-дан) — Ақкөл, Ерейментау, 4 адамнан (1%-дан) — Астрахан, Аршалы, Еңбекшiлдер аудандарынан, 3 адамнан (1%-дан) — Шортанды ауданы және Степногорск қаласының тұрғындары, 2 (1%) — Қорғалжын, 1 (0,5%) — Есiл аудандарынан және 18 (8%) — басқа өңiрлерден (Астана қ. — 15, Қарағанды қ. — 1, Алматы қ. — 1, Павлодар облысы — 1).

Қабылданған азаматтардың жалпы санынан бюджеттiк және бюджеттiк емес сала қызметкерлерi — 72, зейнеткерлер — 71, шағын және орта бизнес өкiлдерi — 53, жұмыссыздар, өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар, үй шаруасындағылар, көп балалы отбасылар, Чернобыл АЭС-дағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар — 36, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi — 3.

Негiзiнен, қабылдау барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (64), жер және жер пайдалану (32), бiлiм және ғылым (23), еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қамтамасыз ету (24), кәсiпкерлiк пен өнеркәсiптi дамыту (12), ауыл шаруашылығы (12), мәдениет (12), жұмыска орналасу (12), құрылыс (7), спорт (6), денсаулық сақтау (5) және басқа да (24) мәселелер көтерiлдi.

Құрылған күні: 10.04.2015 13:02
Жаңартылған күні: 06.04.2018 10:57
Қаралым саны: 2699

Қаз Рус Eng