A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысы Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған жоспары - Архиві

2015 жылға Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарын iске асыру барысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 12 мамырдағы № 476 қаулысымен 2014-2016 жылдарға арналған Ақмола облысы Щучинск Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспары (II кезең) бекiтiлген. Оған жалпы сомасы 47,6 млрд. теңгенiң 85 iс-шаралары енгiзiлген.

28,9 млрд теңгенiң 60 iс-шарасын iске асыруға Ақмола облысының әкiмдiгi қатысады. Оның iшiнде, 30 млн. теңгеге 4 iс-шара Щучинск-Бурабай курорттық аймағының туристiк әлеуетiн дамыту бойынша, 16,3 млрд. теңгенiң 30 iс-шарасы экологиялық мәселелердi шешу бойынша, 9,1 млрд. теңгенiң 12 iс-шарасы, көлiк-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша, 3,5 млрд. теңгенiң 6 iс-шарасы курорттық аумақтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге.

Туристiк әлеуеттi дамытуға бағытталған 8 шара қаржыландыруды талап етпейдi.

2015 жылы Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытуға арналған жоспардың II кезеңiн iске асыруға 1710 млн. теңге бөлiндi, соның iшiнде республикалық бюджеттен 1242 млн. теңге, жергiлiктi бюджеттен 468 млн. теңге.

Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 658,1 млн. теңге бөлiндi.

Бурабай кентiнде кәрiздiк тазалау құрылыстарын салу жобасы 2013 жылдан бастап ауыспалы болып саналады. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 641,7 млн. теңге бөлiндi.

Щучинск қаласында нөсерлiк кәрiз құрылысының ЖСҚ әзiрлеуге облыстық бюджеттен 16,4 млн. теңге бөлiндi.

Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасына 379,8 млн. теңге бөлiндi.

Бурабай кентiнiң жол-көше желiлерiнiң құрылысына және оны реконструкциялауға (1, 2, 3-кезек) 2015 жылы республикалық бюджеттен 100 млн. теңге бөлiндi.

Пролетарская, Коммунистическая, Трудоваядан «Астана-Көкшетау» тас жолына шыққанға дейiнге облыстық бюджеттен 279,8 млн. теңге бөлiндi.

2015 жылы Құрылыс басқармасына 627,4 млн. теңге бөлiндi.

2015 жылы Бурабай аудандық IIБ ғимаратының құрылысына РБ құрылыс басқармасына 500 млн. теңге бөлiндi, облыстық бюджеттен бiрлесе қаржыландыру сомасы — 74,3 млн. теңге.

«Бурабай ауданы IIБ жеке құрамы үшiн 100 пәтерлiк тұрғын үй құрылысы» бойынша «нөлдiк циклды» аяқтау үшiн облыстық бюджеттен 53,1 млн. теңге.

Сәулет және қала құрылысы басқармасына облыстық бюджеттен 44,8 млн. теңге бөлiндi.

Бурабай ауданы аумағын қала құрылыстық және кешендi жоспарлау жобасын түзету бойынша шараларды iске асыруға — 15 млн. теңге.

Щучинск қ. нақты жобалау жоспарын әзiрлеуге 29,8 млн. теңге бөлiндi.

Жер қатынастары басқармасы 6 iс-шараны жүзеге асыруға жауапты, оның 4 жүзеге асырылды, 2 орындалу сатысында.

Туризм әлеуетiн дамыту, туристiк инфрақұрылымның жаңа объектiлерiн құру мақсатында, Бурабай к. жеке тұрғын үйлердi бұзу және жер учаскелерiн алу жөнiнде ұсыныстар дайындалып жатыр.

Туризм басқармасымен туризм саласын дамыту бойынша 6 iс-шара iске асырылуда, оның 1 жүзеге асырылды, 5 орындалу сатысында.

«Жұмсақ» курорттық инфрақұрылым құру аясында ұзындығы 17,9 шақырымдық «Ракушка» қарау алаңынан бастап Бурабай көлi жағалуы бойымен жаяу жүргiншi және велосипед жолының құрылысы жүргiзiлуде. Болашақта серуендеу жолдарымен Шортан және Бурабай көлдерiнiң арасы қосылатын болады.

Ресейлiк компаниялармен бiрлесiп желкен кемелерiн енгiзу, немiс және фин компанияларымен бiрлесiп автономды гриль-үйлер, «Ялотака» компаниясының технологиялық биодәретханаларын құру жөнiндегi жобалар iске асырылуда.

Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарын iске асыру қорытындысы бойынша 2015 жылы Ақмола облысының әкiмдiгi қатысатын 60 iс-шараның 26 жобасы орындалды және бақылаудан алынды.

 

Дата создания статьи: 14.04.2015 16:00
Дата обновления статьи: 18.04.2017 09:44
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23