A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Тілдерді дамыту бойынша

Ақмола облысында Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014-2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

Мемлекеттiк бағдарламаның 2-кезеңiне, яғни 2014-2016 жылдарға арналған облыстық iс-шаралар жоспары облыс әкiмдiгiнiң 13.03.2014 жылғы №А-3/84 қаулысымен бекiтiлдi. Аталмыш жоспарда белгiленген 4 негiзгi бағыт бойынша 2015 жылы төмендегiдей iстер атқарылды:

I бағыт. Мемлекеттiк тiлдi меңгеру.

Нысаналы индикатор:

  • Мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесi (2014 жылға қарай — 71%, 2015 жылға қарай — 75%, 2017 жылға қарай — 80%, 2020 жылға — 95%).

Облыста жүргiзiлген социологиялық зерттеулерге сәйкес, 2011 жылы бұл көрсеткiш 51%-ды, 2012 жылы 52%-ды, 2013 жылы 53,1%-ды құрады, 2014 жылы 60%-ға жеттi, ал 2015 жылдың аяғына дейiн бұл көрсеткiш 62%-ды құрауы тиiс.

Бiлiм саласы. Бүгiнде облыста 183 балабақша бар, оның 56-сы қазақ тiлдi, 100-i аралас тiлдi, 27-сi орыс тiлдi балабақшалар. Оларда жалпы саны 24311 бүлдiршiн оқиды, оның 15858-i (65,2%) қазақ тiлiнде тәрбиеленедi. Шағын орталықтарға келсек, олардың жалпы саны облыс бойынша — 371. Олардың 171-i қазақ тiлiнде, 41-i аралас тiлде, 159-ы орыс тiлiнде бiлiм бередi. Бұл мекемелерде 9823 бүлдiршiн тәрбиеленуде, оның 5258-i (53,5%) қазақ тiлдi топтарда оқиды.

Биыл облыс бойынша 578 мектеп бар, оның iшiнде қазақ мектептерi — 166, аралас мектептер — 223, орыс мектептерi — 189. Оқушылардың жалпы саны — 109690, оның 51794-i, яғни 47,2%-ы қазақ сыныптарында оқиды. Соңғы төрт жылдағы қазақ сыныптарында оқитын балалар санының динамикасы келесiдей: 2012 жылы — 43%, 2013 жылы — 44,7%, 2014 жылы — 46%, 2015 жылы — 47%.

Колледждердегi қазақ топтарында оқитын балалардың үлесi 2011 жылмен салыстырғанда артса да, қазақ топтарының үлесi әлi де төмен. Қазiр облыста 36 колледж бар (қазақ тiлдi — 1, аралас тiлдi — 27, орыс тiлдi — 8). Оларда оқитын 20970 студенттiң 6149-сы, яғни 29%-ы қазақ тiлiнде бiлiм алуда, 2011 жылы бұл көрсеткiш 21% болатын.

Тiлдердi оқыту орталықтары. Қазiр облыс бойынша 19 орталық жұмыс iстейдi (16 аудандық, 2 қалалық және облыстық орталық). Олардың 17-сiнде қазақ және ағылшын тiлдерi, қалғанында қазақ тiлi үйретiледi. Тiлдердi оқыту орталықтарында оқитын тыңдаушылар саны соңғы 4 жылда 2 еседей артты (2011 жылы — 2518, 2012 жылы — 3001, 2013 жылы — 4098, 2014 жылы — 4929). Биылғы оқу жылы 448 топ ашылып, 4882 тыңдаушы қабылданды, оның 2107-i мемлекеттiк қызметшi.

2015 жылы мемлекеттiк тiлдi оқыту бойынша — 1427 тыңдаушыға сертификат берiлдi, оның iшiнде 611 мемлекеттiк қызметшi. Ағылшын курсы бойынша — 365 адамға сертификат берiлдi. Оның iшiнде 179 мемлекеттiк қызметшi. Тегiн мемлекеттiк тiлдi оқыту бойынша 152 адамға сертификат берiлдi. Жалпы мемлекеттiк тiл, ағылшын тiлi және тегiн топтардан сертификат алғандардың барлығы 1944 тыңдаушыны құрады.

Мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес, бұл орталықтардың 13-iнде мемлекеттiк тiлдi өз еркiмен меңгеремiн деушi кез келген азаматтар үшiн тегiн топтар ашылған. Ағылшын курсы 17 ауданда жұмыс iстеуде. Алдағы уақытта аталмыш курстар барлық аудандарда ашылады деп жоспарлануда.

II бағыт. Мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң қолдануына қол жеткiзу және оның пайдаланылу аясын кеңейту.

Нысаналы индикатор:

  • Мемлекеттiк БАҚ-тағы қазақ тiлiндегi контенттiң үлесi (жыл сайын — 50%-дан кем емес).

Бұл бағытта облыс көлемiнде 2015 жылы «Мемлекеттiк тiл және БАҚ», «Тiл — парасат», «Ой-сана», «Тiл — тұнық ойдың кәусары», «Тiл мерейi», «Үздiк тiлдердi оқыту кабинетi», «Тiл — татулық тiрегi», «Абай оқулары», «Оралхан Бөкей» оқулары атты облыстық байқаулар, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Есiм ханның ескi жолы, Қасым ханның қасқа жолы, Нұрсұлтанның нұрлы жолы» атты облыстық ақындар мүшәйрасы, «Мәңгiлiк ел — мәртебелi тiл» атты мемлекеттiк тiлдi меңгерген өзге ұлт өкiлдерiмен жастар форумы, Мемлекеттiк бағдарламаның нәтижелерi бойынша облыстық кеңес, ҚР халқының тiлдерi күнiне орай апталық, облыстық ономастикалық комиссиясының 2 отырысы өткiзiлдi.

Сондай-ақ, 2015 жылы 6 билборд әзiрленiп, Көкшетау қаласы көшелерiнде iлiндi, дәстүрлi «Өңiрлiк тiл саясаты: белестен белеске — 2015» жинағы шығарылу үстiнде.

Оқыту мәселесi бойынша тамыз кеңесi, Атбасар, Бұланды, Егiндiкөл, Жарқайың және Еңбекшiлдер аудандарында өңiрлiк көшпелi практикалық семинарлар өткiзiлдi.

БАҚ ахуалы. Облыстағы газеттерде 35 айдар мемлекеттiк тiлдi насихаттауға бағытталған. Облыстық телеарнада берiлетiн барлық хабарлардың 69%-ы, радиода 50%-ы қазақ тiлiнде таратылды. «Елi бiрдiң — тiлi бiр» бағдарламасы тiл саясатына бағытталған. 2015 жылы мемлекеттiк тiлдi насихаттау мақсатында 716 мақала жарияланды, оның 493-i қазақ тiлiнде, 209-ы орыс тiлiнде.

III бағыт. Қазақстандықтардың тiлдiк мәдениетiн көтеру.

Iс жүргiзу. Мемлекеттiк органдардан шығатын iсқағаздардың үлесi 2011 жылы 86%, 2012 жылы 90%-ды құраса, 2013 жылы 92%-ға жоғарылап, 2014 жылдың қорытындысы бойынша 94%-ды құрап, 2015 жылы аталмыш көрсеткiш 95%-ды көрсетiп отыр. Бұл көрсеткiштiң 2005 жылы 20%-ды құрағанын ескерсек, жағымды динамиканың бар екендiгiн атап өтуге болады.

Тексерiс мәселесi. Тiл заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында прокуратура органдарымен бiрлесiп, 2015 жылдың басынан облыс әкiмдiгiнiң 03.12.2014 ж. №А-11/584 қаулысы негiзiнде Көкшетау қаласындағы 13 мемлекеттiк мекемеде, Астрахан және Қорғалжын аудандарындағы 20 мекемеде тексерiс жұмыстары жүргiзiлдi. Аталмыш мекемелер бойынша жауапты лауазымды тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту шаралары прокуратура органдары тарапынан қарастырылу үстiнде.

Ономастика. Облыс бойынша 637 елдi мекен атауының 348-i (54,6%), 5876 көшенiң 2489-ының атауы қазақ тiлiнде (42,3%). Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Б. Сапарбаевтың 2015 жылғы 16 сәуiрдегi тапсырмасына сәйкес Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығының маңыздылығы мен өзектiлiгiн ескере отырып, Кеңес Одағы Батырларының және бiрқатар ордендермен марапатталған Ұлы Отан соғысы ардагерлерiнiң есiмдерiн көшелерге, объектiлерге т.б. берудi тоқтамнан (мораторий) тыс жұмыстарын жүргiзуге рұқсат берiлдi. Осыған орай 2015 жылдың бiрiншi жартыжылдығында облыс бойынша 4 көше қайта аталды. Атап айтқанда Атбасар ауданы Октябрь ауылдық округi мен Октябрь ауылы Ақан Құрманов ауылдық округi мен Ақан Құрманов ауылына, Атабасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округi Новомариновка аулының №4 көшесi Мәншүк Мәметова көшесiне, Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының Октябрьская көшесi Шегебай Ұзақбаев көшесiне, Есiл ауданы Есiл қаласының Новая көшесi Нұркен Әбдiров көшесiне, Целиноград ауданы Оразақ ауылының Бейбiтшiлiк көшесi Әбдуәли Тоқбаев көшесiне, Целиноград ауданы Қосшы ауылының Центральная көшесi Генерал Сабыр Рахымов көшесiне, Набережная көшесi Айтмағамбет Есмағамбетұлы көшесiне қайта аталды.

Көрнекi ақпарат. ҚР Президентiнiң «Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызмет үшiн жағдайды жақсарту жөнiндегi түбегейлi шаралар туралы» 2014 жылғы 27 ақпандағы №757 Жарлығымен 2014 жылдың 2 сәуiрiнен бастап 2015 жылдың 1 қаңтарына дейiн жеке кәсiпкерлiк саласында жүргiзiлетiн барлық бақылау және қадағалау жұмыстарына мораторий жарияланды. Осы ретте республика көлемiнде жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне тиесiлi сыртқы (көрнекi) жарнамаларды бақылау және қадағалау жұмыстарын жүргiзуге де тыйым салынған. Сол себептi 2014 жылға Басқарма тарапынан жоспарланған көрнекi ақпарат тiлiн бақылауға арналған тексерулер iске асырылмады. Бүгiнгi таңда қолданыстағы заңнама талаптары бойынша тек белгiлi нысанға арыз-шағым түскен кезде ғана тексерiс жүргiзуге рұқсат етiлген.

Қазiрде облыс бойынша сауатсыз жарнамалардың орналастырылуын болдырмау мақсатында жеке кәсiпкерлер, жарнама агенттiктерi және прокуратура қызметкерлерiнiң қатысуымен семинарлар өткiзiлуде.

IV бағыт. Қазақстандағы лингвистикалық капиталды дамыту.

Нысаналы индикаторлар:

  • Облыс бойынша орыс тiлiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесi (2020 жылға қарай — 90%);
  • Ұлттық-мәдени бiрлестiктер жанындағы ана тiлдерiн оқыту курстарымен қамтылған этностардың үлесi (2020 жылға қарай — 90%);
  • Облыстағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесi (2020 жылға қарай 20%);
  • Үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесi (2020 жылға қарай 15%).

Ана тiлдердi оқыту. Облысымызда әрбiр ұлт өкiлiнiң өз туған тiлiн оқуы үшiн барлық жағдай жасалған. «Шаңырақ» тiлдердi оқыту мектебiнде 8 тiл, яғни қазақ, орыс, поляк, немiс, кәрiс, ингуш, татар, армян тiлдерi, Астрахан ауданы мен Көкшетау қаласында поляк тiлi, Көкшетау және Степногорск қалалары мен Бурабай, Сандықтау, Бұланды, Атбасар аудандарында немiс тiлi оқытылады.

Ағылшын тiлi. Мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес 2012 жылдан берi тiлдердi оқыту орталықтары жанынан ағылшын топтарын ашу мәселесi қолға алынды. Қазiр ағылшын тiлi курстары 19 орталықтың 17-сiнде бар.

Мемлекеттiк бағдарламаның нәтиже көрсеткiштерi:

  • мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесi 2014 жыл — 60%, 2015 жылы — 62 %; 2016 — 64
  • аккредиттеуден өткен оқыту орталықтарының үлесi 2014-2015 жылдары 5%-ды құрады;
  • орталықтарда оқитын тыңдаушылар саны 2011 жылмен салыстырғанда 2 есеге артты;
  • облыстық телеарнада берiлетiн барлық хабарлардың мемлекеттiк тiлдегi үлесi 2014-2015 жылдары 69%-ға, радиода 50%-ға артты;
  • облыс бойынша орыс тiлiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесi 2014-2015 жылдары — 86%;
  • ұлттық-мәдени бiрлестiктер жанындағы ана тiлдерiн оқыту курстарымен қамтылған этностардың үлесi 2014-2015 жылдары — 20%;
  • облыстағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесi 2014 жыл — 4,5%, 2015 жылы — 5%;
  • үш тiлдi меңгерген тұрғындардың үлесi 2014 жылы — 3%, 2015 жылы — 3.5%;
  • орталықтардың жалпы санына шаққанда ағылшын тiлiн үйрету бойынша қызмет көрсететiн тiлдердi оқыту орталықтарының үлесi 2014-2015 жылдары — 89%.
Дата обновления статьи: 29.02.2016 18:08
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 83, индекс: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23