A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
«Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ А-3/457  қаулысымен 
бекітілді


«Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы 
ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ақмола облысының аумағында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.      
2. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан   Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
7. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89.
9. Мемлекеттiк органның толық атауы: мемлекеттік тілде – «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен   Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.


2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

 13. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: өз құзыреті шегінде Ақмола облысының аумағында энергетика, тұрғын-үй саласындағы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. 
14. Мiндеттерi: 
энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету;
коммуналдық қызмет көрсету саласында тұрақты жұмысты қамтамасыз ету (электр-, жылу-, газ-, сумен қамсыздандыру, су тарту).
15. Функциялары:
1) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
2) халыққа тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету саласындағы барлық меншік түрлеріне қарасты шаруашылық субъектілердің қызметтерін үйлестіру;
3) тұрғын үй және әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық объектілерді қысқы жылу беру кезеңінде жұмыс істеуге дайындау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
4) күзгі-қысқы жылу беру кезеңін өткеруге мониторинг жүргізу;
5) алдағы жылу беру кезеңінде тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік сала объектілерін жылытуға қажетті қатты және сұйық отын дайындау есептерін тексеру;
6) коммуналдық қызмет көрсететін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың экономикалық қызметіне талдау жасау, оларға жұмыс тиімділігін арттыру және көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайту бойынша қолдау көрсету;
7) облыс аумағындағы сумен жабдықтау және су тарту объектілерінің, таратушы су құбырлары жүйесі мен кәріз желілерінің техникалық жағдайына мониторинг жүргізу;
8) тұрғын үй қорының техникалық жағдайына және апаттысын сырып тастауға мониторинг жүргізу;
9) жылу беру көздері жұмысының тиімділігін сараптау, оларды жаңарту, энергетикалық жабдықтар мен инженерлік жүйелердің күрделі жөндеуі бойынша ұсыныстар дайындау;
10) тұрғын үй-коммуналдық саласы объектілерінде, коммуналдық кәсіпорындар қызметінде техникалық жаңалықтардың дамуы мен қолданылуына қолдау жасау;
11) мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) қарау;
12) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын 
сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау;
13) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруы;
14) уәкілетті органға облыстың сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсынуды;
       15) уәкілетті органға облыстың сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсынуды;
16) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асыруы.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) барлық деңгейдегі ұйымдардан, мекемелер мен кәсіпорындардан «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің  саласына қатысты ақпараттарды белгіленген тәртіп бойынша сұратып алу;
2) өз құзыреті аясында ұсыныстық сипаттағы құжаттар қабылдау және оларды қандай меншік түріне жататындығына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарға тарату;
3) энергетика мен коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты бұйрықтар шығару;
4) әлеуметтік сала және коммуналдық шаруашылық объектілерін пайдалануға қабылдау комиссиясына қатысу.


3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру


      17. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.


          18. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшының қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.


         19. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын екі орынбасалары болады.

20. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкiлеттiгi:

    «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшылық етеді.


    Заңға сәйкес «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларын, ведомствоға бағынысты мекемелердің басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен  «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарының басшыларын  марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда басқарманың мүддесін қорғайды;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қолданады және ол үшін дербес жауапкершілік атқарады.


Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

 «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Басшы өз орынбасаларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.


4. Мемлекеттiк органның мүлкi   


22. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген  жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.


«Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметiнің нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.


23. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.


24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.


5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату


25. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.    

Мақаланы құрған күні 21.05.2015 12:43
Мақаланы жаңартқан күні 21.05.2015 12:43
Қаралым саны: 395

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
8 (7162) 29-72-00

Қабылдауға жазылу:
8 (7162) 29-72-43

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-71

Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-49

Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-44

Факс:
8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы