A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
Тілдерді дамыту бойынша

Ақмола облысында Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2017-2019 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

Мемлекеттiк бағдарламаның 3-кезеңiне, яғни 2017-2019 жылдарға арналған облыстық iс-шаралар жоспары облыс әкiмдiгiнiң 10.03.2017 №А-3/78 қаулысымен бекiтiлдi. Аталған жоспарда белгiленген 4 негiзгi бағыт бойынша 2016 жылы және 2017 жылдың 9 айында төмендегiдей iстер атқарылды:

I бағыт. Мемлекеттiк тiлдi меңгеру.

Нысаналы индикаторлар:

Облыстағы мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесi (2015 жылы — 62%, 2016 жылы — 64%, 2020 жылы — 75%)

Облыстағы орыс тiлiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесi (2015 жылы — 81,4%, 2016 жылы — 81,6%, 2020 жылы — 86,1%)

Ақмола облысының аумақтарын дамыту бағдарламасына сәйкес, 2014 жылы 60%-ды, 2015 жылы 62%-ды құрады, 2016 жылы бұл көрсеткiш 67,3 % құраса, 2017 жылы 70% құрауы тиiс.

Бiлiм саласы.

Балабақшалар. Бүгiнгi таңда облыста 216 балабақша бар, оның 69-i қазақ тiлдi, 118-i аралас тiлдi, 29-сi орыс тiлдi балабақшалар. Оларда жалпы саны 26977 бүлдiршiн оқиды, оның 16428-i (61%) қазақ тiлiнде тәрбиеленедi.

Мектепке дейiнгi мекемелер. Шағын орталықтарға келсек, олардың жалпы саны облыс бойынша — 375. Олардың 179-i қазақ тiлiнде, 42-i аралас тiлде, 154-i орыс тiлiнде бiлiм бередi. Бұл мекемелерде 9350 бүлдiршiн тәрбиеленуде, оның 4228-i (45%) қазақ тiлдi топтарда оқиды.

Орта мектептер. Биыл облыс бойынша 569 орта мектеп бар, оның iшiнде қазақ мектептерi — 161, аралас мектептер — 221, орыс мектептерi — 187. Оқушылардың жалпы саны — 114695, оның 54597-i, яғни 48%-ы қазақ сыныптарында оқиды. Соңғы үш жылда қазақ сыныптарында оқитын балалар санының динамикасы келесiдей: 2015 жылы — 47%, 2016 жылы — 47,6%, 2017 жылы — 48%;

Нысаналы индикатор:

Мемлекеттiк тiлдi В-1 деңгейде меңгерген мектеп түлектерiнiң үлесi (2015 жылы — 43,6%, 2016 жылы — 45,8%, 2020 жылы — 55%)

2016-2017 оқу жылы бойынша мектеп түлектерiнiң саны 4331 адамды құрады, оның 2073 (47,8%) мемлекеттiк тiлдi В-1 деңгейде меңгерген.

Колледждер. Қазiр облыста 39 колледж бар (қазақ тiлдi — 1, аралас тiлдi — 27, орыс тiлдi — 11). Оларда оқитын 20983 студенттiң 6113-i, яғни 29%-ы қазақ тiлiнде бiлiм алуда, 2011 жылы бұл көрсеткiш 21% болатын.

Нысаналы индикаторлар:

Облыстағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесi (2015 жылы — 5%, 2016 жылы — 6%, 2020 жылы — 10%)

Облыстағы үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесi (2015 жылы — 3,5%, 2016 жылы — 4%, 2020 жылы — 6%)

Тiлдердi оқыту орталықтары. Қазiр облыс бойынша 20 орталық жұмыс iстейдi (17 аудандық, 2 қалалық және облыстық орталық). Олардың барлығында қазақ тiлi үйретiледi, 18-де қазақ тiлiмен қатар ағылшын тiлi үйретiледi.

2014-2015 оқу жылы мемлекеттiк тiлдi 4111 тыңдаушы оқыды. Сертификат алғандар саны 1944 тың., оның iшiнде 791 — мемлекеттiк қызметшi, 1153 — азаматтық қызметкер;

Ағылшын тiлiн оқығандар саны — 365, сертификат алғандар саны 365 тыңдаушы, оның 179 — мемл. қызметшi, 186 — азаматтық қызметкер.

2015-2016 оқу жылы мемлекеттiк тiлдi 4009 тыңдаушы оқыды. Сертификат алғандар саны 1220 тың., оның iшiнде 491 — мемлекеттiк қызметшi, 729 — азаматтық қызметкер;

Ағылшын тiлiн оқығандар саны — 368, сертификат алғандар саны 368 тыңдаушы, оның 176 — мемл. қызметшi, 192 — азаматтық қызметкер.

2016-2017 оқу жылына мемлекеттiк және ағылшын тiлдерi курстарын 364 топта 4032 тыңдаушы аяқтады. Оның iшiнде 308 топта 3528 тыңдаушы мемлекеттiк тiл курсын бiтiрсе, 56 топта 504 тыңдаушы ағылшын тiлi курсын аяқтады.

Мемлекеттiк тiл курсы бойынша 1224 тыңдаушыға, тегiн топтағы мемлекеттiк тiл курсы бойынша 101 тыңдаушыға, ағылшын тiлi курсыбойынша 361 тыңдаушыға сертификат берiлдi.

2017-2018 оқужылында облыстағы барлық орталықтарда мемлекеттiк тiлдi оқитындар саны — 4 761 тыңдаушы, ағылшын тiлiн оқитындар саны — 559 тыңдаушы.

II бағыт. Мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң қолдануына қол жеткiзу және оның пайдаланылу аясын кеңейту.

Нысаналыиндикатор:

мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тiлiндегi контенттiң үлесiн (2016 жылға қарай — 69%, 2017 қарай — 70%, 2020 жылға қарай — 75%);

БАҚ мониторингi. Облысымызда 96 бұқаралық ақпарат құралдары бар. Оның 15-i қазақ тiлдi, 32-i аралас тiлдi, 31-i орыс тiлдi, 18-i қазақ, орыс және басқа тiлдерде. Облыстағы газеттерде 35 айдар мемлекеттiк тiлдi насихаттауға бағытталған. Облыстық телеарнада берiлетiн барлық хабарлардың 69%-ы, радиода 50%-ы қазақ тiлiнде таратылды. 2016 жыл бойынша тiл саясатына қатысты 548 мақала мерзiмдi басылымдарға жарияланды, оның 360-i мемлекеттiк тiлде болса, 173-i орыс тiлiнде, 15-i аралас тiлде.

2017 жылдың 9 айы бойынша тiл саясатына қатысты 484 мақала жарияланды. Оның 332-i қазақ тiлiнде, 149-ы орыс тiлiнде, 3-еуi аралас тiлде.

Cонымен қатар облыстық телеарна эфирiнде «Жәдiгер», «Көкше қаламгерлерi», «Тiршiлiк», «Жұлдыз-ай», «Бойтұмар» атты бағдарламалар мемлекеттiк тiлдi насихаттауға бағытталған.

Iс-шаралар.2017 жылы «Мемлекеттiк тiл және БАҚ», «Ой-сана», «Тiл мерейi», «Тiл шеберi», «Тiл парасат», «Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте», «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерiнiң байқаулары және Қазақстан халқы тiлдерiнiң күнiне арналған салтанатты жиын өткiзiлдi.

Сондай-ақ, мемлекеттiк тiлдi насихаттау, мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту мақсатында өңiрдегi ақын-жазушылардың тiл туралы айтқан қанатты сөздерi жазылған 2016 — 2017 жылдарда жалпы саны 12 баннер облыс орталығының көшелерiне орнатылды.

Оқыту мәселесi бойынша 2017 жылы Бұланды және Атбасар аудандарында көшпелi семинарлар өткiзiлдi.

III бағыт. Қазақстандықтардың тiлдiк мәдениетiн көтеру.

Iс жүргiзу.

Мемлекеттiк органдардан қазақ тiлiнде шығатын iсқағаздардың үлесi:

2014 жылы 94%,

2015 жылы 95%-ға жеттi,

2016 жылы 97,3 % деңгейде тұрақтады.

2017 жылдың 9 айы бойынша 98, 4 % құрады;

Тексерiс мәселесi. 2017 жылы Көкшетау қаласының 2 мемлекеттiк мекемесiнде, Степногорск қаласының 9 мемлекеттiк мекемесiнде, Есiл ауданының 8 мемлекеттiк мекемесiнде ҚР «Тiл туралы» Заңы тексерiлiп, заңдылықты бұзған лауазымды тұлғаларға прокурорлық ықпал ету қарастырылуда.

Нысаналыиндикатор:

Тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешiм қабылдау процесiн талқылау кезiнде қоғамдық қолжетiмдiлiк пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесi (2015 жылы — 75%, 2016 жылы — 80%, 2020 жылы — 90%)

Ономастика және көрнекi ақпарат құралдары.

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының келiсiмiмен 2016 жылғы 20 шiлдеде ономастика мәселесiне қойылған тоқтам бiр мәртелiк амалмен алынған болатын. Сол уақыттан бастап Ақмола облысында ономастика жұмысы қайта жалғасты.

Былтыр 300-ге жуық атауды жаңартып, елiмiз тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына тарту жасадық. Әсiресе, 20% ғана қазағы бар Сандықтау ауданы 100 көшесiн ұлттық танымға жақын дәстүрлi атаулармен өзгерткен.

Атап айтқанда, 2016 жылы облыстық ономастика комиссияларының (21 қазан, 5 желтоқсан) отырыстарында 272 көше және 1 ауылды қайта атау туралы мәселе қаралып, оң шешiмiн тапты. Аудан және аудандық маңызы бар қалалар мен елдi мекендердiң көшелерiн қайта атау туралы шешiмдер Әдiлет департаментiнде тiркелiп, заңды күшiне ендi. Сондай-ақ облыстық маңызы бар Көкшетау және Степногорск қалаларының 7 көшесi мен 1 даңғылы қайта аталды.

2016 жылы Атбасар ауданындағы Новоалександровка селолық округi Бастау ауылдық округi, Новоалександровка селосының атауы Бастау ауылы, Целиноград ауданындағы Воздвиженка селолық округi Нұресiл ауылдық округi, Воздвиженка селосының атауы Нұресiл ауылы болып қайта аталды.

2017 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң №261 қаулысымен Ақмола облыстық филармониясына Үкiлi Ыбырайдың, Ұлттық спорт түрлерiнен облыстық балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiне Балуан Шолақтың, Көкшетау қаласының №18 орта мектебiне Сәкен Жүнiсовтiң, №3 Ақкөл орта мектебiне Жайық Бектұровтың, Еңбекшiлдер ауданы Сәуле орта мектебiне Шәрәпи Әлжановтың, Қорғалжын ауданындағы Дружба орта мектебiне Ақтан Төлеубаевтың, Ерейментау ауданындағы Малтабар орта мектебiне Перуаш Кәрiмовтiң есiмi берiлдi.

Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қортындысына сәйкес Көкшетау қаласының 41 көшесiн қайта атау туралы ұсыныстар құпталып, Ақмола облыстық мәслихаттың кезектi сессиясына енгiзiледi.

Сондай-ақ, Еңбекшiлдер ауданын Бiржан сал ауданына, Ерейментау қаласының № 2 орта мектеп-лицейiне Насыр Смағұловтың, №3 Аршалы орта мектебiне Жұмабек Тәшеневтiң есiмiн беру туралы ҚР Үкiметi қаулыларының жобасы пысықталуда.

Биылғы ономастикалық жұмыстарымыз Елбасының берген тапсырмасына сәйкес жүргiзiлетiн болады, яғни идеологиялық тұрғыдан ескiрген, қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлi атаулармен өзгертетiн боламыз. Ал кiсi есiмдерiмен атау мәселесiне мейлiнше шектеу қойылатын болады.

Қазiргi уақытта облыс аумағындағы елдi мекендер мен көшелердi қайта атау мәселесi бойынша тиiстi жұмыстар жүргiзiлiп жатыр.

2016 жылдың қараша айында Ақмола облысының Көкшетау мен Степногорск қалалары, Атбасар, Ақкөл, Жақсы, Целиноград аудандарының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмдерi қаланың (ауданның) жеке кәсiпкерлерi арасында (сауда орындары, жарнама агенттiктерi, шаштараз, асхана, қоғамдық көлiк мекемелерi өкiлдерi) «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» ҚР Заңының сақталуы жөнiнде семинар-кеңестер, акциялар өткiздi. Семинар-кеңеске аудандық (қалалық) прокуратура өкiлдерi, мәслихат депутаттары, мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдардың басшылары, БАҚ және жарнама агенттiктерiнiң өкiлдерi, ауылдық округ әкiмдерi қатысты.

Сонымен қатар, облыстағы 2 қала мен 17 аудандағы мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмдерi түсiндiру жұмыстарын жүргiздi. Шара барысында жеке кәсiпкерлерге, дүкен, сауда үйлерiнiң өкiлдерiне, барлығы 1835 объектiге деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлiне қойылатын талаптары туралы әдiстемелiк көмек көрсетiлiп,түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi және Тiл заңнамалары жазылған буклеттер таратылды.

IV бағыт. Қазақстандағы лингвистикалық капиталды дамыту.

Нысаналы индикатор:

Этно-мәдени бiрлестiктер жанында ана тiлдерiн оқу курстарымен қамтылған этностардың үлесi (2015 жылы — 20%, 2016 жылы — 24,4%, 2020 жылы — 28%)

Ана тiлдердi оқыту. Облысымызда әрбiр ұлт өкiлiнiң өз туған тiлiн оқуы үшiн барлық жағдай жасалған. «Шаңырақ» тiлдердi оқыту мектебiнде 9 тiл, яғни қазақ, орыс, поляк, немiс, ингуш, татар, армян, чуваш, әзербайжан тiлдерiнен мектеп оқушыларына дәрiс берiледi. Әрбiр топқа ана тiлi, қазақ тiлi және елтану пәндерiнен сабақ берiледi. 2016-2017 оқу жылында 9 топта 222 оқушы оқуын аяқтады. Бурабай ауданының «Видергебурт» немiстер коғамында күн сайын немiс тiлiн оқимын деушiлерге дәрiс берiледi. Сандықтау ауданында Красная поляна ауылының 5,7,8,11 сынып оқушылары шешен тiлi сабақтарына қатысады. Атбасар қаласында «Целина» қоғамдық қоры ақылы түрде ағылшын және немiс тiлдерiн оқытады.

Ағылшын тiлi. Мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес 2012 жылдан берi тiлдердi оқыту орталықтарының жанынан ағылшын топтарын ашу мәселесi қолға алынды. Қазiр ағылшын тiлi курстары 20 орталықтың 18-де бар.

Мақаланы құрған күні 19.10.2015 12:59
Мақаланы жаңартқан күні 25.10.2017 16:16
Қаралым саны: 1114

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
8 (7162) 29-72-00

Әдеп жөнiндегi уәкiлi:
8 (7162) 29-73-54

Қабылдауға жазылу:
8 (7162) 29-72-43

Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-44

Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-49

Электрондық жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-51

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-71

Факс:
8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-23, 29-72-25, 29-72-54

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы