A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің «2014 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2015 жылдың негізгі міндеттері туралы» есебі

Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашада жарияланған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауы еліміз үшін өз дамуының осы кезеңіндегі жаңа бағыты болып табылады.

Ақмола облысы экономикасының негізгі салаларының ырғақты дамуы, 2014 жылдың қорытындысы бойынша қол жеткен көрсеткіштер бізге аймақта Мемлекет басшысымен алға қойылған ауқымды міндеттердің табысты шешілуіне берік негіз қалады деп айтуға толық мүмкіндік береді. 2014 жылы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды табысты орындау, көзделген шараларды іске асыру есебінен экономиканың нақты өсімі 105,5 пайызды құрады. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,6, жалпы ауыл шаруашылығы өнімі 2,2, құрылыс жұмыстары 16,1 тұрғын үйлерді пайдалануға беру 3,4 пайызға өсті. Экономикаға инвестициялар тарту 122,3 пайызға тең болды. Іс жүзінде барлық қызмет түрлерінде және әлеуметтік саясатта қол жеткен экономикалық өсім орташа айлық жалақының 7 пайызға жуық өсуіне жағдай туғызды. Жұмыссыздар саны 6 пайызға азайып, жергілікті бюджетке салықтың  түсуі 16,4 пайызға ұлғайды. Тұтыну бағаларының индексі 100,4 пайыз болды. Яғни, көзделген параметрлер – 6-8 пайыздан асқан жоқ.
 

Өнеркәсіп


Облыста 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының алғашқы бес жылдығы табысты іске асырылды. Индус-
трияландыру картасының шеңберінде 119,6 миллиард теңгенің 49 жобасы іске қосылды. Бес мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Жобалардың 35-і өнеркәсіп өнімдерін шығаруға бағытталған. Соның ішінде, 19-ы жоғары қосымша құнмен өнім шығарады. Инновациялық белсенді кәсіпорындар  7-еуден 83-ке ұлғайды. Инновациялық белсенділік деңгейі 1,2-ден 7 пайызға дейін өсті.

Көптеген кәсіпорындарда өндіріс қарқыны, қуаттардың артуы, технологиялық үдерісті модернизациялау индустриялдық сектордың тұрақты дамуына игі ықпал етті. «КазШпал» АҚ-ында бетон панельдері, «Көкшетау жолдары» ЖШС-ында жиналмалы-монолиттік құрылғылар, «ТрансТехмаш ЛТД» ЖШС-ында ағаш материалдары, «Жаңа сервис-2007» ЖШС-ында газ блоктары, «Полимер Пласт» ЖШС-ында полиэтилен өнімдерін шығару жөніндегі жобалар іске асырылды.  Көкшетау қаласында «Agrotrading-2007»  ЖШС жылына 37 мың тонна құрама жем өндірілетін зауыты іске қосты. AGRAVIS бренді бүкіл әлемнің ауыл шаруашылығы өндірушілеріне белгілі. Бұл кәсіпорынның мүмкіндіктері өте жоғары. Әдетте құрама жемді шағын мөлшерде алатын үй шаруашылықтары мен шаруа қожалықтары үшін көтерме-бөлшек сауда жүйесі құрылған.

Ақкөл ауданында «Үш бұлақ – 2005» ЖШС-ның жаңа құс фабрикасы жұмыс істей бастады. Бұл облысымыздағы осындай алғашқы кәсіпорын емес. Мұнда 200 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Степногорск қаласында жылдық қуаты 180 мың тонна күкірт қышқылы зауыты  жұмысқа кірісті. Жаңа өндірісті іске қосудың нәтижесінде алға қойылған міндеттердің бірі – күкірт қышқылына деген қажеттілігімізді өзіміз өтеуге және «Қазатомпром» ҰАК акционерлік қоғамын осы шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.  
2015 жылы облыста инвестиция мөлшері 97,8 миллиард теңгені құрайтын 15 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Көптеген жобалар индустриялық бағытта және қосымша құны жоғары дайын өнімдер шығаруға негізделген. Олар – Еңбекшілдер ауданындағы цемент зауыты, Степногорск қаласындағы алтын айыру фабрикасы, құрылыс индус-триясы, агроөнеркәсіп кешені нысандары. Ерейментау ауданында қуаттылығы 45 МВт алғашқы электр станциясы іске қосылмақшы. Атқарылатын жұмыстар тек Индустрияландыру картасының жобаларымен шектелмейді. Инновациялық индустрияландыруға бағытталған жаңа жобаларды қарастыру, неғұрлым сапалы өнімдер шығару жөнінде міндеттер қойылып отыр.

Агроөнеркәсіп кешені

Аграрлық сектор аймақтық ішкі өнімнің жалпы көлемінің 20 па-
йызынан астамын өндіретін облыс экономикасының негізгі саласының бірі болып табылады. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға байланысты міндеттерді орындау «Агробизнес-2020» Бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Мал шаруашылығын дамыту, жаңа үдемелі технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығы құрылымдарын ірілендіру, жаңғырту мен күшейту есебінен еңбек өнімділігін арттырудың негізгі бағыттары айқындалды. Ауыл шаруашылығының ішкі өнімін өндіру көлемі 238,8 миллиард теңгені құрады, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 102,2 пайызға артып отыр. Басымдық берілген дақылдарды егу, егістік алқаптардың құрылымдарын одан әрі жетілдіру, өсімдік шаруашылығы саласын диверсификациялау басым бағыт болып қала береді. 

Көктемгі егіс және күзгі орақ жұмыстарын өткізуге мемлекеттен 4,6 миллиард теңге несиелік қаржы бөлінді. Одан басқа ауыл шаруашылығы құрылымдары 150 мың тонна жеңілдетілген бағамен дизель отынымен қамтамасыз етілді. Бұл шаралардың барлығы тұтастай алғанда тиісті агротехникалық шараларды өз деңгейінде өткізуге мүмкіндік берді, соның арқасында гектар шығымдылығы 11 центнерден айналып, таза салмақта 4,5 миллион тонна астық жиналды.

Біздің аймақтың мүмкіндіктері ескеріле отырып, азық-түлікпен қамтамасыз ету мен экспорттық жайғастырудың негізгі саласы ретіндегі мал шаруашылығын дамытуға үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қолдау шаралары мен мақсатты бағытталған жұмыстардың негізінде мал шаруашылығында оң сипат қамтамасыз етіліп отыр. Шаруашылықтың барлық санаттарында мал мен құстың өсімі байқалады,  мал өнімділігі 2-ден 8 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемі 4-тен 12 пайызға өскен. Мал өсіру мен сұрыптау-асыл тұқымды мал басын көбейтуге ден қойылған. Қазіргі заманғы технологияларды енгізу арқылы мал шаруашылығын жаңғыртуға міндет қойылып отыр. Асыл тұқымды бұқалардың басын көбейту арқылы нашар тұқымды қара малды сіңіре будандастыру жолымен товарлы табынның тұқымдық және өнімділік сапасын жақсарту аталған міндетті шешудің бірден-бір жолы болып табылады.

Өндіріс қуатының толық мүмкіндігінде жұмыс істеуіне қол жетпесе де, бір тонна шикізаттан алынатын тауар өнімінің мөлшері қайта өңделгенде экономикалық тұрғыдан тиімді деп айтуға болады. Мұндай жетістікке тек қазіргі заманғы технологиялық құрал-жабдықтарды пайдаланғанда ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан, қазіргі заманғы технологияларды енгізуге бағытталған жұмыс биыл да жалғасын таппақ.

Шағын және орта бизнес

Шағын және орта бизнесті қолдау облыс экономикасының дамуындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Мемлекет кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар туғызып отыр, несиелендірудің көздері мен көлемі ұлғайтылуда. Болашақта барлық аймақта кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын ашу жоспарланып отыр, онда барлық рұқсат құжаттарын беретін қаржылық институттар мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері орналастырылмақ. Құрылатын орталықтар бірқатар әкімшілік кедергілерді қысқартуға және облыстағы кәсіпкерлікті белсенді дамытудың қарқынын жеделдетуге мүмкіндік береді.

Тұрғын үй құрылысы


 2014 жылы тұрғын үй құрылысына қаржыландырудың барлық көздері арқылы 21,8 миллиард теңгенің инвестициясы құйылған, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 1,7 есеге көп.  Оның ішінде «Қолжетімді баспана-2020» Бағдарламасы шеңберінде 7,2 миллиард теңге бөлінген. Тұрғын үй салу жөніндегі жоспар орындалды. 2014 жылы жалпы аумағы 268 мың шаршы метр үй пайдалануға берілген, бұл орайдағы көрсеткіш бұрнағы жылмен салыстырғанда 103,4 пайызды құрады. 2,5 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты. 2015 жылы «Қолжетімді баспана-2020» Бағдарламасын жүзеге асыруға 4,8 миллиард теңге бөлінген. Жеке және коммерциялық құрылысты есепке ала отырып, биылғы жылы 6,3 пайыз өсіммен 285 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

2014 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту Бағдарламасы шеңберіндегі шараларды жүзеге асыруға 9,7 миллиард теңге, оның ішінде жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 3,1 миллиард теңге бөлініп отыр.  «Ақ бұлақ» Бағдарламасы шеңберінде тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз етуге 6,5 миллиард теңге қаржы бөлінді. Қаржы облыстың екі қаласы мен 25 селосына су құбырларының құрылысына, қайта жөндеуге және жөндеуге бағытталды. 2014 жылы 15 елді мекенде жобаланған жұмыстар аяқталды. Ауыз суды тасымалдап ішетін елді мекендердегі мәселелерді шешуге басты назар аударылды. Өткен жылы бұл түйінді мәселе Атбасар ауданындағы Новомировка, Шұңқыркөл селоларында, Зеренді ауданындағы Айдарлы ауылында шешілді. 2015 жылы Астрахан ауданындағы Қаракөл селосында және Зеренді ауданындағы Березняковка селосында ауыз су мәселесі шешіледі деп жоспарланып отыр. 2014 жылдың соңында орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған елді мекендердің үлес салмағы облыс бойынша 87,4 пайызды құрады. 2014 жылы 18 селода іздеу, барлау жұмыстары аяқталды. Бұл шаралар жобалық құжаттарды дайындауға және алдағы уақытта орталықтандырылған су жүйесімен қамтылатын елді мекендердің үлес салмағын арттыруға мүмкіндік береді.

Көлік инфрақұрылымын дамыту

2014 жылы жергілікті маңызы бар автокөлік жолын жөндеуге және қалыпты ұстап тұруға 6,6 миллиард теңге бағытталды. Көкшетау қаласындағы автобус бағыттарындағы көлік қозғалысына спутниктік құрылғы арқылы мониторинг жүргізіледі. Бұлайша бақылау қоғамдық көліктердің қызметін жақсартуға мүмкіндік беріп отыр. «Ақкөл-Наумовка» және «Астана-Берсуат» бағытындағы (Ақкөл ауданының Наумовка, Виноградовка, Радовка, Аршалы ауданындағы Берсуат, Ақтасты) тәрізді бес елді мекенді басып өтетін жаңа автобус бағыттары ашылды. Осының арқасында тұрғындарды тұрақты жолаушылар тасымалдау қызметінің жағдайы жақсарып, 2014 жылғы жоспарлы көрсеткіш 74 пайызға жеткізілді.

Жобаны 2015-2016 жылдары жүзеге асыру межеленіп отыр. Облыстың өзге аймақтарында автобекеттерді қалыпты нормаға сәйкестендіру шараларының жоспары жасалуда.

2020 жылға қарай облыстағы аудан орталықтарын автотұрақпен қамтамасыз ету үшін 7 автотұрақтың құрылысы жоспарланып отыр. (Есіл қаласында, Аршалы кенті, Жақсы, Шортанды ауданы орталықтары, Ақмол ауылы, Балкашино, Зеренді селолары) және оның 4-еуі жолаушыларға қызмет көрсету орындары (Степняк қаласы, Егіндікөл, Қорғалжын селолары мен Державинск қаласы).

Аймақтық даму

2014 жылы Астана қаласы аймағындағы жергілікті елді-мекендерді дамытудың Кешенді жоспарының 1 кезеңінің жүзеге асырылуы аяқталды.

Астана аумағындағы даму жұмыстары 2015-2020 жылдарға жасалған кешенді жоспар шеңберінде жүзеге аса беретін болады. Ол жоспарға тағы 14 елді мекен қосылып отыр.Тағы бір даму нүктесі Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту бағыты болып отыр. 

Көкшетау қаласын дамытуға 2014 жылы қаржыландырудың барлық көздері арқылы 26,5 миллиард теңге инвестиция тартылды. Қала тұрғындарын баспанамен қамту мәселесі де кезең-кезеңімен шешілуде.  2014 жылы 7 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, қазір тағы 14 үйдің құрылысы жүргізілуде. Жолдардың жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар да жоспарға сай жүзеге асырылуда.  Өткен жылы бұл мақсатқа 1,3  миллиард теңге бөлінді.  Куйбышев,  Сәдуақасов, Горький, Абай көшелеріндегі учаскелерге және  Орталық базар аумағындағы жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. 
Көп қабатты үйлерді газбен қамту мәселесін шешу үшін 2014-2016 жылдарға арналған газ бөлу қондырғыларын кезең-кезеңмен қалпына келтіру  шараларының жоспары жасалды.  Лифтерді ауыстыру және жөндеу бойынша да осындай жоспар жасалуда. 

Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі сараптама нәтижелері алынды.  Қазіргі таңда жобаны жобалау мен жүзеге асыруға инвестор тарту мәселесі қарастырылуда.

Білім беру

Облыстың білім беру ұйымдарының қызметі  мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін кеңейту,  жалпы орта білім беруге жағдай жасау, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталды.  2014  жылы білім саласының шығыны 47 миллиард теңгені құрады. «Балапан» бағдарламасы аясында 3 мыңнан астам орынға арналған 27 мектепке дейінгі мекеме (13 бала бақша мен 14 шағын орталық)  ашылды. Бюджет қаражаты есебінен 5 бала бақша салынып, 2 бала бақша қайта қалпына келтірілді,  6  жеке бала бақша ашылды.  3 пен 6 жас аралығындағы балалардың қамтылуы 89,5 пайызды құрады.
Жүктемесі шамадан тыс мектептердегі орын тапшылығы мен апатты жағдайдың алдындағы мектептердің мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде.

2014-2015 оқу жылдары  дуальдық оқытуды 13 мамандық бойынша 500 студентті қамтамасыз ете отырып, 9 ТжКБ мекемесі жүзеге асыратын болады.

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласының алдында алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем қызметін жақсартып, аурудың алдын алу бойынша шараларды ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау міндеттері тұр. 2014 жылы аталған саланы дамытуға 24,6 миллиард теңге бөлінді.

Денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамытуға да көп көңіл бөлініп отыр.  ЖОО-лар студенттері үшін облыс әкімінің атаулы шәкіртақысы белгіленді, оның ішінде дәрігерлік оқу орындарының студенттеріне де – бір студентке 500 теңгеден. Бүгінгі күні ел ЖОО-ларында әкімнің гранты есебінен 7 студент білім алуда. Аудандық ауруханалар мен емханалардың қаражаты есебінен 15 адам білім алуда.

Мәдениет пен спорт

Облыста мәдениет саласын дамытып, қоғамның рухани тұрғыдан өсуін  қамтамасыз ету бағытында мақсатты шаралар атқарылды.
«Көкшетау» халықтық би ансамблі Константа қаласында өткен (Румыния) Түркі халықтарының ХХ фестиваліне, облыстық филармонияның «Гәкку»  би ансамблі Нью-Дели қаласында (Үндістан) өткен VІІІ халықаралық  ән мен би фестиваліне қатысты. Жоғары кәсіби шеберліктері үшін аталған ұжымдарға дипломдар мен алғыс хаттар табыс етілді. 2014 жылы 189 концерт өткізіліп, 500-ден астам спектакль, 47 мың әртүрлі мәдени шара ұйымдастырылды. Өткен жылы облыстық Достық үйі пайдалануға берілді. Енді негізгі күш аймақтағы этникалық топтардың тілін, дәстүрі мен мәдениетін дамытуға жұмсалатын болады. 2015 жылы Қазақ хандығының – 550, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің – 70, Қазақстан халқы Ассамблеясының – 20, Қазақстан Республикасы Конституциясының – 20 жылдығына орай атаулы шаралар ұйымдастырылатын болады. 

Алдағы уақытта облысымызда Кеңес Одағының Батыры, ғалым, академик, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин мен жазушы, Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ілияс Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойлары атап өтілмекші.

Қазіргі уақытта дене шынықтыру мен спортқа ерекше көңіл бөлініп, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спорт түрлерін дамыту, сала инфрақұрылымын кеңейтуге бағытталған нақты іс-шаралар қолға алынуда. Осы орайда, өткен жылы Атбасар ауданында жаңадан дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Ақкөл ауданында жүзу бассейні пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Көкшетау қаласында теннис орталығы ашылса, Жарқайың ауданында спорт кешенінің құрылысы аяқталды. Спорттық нысандардың құрылыс-жөндеу жұмыстарына да ерекше басымдық берілген. Спорт саласының инфрақұрылымын нығайту барысында спортшылар биік белестерден көрініп, халықаралық, республикалық сайыстарда 612 медальға қол жеткізді. 2013 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 53 медальға артық.

Дата обновления статьи: 21.10.2015 10:21
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 83, индекс: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23