A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
«Акмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

«Акмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

  1. Жалпы ережелер

  1. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласында, су қорының жер үсті көздерін пайдалану мен қорғау саласында, табиғи ресурстарды пайдалану саласында, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласын мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  2. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде осы Ереженің қосымшасында көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.

  3. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  4. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

  5. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

  6. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

  7. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

  8. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

  9. Заңды тұлғаның мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89-үй.

  10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

  11. Осы Ереже «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

  12. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

  13. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы Ақмола облысының экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету, қоршаған ортаның сапасын жақсарту және орман қорының ресурстық әлеуетін қалпына келтіру, қорғау, күзету, молықтыру үшін қолайлы жағдайлар жасауын қамтамасыз ету болып табылады.

15. Міндеттері:

1) орман өсіру және ормандарды молықтыру, орман қорын пайдалану, қорғау, сақтау мақсатында мемлекеттік басқару;

2) қоршаған орта мен халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту және сақтау үшін жердің беткі қабатындағы су қорын пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару;

3) табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару;

4) адам денсаулығы мен өмірі үшін қоршаған ортаның қолайлы жағдайын қамтамасыз ету мақсатында, экологиялық қауіпсіздікті, биологиялық түрлілік пен экологиялық жүйелерді сақтауды қамтамасыз ететін қоршаған ортаның сапасын реттеу және оған шекті әсерді белгілеу жолымен қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік реттеу;

5) басқарманың өкілеттігі мен міндеттерінен туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсету.

16. Функциялары:

1) ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету, басқарманың функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттеу

2) уәкiлеттi органмен келiсе отырып орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеп, оларды iске асыру;

3) жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндiру техникаларын, көлiктерi мен басқа да құралдарын ормандағы өрттердi сөндiруге тарту тәртiбiн әзірлейді, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды жүрiп-тұру өрт сөндiру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз ету;

4) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты берiлуiн ұйымдастыру;

5) облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құру;

6) орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен және ауруларымен күресу және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;

7) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде орман пайдалану құқығын шектеу туралы шешiм қабылдау, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы ұсыныс енгізу;

8) уәкiлеттi органға беру үшiн «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк орман кадастрын, мемлекеттiк орман мониторингi жөнiнде материалдарды әзiрлеу;

9) уәкiлеттi органның және облыстың жергілікті уәкілетті органының қатысуымен «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастыру және өткiзу;

10) өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қорының аумағында орманды өрттен күзету ұйымдасту және қамтамасыз ету;

11) өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;

12) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген, өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер береді және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат береді;

13) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;

14) орман шаруашылығын молықтыру және қорғау бойынша шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;

15) өз құзыреті шегінде табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келісу;

16) коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы имараттарының есебін жүргізу;

17) бассейндiк су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша су қорғау аймақтарын және белдеулерiн белгiлеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

18) бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысу, су объектілерін ұтымды пайдалану мен қорғау өңірлік бағдарламалардың жобасын бассейндік кеңестердің қарауына енгізу, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделеу, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау;

19) шағын өзендер мен су айдындары ластануының, су жағалауларының бұзылуы және судың басқа да әсерлерінің алдын алу және жою;

20) облыс аумағындағы су объектілерінің жағдайы туралы ақпарат ұсыну;

21) табиғатты қорғау іс-шараларына мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу, табиғатты қорғау іс-шараларының орындалуына бақылау жүргізу;

22) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындармен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға берудi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс, түбiн тереңдету және басқа да жұмыстарды жүргiзу шарттарын келiсу;

23) жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын әзірлеу;

24) жер бетіндегі су ресурстары көздерiнің өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану ережесін әзірлеу және кейіннен жергілікті өкілетті органға бекітуге ұсыну үшін облыс әкімдігіне енгізу;

25) ІІ,ІІІ, ІV санаттағы нысандар үшін қоршаған ортаны қорғау эмиссиясына табиғатты пайдаланушыларға рұқсат беру, ІІ,ІІІ, ІV санаттағы нысандарға мемлекеттік экологиялық сараптама беру;

26) мемлекеттік экологиялық сараптама жасау кезінде қоғамдық тыңдауларға қатысу;

27) мемлекеттік қызметтер көрсету;

28) жер үстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауыз су сапасындағы жер асты суларының жеткiлiктi қорлары бар аумақта ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамсыздандыруға байланысты емес мақсаттар үшiн, ауыз су сапасының жер асты суларын пайдалануға рұқсат беру;

29) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен су объектілерін негізделген немесе бірлесіп пайдалануға беру жөніндегі конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;

30) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өздеріне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметін үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру;

31) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының белгіленген бөлігінің бюджетке толық және уақтылы аударылуына бақылауды жүзеге асыру;

32) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясаттың қамтамасыз ету;

33) аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізу;

34) бір облыстың аумағында орналасқан, жергілікті, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізу;

35) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру;

36) аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

37) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

38) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізу;

39) рекреациялық балық аулау аймағын белгілеу;

40) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеу, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашу және жабу;

41) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат беру.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) келесі ұсыныстар енгізу:

жер үсті су көздерін, ормандарды шаруашылыққа пайдалану режимдерін белгілеу;

жер үсті су ресурстары көздерiн пайдалану үшін төлем ставкаларын бекіту;

мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі ормандарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын (түбірімен босатылатын сүрек төлемақысының базалық ставкаларынан басқасы) бекіту;

қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы ставкаларын белгілеу;

2) меншік түріне қарамастан белгіленген тәртіппен ұйымдардан, мекемелер мен кәсіпорындардан басқарма қызметіне қатысты ақпараттар сұрау және алу;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

 

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру.

 

18. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесімен басшылықты «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және онын функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.

19. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ақмола облысы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

20. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

21. Басшының өкілеттігі:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының және мамандардың міндеттерін және өкілеттіктерін белгілейді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бағынысты мекемелер мен кәсіпорындар директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, сондай-ақ, «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ведомствоға бағынысты мекемелер мен кәсіпорындар директорларын марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді; 

5) «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, сондай-ақ, «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ведомствоға бағынысты мекемелер мен кәсіпорындар директорларын лауазымдық нұсқауларын бекітеді;

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілі болады;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қолданады және ол үшін жеке жауапты болады;

8) «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің алқасы жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.     

4. Мемлекеттік органның мүлкі

22. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге қосымша  

«Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік ұйымдарының тiзбесі

1. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Ақкөл» орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Барап» орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Үлкен Түкті» орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Бұқпа» орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Ерейментау» орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Кеңес» орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Красноборск орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Кіші Түкті орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Отрадненск орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

10. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Ұрымқай орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

11. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Куйбышев орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

12. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Маралды орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

13. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Степногорск орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

14. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жанындағы «Зеренді балық шаруашылығы кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Мақаланы құрған күні 19.05.2015 17:43
Мақаланы жаңартқан күні 19.05.2015 17:43
Қаралым саны: 489

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
8 (7162) 29-72-00

Әдеп жөнiндегi уәкiлi:
8 (7162) 29-73-54

Қабылдауға жазылу:
8 (7162) 29-72-43

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-71

Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-49

Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-44

Факс:
8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы