A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
«Ақмола облысының бәсекелестік ортаға беруге жататын коммуналдық меншіктегі ұйымдарының 2016-2020 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № А-1/12 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қарашадағы №А-13/545 қаулысы

«Ақмола облысының
бәсекелестiк ортаға беруге жататын
коммуналдық меншiктегi
ұйымдарының 2016-2020 жылдарға
арналған тiзбесiн бекiту туралы»
Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 18 қаңтардағы № А-1/12
қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Жекешелендiрудiң 2016-2020 жылдарға арналған кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Ақмола облысының бәсекелестiк ортаға беруге жататын коммуналдық меншiктегi ұйымдарының 2016-2020 жылдарға арналған тiзбесiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 18 қаңтардағы № А-1/12 қаулысына келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:

аталған қаулымен бекiтiлген, Ақмола облысының бәсекелестiк ортаға беруге жататын коммуналдық меншiктегi ұйымдарының 2016-2020 жылдарға арналған тiзбесiнде:

реттiк нөмiрi 2 — жолы келесi редакцияда жазылсын:

«

2 Көкшетау қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жанындағы «Көкше Жәрдем» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны     2017

»;

реттiк нөмiрi 6 — жолы келесi редакцияда жазылсын:

«

6 «Көкше-Қамқор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100       2017

».

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Д.З. Әдiлбековке жүктелсiн.

3. Облыс әкiмдiгiнiң осы қаулысы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облысының әкiмi С. Кулагин

Дата обновления статьи: 29.11.2016 16:02
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 83, индекс: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23