AA

Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

Зейнетақыны төлемі

Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығының функциялары:

•ынтымақты зейнетақы жүйеде — зейнетақы төлемдердiң мөлшерiн есептеу, зейнетақы мен мемлекеттiк жәрдемақыларды, түрлi өтемақы төлемдердi төлеу;

•жинақтаушы зейнетақы жүйеде — мiндеттi зейнетақы жарналардың есебi;

•мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруда — жарналардың есебi, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан әлеуметтiк төлемдердi есептеу және төлеу.

ӘТВЕО Ақмола облыстық филиалы құрылым бойынша 18 аудандық бөлiмшемен және Көкшетау қ. бойынша ұсынылады, бүгiнгi күнi тұрақты ай сайын Республикалық бюджеттен және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан зейнетақы мен жәрдемақы алушыларына төлеудi қамтамасыз ететiн облыстық филиалының жүйесiнде 151 қызметкер еңбек етуде.

2018 жылғы 04 сәуiр сымдағы жағдайы бойынша ӘТВЕО Ақмола облыстық филиалында келесi төлемдер алушыларының саны:

зейнетақы — 111383;

мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы — 28916;

мемлекеттiк арнайы жәрдемақы (№1,2 тiзiмi) — 510;

арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы — 20355;

бала тууына байланысты бiржолғы жәрдемақы — 718;

республикалық бюджеттен төленетiн 1 жасқа дейiнгi бала күтiмi жөнiндегi ай сайынғы жәрдемақы — 3555;

мүгедек баланы тәрбиелейтiн алушылар — 2606;

МӘСҚ-нан төленетiн 1 жасқа дейiнгi бала күтiмi жөнiндегi ай сайынғы жәрдемақы — 7318; асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша — 1988; еңбек ету қабiлетiнен айырылуы бойынша — 3176; жұмысынан айырылуы бойынша — 363; жүктiлiк пен босану бойынша — 437.

Ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап наурызға дейiн облыс бойынша республикалық бюджетiненен жүргiзiлген зейнетақы мен жәрдемақы төлемдердiң жалпы сомасы — 27,840млрд теңге;

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан 1,165млрд теңге аударылды.

Мақаланы құрған күні 15.04.2015 17:15
Мақаланы жаңартқан күні 11.04.2018 11:24
Қаралым саны: 2922
© 2018. Ақмола облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
;