A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
Ақмола облысының әкімі С.В. Кулагиннің «Ақмола облысының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2017 жылдың негізгі міндеттері туралы» есебі

Құрметтi Ақмола облысының тұрғындары!

Бұл күндерi бүкiл елiмiз бойынша «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңның жобасы мен Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның Үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» Жолдауын талқылау жүрiп жатыр. Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында елiмiздi, оның қызметiнiң барлық салаларын одан әрi жаңғыртуға бағытталған мiндеттер қойылуда. Ол алдымен — осы заманғы бәсекелестiкке қабiлеттi экономиканы құру, адам капиталының сапасын жақсарту.

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған елiмiздiң Үшiншi жаңғыруы қазiргi заманның талаптарынан туындап отыр. Ол елiмiзде қол жеткен оң өзгерiстердiң заңды жалғасы болып табылады. Әлеуметтiк-саяси тұрақтылық, сыртқы және iшкi қауiпсiздiк, ұлтаралық және конфессияаралық келiсiм табысты жұмыстың кепiлiне айналуда.

Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 25 жыл толған мерекелiк жылды бiздiң облыс жақсы көрсеткiштермен аяқтады. 223,1 миллиард теңгенiң көлемiндегi инвестициялар нақты сектордың барлық салаларында өндiрiстiң өсу қарқынын қамтамасыз еттi, мұның өзi еңбек нарығында тұрақтылықты сақтауға қол жеткiздi.

12,5 мың жаңа жұмыс орны құрылып, орташа еңбекақы 17,5 пайызға өстi, немесе 104 мың теңгеге жеттi. Әр жан басына шаққанда жалпы аймақтық өнiм 1,2 миллион теңгеге артты.

Өнеркәсiп

Экономиканы әртараптандыру және шикiзатты емес салаларды жедел дамыту мақсаттарында екiншi индустриалдық бесжылдықты iске асыру жөнiндегi жұмыс одан әрi жалғастырыла түстi. 2016 жылы 420,7 миллиард теңгенiң өнеркәсiп өнiмдерi өндiрiлдi, мұның өзi арғы жылмен салыстырғанда 85,2 миллиард теңгеге көп, жеке көлем индексi 104,3 пайызды құрады.

Жалпы өндiрiс көлемiнде өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесi 72 пайызға артты. Бұл басым бағыттарда iске асырылатын секторларда ГПИИР жобаларының жүктемесiн арттыру есебiнен мүмкiн болды. Өңдеу өнеркәсiбiндегi инвестициялар 24,9 миллион АҚШ долларын құрап, 18,7 пайызға өстi.

Өндiрiс өсiмiнiң жоғары қарқыны металлургия, тамақ өнеркәсiбi және сусындар өндiрiсi тәрiздi өңдеушi салаларда сақталады. 2016 жылы алтын өндiру көлемi 26,2 тоннаны құрап, 26,1 пайызға өстi. Уран қосындысының өсiмi 20,7 пайыз (2424 тонна). Ұн мен ет өндiру 22 пайызға артса, өсiмдiк майы екi есе өстi. Подшипниктердiң жаңа түрiн шығару үшiн өндiрiстi қазiргi заманғы қайта бағдарлаудың арқасында «ЕПК-Степногорск» акционерлiк қоғамы жылды 16,7 пайыз өсiм көрсеткiшiмен аяқтады. «СП «СКЗ «Казатомпром» серiктестiгi 136,7 мың тонна күкiрт қышқылын өндiрдi. Бұл бұрынғы көрсеткiштен 3,4 есе артық. Темiрбетон конструкциясының өндiрiсiнiң өсiмi 5,3 пайызға қамтамасыз етiлдi («Регион-Строй» ЖШС). Өнеркәсiп саласында тау-кен өндiру саласының кәсiпорындары табысты жұмыс iстеп, өндiрiлген жалпы өнiм көлемi 108,2 пайызды құрады. «Өркен-Атансор» серiктестiгi темiр кенiн өндiру көлемiн 17,2 пайызға, «Алтынтау-Көкшетау», «ГМК «Қазақалтын» акционерлiк қоғамдары мен «RG Gold» серiктестiгi құрамында алтыны бар кен өндiрудi 7,7 пайызға көбейттi. Жүзеге асырылған инвестициялық жоба аясында «СГХК» серiктестiгi мыс-молибден кенiн өндiрiп, өңдеу қарқынын арттыруда. 11,3 мың тонна мыс концентраты өндiрiлдi. Бұл 2015 жылғы көрсеткiштен екi есе артық. Кәсiпкерлiктi қолдау картасының аясында енгiзiлген жобалардың үлесi, өнеркәсiп өндiрiсiнiң жалпы көлемi 40 пайызды, салық түсiмiнiң жалпы көлемiнде индустриялық инновациялық дамудың мемлекеттiк бағдарламасына қатысушы кәсiпорындардың үлесi 24 пайызды құрады.

Кәсiпкерлiктi қолдау картасы аясында 180,6 миллиард теңгенiң 78 жобасы жүзеге асырылды, 7,1 мың жұмыс орны ашылды. Олардың 36-сы жоғары қосымша құн өнiмi өндiрiсiне бағытталған. 2016 жылы 14,6 миллиард теңгенiң 18 жобасы жүзеге асырылды. Оның негiзгi бағыттары тамақ өнеркәсiбi және құрылыс материалдары өндiрiсi. 912 тұрақты жұмыс орны ашылды. Тамақ өнеркәсiбi саласында жаңа жобалар жүзеге асырылды. Мәселен, Шортанды ауданының «Белая Лилия» серiктестiгi қуаты 60 тонна өнiм өндiретiн қаз фермасын, Сандықтау ауданында «WorldBerries» серiктестiгi қуаты 6 тонна жемiс-жидек өндiрiсiн, Көкшетау қаласында қуаты 14,4 мың тоннаға жететiн «Нәтиже» сүт фабрикасы» серiктестiгiнiң сүт өнiмiн өндiретiн зауытын, Ақкөл ауданында «ТП-1» серiктестiгi қуаты 210 тонна шұжық өнiмi өндiрiсiн iске қосты.

Өңiрдiң құрылыс рыногын қол жетiмдi материалдармен қамтамасыз ету мақсатында 4 жоба жүзеге асырылды (Жарқайың ауданындағы «Арқа К» серiктестiгiнiң қиыршық тас өндiрiсi, Целиноград ауданындағы «Astana BL&NT» серiктестiгiнiң бетон және бетон өнiмдерi, Шортанды ауданындағы «Turan Industry» серiктестiгiнiң табиғи тас өнiмi, Целиноград ауданындағы «LK KZ» серiктестiгiнiң кiрпiшi). Көкшетау қаласындағы «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорациясы» серiктестiгiнiң Қазақстан–Белорусь индустриалдық-технологиялық ауыл шаруашылығы және коммуналдық техникалар паркi пайдалануға берiлдi. Оның қуаты 4,5 мың бiрлiк.Мемлекет басшысының қатысуымен телекөпiр аясында Степногорск қаласындағы «Август Нан» серiктестiгiнiң құрамында калий тұзы глифосат пен глифосаты бар гербицидтер өндiру бойынша бiрлескен қазақстандық-ресейлiк жоба iске қосылды. Инновациялық-активтiк кәсiпорындар саны 90 бiрлiктi құрады, инновациялық-актив деңгейi 2013 жылмен салыстырғанда 2016 жылы 0,7 пайыздан 6,8 пайызға дейiн өстi.

Жүктеу (ZIP 7362 Kb)

Мақаланы құрған күні 31.03.2017 09:26
Мақаланы жаңартқан күні 01.06.2017 15:00
Қаралым саны: 714

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
8 (7162) 29-72-00

Әдеп жөнiндегi уәкiлi:
8 (7162) 29-73-54

Қабылдауға жазылу:
8 (7162) 29-72-43

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-71

Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-49

Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-44

Факс:
8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы