A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi министрлiгi Ақмола облысы бойынша департаментiнiң Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының 2016 жылдың 1 тоқсанында орындаған жұмысы туралы есеп

Бағыт: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн талдау және анықтау

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» ҚР Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес Департамент тұрақты негiзде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргiзедi.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi мен Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсiпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы 2015 ж. 23 маусымдағы келiсiмдi жүзеге асыру жөнiндегi бiрлескен iс-шаралар жоспарының 2-тармағының 2-тармақшасын орындау мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдары мен «Әдiлет» Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ақпараттық-құқықтық жүйесiн зерделеу арқылы мониторинг жүргiзiлiп, автобустық жолаушылар тасымалын субсидиялаудың проблемалық мәселелерi бағыты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтiң нәтижесi шығарылды (Ақпарат орталық аппаратқа дер уақытында ұсынылды).

Департамент және жұртшылық арасындағы өзара iс-қимыл, сондай-ақ, мемлекеттiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын дәрiптеу шеңберiнде Департаменттiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргiзiлген ең үздiк мониторингке конкурс жариялағаны туралы хабарландыру әзiрлендi.

Конкурс нәтижелерi Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнi — 9 желтоқсанда «Адал жол — Честный путь» марафонының қорытындылары бойынша жыл сайынғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда шығарылатын болады.

Басқарма Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 16 бұйрығымен бекiтiлген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргiзу қағидаларын» басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргiзу аясында Ақмола облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi басқарманың мәлiметтерi негiзiнде 2015 жылдың нәтижелерi бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргiздi.

Жүргiзiлген мониторингтiң нәтижелерi бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау салалары сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне барынша осал салалар болып табылды (Ақпарат Орталық аппаратқа дер уақытында ұсынылды). Алынған нәтижелер жұмыста пайдаланылады.

 

Сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне ықпал ететiн себептер мен жағдайларды барынша азайту мақсатында Басқарма күнделiктi бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингiн (zakon.kz356info.kzinform.kztengrinews.kzkokshetau.asia; «Бiрiншi сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» zannews.kz; «Атамекен» ҚР ҰКП palata.kz; zhalobakz.comzhalobi.kz сайттары; «Караван», «Любимый город» және басқа газеттердiң сайттары) жүргiзедi, статистика органдарының мәлiметтерi мен басқа дерек көздерiн (жеке және заңды тұлғалардың шағымдары) зерттейдi. Жұмыста пайдалану үшiн 62-ден астам мақала мен материал зерделенiп, басылып шығарылды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi мен Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсiпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi жүзеге асыру жөнiндегi бiрлескен iс-шаралар жоспарының тармақтарын жүзеге асыру шеңберiнде экология саласындағы проблемалық сұрақтардың камералдық (кабинеттiк) талдауы жүргiзiлдi (Ақпарат орталық аппаратқа ұсынылды). Аталған талдаумен Ақмола облысы бойынша экология департаментi мен Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер қамтылды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Департаментпен Орталық аппараттың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi және жер ресурстарын басқару комитетiнiң «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Ақмола филиалында (бұдан әрi — Орталық) талдау жүргiзiлдi.

Талдау нәтижелерi бойынша 7 сыбайлас жемқорлық тәуекелi анықталып, олар 9 ұсыныс жасалды (Ақпаратық анықтама Орталық аппаратқа дер уақытында ұсынылды).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерiнiң негiзiнде (автобустық жолаушылар тасымалын субсидиялаудың проблемалық сұрақтары) қазiргi уақытта Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасымен бiрлескен бұйрық шығарылды, осы бұйрыққа сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiнiң сыртқы талдауы жүргiзiлуде. Талдау аяқталғаннан кейiн Орталық аппаратқа ақпараттық анықтама берiлетiн болады.

Жұмыс тобын Департамент қызметкерлерi (Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы, Мемлекеттiк қызмет көрсету басқармасы, Мемлекеттiк қызмет басқармасы), өңiрлiк «Атамекен» палатасының өкiлi (кәсiпкерлердi құқықтық қорғау бөлiмiнiң басшысы), сонымен қатар, талдау жүргiзiлiп отырған мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерi құрады.

Мемлекеттiк органдардың өзара әрекеттесуi және iшкi анализ жүргiзуi мақсатында, сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Заңда белгiленген сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа жаңа шараларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiнiң назарына жеткiзу мақсатында Департамент тарапынан облыс әкiмi аппаратына және облыстың жергiлiктi атқарушы органдарына тиiстi ақпараттық хат жолданды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу және мониторинг жасау мәселелерi жөнiнде түсiндiру жұмысын жүргiзу мақсатында барлық облыстық басқармалардың бiрiншi басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өткiзiлдi.

Мемлекеттiк сатып алу мониторингiн жүргiзудiң әдiстемелiк ұсынымдары мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргiзу қағидаларына сәйкес ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап бюджет қаражаттарын тиiмсiз пайдаланудың алдын алу мақсатында (үнемдеу), Басқарма тұрақты түрде мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк сатып алу веб-порталындағы сатып алу бағаларының өсуiне мониторинг жүргiзедi.

Қызметтердiң, жұмыстар мен тауарлардың келесi түрлерi мониторингпен қамтылды: кеңсе тауарлары, құрылыс материалдары, техниканың алуан түрлерiне арналған қосалқы бөлшектер, азық-түлiк өнiмдерi; лазерлiк картридждердi толық өнеркәсiптiк қалпына келтiру және сия құю, өрт сөндiргiштердi қайта қуаттау, тергеудегi-тұтқындалғандарға арналған арнайы тағамдар, бланктердi даярлау жөнiндегi қызметтер; мектептерге арналған байланыс және интернет қызметтерi, көше жарығына қызмет көрсету, электр өлшеу аспаптары, картридждердi толтыру және т.б.

Мониторинг барысында iрi сомалар көрсетiлген хабарландырулар зерделендi, атап айтқанда, «Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары» ММ жанындағы «Степногорск-водоканал» ШЖҚ МККмемлекеттiк сатып алу порталының «Конкурс» модулiнде электр қозғалтқыштарды жөндеуге конкурс өткiзу туралы (№ 359141-1, сомасы 31 млн. 100 мың теңге) хабарландыру жариялады.

Жұмыстардың құнын анықтау үшiн жұмыс бағаларының жинақтары, осы қызметтi көрсететiн фирмалардың прайстары зерделендi. Алайда, аталған хабарландыру бойынша бағаларды көтеру фактiлерi анықталған жоқ.

Сонымен қатар, ҚР IIМ ҚАЖК «ЕЦ 166/18 мекемесi» РММ 7 млн. 167 мың 780 теңгеге азық-түлiк өнiмдерiн сатып алу туралы хабарландыруы зерделендi.

Аталған тауардың құнын нақты анықтау үшiн Департамент тарапынан Ақмола облысының статистика департаментiне азық-түлiк өнiмдерiнiң орташа нарықтық бағалары туралы мәлiмет беру туралы тиiстi сұрау салынды.

Сондай-ақ, аталған тауар бойынша баға ұсыныстары сұратылды, осыған ұқсас тауарларды жеткiзетiн өнiм берушiлерден телефон арқылы бағалар туралы мәлiметтер алынды. Аталған хабарландыру бойынша баға көтеру фактiсi расталған жоқ.

Мемлекеттiк сатып алу туралы заңды бұзушылықтар тәжiрибесiн зерделеу мақсатында Қаржылық бақылау инспекциясына мемлекеттiк сатып алу туралы заңды бұзу фактiлерi туралы мәлiмет беру туралы хат жолданды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Бағыт: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдинеттi қалыптастыру

2016 жылдың I тоқсанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi министрлiгi Ақмола облысы бойынша департаментiнiң Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастру мақсатында 76 қоғамдық маңызы бар iс-шара, соның iшiнде 19 «дөңгелек үстел», 34 дәрiс, 19 мәдени-көпшiлiк iс-шара, 4 брифин және мини брифинг өткiздi, ақпараттық өрiске 140 материал шықты (баспа БАҚ-та және интернет-ресурстарда 124 материал, теледидарда 16 сюжет, соның iшiнде 1 республикалық телеарналарда және т.б.).

Ведомствоның позитивтiк бейнесiн дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберiнде Департаменттiң авторлығымен 3 мақала жарияланды.

2016 жылдың наурызынан бастап Департаменттiң арнайы сайты жұмыс iстейдi (akm.kyzmet.gov.kz). Бiр айдың iшiнде 28 материал жарияланды, соның iшiнде 14-i мемлекеттiк тiлде.

Сондай-ақ, әлеуметтiк желiлер мен бейнехостингтер арқылы қомақты жұмыс жүргiзiлуде. «Facebook», «Vkontakte», «Мой Мир», «Instagram», «Youtube», «Kaztube» және т.б. әлеуметтiк желiлер мен бейнехостингтерде Департаменттiң ресми парақшалары ашылып, жұмыс iстеуде.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды көрнекi-ақпараттық насихаттау, көрнекi өнiмдердi шығару және жариялау саласында белсендi жұмыс жүргiзiлуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды насихаттауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттiң жоғары деңгейiн, мемлекеттiк қызметшiнiң оң имиджiн қалыптаструға және жұртшылықты «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясындағы бiрiншi институционалды реформаның негiзгi кезеңдерi туралы хабардар етуге бағытталған 19 бейнеролик шықты және әлеуметтiк желiлерде жарияланды.

Облыс аумағында 44 баннер, 380 минибаннер орнатылды.

Көкшетау қаласының екi LED-экранында электрондық нұсқадағы баннерлер ротацияланады.

Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?», «Мемлекеттiк қызметтердi алған кездегi менiң құқықтарым» атты буклеттердi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде әзiрлеп, ХҚКО, Ақмола облысы Кәсiпкерлер палатасының филиалдары, ЖАО, аумақтық мемлекеттiк мекемелер арқылы тұрғындарға тарату жөнiндегi жұмыс ұйымдастырылды. 2016 жылдың 1 тоқсанында 1 000-ға жуық буклет таратылды.

1 әдiстемелiк басылым жарыққа шықты (Департамент 2016 жылғы 25 наурызда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнде өткiзген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың негiзгi аспектiлерi» тақырыбындағы ғылыми-тәжiрибелiк конференцияның қорытындылары бойынша).

2016 жылдың 1-19 ақпаны арасында Департаменттiң бастамашылығымен облыста «Адалдық — Отансүйгiштiктiң негiзi» тақырыбындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл айлығы өттi.

Айлық аясында барлық мемлекеттiк органдарда, iрi өнеркәсiптiк кәсiпорындардың еңбек ұжымдарында, бiлiм және мәдениет ұйымдарында халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетiн қалыптастыруға бағытталған iс-шаралар өттi.

Облыста айлық аясында 38-ге жуық iс-шара өткiзiлдi (Айлық барысында Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне төзбеушiлiк жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру мәселелерi бойынша ынтымақтастық туралы ашық келiсiмге қағаз тасығышта 14,5 мың қол қоюшы қосылды).

Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс аясында Iшкi саясат басқармасы тарапынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған iс-шараларды өткiзу» тақырыбында жалпы сомасы 1 млн. 500 мың теңге лот қарастырылған.

Сонымен қатар, азаматтық қоғам институттарымен, қоғамдық пiкiр көшбасшыларымен, ҮЕҰ, ДҚБ, ЭМБ, ЖҚБ, әйелдер ұйымдарының, саяси партиялардың және т.б. өкiлдерiмен Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне төзбеушiлiк жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру мәселелерi бойынша ынтымақтастық туралы ашық келiсiм (бұдан әрi — Ашық келiсiм) аясында ынтымақтастық орнатылды. Жыл қорытындылары бойынша Ашық келiсiмге 19 заңды тұлға («Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы, Ақмола облысының Кәсiпкерлер палатасы, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы, «Даму» КДҚ АҚ Ақмола облысы бойынша аумақтық филиалы, «Өрлеу» БАҰО АҚФ «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ», Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта дайындау және бiлiктiлiгiн жетiлдiру аймақтық орталығы, жоғарғы және орта-арнайы оқу орындары және т.б.) және 286 жеке тұлға қосылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi қоғамдық пiкiрдi зерделеу мақсатында Басқарма iс-шаралар барысында халық арасында әлеуметтiк зерттеу — сауалнама жүргiзедi. Сауалнама қорытындылары талдау және қорытынды шығару үшiн ҚР Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясына жiберiледi (2016 жылдың 1 тоқсанында 119 сауалнама өңделдi).

Дата обновления статьи: 08.07.2016 10:23
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 83, индекс: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23