A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Мемлекттiк органның ережесі

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң

2012 жылғы 10 желтоқсандағы

№ А-13/601 қаулысымен

бекiтiлген

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң

2005 жылғы 19 шiлдедегi № А-7/242 қаулысымен бекiтiлген

«Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — облыс әкiмiнiң аппараты) облыс әкiмдiгiнiң және әкiмiнiң қызметiн қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Облыс әкiмiнiң аппараты өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Облыс әкiмiнiң аппараты мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Облыс әкiмiнiң аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Облыс әкiмiнiң аппараты заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Облыс әкiмiнiң аппараты өз құзыреттiлiгiнiң мәселелерi бойынша заңнамамен белгiленген тәртiпте облыс әкiмi аппараты басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. Облыс әкiмi аппаратының құрылымы және штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Орналасқан жерi: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83.

9. Облыс әкiмi аппаратының толық атауы мемлекеттiк тiлде: «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi, орыс тiлiнде: государственное учреждение «Аппарат акима Акмолинской области».

10. Осы ереже облыс әкiмi аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

11. Облыс әкiмi аппаратының қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Облыс әкiмiнiң аппаратына облыс әкiмi аппаратының функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер де облыс әкiмiнiң аппаратына заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiнедеттерi

13. Облыс әкiмi аппаратының миссиясы:

облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшiн қолайлы өмiрлiк жағдай құруда мемлекеттiк саясатты жүргiзуге ықпал ететiн әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдаумен, ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету.

14. Облыс әкiмi аппаратының мiндеттерi:

1) облыс әкiмi аппаратының қызметiн ұйымдық қамтамасыз ету;

2) облыс әкiмi аппаратының қызметiн құқықтық қамтамасыз ету;

3) облыс әкiмi аппаратының қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

15. облыс әкiмi аппаратының функциялары:

облыс әкiмiнiң Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiмен, орталық атқарушы органдарымен, облыстық мәслихатпен, облыстың мемлекеттiк органдарымен, саяси партиялармен, мәдени, шығармашылық, дiни ұйымдармен және үкiметтiк емес ұйымдармен өзара әрекет етуiн қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Премьер-Министрiнiң қатысуымен iс-шараларды ұйымдастыру;

облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау;

жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың құрылымын әзiрлеу;

жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқаруды жетiлдiру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

облыстың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын жетiлдiру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

Ақмола облысының аумағын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;

аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдiктерiнiң және әкiмдерiнiң, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерi аппараттарының, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру, олардың жұмысын жетiлдiру;

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергiлiктi органдардың, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) жергiлiктi атқарушы органдардың (бұдан әрi — аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдiктерi) бағыттары бойынша қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асыру;

облыстың әлеуметтiк саласы және iшкi саясат саласындағы қызметтi үйлестiру;

өңiрлiк және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргiзу жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру;

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру;

гендерлiк саясатты жүзеге асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

ведомствоаралық мәселелер, сондай-ақ облыс аумағында қоғамдық тәртiптi және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, терроризмнiң алдын алу, сонымен қатар облыс аумағында терроризмнiң салдарын минимализациялау және (немесе) жою саласында құқық қорғау органдарымен өзара әрекет етудi ұйымдастыру және үйлестiру;

сыбайлас жемқорлықпен күресу, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдiктерiмен сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша қабылданып жатқан шараларға талдау жүргiзу мәселелерi жөнiндегi комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

облыс әкiмiнiң қатысуымен iс-шараларды, облыс әкiмдiгiнiң мәжiлiстерiн ұйымдастыру;

заңнамалық және заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметi, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесi тапсырмаларының, облыс әкiмдiгi қаулыларының, облыс әкiмi шешiмдерiнiң, өкiмдерiнiң және тапсырмаларының орындалуына iшкi аудиттiң (бақылаудың) орындалуын және жүзеге асырылуын ұйымдастыру;

облыс әкiмiмен халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзудi ұйымдастыру;

аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiмен халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзудi үйлестiру;

кадрлық саясатты ұйымдастыру, облыс әкiмiмен тағайындалатын төменгi тұрған әкiмдердi, лауазымды тұлғаларды, әкiм аппаратының қызметкерлерiн тағайындауды, тәртiптiк жауапкершiлiкке тартуды, жұмыстан босатуды, олардың бiлiктiлiгiн жетiлдiрудi ұйымдастыру;

кадрлық резервтi қалыптастыру;

Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң, облыс әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң актiлерi мен тапсырмаларын және өзге де стратегиялық құжаттарды орындамағаны үшiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудағы мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларын тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныс енгiзу;

кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерi лауазымының үмiткерлерiн келiсудi жүзеге асыру;

сайлауға дайындалуды ұйымдастыру;

әкiмдiктер мен мәслихаттардың Орталық, облыстық және төменгi тұрған сайлау комиссияларымен өзара әрекет етуiн қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасы Президентi және Үкiметi актiлерiнiң жобаларын әзiрлеу;

облыс әкiмдiгi қаулыларының, облыс әкiмi шешiмдерiнiң және өкiмдерiнiң жобаларын әзiрлеу;

индустрияның дамуын талдау және инвестицияларды тарту;

облыстың ауыл шаруашылық салаларының дамуын талдау;

облыстың өндiрiс саласының дамуын талдау;

облыс әкiмдiгi қаулылары, облыс әкiмi шешiмдерi мен өкiмдерi жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестiлiгiн зерделеу;

облыс әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерiне құқықтық мониторинг жүргiзу;

облыс әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң, облыс әкiмi аппаратының наразылық-шағымдық жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу;

алқа билерге үмiткерлердiң тiзiмдерiн құрастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдiктерiнiң нормашығармашылық қызметiн үйлестiру, енгiзiлген прокурорлық ықпал ету актiлерiн талдау;

қызметтiк құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарауды қамтамасыз ету, жоғарғы тұрған және төменгi тұрған мемлекеттiк органдармен және облыстың ұйымдарымен құжат айналымын ұйымдастыру;

облыс әкiмiнiң қызметiн ақпараттық қамтамасыз ету;

жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарды Бiрыңғай электрондық құжат айналымына тартуды ұйымдастыру;

ақпараттық жүйелердi құруды ұйымдастыру;

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдiктерiнiң интернет-ресурстарын құруды үйлестiру;

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдiктерiнiң электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi қызметiн үйлестiру;

жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың мемлекеттiк органдарымен мемлекеттiк қызметтiң ұсынылуына талдауды жүзеге асыру;

мемлекеттiк наградалармен наградтауға ұсыну жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

облыстың халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастыру;

мемлекеттiк құпияларды қорғаудың мәселелерi бойынша жұмысты ұйымдастыру;

облыс әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң жанындағы жұмыс топтарының және консультативтiк-кеңестiк органдардың жұмысын ұйымдастыру;

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру мәселесi бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестiру;

мемлекеттiк органдардың жабдықтау қызметiн орындау және мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту саласындағы ұйымдардың қызметiн үйлестiру.

16. Облыс әкiмi аппаратының:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан және өзге де ұйымдардан құжаттарды сұратуына және алуына;

2) жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметтерiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыруына;

3) облыс, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдiктерiнiң және активтерiнiң, комиссиялардың, жұмыс топтарының отырыстарына, облыстың мемлекеттiк органдарымен өткiзiлетiн iс-шараларға қатысуына;

4) жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерi аппараттарының қызметшiлерiн облыс әкiмдiгiмен және әкiмiмен қаралатын құжаттарды дайындауға тартуына;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де уәкiлеттiлiктердi жүзеге асыруына құқығы бар.

17. Облыс әкiмiнiң аппараты:

1) әкiм аппаратының стратегиялық жоспарын әзiрлеуге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өз қызметiн жүзеге асыруға мiндеттi.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

18. Облыс әкiмiнiң аппаратын басқару жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

19. Облыс әкiмi аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымына тағайындалады және лауазымынан босатылады.

20. Облыс әкiмi аппараты басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.

21. Облыс әкiмi аппаратының басшысы облыс әкiмi аппаратының жұмысын ұйымдастырады және басқарады, облыс әкiмiнiң аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

22. Облыс әкiмi аппаратының басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шара қолданады және ол үшiн дербес жауапты болады.

23. Облыс әкiмi аппаратының басшысы атқаратын функциялар:

1) өз орынбасарларының, облыс әкiмi аппараты құрылымдық бөлiмшелерiнiң, бас инспекторлардың, облыс әкiмi көмекшiлерiнiң мiндеттерi мен уәкiлеттiлiктерiн анықтайды;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте облыс әкiмi аппаратының қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

3) облыс әкiмiнiң аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк ұйымдарда ұсынады;

4) облыс әкiмi аппаратының құқықтық актiлерiне қол қояды;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгiленген тәртiпте облыс әкiмi аппаратының қызметкерлерiн марапаттау, оларға материалдық көмек көрсету, тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi;

6) облыс әкiмi аппараты құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;

7) облыс әкiмiнiң бекiтуiне облыс әкiмi аппараты құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi және облыс әкiмi аппараты құрылымдық бөлiмшелерi меңгерушiлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын енгiзедi;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де уәкiлеттiлiктердi жүзеге асырады.

24. Облыс әкiмi аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның мiндетiн орынбасары орындайды.

4. Мүлiк қалыптасуының тәртiбi

25. Облыс әкiмiнiң аппаратында жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Облыс әкiмi аппаратының мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады және негiзгi қорлардан, сондай-ақ айналым қаражатынан тұрады.

26. Облыс әкiмi аппаратының мүлкi облыстың коммуналдық мүлкiне жатады.

27. Облыс әкiмiнiң апараты өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

28. Облыс әкiмiнiң аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дата обновления статьи: 17.04.2015 16:12
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 83, индекс: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23