A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 18 қарашадағы
№ А-10/544 қаулысымен
бекітілген

 

 

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінде осы Ереженің қосымшасында көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.

3. «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

5. «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы. Сәтбаев көшесі, 1, «б» корпусы.

10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

13. «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінде кәсіпкерлік субъектілерімен функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

14. «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы – облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру.

15. Міндеттері:

1) жастар саясаты саласында жобалардың және бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

2) жастарды елдің әлеуметтік–экономикалық дамуына белсенді қатыстыру және дамуына жағдай жасау;

3) облыс жастарының азаматтық белсенділігін, деңгейін көтеру, қазақстандық отансүйгіштіктің, рухани, зияткерлік және дене дамыуының деңгейін жоғарлату.

16. Функциялары:

1) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультативтік- кеңесші органның қызметін қамтамасыз ету;

2) жастар саясаты және балалық бастамаларды қолдау бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру;

3) Ақмола облысының аумағында мемлекеттік жастар саясаты бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

4) Дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау.

17. Құқықтары мен міндеттемелері:

1) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру саласында консультациялар мен іс-қимылдарды үйлестіру үшін жастар ұйымдарын олардың келісімімен тарту;

2) мемлекеттік органдардан және лаузымды түлғалардан, меншік түріне қарамастан өзге ұйымдардан өз функцияларын орындауға кажетті ақпаратты сұрату;

3) жастар саясаты саласында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілік функцияларын жүзеге асыру;

4) жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесін басқаруды Басқармаға жүктелген міндеттердің орындаулына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.

19. «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын Ақмола облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады.

2) Заңға сәйкес «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, ведомствоға бағынысты мекемелердің басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен  «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарының басшыларын марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

4) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда басқарманың мүддесін қорғайды;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қолданады және ол үшін дербес жауапкершілік алады.

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы жоқ кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға атқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

21. «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік областық коммуналдық мүлікке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге қосымша   

Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік ұйымдарының тiзбесі:

  1. «Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Дата создания статьи: 20.05.2015 17:35
Дата обновления статьи: 20.05.2015 17:35

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23

Пошталық мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

Телефон:

8 (7162) 29-72-71, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

Факс:

8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі:

akim@akmo.kz

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ ОБЛАСТНЫХ АКИМАТОВ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ РАЙОННЫХ АКИМАТОВ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ ПОДВЕДОМСТВЕННЫХ УПРАВЛЕНИЙ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы