A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Ақмола облысы әкімдігінің
 23 қыркүйектегі 2014 жылғы
 №А-8/454
 қаулысымен бекітілген

«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыс аумағындағы  мәдениет  саласында  мемлекеттік басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқару органы болып табылады.  
2. «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің осы Ережеге берілген қосымшада көрсетілген  ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
3. «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ,  осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
4. «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде  атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері,  сондай-ақ  Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес қазынашылық  органдарында  шоттары бар. 
5. «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі  азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 
6. «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  егер заңнамаға сәйкес уәкілеттігі берілген болса, мемлекеттің атынан  азаматтық-құқықтық қатынастардың   тарапы болуға  құқығы бар.  
7. «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша  заңнамада белгіленген тәртіппен  Ақмола облысының  мәдениет басқармасы   бастығының бұйрықтарымен   рәсімделетін  шешімдер  қабылдайды.
8. «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің   құрылымы мен штат санының лимиті  қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Қ.Сәтпаев көшесі, 1. 
10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі. 
11. Осы ереже «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің    құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті  бюджеттен  жүзеге  асырылады.
13. «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік  субъектілерімен «Ақмола облысының  мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі функциялары  болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында  шарттық  қатынастарға  түсуге  тыйым салынады.
 Егер «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен  кірістер әкелетін  қызметті жүзеге асыру  құқығы берілсе,  онда осындай  қызметтен алынған  кірістер  мемлекеттік бюджеттің  кірісіне  жіберіледі.  

Ақмола облысы  мәдениет басқармасының  миссиясы, негізгі  міндеттері, функциялары, құқықтары мен  міндеттері

14. Миссиясы:  мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.
15. Міндеттері:
  -  облыстық мәдениет ұйымдарының  инфрақұрылымын дамытуды  және материалдық-техникалық  базасын  нығайтуды қамтамасыз ету;
  -  облыс  аумағындағы  халықтың  тарихи және  мәдени  мұрасын  сақтау, тарихи, ұлттық  және  мәдени  салт-дәстүрлерді және әдет-ғұрыптарды дамытуға көмек көрсету;
 - мәдениет саласында әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу  және  іске  асыру;
 -  Қазақстан халқының ұлттық ерекшелігін  сақтау, мәдениеттің   барлық салаларында Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігі идеяларын өткізу үшін  барлық мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың іс-әрекеттерін бағыттау және үйлестіру 


 16. Функциялары:
өз құзыретінің   мәселелері бойынша өңірлік бағдарламалар әзірлеу  және  оның  орындалуын қамтамасыз ету; 
облыстың  мемлекеттік мәдени ұйымдарының театралдық, музыкалық өнерін, мәдени-демалыс  қызметі  және  халық шығармашылығын, музей ісін  дамыту бойынша  қызметін  қолдау, облыстың  мәдени мекемелерінің қызметін қамтамасыз  ету;
тарихи-мәдени мұраны сақтауды  және  анықтау, есепке алу, қорғау, өңдеу, консервация, регенерация,  тарих, материалдық  және  рухани мәдениет  ескерткіштерін пайдалану және насихаттау бойынша бақылауды  басшылық  арқылы жүзеге  асырып  қамтамасыз етуге  жағдай жасау; 
облыстың мәдениет ұйымдары қызметінің  мониторингісін  және өкілетті органға  ақпараттар, сондай-ақ  басқа   белгіленген нысанда есептер ұсынуды жүзеге  асыру;  
мәдени құндылықтарды уақытша  әкету жөніндегі сараптамалық   комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
облыстағы  мемлекеттік мәдени ұйымдардың  қызметкерлерін аттестаттауды жүзеге асыру;
белгіленген  тәртіпте  шығармашылық қызметкердің  мәртебесін растайтын  куәліктер  беру;
«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі кадрларын қайта дайындауды  және  біліктілігін жоғарылатуды  ұйымдастыру;
гендерлік саясат мәселелерін әзірлеуге қатысады;
белгіленген тәртіпке сәйкес мәдениет және өнер қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының «Құрмет» атағын, мемлекеттік наградаларын беру туралы ұсыныс енгізеді;
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына  куәлік беру» және «Жергілікті маңызы бар мәдени және тарихи ескерткіштерге ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізуге келісім беру»  мемлекеттік  қызметтерін  көрсету;
мәдениетті дамытуға бағытталған фестивальдар, байқаулар, конкурстар, айтыстар, кинофестивальдар, тақырыптық кино көрсетулер және  басқа шаралар  өткізуді ұйымдастыру;
уәкілетті органмен келісім бойынша  шығармашылық қызметтің  түрлі салаларында  республикалық конкурстар мен фестивальдар өткізуді ұйымдастыруға құқылы; 
облыстық деңгейде  ойын-сауық  мәдени-көпшілік  іс-шаралар өткізіуін  ұйымдастыруды  жүзеге  асыру;
тарихи-мәдени мұра  объектілеріне немесе жергілікті  маңызы бар  тарих  және  мәдениет  ескерткіштеріне  сараптаманың  жүргізілуін  ұйымдастырады;
тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер  мен салттардың  дамуына ықпал жасайды;
 талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және  қолдауға бағытталған  іс-шаралар кешенін жүзеге асырады; 
мәдениет саласында әлеуметтік  маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
жергілікті мемлекеттік  басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға  жүктелетін  өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

17. Басқарманың  құқықтары мен міндеттері:
 Қазақстан Республикасының  мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ, басқа ұйымдардан құжаттар, қорытындылар, Басқармаға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті  анықтамалық және басқа материалдарды  сұрату  және  алу;
 мәдени мекемелерінің қызметіне әдістемелік  жетекшілік етуді  жүзеге  асыру;
облыс әкімі мен әкімдігі қарастыратын құжаттарды дайындауға атсалысуға жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың, аудандар (облыстық маңыздағы қалалардың) аппаратының қызметшілерін тартады;
басқарманың құзырына енетін мәселелер бойынша комиссиялардың, алқа мәжілістерінің, жұмыс тобының, сонымен қатар сот органдарының жұмысына қатысады;
ведомстваға бағынысты ұйымдарды жою, қайта құру, құру жөніндегі мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу;
Қазақстан Республикасының  заңнамасымен қарастырылған  басқа да  өкілеттіктерді  жүзеге асыру;
 «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін жүзеге асыруға қажетті тауарлардың, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізуді іске асыру.


Мемлекеттік органның  қызметін ұйымдастыру.

18. «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын  басшы  жүзеге  асырады. 
19. «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын  облыс әкімі қызметке  тағайындайды және қызметтен  босатады.
20.  Басшының  өкілеттігі: 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  қызметкерлерін және ведомствоға бағынысты мәдени ұйымдарының басшыларын лауазымға дайындайды және қызметтен босатады;
«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі, сонымен қатар ведомстваға бағынысты ұйым басшыларының, мамандардың құқықтарын, бөлімше құрылымдарының өкілдігін және міндеттерін анықтайды;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік ұйымдарда «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесін білдіреді;
«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтық актілеріне қол қояды;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және ведомстваға бағынысты мәдени ұйымдарының басшыларын марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің және ведомстваға бағынысты мәдени ұйымдары  басшыларының лауазымдық нұсқауларын бекітеді;
Жемқорлықпен күрес жүргізу бойынша шаралар қолданады және ол жеке жауап береді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады;
«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны ауыстыратын тұлға орындайды.
21. «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.
 Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

Мемлекеттік органның мүлкі

22. «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамамен  көзделген  жағдайларда  жедел  басқару құқығындағы  оқшауланған  мүлкі  болуы  мүмкін. 
«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған  мүлік  (ақшалай  кірістерді  қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым  салынбаған өзге де көздер есебінен  қалыптастырылады.    
23.  «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық  мүлкіне  жатады.
24. Егер заңнамада  өзгеше  көзделмесе, «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі  өзіне бекітілген мүлікті  және қаржыландыру  жоспары  бойынша өзінше бөлінген қаражат есебінен  сатып  алынған   мүлікті өз бетімен   иеліктен шығаруға  немесе оған  өзгедей  тәсілмен  билік  етуге  құқығы жоқ.

5. Басқарманы  қайта ұйымдастыру  және тарату
25. «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесін  қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге қосымша

Ақмола  облысы  мәдениет  басқармасының  қарамағындағы  мемлекеттік мекемелердің   тізбесі


1. Ақмола  облысы  мәдениет  басқармасының  «Көкшетау  қаласының тарихы музейі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі;
2. Ақмола  облысы  мәдениет  басқармасының  «М.Ғабдуллин музейі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі; 
3.Ақмола  облысы  мәдениет  басқармасының  «Ақмола  облыстық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі; 
4. Ақмола  облысы  мәдениет  басқармасының  «М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық  әмбебап ғылыми кітапханасы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі;
5. Ақмола  облысы  мәдениет  басқармасының  «Әдебиет және өнер музейі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі; 
6. Ақмола  облысы  мәдениет  басқармасының  «Тарихи-мәдени мұраны  қорғау және  пайдалану орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі.


Ақмола  облысы  мәдениет  басқармасының  қарамағындағы  кәсіпорындар  тізбесі

1. Ақмола  облысының  мәдениет  басқармасы жанындағы  «Ш. 
Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық- драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
2. Ақмола  облысының  мәдениет  басқармасы жанындағы  «Көкшетау» мәдениет сарайы»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; 
3. Ақмола  облысының  мәдениет  басқармасы жанындағы  «Ақмола облыстық  филармониясы»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
4. Ақмола  облысының  мәдениет  басқармасы жанындағы  «Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
5. Ақмола  облысының  мәдениет  басқармасы жанындағы  «Ақмола облыстық орыс драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Дата создания статьи: 21.05.2015 12:46
Дата обновления статьи: 21.05.2015 12:46
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-72-98

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23