A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің «2014 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2015 жылдың негізгі міндеттері туралы» есебі

Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашада жарияланған «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауы елiмiз үшiн өз дамуының осы кезеңiндегi жаңа бағыты болып табылады.

Ақмола облысы экономикасының негiзгi салаларының ырғақты дамуы, 2014 жылдың қорытындысы бойынша қол жеткен көрсеткiштер бiзге аймақта Мемлекет басшысымен алға қойылған ауқымды мiндеттердiң табысты шешiлуiне берiк негiз қалады деп айтуға толық мүмкiндiк бередi. 2014 жылы мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды табысты орындау, көзделген шараларды iске асыру есебiнен экономиканың нақты өсiмi 105,5 пайызды құрады. Өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi 5,6, жалпы ауыл шаруашылығы өнiмi 2,2, құрылыс жұмыстары 16,1 тұрғын үйлердi пайдалануға беру 3,4 пайызға өстi. Экономикаға инвестициялар тарту 122,3 пайызға тең болды. Iс жүзiнде барлық қызмет түрлерiнде және әлеуметтiк саясатта қол жеткен экономикалық өсiм орташа айлық жалақының 7 пайызға жуық өсуiне жағдай туғызды. Жұмыссыздар саны 6 пайызға азайып, жергiлiктi бюджетке салықтың түсуi 16,4 пайызға ұлғайды. Тұтыну бағаларының индексi 100,4 пайыз болды. Яғни, көзделген параметрлер — 6-8 пайыздан асқан жоқ.

Өнеркәсiп

Облыста 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы үдемелi индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттiк бағдарламасының алғашқы бес жылдығы табысты iске асырылды. Индус-

трияландыру картасының шеңберiнде 119,6 миллиард теңгенiң 49 жобасы iске қосылды. Бес мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Жобалардың 35-i өнеркәсiп өнiмдерiн шығаруға бағытталған. Соның iшiнде, 19-ы жоғары қосымша құнмен өнiм шығарады. Инновациялық белсендi кәсiпорындар 7-еуден 83-ке ұлғайды. Инновациялық белсендiлiк деңгейi 1,2-ден 7 пайызға дейiн өстi.

Көптеген кәсiпорындарда өндiрiс қарқыны, қуаттардың артуы, технологиялық үдерiстi модернизациялау индустриялдық сектордың тұрақты дамуына игi ықпал еттi. «КазШпал» АҚ-ында бетон панельдерi, «Көкшетау жолдары» ЖШС-ында жиналмалы-монолиттiк құрылғылар, «ТрансТехмаш ЛТД» ЖШС-ында ағаш материалдары, «Жаңа сервис-2007» ЖШС-ында газ блоктары, «Полимер Пласт» ЖШС-ында полиэтилен өнiмдерiн шығару жөнiндегi жобалар iске асырылды. Көкшетау қаласында «Agrotrading-2007» ЖШС жылына 37 мың тонна құрама жем өндiрiлетiн зауыты iске қосты. AGRAVIS брендi бүкiл әлемнiң ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiне белгiлi. Бұл кәсiпорынның мүмкiндiктерi өте жоғары. Әдетте құрама жемдi шағын мөлшерде алатын үй шаруашылықтары мен шаруа қожалықтары үшiн көтерме-бөлшек сауда жүйесi құрылған.

Ақкөл ауданында «Үш бұлақ — 2005» ЖШС-ның жаңа құс фабрикасы жұмыс iстей бастады. Бұл облысымыздағы осындай алғашқы кәсiпорын емес. Мұнда 200 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Степногорск қаласында жылдық қуаты 180 мың тонна күкiрт қышқылы зауыты жұмысқа кiрiстi. Жаңа өндiрiстi iске қосудың нәтижесiнде алға қойылған мiндеттердiң бiрi — күкiрт қышқылына деген қажеттiлiгiмiздi өзiмiз өтеуге және «Қазатомпром» ҰАК акционерлiк қоғамын осы шикiзатпен қамтамасыз етуге мүмкiндiк туды.

2015 жылы облыста инвестиция мөлшерi 97,8 миллиард теңгенi құрайтын 15 жобаны iске асыру көзделiп отыр. Көптеген жобалар индустриялық бағытта және қосымша құны жоғары дайын өнiмдер шығаруға негiзделген. Олар — Еңбекшiлдер ауданындағы цемент зауыты, Степногорск қаласындағы алтын айыру фабрикасы, құрылыс индус-триясы, агроөнеркәсiп кешенi нысандары. Ерейментау ауданында қуаттылығы 45 МВт алғашқы электр станциясы iске қосылмақшы. Атқарылатын жұмыстар тек Индустрияландыру картасының жобаларымен шектелмейдi. Инновациялық индустрияландыруға бағытталған жаңа жобаларды қарастыру, неғұрлым сапалы өнiмдер шығару жөнiнде мiндеттер қойылып отыр.

Агроөнеркәсiп кешенi

Аграрлық сектор аймақтық iшкi өнiмнiң жалпы көлемiнiң 20 па-

йызынан астамын өндiретiн облыс экономикасының негiзгi саласының бiрi болып табылады. Агроөнеркәсiп кешенiн дамытуға байланысты мiндеттердi орындау «Агробизнес-2020» Бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылады. Мал шаруашылығын дамыту, жаңа үдемелi технологияларды енгiзу, ауыл шаруашылығы құрылымдарын iрiлендiру, жаңғырту мен күшейту есебiнен еңбек өнiмдiлiгiн арттырудың негiзгi бағыттары айқындалды. Ауыл шаруашылығының iшкi өнiмiн өндiру көлемi 238,8 миллиард теңгенi құрады, бұл көрсеткiш былтырғы жылмен салыстырғанда 102,2 пайызға артып отыр. Басымдық берiлген дақылдарды егу, егiстiк алқаптардың құрылымдарын одан әрi жетiлдiру, өсiмдiк шаруашылығы саласын диверсификациялау басым бағыт болып қала бередi.

Көктемгi егiс және күзгi орақ жұмыстарын өткiзуге мемлекеттен 4,6 миллиард теңге несиелiк қаржы бөлiндi. Одан басқа ауыл шаруашылығы құрылымдары 150 мың тонна жеңiлдетiлген бағамен дизель отынымен қамтамасыз етiлдi. Бұл шаралардың барлығы тұтастай алғанда тиiстi агротехникалық шараларды өз деңгейiнде өткiзуге мүмкiндiк бердi, соның арқасында гектар шығымдылығы 11 центнерден айналып, таза салмақта 4,5 миллион тонна астық жиналды.

Бiздiң аймақтың мүмкiндiктерi ескерiле отырып, азық-түлiкпен қамтамасыз ету мен экспорттық жайғастырудың негiзгi саласы ретiндегi мал шаруашылығын дамытуға үлкен мән берiледi. Мемлекеттiк қолдау шаралары мен мақсатты бағытталған жұмыстардың негiзiнде мал шаруашылығында оң сипат қамтамасыз етiлiп отыр. Шаруашылықтың барлық санаттарында мал мен құстың өсiмi байқалады, мал өнiмдiлiгi 2-ден 8 пайызға, ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру көлемi 4-тен 12 пайызға өскен. Мал өсiру мен сұрыптау-асыл тұқымды мал басын көбейтуге ден қойылған. Қазiргi заманғы технологияларды енгiзу арқылы мал шаруашылығын жаңғыртуға мiндет қойылып отыр. Асыл тұқымды бұқалардың басын көбейту арқылы нашар тұқымды қара малды сiңiре будандастыру жолымен товарлы табынның тұқымдық және өнiмдiлiк сапасын жақсарту аталған мiндеттi шешудiң бiрден-бiр жолы болып табылады.

Өндiрiс қуатының толық мүмкiндiгiнде жұмыс iстеуiне қол жетпесе де, бiр тонна шикiзаттан алынатын тауар өнiмiнiң мөлшерi қайта өңделгенде экономикалық тұрғыдан тиiмдi деп айтуға болады. Мұндай жетiстiкке тек қазiргi заманғы технологиялық құрал-жабдықтарды пайдаланғанда ғана қол жеткiзуге болады. Сондықтан, қазiргi заманғы технологияларды енгiзуге бағытталған жұмыс биыл да жалғасын таппақ.

Шағын және орта бизнес

Шағын және орта бизнестi қолдау облыс экономикасының дамуындағы басым бағыттардың бiрi болып табылады. Мемлекет кәсiпкерлiк бастаманы жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар туғызып отыр, несиелендiрудiң көздерi мен көлемi ұлғайтылуда. Болашақта барлық аймақта кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын ашу жоспарланып отыр, онда барлық рұқсат құжаттарын беретiн қаржылық институттар мен мемлекеттiк мекемелердiң өкiлдерi орналастырылмақ. Құрылатын орталықтар бiрқатар әкiмшiлiк кедергiлердi қысқартуға және облыстағы кәсiпкерлiктi белсендi дамытудың қарқынын жеделдетуге мүмкiндiк бередi.

Тұрғын үй құрылысы

2014 жылы тұрғын үй құрылысына қаржыландырудың барлық көздерi арқылы 21,8 миллиард теңгенiң инвестициясы құйылған, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 1,7 есеге көп. Оның iшiнде «Қолжетiмдi баспана-2020» Бағдарламасы шеңберiнде 7,2 миллиард теңге бөлiнген. Тұрғын үй салу жөнiндегi жоспар орындалды. 2014 жылы жалпы аумағы 268 мың шаршы метр үй пайдалануға берiлген, бұл орайдағы көрсеткiш бұрнағы жылмен салыстырғанда 103,4 пайызды құрады. 2,5 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты. 2015 жылы «Қолжетiмдi баспана-2020» Бағдарламасын жүзеге асыруға 4,8 миллиард теңге бөлiнген. Жеке және коммерциялық құрылысты есепке ала отырып, биылғы жылы 6,3 пайыз өсiммен 285 мың шаршы метр тұрғын үйдi пайдалануға беру жоспарлануда.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

2014 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту Бағдарламасы шеңберiндегi шараларды жүзеге асыруға 9,7 миллиард теңге, оның iшiнде жылумен қамтамасыз ететiн кәсiпорындардың тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге 3,1 миллиард теңге бөлiнiп отыр. «Ақ бұлақ» Бағдарламасы шеңберiнде тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз етуге 6,5 миллиард теңге қаржы бөлiндi. Қаржы облыстың екi қаласы мен 25 селосына су құбырларының құрылысына, қайта жөндеуге және жөндеуге бағытталды. 2014 жылы 15 елдi мекенде жобаланған жұмыстар аяқталды. Ауыз суды тасымалдап iшетiн елдi мекендердегi мәселелердi шешуге басты назар аударылды. Өткен жылы бұл түйiндi мәселе Атбасар ауданындағы Новомировка, Шұңқыркөл селоларында, Зерендi ауданындағы Айдарлы ауылында шешiлдi. 2015 жылы Астрахан ауданындағы Қаракөл селосында және Зерендi ауданындағы Березняковка селосында ауыз су мәселесi шешiледi деп жоспарланып отыр. 2014 жылдың соңында орталықтандырылған ауыз су жүйесiмен қамтылған елдi мекендердiң үлес салмағы облыс бойынша 87,4 пайызды құрады. 2014 жылы 18 селода iздеу, барлау жұмыстары аяқталды. Бұл шаралар жобалық құжаттарды дайындауға және алдағы уақытта орталықтандырылған су жүйесiмен қамтылатын елдi мекендердiң үлес салмағын арттыруға мүмкiндiк бередi.

Көлiк инфрақұрылымын дамыту

2014 жылы жергiлiктi маңызы бар автокөлiк жолын жөндеуге және қалыпты ұстап тұруға 6,6 миллиард теңге бағытталды. Көкшетау қаласындағы автобус бағыттарындағы көлiк қозғалысына спутниктiк құрылғы арқылы мониторинг жүргiзiледi. Бұлайша бақылау қоғамдық көлiктердiң қызметiн жақсартуға мүмкiндiк берiп отыр. «Ақкөл-Наумовка» және «Астана-Берсуат» бағытындағы (Ақкөл ауданының Наумовка, Виноградовка, Радовка, Аршалы ауданындағы Берсуат, Ақтасты) тәрiздi бес елдi мекендi басып өтетiн жаңа автобус бағыттары ашылды. Осының арқасында тұрғындарды тұрақты жолаушылар тасымалдау қызметiнiң жағдайы жақсарып, 2014 жылғы жоспарлы көрсеткiш 74 пайызға жеткiзiлдi.

Жобаны 2015-2016 жылдары жүзеге асыру межеленiп отыр. Облыстың өзге аймақтарында автобекеттердi қалыпты нормаға сәйкестендiру шараларының жоспары жасалуда.

2020 жылға қарай облыстағы аудан орталықтарын автотұрақпен қамтамасыз ету үшiн 7 автотұрақтың құрылысы жоспарланып отыр. (Есiл қаласында, Аршалы кентi, Жақсы, Шортанды ауданы орталықтары, Ақмол ауылы, Балкашино, Зерендi селолары) және оның 4-еуi жолаушыларға қызмет көрсету орындары (Степняк қаласы, Егiндiкөл, Қорғалжын селолары мен Державинск қаласы).

Аймақтық даму

2014 жылы Астана қаласы аймағындағы жергiлiктi елдi-мекендердi дамытудың Кешендi жоспарының 1 кезеңiнiң жүзеге асырылуы аяқталды.

Астана аумағындағы даму жұмыстары 2015-2020 жылдарға жасалған кешендi жоспар шеңберiнде жүзеге аса беретiн болады. Ол жоспарға тағы 14 елдi мекен қосылып отыр.Тағы бiр даму нүктесi Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту бағыты болып отыр.

Көкшетау қаласын дамытуға 2014 жылы қаржыландырудың барлық көздерi арқылы 26,5 миллиард теңге инвестиция тартылды. Қала тұрғындарын баспанамен қамту мәселесi де кезең-кезеңiмен шешiлуде. 2014 жылы 7 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берiлдi, қазiр тағы 14 үйдiң құрылысы жүргiзiлуде. Жолдардың жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар да жоспарға сай жүзеге асырылуда. Өткен жылы бұл мақсатқа 1,3 миллиард теңге бөлiндi. Куйбышев, Сәдуақасов, Горький, Абай көшелерiндегi учаскелерге және Орталық базар аумағындағы жолдарға жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Көп қабатты үйлердi газбен қамту мәселесiн шешу үшiн 2014-2016 жылдарға арналған газ бөлу қондырғыларын кезең-кезеңмен қалпына келтiру шараларының жоспары жасалды. Лифтердi ауыстыру және жөндеу бойынша да осындай жоспар жасалуда.

Жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi сараптама нәтижелерi алынды. Қазiргi таңда жобаны жобалау мен жүзеге асыруға инвестор тарту мәселесi қарастырылуда.

Бiлiм беру

Облыстың бiлiм беру ұйымдарының қызметi мектепке дейiнгi ұйымдар жүйесiн кеңейту, жалпы орта бiлiм беруге жағдай жасау, техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi дамытуға бағытталды. 2014 жылы бiлiм саласының шығыны 47 миллиард теңгенi құрады. «Балапан» бағдарламасы аясында 3 мыңнан астам орынға арналған 27 мектепке дейiнгi мекеме (13 бала бақша мен 14 шағын орталық) ашылды. Бюджет қаражаты есебiнен 5 бала бақша салынып, 2 бала бақша қайта қалпына келтiрiлдi, 6 жеке бала бақша ашылды. 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың қамтылуы 89,5 пайызды құрады.

Жүктемесi шамадан тыс мектептердегi орын тапшылығы мен апатты жағдайдың алдындағы мектептердiң мәселесi кезең-кезеңiмен шешiлуде.

2014-2015 оқу жылдары дуальдық оқытуды 13 мамандық бойынша 500 студенттi қамтамасыз ете отырып, 9 ТжКБ мекемесi жүзеге асыратын болады.

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласының алдында алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем қызметiн жақсартып, аурудың алдын алу бойынша шараларды ұйымдастыру, салауатты өмiр салтын насихаттау мiндеттерi тұр. 2014 жылы аталған саланы дамытуға 24,6 миллиард теңге бөлiндi.

Денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамытуға да көп көңiл бөлiнiп отыр. ЖОО-лар студенттерi үшiн облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақысы белгiлендi, оның iшiнде дәрiгерлiк оқу орындарының студенттерiне де — бiр студентке 500 теңгеден. Бүгiнгi күнi ел ЖОО-ларында әкiмнiң гранты есебiнен 7 студент бiлiм алуда. Аудандық ауруханалар мен емханалардың қаражаты есебiнен 15 адам бiлiм алуда.

Мәдениет пен спорт

Облыста мәдениет саласын дамытып, қоғамның рухани тұрғыдан өсуiн қамтамасыз ету бағытында мақсатты шаралар атқарылды.

«Көкшетау» халықтық би ансамблi Константа қаласында өткен (Румыния) Түркi халықтарының ХХ фестивалiне, облыстық филармонияның «Гәкку» би ансамблi Нью-Дели қаласында (Үндiстан) өткен VIII халықаралық ән мен би фестивалiне қатысты. Жоғары кәсiби шеберлiктерi үшiн аталған ұжымдарға дипломдар мен алғыс хаттар табыс етiлдi. 2014 жылы 189 концерт өткiзiлiп, 500-ден астам спектакль, 47 мың әртүрлi мәдени шара ұйымдастырылды. Өткен жылы облыстық Достық үйi пайдалануға берiлдi. Ендi негiзгi күш аймақтағы этникалық топтардың тiлiн, дәстүрi мен мәдениетiн дамытуға жұмсалатын болады. 2015 жылы Қазақ хандығының — 550, Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң — 70, Қазақстан халқы Ассамблеясының — 20, Қазақстан Республикасы Конституциясының — 20 жылдығына орай атаулы шаралар ұйымдастырылатын болады.

Алдағы уақытта облысымызда Кеңес Одағының Батыры, ғалым, академик, қоғам қайраткерi Мәлiк Ғабдуллин мен жазушы, Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты Iлияс Есенберлиннiң 100 жылдық мерейтойлары атап өтiлмекшi.

Қазiргi уақытта дене шынықтыру мен спортқа ерекше көңiл бөлiнiп, салауатты өмiр салтын қалыптастыру, бұқаралық спорт түрлерiн дамыту, сала инфрақұрылымын кеңейтуге бағытталған нақты iс-шаралар қолға алынуда. Осы орайда, өткен жылы Атбасар ауданында жаңадан дене шынықтыру-сауықтыру кешенi, Ақкөл ауданында жүзу бассейнi пайдалануға берiлдi. Сондай-ақ, Көкшетау қаласында теннис орталығы ашылса, Жарқайың ауданында спорт кешенiнiң құрылысы аяқталды. Спорттық нысандардың құрылыс-жөндеу жұмыстарына да ерекше басымдық берiлген. Спорт саласының инфрақұрылымын нығайту барысында спортшылар биiк белестерден көрiнiп, халықаралық, республикалық сайыстарда 612 медальға қол жеткiздi. 2013 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткiш 53 медальға артық.

Дата создания статьи: 31.03.2017 10:22
Дата обновления статьи: 31.03.2017 10:22
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23